Қазақстан Кеңес үкіметі үшін күрескерлер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 08:35, аттестационная работа

Описание работы

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті.Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
а) 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің
орнауы.
б) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
в) Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатушылар.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанда Кеңес үкіметі үшін күрескерлер.doc

— 167.50 Кб (Скачать)

    Рысқұлов КСРО Әскери алқасы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы желтоқсанның 8інде ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұловтың есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс бағы бар, оның орталық алаңына ескерткіші орнатылған. Алматы қаласындағы Басқару академиясына, бір көшеге Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2-кітабы), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған. 2006 жылдан бастап Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде дәстүрлі Рысқұлов оқулары өтеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан  аймағында (Хиуа мен Бұқараны  қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған  поселкелер пайда болды. Бұл  кезде Түркістанда орыс поселкелерінің  әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз және т. б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 пайызынан астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шисленістірді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Информация о работе Қазақстан Кеңес үкіметі үшін күрескерлер