Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 12:59, творческая работа
Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі
Көне түріктердің шығуы
Түрік қағанаты, Түркеш, Қарлұқ кезеңдері
Түрік қағанаты
Түркеш қағандығы
Қарлұқ қағанаты
Қазақ этногенезінің түркілік
кезеңі
Жоспар
Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түркі атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағүндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түркі деген этностық атау таңады. Түркі деген атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Осы ортағасырлық түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті.
Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі — теле. Олар қазіргі Монғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыста Тянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген.
Түріктер өзінің шығу тегін ашын тайпасымен байланыстырады.
Түріктер 552 жылы Солтүстік Монғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара қаған, Мұқан қағандар еді. Осы қағандардың тұсында көршілес жуан-жуан тайпалары бағындырылды. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-Батыс Манчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жерінде Енисей қырғыздары бағындырылды. Істеми каған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті.
582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. 603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс Түрік қағанаттарына бөлінді.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағаиатының жұрты "он оқ бодун" — "он оқ елі" аталды. Алдында қидан елін, Енисей қырғыздарын басып алған Шығыс Түрік қағанаты, 711 жылғы Инел қаған мен оның бас колбасшысы Тоныкөктің тұсында түркештерді өзіне кқаратты. Бұдан соң 716 жылы Білге қағанның тұсында түріктер қытай әскерлеріне үлкен соққы берді.
Батыс Түрік қағанаты да өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталық Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.
VII ғасырдың аяғына қарай түркі тайпаларына жататын түркеш тайпасының күшеюі байқалды. Шу мен Іле өзендерінің аралығында қоныстанған түркештер VI ғасырдан бастап Батыс Түрік қағанатына кірген. Олар:
қара түркештер,
сары түркештер болып екіге бөлінді.
Сонымен түркештер VII ғасырдың соңында Шаш (қазіргі Ташкент) қаласынан бастап, Тұрпанға, Бесбалыққа дейінгі жерді бағындырды.
VIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді. Қытай деректері оларды түркі тайпаларына қоспайды, тек түріктер бағындырған тайпа деп есептейді. Дегенмен қарлұқтардың түркі тілдес, түркі тектес тайпа екендігін кейбір қытай деректері көрсетеді. Олар бұрынғы Батыс Түрік қағанатының жерінде билік құрды. Бұрынғы Батыс Түрік қағанатының, одан соң түркештердің орталығы болған Суяб, Талас қалалары олардың орталығына айналды. Қарлұқтар үш үлкен — болат, шығыл, ташлық деген тайпаларға бөлінді.
Түркештер заманында, одан кейін қарлұқтар заманында Орталық Азияның біраз жерлерін арабтар жаулап алған еді. Олар арабтармен әр кез соғысып отырды. 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Сөйтіп, Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді.
756 жылы қарлұқтар түркештерді толық жеңіп, Оңтүстік-шығыс Қазакстанда өзінің толық саяси билігін құрды. Осы кезеңде, бұдан кейінгі онжылдықтарда да қарлұқтардың бірден-бір қарсыластары шығыстағы тоғыз-оғыздар болды. Олар кейіннен Шығыс Түркістанның батыс бөлігін, Жетісудың біраз жерін қарлұқтардан тартып алды. Тоғыз-оғыздардың құрамына кіретін ягма, сеянто тайпалары Шығыс Қазақстан жерінде билік құрды.
VIII ғасырдың соңына қарай Қазақстан жеріне түркі тектес көшпелі оғыз тайпасы келіп қоныстанады. Оғыз тайпалар одағына қарлұқтар, халаждар, жағралар, шарұқтар, кейінірек қаңғар-пешенег топтары кірді. Алдыңғылары Жетісуды мекендеген тайпалар болса, кейінгілері Сырдарияның бойын мекендеген. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, оғыз тайпалар бірлестігіне түркі тектес тайпалармен қатар үнді-еуропа тілдес тайпалар да (астар, аландар) кірген.
Оғыздардың алғаш жайлаған жері Сырдың ортаңғы, төменгі ағысы, Арал теңізінің маңы, Қаратау жоталары, Шу, Балқаш өңірі. IX ғасырда оғыздар Каспий аймағына қарай ауып, Жайық, Ырғыз, Жем, Ойыл өзендері, Мұғалжар тауы аймағына, одан әрі Жайық пен Еділ аралығына қоныстаңды. X ғасырда оғыздар хазарларды талқандап, Кавказ сыртынан Алдыңғы Азияға дейін жетті. Оғыздар Қазақстан жерінде болған екі ғасырдай уақытта баска түркі тайпаларымен өзара этностық, мәдени-шаруашылық ықпалдастықта болды.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы дәуірі (2 – 5ғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір мөлшерде өзгертті. 5 ғ. түркітілді теле (тирек) тайпаларының хисапсыз көп топтапры Солтүстік Монғолиядан бастап, Шығыс Еуропаға дейінгі ұланғайыр далаға кең жайылып қоныстанады, оңтүстікте олардың қоныс-өрісі Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. 6 ғ. Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Түрік қағанаты өкіметінің қоластына қарайды, олардың билеушілері түрік тайпасының Ашындар әулетінен шығып отырған. Қағанат ұйымдасқанға дейінгі түрік этносоның өзінің тарихына келсек, ол 3 ғ. 6 ғ. ортасына дейінгі Ганьсу, Шығыс Түркістан, мен Алтай аймақтарында бірте-бірте сатылап құрылған. «Түрік» атының тұңғыш рет аталуы қытый шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады .Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. 546 ж. Алтайда теле тайпасы қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылуы себепті олар кәдімгідей күшейді. 552 ж. көктемінде түріктердің бастаушысы Бумын өздерінің билеушісі аварларға (Жуань-жуаньдар) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңеді. Осы мемлекеттін ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады.Бұл этникалық –әлеуметтік Бірлестіктің атасы – Бумын-қаған (553 ж. қаза табады) болады.Оның мүрагері Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай мемлекеті алым-салық төлеп тұрады.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.
Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады
Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 6-13 ғғ. көшпелі және отырықшы мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.