Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 21:45, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

Работа содержит 1 файл

КР Китай.docx

— 131.57 Кб (Скачать)

"Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 1362

  • Мәтін
  • Қосымша ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Екі тілде
  • Көшіру
  • Басып шығару

 Қазақстан Республикасының  Үкіметі қаулы етеді: "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы  қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша Келісімді бекіту  туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша Келісімді бекіту туралы  1997 жылғы 24 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы  туралы Қосымша Келісім бекітілсін.  Қазақстан Республикасының Президенті  Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша келісім  

 
      1994 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан  Республикасы мен Қытай халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге" қосымша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы алпыс тоғызыншы және соңғы шекаралық нүктелер арасындағы қазақстан-қытай шекарасының келісілген сызығының өтуін анықтау және белгілеу мақсаттарында төмендегілер жөнінде келісті:  
 
                              1-бап  
 
      1994 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің" 2-бабында суреттелген Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның сызығы оның алпыс тоғызыншы шекаралық нүктесінен Меридианальная жотасының қырқасы бойынша (қытай картасында - аты жоқ жота) батыс-оңтүстік-батыс бағытында жетпісінші шекаралық нүктеге дейін келеді. Бұл шекаралық нүкте жоғарыда аталған жотаның қырқасында 6637.0 белгісімен биіктікте (қытай картасында - 6570) Қазақстан аумағында тұрған Безымянная тауынан (қытай картасында - 5790 белгісімен биіктік) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.8 км және 6107.0 белгісімен Қытай аумағында тұрған биіктіктен (қытай картасында - 6161) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.6 км қашықтықта орналасқан.  
      Жетпісінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекараның сызығы Тенгиртау жотасының қырқасы бойынша (қытай картасында - аты жоқ жота) жалпы батыс бағытында жетпіс бірінші шекара нүктесіне дейін келеді. Бұл шекара нүктесі қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының соңғы нүктесі болып табылады және Хан-Тенгри шыңының құзар басында 6995.2 белгісімен (қытай картасында - 6995)қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасында тұрған 6146.0 белгісімен биіктіктен (қытай картасында - 6105) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 11.2 км орналасқан және Қытай аумағында тұрған 6107.0 белгісімен биіктіктен (қытай картасында -6161) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км қашықтықта орналасқан.  
      Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның жоғарыда суреттелген сызығы 1:100000 масштабтағы бұрынғы КСРО-ның картасында және ҚХР-дің картасында қызыл түспен түсірілген. Мемлекеттік шекара сызығын суреттеуде аталған барлық қашықтықтар осы карталар бойынша өлшенген.  
      Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мемлекеттік шекараның сызығы қызыл түспен түсірілген жоғарыда аталған карталар осы Келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігін құрайды.  
 
                              2-бап  
 
      Уағдаласушы Тараптар 1994 жылғы 6 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық республикасының арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің" 1,4,5,6,7 және 8-баптарының ережелері сондай-ақ осы келісімге қатысты да қолданылады.  
 
                              3-бап  
 
      Уағдаласушы Тараптар олардың әрқайсысында осы Келісімнің күшіне енуі

 үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғаны туралы  бір-біріне хабарлайды. Осы Келісім осындай жазбаша хабарлардың соңғысы түскен күннен бастап  күшіне енеді.  Осы Келісім Алматы қаласында 1997 жылғы 24 қыркүйекте екі дана болып,  әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде жасалды. Түсіндіру кезінде  пікір алшақтықтары болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс және қытай тілдеріндегі мәтіндерді негізге алады.  Қазақстан Қытай Халық Республикасы үшін Республикасы үшін   Оқығандар: Қобдалиева Н. Нарбаев Е. 

Қазақстан дипломатиясының жеңісі

Мемлекеттік шекараның мығым болуы – елдің сыртқы саясатының маңызды векторы, ел тұтастығының бір кепілі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста мемлекеттік шекараны белгілеудің екі кезеңінен де өтті. Бірі – шекараны делимитациялау болса, екінші кезеңі шекараны демаркациялау. Яғни, делимитациялау тиісті шарт бойынша мемлекеттік шекара сызығының өтуін жан-жақты сипаттау және ол сызықты картаға түсіру арқылы, ал екінші кезең жергілікті жерде шекараны орнату арқылы жүзеге асады. Бұл ретте Қазақстанның көрші елдермен ортақ мүдделер мен қағидаттардың сақталуын батыл басшылыққа алып келе жатқанын атап өтуіміз керек.

Қазақстанның Қытай мен  Ресей сынды екі алпауыт державалардың арасында орналасуы бұл елдермен шекара мәселесіне келгенде айрықша мұқият болуды талап еткені аян. Сол себепті, Қазақстан өз әріптестерінің ұсыныс-дәйектеріне құрметпен қарап, шекаралық түсініспеушіліктердің алдын алу және оны үнемі қадағалап отыруға айрықша мән бере келе, өз көзқарасы мен мүддесін де алға жылжыта білді. Нәтижесінде 1992 жылдан 2005 жылға дейін заманауи құрлықтағы шекараны барлық параметрлер негізінде айқындап, белгілеуге мүмкіндік алды.

Қазақстан өз шекарасын айқындау кезінде, ең алдымен, Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы шешім қабылдап, екі ел арасындағы мемлекеттік шекара орнатудың ежелден қалыптасқан тарихи үрдісін бекітуге тырысты.

Жалпы, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын халықаралық ресімдеу мәселесі мемлекет басшылары деңгейіндегі талқылауларда үнемі басты тақырып болып келген. Мәселен, шекара мәселесі бойынша келіссөздер үдерісін бастаған басшылар Нұрсұлтан Назарбаев пен Цзян Цземинь екі елдің шекаралық мәселелеріне кедергі келтіріп, көлеңке түсіретін түйткілдерді дұрыс оңтайландыру мақсатында өздеріне тарихи жауапкершілік жүктеді. Себебі, шекараны реттеу қос тарап арасында болуы ықтимал мәселелерді шешуге бірінші кезекте ықпал ететіндігі белгілі. Осындай көптеген келіссөздер Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекара сызығының 90 пайыздан астамын келісуге жол аша алды. Нәтижесінде қос мемлекет шекарасының барлық сызығының жалпы ұзындығы 1783 шақырымды құрады.

Ал 1994 жылдың 26 сәуірінде екі мемлекет президенттерінің қатысуымен Қазақстан-Қытай арасындағы келісімге қол қойылып, кейіннен бұл келісім 1995 жылдың 11 қыркүйегінде ратификацияланған грамоталармен алмасқаннан кейін қолданысқа енгізіле бастады. Қазақстан мен Қытай шекарасының айқындалуы және барлық өту сызығы бойынша толық келісімдерге қол жеткізудің маңыздылығына тоқталған кезде мынаны ескерген жөн: Қазақстан өзінің бүкіл тарихында тұңғыш рет Қытаймен халықаралық деңгейде танылған және заңды түрде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болды. Бұдан кейінгі кезеңде олар мемлекеттік шекараны белгілеудің екінші кезеңі – демаркациялауға аяқ басты. Сол арқылы тараптар мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық ресімдеу үдерісіне де белсене кірісті. 1997-1998 жылдары мемлекеттік шекараға шекара белгілерін орнату жұмыстарына ықпал еткен нормативтік-құқықтық базаның негізі қаланды.

Нәтижесінде шекара белгілерін орнату жұмыстары 2001 жылдың соңында өз мәресіне жетіп, жалпы ұзындығы 1783 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекараға 688-ге тарта шекара белгілері орнатылды. Оның 346-сы Қазақстанға тиесілі болса, 342-сі Қытай тарапына тиесілі. Бұл ретте, кеңестік кезеңнен мұра болып келген аумақтық мәселе саяси және құқықтық жағынан толығымен шешілгенін, сол арқылы қос мемлекеттің мүдделері айқындалғанын атап өтуге болады. Себебі, шекараның белгіленуі мен айқындалуы бірінші кезекте ел қауіпсіздігінің негізгі тірегі болып саналатыны анық. Тиісті келісімге қол қойған кезеңнен және оны Парламентте бекіткеннен бері қос тарап арасында барлық сала бойынша жақсы қарым-қатынас жолға қойылған.

Ал Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бұдан өзгеше құрылымға негізделген. Негізгі өзгешелік – қос тарап арасындағы бұл үдерістің көп уақытқа созылатындығы әу бастан-ақ белгілі болғандығы. Мұны бірінші кезекте, екі мемлекет арасындағы шекараның әлемдегі ең ұзын шекара саналатындығымен, сол себепті де оны делимитациялау мен демаркациялау үдерісі халықаралық құқықтық тәжірибеде бірегей құбылыс болғандығымен де байланыстыруға болады.

Егер өткен кезеңдерге біртіндеп көз жүгіртетін болсақ, 1998 жылдың 12 қазанында Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы хаттамаға қол қойды. Бұдан кейінгі кезеңде қажетті шараларды жүзеге асыру үшін Үкіметтік деңгейдегі делегация құрылып, делегация өкілдері 1999 жылдың соңын ала келіссөзге кірісті. Бүгінгі күнге дейінгі қол жеткізілген өзара уағдаластық бойынша Қазақстан – Ресей шекарасының өту сызығын сипаттау және оны картаға түсіру үдерісі батыста – Волга өзенінің төменгі ағысынан басталып, 2005 жылғы қаңтар айында шығыста – Алтай тауының Оңтүстік Алтай жотасында аяқталды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау, шекара сызығының сипаттама жобасын әзірлеу барысында КСРО мен бұрынғы одақтық республикалардың заңнамалық актілері, картографиялық материалдары құқықтық негізде басшылыққа алынды.

2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде өткен мемлекет басшыларының кездесуінде Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шартқа қол қойылып, сонда сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Н. Назарбаев «Біз бәріміз маңызды тарихи оқиғаның куәгері болып отырмыз. Қазақстан – Ресей шекарасын делимитациялау туралы шартқа қол қойылды. Тарихи болып саналатыны, біз бірінші рет шекараны шарттық тәртіппен белгіледік», – деген болатын.

Бұл шарттың да өз ерекшелігі бар. Ол – әлемдегі ең ұзын құрлықтағы шекараның өту сызығын анықтап, айқындауынан көрінеді. Оның ұзындығы 7591 шақырымды құрайды. Бүгінде Қазақстан делимитациялау туралы аталған шартты қос мемлекет арасындағы сенім белгісі және халықтар арасында қалыптасқан достық ретінде бағалайды. Ал 2005 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан мен Ресей жерінде бір мезгілде шартты ратификациялау туралы заңның қабылдануы екі мемлекет шекарасының бекемделуіне ықпал етті. 2006 жылдың 12 қаңтарында Ресей Федерациясының сол кездегі Президенті В.Путиннің Қазақстанға жасаған сапарында ратификациялық грамоталармен алмасу үдерісі өтіп, нәтижесінде бұл тарихи құжат қолданысқа енгізілді.

Демек, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара туралы шарттың қолданысқа енгізілуі – Қазақстан Республикасы аумақ шектерінің халықаралық құқықтық ресімделуінің заңнамалық негізін көрсетіп берді.

Қазақстанның Өзбекстан  мемлекетімен шекараны айқындау үдерісінің де өзіне тән жолы бар. Мәселен, арнайы құқықтық базаның болғанына қарамастан, екі мемлекеттің шекарасын делимитациялау үдерісі қиынға соққан. Оған шекарада күрделі дәрежедегі учаскелердің болуы, бұл учаскелердің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының халық көп қоныстанған аумағы бойынша өтетіндігі де себеп болғаны анық. Оған әкімшілік аумақтық шекараның соңғы сипаттамасы белгіленгеннен бері 40 жылдай уақыт өткенін, бұл аралықта елді мекендерде елеулі өзгерістер туындағанын, елді мекендер санының көбейіп, жаңа құрылыстар мен шаруашылық нысандарының пайда болғанын, шекараның жекелеген учаскелерінде бірлескен шаруашылық жүргізуші нысандардың құрылғанын да қосуға болады.

Бұлардың барлығы тараптардан жергілікті жерлердегі шынайы жағдайды мұқият зерттеп-зерделеуді және бұған дейінгі қалыптасқан тұрмыс жағдайларына сәйкес, шекарадағы халықтың шаруашылықтарына нұқсан келтірмеу үшін мүмкіндігінше дәйекті шешімдер қабылдауды да талап еткен болатын. Жалпы алғанда, Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау жұмысы екі кезеңнен тұрды: 2001 жылдың 16 қарашасында Астанада Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы екі мемлекет арасында шарт дайындалды. Бұл құжат Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзындығының 96 пайызының өтуін айқындап берсе, ал шекара сызығының өтуін сипаттау шығыстан батысқа қарай бағытталды. Бұл – бірінші кезең.

Ал екінші кезеңде, 2002 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада президенттер қол қойған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасының жеке учаскелері туралы шарты дайындалды. Бұл шарттың бір бөлігі ретінде қосымша зерттеу үшін қалдырылған үш учаскенің мемлекеттік шекара сызығының өту сипаттамасы мен көлемі 1:25000 және 1:100000 топографиялық картасы жасалды. Нәтижесінде Өзбекстанмен 2351 шақырымды құрайтын шекара сызығы айқындалып, нақтыланды.

Көрші мемлекеттермен мемлекеттік шекараның өту сызығы туралы келіспеушіліктер орын алмаған күннің өзінде кейде демаркация үдерісінің аса күрделі жағдайда өтетінін де жоққа шығаруға болмас. Оған ұсақ көлемді делимитациялық карталарда барлық детальдар мен жерлердің бедер ерекшеліктері, шаруашылық нысандары мен басқа да шекараны демаркациялауға қатысты маңызды элементтердің көрініс таппағандығы да әсер етпей қоймасы анық. Осы орайда, шек қою кезінде көлденең шығатын қолайсыздықтар екпінін бәсеңдету үшін шекарада орналасқан халықтың гуманитарлық, шаруашылық және өзге де мүдделерімен санасуға тура келетінін ұмытпау керек.

Қазақстанның көрші елдермен мемлекеттік шекараны айқындаудағы басшылыққа алған саяси ұстанымы барлық тараптардың мүддесі бірдей ескерілетін «ортақ келісім нүктесін белгілеумен» сәйкес келетіндігін атап өтуге болады.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

"О делимитации  и демаркации государственной  границы между Кыргызской Республикой и Китайской Народной Республикой"

Многих  собирающихся посетить район Хана и  Победы интересует вопрос по границам земли. Отдали часть Китаю или  нет. 
Игорь ХАНИН

Китайская Народная Республика является единственной страной  дальнего зарубежья, с которой Кыргызкая Республика имеет внешнюю общую государственную границу. И от того, какой она будет в 21 веке многое зависит в плане политического, военного, социального, экономического развития, в первую очередь, Кыргыстана.

Кыргыстан, как было неоднократно заявлено на различных уровнях, рассматривает Китай как дружественное, добрососедское государство и намерен строить с ним отношения конструктивного партнерства, ориентированного в 21 век. И одним из главнейших проблем, с которыми столкнулся Кыргызстан на заре своей независимости в новейшей истории, является вопрос пограничного урегулирования, сокращения вооруженных сил и укрепления доверия в военной области в районе границы, оставшиеся ему в наследство от Российской Империи и Советского Союза.

Правовой основой  переговорного процесса еще в  период советско-китайского диалога  послужили договора и протоколы  о разграничении пределов между  Российской и Китайской империями, заключенные в 1860, 1864, 1882 и 1884 годах, в период процесса присоединения  части кыргызских племен к России.

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық