Қазақстан Кеңес үкіметі үшін күрескерлер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 08:35, аттестационная работа

Описание работы

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті.Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді.

Содержание

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
а) 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің
орнауы.
б) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
в) Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатушылар.
3. Қорытынды.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанда Кеңес үкіметі үшін күрескерлер.doc

— 167.50 Кб (Скачать)

1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары  Гурьевте бүлік шығарды.     

Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.     

Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта  елдері дем берді де, олардың көмегімен  Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері  бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір  қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды.     

1918ж.  жазында Кеңес елі үшін ең  басты майдан – Шығыс майданы  болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші  армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың  жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды.    

1918ж.  аяғы мен 1918ж. басында Әліби Жангелдин мен                   Амангелді Имановпен Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды.    

Ақтөбе  майданына 1918ж. Әліби Жагельдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919ж. 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.     

1919ж.  көктемде Фрунзе бастаған қызыл  әскер отрядтары Қазақстанның  Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы 1918ж. тамыз және 1919ж. қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосы болды.     

1919ж.  орта кезінде Қызыл армияның  шабуылдарының нәтижесінде Колчак  әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді.    

Қызыл армияның Түркістан майданы 1919ж. тамыз  айының екінші жартысында Колчактың  «Оңтүстік армиясын» біржолата  талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан  майданының әскер бөлімдері Солтүстік  Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүс- тік майданы жабылады.     

Азамат  соғысы жылдарында Кеңес өкіметі  «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні - Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды.. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. 

Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатушылар 

Бокин Тоқаш (1890-1918)

   

         Т.Бокин 

    1916 жылы Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне белсене араласты. Уақытша үкіметтің жергілікті өкілдеріне, алашордашыларға және буржуазияшыл-ұлтшылдарға қарсы батыл күрес жүргізді. 1918 жылы шаруа кеңестерінің Жетісу облысы ІІ-съезіне қатысты, Жетісу революциялық соғыс комитетінің мүшесі, бай-кулактардың мал-мүлкін кәмпескелеу жөніндегі комиссияның председателі болып сайланды. Т.Бокин Жетісуда Кеңес өкіметінің жергілікті орындарын ұйымдастырды, аштыққа ұшыраған шаруаларға материалдық көмек көрсетті, Қызыл гвардия бөлімдерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ақ гвардияшыл казак-орыстармен болған ұрыстарда (сәуір-мамыр 1918ж.) жауынгер топтың құрамында ерлікпен шайқасты. Алашордашылар мен солшыл есерлер оны жауыздықпен өлтірді. 1967 жылы Алматы қаласында оған ескерткіш орнатылды, Алматының бір көшесі, Іле ауданының бір ауылы Тоқаш Бокин есімімен аталады. 

Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919)

   

      А.Иманов 

ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді.

    Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған.

Қорытынды

   Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920ж. аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды. 
1919ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. 
1920ж. 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.

    Кеңес үкіметін мойындаған барлық  саяси қарсыластарға кешірім  жасау туралы Кеңес өкіметінің  мәлімдемесіне қарамастан Алаш  Орда мен Кеңес өкіметі арасындағы  қарым-қатынас оңай болған жоқ. 1920 жылдың басында Ә.Бөкейханов  және бір топ Алаш Орда басшылары Кеңес өкіметіне қарсы әрекеттері үшін қамауға алынды.Большевиктердің белсенді әрекеттері нәтижесінде Алаш Орда үкіметі толық жойылып, Қазақстан аумағындағы барлық билік жергілікті революциялық комитеттің қолына берілді.

    Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және жеңуі жолында күрес Ресейдегі біртұтас революциялық процестің ажыратылмас құрамдас бір бөлігі болып табылады.

    Сонымен, Кеңес өкіметін нығайту  жолындағы күрестің барысында  өлкеде ескі мемлекеттік машиналар  қиратылып, жаңа мемлекеттік аппарат құрылды. Жергілікті Кеңестер жасампаздық жұмысқа кірісті, сонымен қатар революция жеңістерін контрреволюциялық күштердің қол сұғуынан қорғау жөніненде қажетті шаралар қолданылады; Экономика мен мәдениетті социолистік жолмен қайта құру саласында алғашқы қадамдар жасалды.

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер    

1. Қазақстан тарихы. Алматы 2006 ж.

    2. Қазақстан тарихы. Очерк.     

3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Рысқұлов  Тұрар (1894-1938)

   

    Т.Рысқұлов 

желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласын қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылық училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ ? көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ» деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істейді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Мерке ауылына аттанады. Ол келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркедегі көтерілістің өршіген кезінде оны патша әкімшілігі тұтқынға алды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таппай, босатып жіберуге мәжбүр болды. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Рысқұлов Меркеге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрды.   

    Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеатада уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге жер-жерді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты.

    Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. Уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар көптеп тартылды. Оның жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орыңдары ұйымдастырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 миллион сом салық төлеттірді. 1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етті. Осыған орай 1918 жылы қарашаның 28-інде ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Комиссия Түркістан АКСР-інің 19 уезінде 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 жылы наурыздың 14-інде Түркістан АКСР-і Орталық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Осы жылы наурыздың 14-31-і аралығында Ташкент қаласында өткен Түркістан Компартиясының 2-ші конференциясында Орталық комитет жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Оның жетекшілігіне сайланған Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1920 жылы қаңтардың 21-інде Түркістан АКСР-і орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, сондай-ақ оны жергілікті халықтардың құқын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Төраға ретінде ол орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының теңестірілуіне, орыс шаруалары мен қазақтардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін кері қайтаруына қол жеткізді. Түркістан АКСР-інің саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. Бұл әрекеттер Мәскеудегі орталық басшылар тарапынан қатты сынға ұшырады. Нәтижесінде, 1924 жылы ақпанның 4-інде РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберіліп, Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызыл-батыр) деп қоюды ұсынды. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитеті баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы сәуірдің 19-ында Рысқұлов Қазақ өлкелік БК(б)П комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай мамырдың 31-інде Бүкілодақтық ОАК-нің қаулысымен Ресей Федерациясы ХКК төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П комитетін басқарған Ф.Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан төңкерісін жасау» идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылық апатынан халықты құтқару жайында И.Сталинге нақты ұсыныстар жасады. 1937 жылы мамырдың 21-інде Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшырап, Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ескендір есімді ұлы түрмеде қайтыс болды.

Информация о работе Қазақстан Кеңес үкіметі үшін күрескерлер