Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 08:39, реферат
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Қайтыс болуы
Керей
хан ның қандай жағдайда, қай жылы
қайтыс болғандығы жөнінде нақты
мәліметтер жоқ. Керей ханның үш баласы
болды. Олар: Бұрындық хан,
Қожа-Мұхаммед
және Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан
астам Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті
түрде Жәнібек ханның ұрпақтарының қолына
өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде
деректер кездеспей
Әз-Жәнібек хан
Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусағит) (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. 15 ғ. өмір сүрген. 1450 жж. дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
1456 ж. Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 ж. Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.
Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы] билік Орыс ханның тұқымдары — Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.
15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек
ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін
күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары
мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі
тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан
кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған.
Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың
бірінде қаза тапқан деп болжауға болады.
Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде
Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Бұрындық хан (1480-1511)
Бұрындық, Мұрындық – Қазақ хандығының
Жәнібектен кейінгі үшінші ханы, Керей
ханның үлкен ұлы. Оның қашан дүниеге келгені
белгісіз. Өмірі Қазақ хандығы тарихының
алғашқы дәуірімен тығыз байланысты Бұрындық
ханның есімі алғаш рет 15 ғасырдың 70-ші
жылдарының басындағы «көшпелі өзбектер»
мемлекетіне қарсы күрестерге байланысты
деректерде кездеседі. Бұрындық ханның
қазақ тарихында аты жарқырап көрінген
тұсы ? XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл
жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю
және қазақ халқының этникалық территориясын
біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді.
Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген
жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр
өңірі үшін Мауреннахрлық билеушілермен,
шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан
хандарымен жүргізген ұрыстары жатты.
Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының
екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып,
қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп,
нығаюына өз үлестерін қосты. Сыр өңірі
үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын
Бұрындық хан билеп тұрды. 1480-1490 жылдардағы
Темір әулетіне қарсы соғыстан соң, Түркістан
аймағының солтүстік өңірі Қазақ хандығының
қарамағына кірді. Жәнібек ханның ұлдары
Қасым мен Әдік сұлтанның ықпалының күшеюіне
байланысты Бұрындық хан өзінің қарсыласы
Шайбани ханмен одақтасуға мәжбүр болды.
Бұл одаққа қарсы тұру үшін Жәнібек ханның
ұлдары Моғол билеушісі Сұлтан Махмұд
ханмен арадағы қатынастарын жақсартты.
Екі жақта одақтасуды туысқандық қатынастармен
нығайтты. Бұрындық хан екі қызын Шайбани
әулетінің сұлтандарына берсе, Қасым сұлтанның
ағасы Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына
үйленді. Осылайша 15-ші ғасырдың соңында
қазақ қоғамында бір-біріне қарсы 2 топ
пайда болды. Бұрындық хан Шайбани ханның
1506-1510 жылдары аралығында қазақтарға жасаған
бірқатар жорықтарына қарсы шығудан бас
тартты. Жәнібек хан ұлдары арасында беделді
есептелетін Қасымның абыройы 1510 жылы
Шайбани әскерін тас-талқан етіп жеңгеннен
кейін одан әрі арта түсті. 1511 жылы Бұрындық
хан Қазақ хандығынан кетуге мәжбүр болды.
Деректер бойынша ол Самарқанда қайтыс
болған. Оның ұрпақтарынан ешкім Қазақ
хандығын билеген жоқ.
Қасым
хан (шамамен 1445-1518/1523) – қазақ ханы,
Қазақ хандығының негізін салушылардың
бірі – Жәнібек ханның баласы. Шешесі
Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі
Махмуд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.
Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты,
ел басқару әдісі, т.б. жөнінде мәліметтер
өте аз. Жазылған еңбектердің бәрі М.Х.Дулатидің
«Тарихи Рашиди» атты шығармасына сүйенеді.
Мұхаммед Шайбанидың қазақ билеушілеріне
қарсы соғыстары туралы деректемелерде
Қасым ханның есімі алғаш рет аталады
және оған «белгілі сұлтандар мен бахадурлардың»
бірі деген баға беріледі, «Бұрындық ханның
атты әскерінің жетекшісі» екені атап
көрсетіледі. Бұрындық хан Самарқанға
кетуге мәжбүр болып, шет жерде дүние салады
да, Қасым хан билікті біржолата өз қолына
алады. Қасым хан билеген кезеңде қазақтар
мен Шайбани әулеті арасында Сырдария
маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен
соғыстар одан әрі жалғасты. 1510 жылдың
қысында Шайбани хан әскері Ұлытау бөктерінде
отырған Қасым хан ұлысына шабуыл жасайды.
Оларға күшті тойтарыс бере алмайтынын
білген Қасым хан шегіне отырып, тұтқиылдан
шабуыл жасап, дұшпанын тас-талқан етеді.
Сол жылдың соңында Шайбани хан Мерві
түбіндегі Хорасанда Иран шахымен шайқаста
қаза табады. 1513 жылы Қасым хан Қараталда
отырған кезде Сайрам билеушісі Катта-бек
қаланы Қасым ханның билігіне берді де,
оны Ташкентті билеп тұрған Шайбани Сүйін
Қожаға қарсы аттануға көндіреді. Сол
жылы жазда Моғолыстан ханы Сұлтан Саид
Ташкентке бірлесіп жорық жасауды ұсынады,
алайда Қасым хан бұл соғыстан бас тартады.
1515 жылы Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға
кеткен соң қазақ хандығының Жетісудағы
билігі нығая түсті. Батыста оның қол астына
Ноғай Ордасынан кеткен рулар мен тайпалар
келіп қосылды. Хандықтың шекарасы Оңтүстігінде
Сырдарияға дейін, оңтүстік-шығысында
Жетісудың едәуір бөлігін, солтүстік-батысында
Жайық өзені аңғары мен солтүстік-шығысында
Ұлытау және Балқаш көлінен өтіп, Қарқаралы
тауларының сілімдеріне дейін кеңейді.
Халқының саны 1 миллион адамнан асты.
Оның тұсында қазақтар Батыс Еуропаға
дербес этникалық қауым ретінде танылды.
Сыртқы саясатта Қасым хан Сырдария бойындағы
қалалар үшін Шайбани әулетімен күрес
жүргізіп отырды. Осыған байланысты қазақ
басшыларының маңғыттар және моңғолдармен
одақтық байланысы қалыптасты. Қасым хан
өзінің билік құрған кезеңінің басында
Сайрам қамалын алды, Мауреннахр қамалын
басып алуға біраз әрекет жасады. Қазақ
хандығының орыс мемлекетімен елшілік
байланысы басталды. Түрік басшыларымен
жазысқан хаттарында Қырым ханы қазақтардың
батыс бағытындағы иеліктерінің кеңейіп
бара жатқандығына алаңдаушылық білдірді.
Қасым хан билігінің соңғы жылдарында
қазақ билеушілері мен шайбанилердің
өзара қатынастары шиеленіскен қалпында
қала берді. 1516-1517 жылдары қыста Шайбани
әулетінің сұлтандары күш біріктіріп,
қазақтарға қарсы жорыққа шықты. Қазақтардың
«Қасым ханның қасқа жолы» дейтін белгілі
заңдары Қасым ханның есімімен байланыстырылды.
Аталмыш заң ел басқару ісінде қолданылған.
Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, шағатай
ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша
«жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді)
алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде
қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту
барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа
сүйеген. Тіпті шариғат қағидасын мығым
ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның
қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген
қазылық биліктерге жүгіне бастаған. Қасым
хан өз заңында Құран талаптарына қайшы
келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін
сақтаған. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу,
әмеңгерлік, құдалық жоралар, қазылық
билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан
әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді,
әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейткен.
Бұл заңға енген ережелер: 1) мүлік заңы
(жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы
(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау,
ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан міндеті,
қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны,
тұлпар ат); 4) елшілік жоралары (майталман
шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық,
әдептілік, ибалылық); 5) жұртшылық заңы
(шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі
ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл,
бекауыл, тұтқауыл міндеттері). Мұхаммед
Хайдардың жазуы бойынша, Қасым хан 1518
жылы өлген. Ал Тахир Мұхаммедтің «Рузат
ат-Тахирин» атты еңбегінде Қасым хан
1523/24 жылдары өлген деген дерек келтіріледі.
Қыдырғали Жалайыридың айтуынша, Қасым
хан Сарайшық қаласында қайтыс болған
Бұйдаш хан
Бұйдаш
хан — Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан (16 ғасыр) — қазақ хандарының
бірі (1533 — 38). Жәнібек ханның немересі, Әдік
сұлтанның ұлы, Тахыр
ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16
ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше
хан болған: Батыс бөлікте Ахмет
(Ахмад)
хан, орталықта — Тоғым хан
және Жетісу аймағында Тахыр хан.
Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде
(деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш
хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай
әскері болған. Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың
бір бөлігіне де тараған. “Тарих-и Рашидиде” Бұйдаш хан 1533/34 жылдан
кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыри Барақ
ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады.
Осы соғыста Әдік
сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады.
Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз.[1][2]
Хақ-Назар хан
Хақ-Назар хан — (1538—1580) билік құрғаны.Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Билігі
Хақназар
хан таққа отырған соң хандық
үкіметтің билігін нығайтуға
және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады.
Өзінен бұрынғы Тапир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы
жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта
біріктірді.1523—1524
жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын
үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның
тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар
мен қырғыздардың патшасы» деп аталды.
Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан
хандарының Жетісу мен Ыстықкөл
алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс
берді. Хақназар хандық құрған дәуірде
қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса
ірі тарихи оқиғалар туды. Бұл кезде батыста
күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа
қарай ірге кеңейтіп 1552
жылы Қазан хандығын, 1556
жылы Астрахань
хандығын Россияға бағындырды. Осы жағдайға
байланысты, Еділ мен Жайық
арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген
Ноғай ордасы ыдырай бастады.
Шығай хан
Шығай хан — (1580—1582 жж.) билік құрған.
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашты, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етті. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды.
Тәуекел хан
Тәуекел хан] - (1583-1598 жылдары билік құрған) Шығай хандың ұлы 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.