Қазақстан халықтары ассамблеясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 10:26, реферат

Описание работы

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған. ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.

Содержание

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) .
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі.
Өзге ұлт өкілдерінің тіл және дін бостандығы.
Ортақ аталып өтетін мереке 1 мамыр-бірлік пен татулық күні.
Халық бірлігі - мемлекеттілік негізі.
Кіші Ассамблеялар

Работа содержит 1 файл

Казакстан халыкттары ассамблеясы.docx

— 50.18 Кб (Скачать)

Қоғамдық тұрақтылық пен концолидацияны бекіту мақсатында жыл сайын Қоғамдық бірлік туралы келісім шартқа қол қою салтқа айналған.

Міне, тоғыз жылдан бері саяси партияларының көсемдері  ҰМО жетекшілері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі құжатқа қол  қояды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы

Солтүстік Қазақстандық Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы  мен Ұлттық –мәдени ұлтымдар биылғы жылы өз жұмысын Ассамблея стратегиясына сәйкес щртамерзімдік кезеңге құрды. Осыған байланысты берілген құжатты реализациялау іс шаралары жасалынып , бекітілді.

Бүгінгі күні облыста 14 ұлттық – мәдени орталықтар жұмыс  істейді. Барлық орталықтар Достық үйінде орналасқан.

Бір ұлттық орталық  іс- шара өткізгенде, келесі бір ұлттық орталық өкілдерінің қатысуы  дәстүрге арналады.

Мемлекеттік мейрам Қазақстан халықтарының бірлігі  күні ерекше оқиға деп айтсақ болады.

Жамбыл  облыстық Қазақстан  Халықтары Кіші Ассамблеясы

Қазақстан халықтары  Кіші Ассамблеясы негізгі мақсаты  жұмысты нақты ұйымдастыра отырып кіші Ассамблеяның ролін күшейте  түсу.

1995 жылдан бастап, облыстық кіші Ассамблея ұйымдастыру  жағынан көптеген өзгерістерге  ұшырады-оның ішінде 9 ұлттық-мәдени  орталықтар дәл қазір 20-ға дейін  көбейді. Соңғы төрт жылда қырғыз, қытай, поляк, әзірбайжан, еврей,  тәжік ұлттық-мәдени орталықтары  құрылған. Кіші Ассамблея мемлекеттік  саясатты облыста этникааралық  қатынасты дамыту мақсатында, ұлттық-мәдени  орталықтармен облыстық атқарушы  және өкіл органдарымен тығыз  байланыс орнатуда. Тоқсан сайын  облыс әкімі С.А. Үмбетовпен  ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілері  арасында жиі-жиі кездесулер болып  тұрады. Өткен жылы және биылғы  жылдары сегіз кездесу болып  өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халықтары  Кіші Ассамблеясы

Шығыс Қазақстан  халықтары Кіші Ассмблеясы облыста 105 этностың тұратынын көрсетеді, және 42 ұлттық -мәдени орталықты біріктіреді, 4 достық үйі Өскемен, Семей, Риддер және Шемонаихе қалаларында жұмыс  істейді.

Есеп беру мерзімі  ішінде Глубоковский ауданының Глубокое ауылында "Возрождение" неміс  мәдени орталығы филиалы ашылды.

Қазақстан халықтары  Ассамблеясы негізгі тапсырмаларына сәйкес 2004 жылға Кіші Ассаблеяның  аймақта іс-шараларын өткізу жоспарын жетілдіруде.

Ұлтаралық қатынасты  және ұлттық диаспор арасындағы бірлікті күшейтуде мәдени - оралым іс шараларын  өткізу жүйесі басты орынды алады.

Шығыс Қазақстан  халықтары кіші ассамблеясының, атқарушы органдардың, жергілікті өкілдердің негізгі  мақсаты этникааралық тұрмысты дамыту, ұлттық келісімді күшейту және көп  бейнелі ұлттық-мәдениетті сақтау болып  саналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Егемен қазақстан  газеті.

2.www.wikipedia.kz сайты

3. Қазақстан  тарихы М.Б.Мұхамедов     Б.Сырымбетұлы

4. Атырау облысындағы халықтар ассамблеясы сайтынан http://kaz.assembly-atyrau.kz

5. Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

6. http://www.kurultay.kz 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан халықтары ассамблеясы