Ауғанстандағы азаматтық соғыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:11, реферат

Описание работы

Ауғанстан - Азияның оңтүстік - батысындағы, орталық Шығыста орналасқан мемлекет. Аумағы - 655 мың км2 . Маңызды геосаяси орын алады, ТМД елдерімен ортақ шекарасының мөлшері шамамен 2.3 мың км . Ауғанстан солтүстік - шығыста Қытай Халықтық Республикасымен (75 км.) шектеледі, Пәкістанмен шекара мөлшері 2180 км тең болса, Иранмен ол мөлшер 820 км құрайды. Елде бес этникалық топтың (иран, түрік, араб, солтүстік - үнді және дравид) 20 ұлт пен ұлыстары тұрады.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім
а) Ауғанстандағы азаматтық соғыс (1989—1992).
б) Ауғанстандағы азаматтық соғыс (1992—2001).
3. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Afganistan.docx

— 60.70 Кб (Скачать)

      24 мамыр күні Абдул-Рашид Дустумның командирлерінің бірі  Фараб ауданындағы НИДА өзбек қозғалысының басшысы Абдул Малик қарсыластың жағына шығып, оған қарсы шықты. Маликтің әскерлері Дустумның жағындағылардың жасағының тізе бүгуіне мәжбүр етіп, талибтерге Бадгис пен Фараб аудандарындағы батыс фронтты ашып берді.  Генерал Маликке Саланг асуын стратегиялық тұрғыда бақылап отырған НИДА қозғалысының отрядтары қолдау көрсетті. Бұл Талибандардың саны 3 мың әскерге дейін баратын қозғалысының солтүстік фронты жасағын басқарған молда Абдул Реззак пен Талибан үкіметіндегі сыртқы істер министрі Гоус жасағының Саланг арқылы  Мазари-Шариф қаласына жіберілуіне жол ашты. Генерал Дустум Өзбекстан территориясы арқылы Түркияға қашуына тура келді, ал 25 мамырда талибтер Дустумның аралық мемлекетінің астанасы - Мазари-Шарифке кірді. Тура сол күні Пәкістан Талибан қозғалысын Ауғанстан үкіметі ретінде мойындады. Көп уақыт өтпей Пәкістанның пікіріне Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері де қосылды.  Мазари-Шарифті жоғалтып алған соң және талибтердің өзбек шекарасына шығуынан кейін Ауғанстанда екі ғана қарсылық көрсетуші бөлек ошақ қалды - шейт - хазарлықтардың отрядтары қорғанып жатқан таулы Хазарджат пен тәжік Ахмад Шах Масудтың сүйенетін пункті орналасқан Панджер шатқалы мен Тәжікістанға жататын аудандар болды. Талибтер  Мазари-Шарифке кірген соң өз тәртібір орнатушы болып, тіпті хазарлықтардан барлық қаруын тартып алуға талпынды. 27 мамыр күні олар генерал Маликтің өзімен жабық келіссөздер жүргізді.  Бұл күннің екінші жартысында Талибан қозғалысының сыртқы істер министрі молда Гоус баспасыз мәслихатын өткізіп, өзбек милициясымен қауіпсіздік күштерін бірге құру туралы сұрақ қаралып жатқандығы туралы мәлімдеді. Алайда Абдул Малик  бүлік шығарып, « Талибан » қарсыластарның жағына өтіп кетті. 27 мамырдың кешіне Мазари-Шарифте Маликтің шейт - хазарлықтармен өзбек жасақтары талибтерге шабуыл жасаған қарулық қозғалыс басталды. 27-28 мамыр күндері өзбек милициясы мен шейт - хазарлықтардың бірлескен күштері арқылы Мазари-Шарифедегі талибтер тобы толықтай жойылды. Талибан қозғалысының негізгі басқарушылық органы тез арада Кабулдан солтүстікке саны 3 мың әскер болатын және кейіннен Ахмад Шах Масуд отрядымен Салангта қиратылған жаңа экспедициялық отрядты жібереді. Генерал Маликтің екінші бүлігінен кейін бірден Масудтың тәжік отрядтары Панджшер шатқалынан талибтер позициясындағы шабуылға шыңып, Мазари-Шарифтан Кабулға дейінгі жолдағы екі қосымша қаланы басып алды. Масуд астанадан 35 шақырым жерде тоқтады, ал хазарлықтар Бамиана даласының қоршауынан өтіп,  талибтерді Кабулға лақтырып тастап, қалаға жақындай түсті. Талибтер 6600 әскерінен айырылды, қарулық техникада өте үлкен шығынға ұшырады, Талибан қозғалысының басты басшыларының көбісі тұтқынға түсіп қалды. Талибтердің тұтқындағы үш мыңы Маликпен өлтірілді. 31 мамырда адам саны үш мың болатын талибтер тобы солтүстік қала Пули-Хумридің қоршауында қалады. Негізгі күштен айырылған, қарсыласқа төтеп бере алатындай қолында қаруы жоқ бұл талиб тобы маусым айының басында тәжік, өзбек және хазарлықтардың мықты күшімен талқандалуы қажет еді. Алайда қарсыласын Пули-Хумриден шығарып, антиталибтік коалиция талибтердің отрядын осы ауданның далалық пуштун командирлері қарусыздандырады деген үмітпен оларды Баглан ауданының территориясында қудалауға кіріскен жоқ. Алайда жергілікті пуштундар талибтермен Баглан жерінде ұрысуданбас тартты. Талибтердің экспедициялық отряды ешқандай қиындықсыз Баглан ауданынан ары қарай солтүстікке Кундуз және Талукан аудандары жаққа қоныс аударды.  Маусым айы ішінде Талибан қозғалысына көптеген жергілікті пуштун командирлер отряды қосылды. Соның нәтижесінде, отрядтармен бірлестікте талибтедің қысымымен солтүстік пуштундар өз  уақытша астанасы Талукан қаласын талибандардың солтүстікте тас талқаны шыққаннан кейінгі екі аптадан соң  тіпті Ауғанстан президенті Раббани да тастап кетіге міжбүр болды. Маусымның соңында Талибан қозғалысының жағына солтүстік қала Кундуз бен ауданның үлкен бөлігін талибтердің экспедициялық корпусының басқаруына берген жергілікті командир пуштун Ариф Хан өтті. 1997 жылдың жазында талибтер Ауғанстанның ¾ аумағының жағдайын басқарып отырды. 20 шілдедегі шабуыл кезінде антиталибтер коалициясының отрядтарымен Чарикар қаласы мен Баграм авиабазасы қоршауға алынды. Мұндай жағдайда Масуд талибтерге қарсы шыққан барлық топ басшыларын жиналысқа шақырып, соның нәтижесінде басшысы болып Ахмад Шах Масуд шыққан Солтүстік Альянс өайта құрылған болатын.  Келісілген келісім негізінде 20 тамызда Ахмад Шах Масудқа адал әскерилер кейіннен сәтсіздікпен аяқталған Кабулға шабуыл жасайды. Бұған дейін бір апта бұрын сайланған премьер - министр этникалық пуштун Гафурзаидың өлімі антиталибтік коалиция жоспарына қиын соққы берді. Соның өзінде, Ахмад Шах Масудтың отрядтарына талибтерге қарсы бірден екі стратегиялық бағыт бойынша қарулық қозғалыс бастау қолынан келді. Масудтың  Кабулдағы жасағының күшеюімен қатар, оның әскерлері талибтер позициясында Кунар шығыс ауданында шабуыл ұйымдастырды, мұнда 30 тамыз күні оларға  администрациялық орталық - Асмар қаласын басып алуға мүмкіндік туды. Асмар қаласы оңтүстіктегі ірі қала Желалабадтан 110 шақырым жерде ,       « Талибан қозғалысының қару мен оқ-дәрi алатын пәкістандық Пешавар ауданын Ауғанстанмен жалғайтын  жалғыз арнаулы автокөлік жолында » орналасқан.  Асмарды қоршап алған соң, Ахмад Шах Масудтың отрядтары талибан байланыстарын үзу арқылы олардың Пәкістаннан қозғалысын аздап кесе алды. 1998 ж шілдесінде талибтер солтүстікте кеңкөлемді қарулық қозғалыстар бастады, ал 12 шілдеде Мазари-Шарифке жылжыды. Фараб оның астанасы Меймене қаласымен , солтүстік шекара бойында орналасқан Файзабад және Шибарган қалалары қоршалды. Соңғысында Өзбекстанға қайтадан қашып кеткен Дустумның штабы болатын. 8 шілдеде Мазари-Шарифке кіре отырып, 8мың шейт - хазарлықтарды атып тастады, сонымен қатар иран консулдығының 9 қызметкерін өлтірді, оның жауабы ретінде Иран Ауғанстанның шекарасына өз әскерлерін қойып, соғыс жағдайына келді. Алайда Иран мен « Талибан » бұл шекарадан асқан жоқ, және өздері үшін қуанышты жағдай - барлығы бейбіт өтті. 13 қыркүйекте талибтер Бамианға кірді. Мазари-Шариф пен Бамианды алғаннан соң талибтер өзбектер мен хазарларды массалық ату басталды. Соның нәтижесінде, аздаған адаммен қамтылған барлық жерлерде « Талибанға » қарсы партизан күресі басталды. 13 қыркүйекте талибтер Бамианды қоршады. Бұрынғы қауіпсіздік министрінің Кабулға қайта шабуылы , Солтүстік альянс әскерлері астанаға 10км жақындағанның өзінде , сәтсіз болып шықты. Талибтер қолында Бадахшан ауданынан бөлек елдің бүкіл солтүстігі болды. Жылдың соңында Талибан басшылығында Ауғанстанның 90 % жері болды, Солтүстік Альянс бір ауданды бақылап отырды. Шейт - хазарлықтардың , партизандық күрестерін жалғастырып жатқанның өзінде, негзгі базасы алынды. Солтүстік альянстың ең күреске икемді бөлігі болып ,талқандалуына қарамастан  , Панджера, Баграм және Саланг аудандарын бақылап отыруды жалғастырған және өзінің соққы беру күшін, техника мен авиациясының басты бөлігін сақтап қалған мәртебелі қарсы тұру лидері А.Ш.Масудтың бөліктері қалды. 1999 ж шілдесінде талибтер А.Ш.Масудтың әскеріне қарсы қайтадан шабуыл бастады. Тура сол айда бір біріне қарсы жақтар арасында «6+2» тобының негізінде келіссөздер басталды. Топ 1998ж құрылып, оның құрамына Ауғанстанның шекаралас алты елі және Ресей мен АҚШ кірді.Келіссөздер Ташкенде өтті. Бірақ тамыздың басында талибтар кенеттен Кабул жанында Ахмад Шах Масуд позициясына шабуылға шықты және астанадан солтүстікке қарай жиырма километр жерде орналасқан Баграм авиабазасын қоршап алды. Олар қиын жағдайда болды -  Масудты тіпті кеңес әскері шығара алмаған Панджшер шатқалын алу, Талибтер Панджшерге келеміз дегенше, Масуд елдің оңтүстік шығысындағы Лагман ауданына жауапты соққы берді, мұнда оның отрядтары Ауғанстан мен Пәкістанды жалғастырған жалғыз автокөлік жолын кесіп өте алды.  Масудтың отрядтары контршабуылға Кабулдық бағытта шықты және  Баграм авиабазасы жанында қиын ұрыстар болып жатыр деген хабарлар пайда бола бастады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды. 

            Ұлттық құрамның шұбарлығы, патриархалдық қауымдастық пен салт дәстүр ескіліктерінің тұрақтылығы, мұсылман дінінің әсері, басқа мемлекеттерден оңашаланылуының барлығы көп ғасырлар бойында ешқандай нақты өзгерістерді бастан кешірмеген бұл мемлекттің тұрмысына, мінезіне, әдеп - ғұрпына өз әсерін тигізді.  

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиет: 
     

  1.  М.Гареев. Моя  последняя война. (Афганистан без  советских войск).
  2. Afghanistan: Blood-Stained Hands: III. The Battle for Kabul: April 1992-March 1993.
  3. Сергей Жаров. Русские вернулись. Краткая история Талибана.
  4. Библиотека КонтиненТа.
  5. Талибы идут. Коммерсантъ № 73 (1255) (21 мая 1997). Проверено 13 августа 2010.
  6. Dixon, Norm. Revolution and counter-revolution in Afghanistan, www.greenleft.org (12 декабря 2001). Проверено 27 июля 2007.

Информация о работе Ауғанстандағы азаматтық соғыс