Ауғанстандағы азаматтық соғыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 11:11, реферат

Описание работы

Ауғанстан - Азияның оңтүстік - батысындағы, орталық Шығыста орналасқан мемлекет. Аумағы - 655 мың км2 . Маңызды геосаяси орын алады, ТМД елдерімен ортақ шекарасының мөлшері шамамен 2.3 мың км . Ауғанстан солтүстік - шығыста Қытай Халықтық Республикасымен (75 км.) шектеледі, Пәкістанмен шекара мөлшері 2180 км тең болса, Иранмен ол мөлшер 820 км құрайды. Елде бес этникалық топтың (иран, түрік, араб, солтүстік - үнді және дравид) 20 ұлт пен ұлыстары тұрады.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім
а) Ауғанстандағы азаматтық соғыс (1989—1992).
б) Ауғанстандағы азаматтық соғыс (1992—2001).
3. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Afganistan.docx

— 60.70 Кб (Скачать)

Еуразиялық  Ұлттық Университет.

Халықаралық қатынастар факультеті.

Шығыстану кафедрасы. 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ 
 
 

Тақырыбы:     Ауғанстандағы азаматтық соғыс.

Орындаған:  Копжасарова А.

Тексерген:     Ильясова З. 
 
 
 
 
 
 

                                        Астана қ. 2011 жыл.

Жоспар: 

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім

         а) Ауғанстандағы азаматтық соғыс (1989—1992).

         б) Ауғанстандағы азаматтық соғыс (1992—2001).

     3. Қорытынды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Ауғанстан - Азияның оңтүстік - батысындағы, орталық Шығыста орналасқан мемлекет. Аумағы - 655 мың км2 . Маңызды геосаяси орын алады, ТМД елдерімен ортақ шекарасының мөлшері шамамен 2.3 мың км .  Ауғанстан солтүстік - шығыста Қытай Халықтық Республикасымен (75 км.) шектеледі, Пәкістанмен шекара мөлшері 2180 км тең болса, Иранмен ол мөлшер 820 км құрайды. Елде бес этникалық топтың (иран, түрік, араб, солтүстік - үнді және дравид) 20 ұлт пен ұлыстары тұрады.  Олар бір бірінен  сандық құрамы, әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, ел өмірінің экономикалық және саяси тұрғысынан тарихи қалыптасқан рөліне байланысты ерекшеленеді. Ауғаныстанда тайпалық құрылым сақталып қалынған. Халықтары тайпалық, рулық қауым, рулық , жанұялық болып бөлінеді. Мемлекеттің ұлттық құрамы жуықтап келгенде келесідей: пуштундар (8,2 млн. адам), тәжіктер (3,3 млн. адам), өзбектер  ( 2 млн. жуық адамдар), хазарейліктер (1,5 млн. адам), шараймақтар (1 млн. жуық адамдар), түрікмендер (500 мыңға жуық адамдар). Сонымен қоса пуштундар Пәкістанда да тұратыны бәрмізге мәлім. Олар формалды түрде мемлекеттік шекарамен бөлінгеннің өзінде, оларды берік тайпалық, жанұялық және де басқа қарым қатынастар байланыстырады. Пуштундар үш негізгі тайпалық бірлестіктерге бөлінеді: батыс тайпалық бірлестігі – дуррандар (3 млн. аса адамдар), шығыс тайпалық бірлестігі - гильзандар (1,5 млн. жуық адамдар), карандар (1,5 млн. жуық адамдар), және де бөлек ірі тайпалық қатарлары жатады. Дурран тайпалары негізінен Ауғаныстанның оңтүстігіндегі  Кадагара ауданынан Фараха ауданына және батысындағы Гератаға дейінгі аумақтағы оңтүстік - батыс облыстарында және басқа да барлық ірі қалаларында өмір сүріп жатыр. Гильзандар негізінен Ауғаныстанның оңтүстік және оңтүстік - шығыс бөлігінде, сонымен қатар Пәкістанмен шекаралас аудандарында өмір сүріп жатыр.  Карани тайпалық біріктіруіне афридиндар, мангалдар, турлар, джадждар, момандар, вазирлар, шинварлар, сафтар, тандар, какарлар және т.б. тайпалары жатады. Тәжіктер Ауғаныстанның халқы саны бойынша екінші орында. Олар Ауғаныстанның солтүстік және орталық облыстарының байырғы тұрғындары болып саналады. Өзбектер Ауғаныстанның солтүстік өңірінің орта бөлігін құрайды. Хазарейліктер санақ бойынша үшінші орындағы этникалық топ, XIII ғасырдағы Ауғаныстан территориясында қоныстанған монғол жаулап алушыларының ұрпақтары болып табылады. Шараймақтар Ауғаныстанның орталық бөлігінде өмір сүріп жатыр. Оларға джемшидтардың, таймендердің және теймурлардың тайпаларын жатқызамыз. Түрікмендер жеке біртұтас топтарымен СНГ аудандарымен шекаралас солтүстік аумағында өмір сүріп жатыр. Қырғыздар Қытай шекарасымен созылатын Вахан сенегін мекендейді. Нұрыстандық тайпалар Нұрыстанның қол жеткізуге қиын таулы аудандарында өмір сүріп жатыр.    

                      Ауғанстандағы Азаматтық соғыс (1989—1992) - Ауғаныстандағы Азаматтық соғыстардың бір кезеңі болып табылады, бұл Ауғаныстан Демократиялық Республикасының (АДР) үкіметтік әскерінің шет елдерден сүйеніш тапқан моджахедтерге қарсы күрескен соғыс.

      Ауғаныстан үкіметінің әскерлік активтері.

     1989 жылы Ауғаныстаннан совет үкіметінің әскерін шығаруымен орай азаматтық соғыс аяқталмады, керісінше жаңа күшінде лаулады. АҚШ барлау мекемесі үш - алты ай ішінде НДПА тәртібінің құлдырауын күтті. Алайда бұл баға АДР үкіметінің бұйрығында бар актив тізбектерін есепке алмайды. Олардың біріншісі - Совет Одағымен жіберілген көп мөлшердегі әскери техникасы болып табылады.  1989 жылы әскерде және үкімет алды жасақтарында 1568 танк, 828 бронетранспортёрлар, 4880  артиллерлі құрал саймандар, 126 қазіргі заманғы бомба атқыштар және 14 жауынгерлік тік ұшақтар болатын. Сонымен қатар, жылына құны екіден алты миллиард  долларға тең АДР Совет Одағынан жаппай көмек алуын жалғастырды және совет үкіметінің әскери кеңесшілері Ауғаныстанда әлі де қалып қойды.  Бұл көлемдік маңызды қарулық күш моджахедтардың жекелеген қимылын ұстап тұруға жеткілікті болды. . АДРдың ең басты қуаты болып қазынадан қаржылық және қарулық қаражат алып отыратын  жартыжүйелі құрылымдар  болды, солардың ішінде ең нәтижелісі ресми түрде 53-і жаяу әскер дивизиясы деп аталатын Абдул Рашид  Дустумның бөлімшесі болды. Есеп бойынша өзбек халықынан құрастырып алынған 40000 адамнан және оны стратегиялық қор ретінде пайдаланған ақылға сыйымсыз Наджибулладан нұсқаулар алып отырды. 1989 жылдан кейін бұл бөлімше - шабуыл операцияларын ұйымдастыратын жалғыз бөлімше болды. Соған қарамастан, моджахедтер АҚШ, Сауд Арабия,Пәкістан және басқа мемлекеттерден қолдау тауып, кеңейтілінген шет елдік әскери қолдауын пайдаланып қалды. АҚШ моджахедтердің Ахмад Шах Масуд басшылығымен басқарылған отрядты қолдады, Рейган администрациясымен жүргізілген «Циклон» операциясы кезінде АҚШтан қолдау көрсету айтарлықтай өсті.

    1989 жылдың көктеміне қарай АДР үкіметі жақын арадағы дезинтеграцияның белгілерін көрсетпеді. Моджахедтердің америкалық және пәкістандық жақтастары ірі әскери операцияны жүзеге асыру арқылы оның күйреуін тездетуді шешті. Абдул Хак сияқты моджахедтердің кейбір жетекшілері моджахедтердің ірі қалаларды ұстауға мүмкіндігі жоқ деп есептеп , оның орнына Хак мемлекеттің режимін әлсіретіп, оның күйреуіне ішкі алауыздық арқылы алып келетін партизандық соғысты қолдады. Бірақ американдықтар мен пәкістандықтар өз ойлары арқылы жеңіске жетуді ойлады. Америкалықтар моджахедтерге ПЗРК «Stinger» беру арқылы Кеңес Үкіметін төмен түсірткісі келді, сондағы көздеген мақсаты америкалықтардың  Вьетнамдағы  жеңілісі үшін кек қайтару болды. Пәкістандықтардың ойында Ауғанстандағы фундаменталды үкімет құру болды.  Басты мақсаты - Желалабадты басып алу. Желалабадта олар қолдап отырған « Ауғандық уақытша үкіметтің» астанасын орналастыру көзделді. Премьер - министр болып Абдул Расул Сайяф тағайындалса, сыртқы істер министрі - Гульбеддин Хекматиар болуы қажет болды. Моджахедтердің негізгі күші ауғандықтар 10000 адамды құрады, сонымен қатар шетел жауынгерлері мен Т-55 басып алынған танктер қатары болды. Шабуыл 1989 жылдың 5 наурызында басталды. Моджахедтер тұтқындаған алғашқы елді мекен Самаркел ауылы және Желалабад аэродромы болды.  Оған қарамастан, олар көп ұзамай тікенекті сым және миналы дала көмегімен ауған армиясының негізгі позициясы бойынша қоршауға алынды. Үкімет әскері қарқынды жүргізілетін ауа арқылы қолдауға сене алды, ал ауған ауалық - әскери  күштері күніне ұрыс кезінде 100 ден 120 дейін ұшуға шығатын болды. Кабулдың жан жағында тұрған және кеңес әскерлерімен басқарылып тұрған Скадтың үш бөлімшесі Желалабад гарнизонын қолдай отырып, 400ден астам ракета жіберді. Өзінің нақтылығына қарамастан бұл қару  соққыға қарсы тұра алмайтын моджахедтердің моральді рухына қатты тиді. Сонымен қатар, моджахедтер күші өз қимылдарын үйлестіре алмаған немесе үйлестіруге талпынбаған әр түрлі топтар арасында бөлініп кетті. Мамырдың ортасына қарай олар Желалабад қорғауындағы күшке қарсы тұра алмады және ең аз  мөлшердегі оқ-дәрiмен соғысуға мәжбүр болды.  Шілде айында Самаркел ауылының ауғандықтармен құтқарылуына қарсы ешқандай да қарсылық білідіре алмады.  Желалабад бұрынғысынша Наджибулла үкіметінің қолында болды. Моджахедтердің осы ұрыс кезінде жоғалтқан адамдар саны 3000 зардап шеккендер болды. АҚШ пен Пәкістанның күтуіне қарамастан, бұл соғыс ауған әскері кеңес әскерінің көмегінсіз  күресе алатындығын дәлелдеп беріп қана қоймай, үкімет жақтастарының сенімін одан ары арттырды. Және керісінше, моджахедтер моральді рухы  басылып қалды, ал кейбір жергілікті командирлер үкіметпен уақытша бітім жасасты. Осы сәтсіздіктің нәтижесінде Пәкістан премьер - министрі Беназир Бхутто жарлығымен Хамид Гул жұмыстан шығарылды. Оның ИСИ  басшылығы орнына ауған партизандарына қатысты классикалық саясат жүргізе білетін генерал Шамсур Рахман Каллу келді.  Үкімет күштері 1990 жылдың сәуірінде Пагманедегі қоршалған комплекске шабуыл кезінде өз құндылығын көрсетті.  Достум бастап келе жатқан ауған армиясына маусым айының соңына дейін жалғасқан ауыр бомбалау және шабуылдардан кейін окоптарды моджахедтерден тазалауға жол ашылды. Соңғы үш жылда қарсылық білдірілген ең маңызды табыс Хостты қоршау болды. Он бір жыл бойғы қоршаудан кейін қала Джелалуддин Хакканиға 1991жылдың 11 сәуірінде гарнизонды тапсыру туралы келіссөздерден кейін берілді. 1992 жылдың  27 – 28 сәуірінде А.Р.Дустум генералының көмегімен Кабулда азаматтық соғыстың жаңа бөлігіне әкеліп соққан мемлекеттік түбірлі өзгеріс болды.

        Ауғанстандағы азаматтық соғыс (1992—2001) - « Талибан » исламдық радикалды қозғалысының жақтастары мен кеңестік әскери араласушылыққа қарсы болған маңызды командирлер басшылығындағы бытыраңқыланған моджахедтер отряды арасындағы жарақтандырылған ұрыс.  Азаматтық соғыс он жыл ішінде ауғандық моджахедтерге қарсы кеңестік 40-ы әскери бөлімшесі мен Ауған Демократиялық Республикасы жүргізген соғыстың логикалық жалғасы болды. 1992 жылы Наджибулланың режімі құлаған соң, қару жарақтар бойынша бұрынғы ағайындардың отрядтары бір бірінің арасында ұрысқа түседі. Моджахедтер тобының коалициалық үкіметінің («Альянс семи») « коммунистік обаның » қуылуынан кейін билікке келуі елді бейбітшілікке алып келеді деген сенім ақталмады. Этникалық тәжік Ахмад Шах Максудтың отрядтары және этникалық өзбек АДР әскерінің бұрынғы басшысы  Абдурашид Дустум әскерінің бір бөлігі  ұлты пуштун Хекматиярдың келмеуінен бұрын Кабулды басып алды. Билікке жету жолында Дустум Хекматиярмен Ахмад Шах Максуд үшін бірігеді, алайда жарақтанған Максуд әскері Дустум мен Хекматиярдың қарулы қолына төтеп бере алды.  Тоқтаусыз жалғасқан қарулық соғыстардан Ахмад Шах Максуд әскері де, Дустум мен Хекматияр әскері де зардап шекті. Кезінде АҚШ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Пәкістанда қаруландырылып, қаржыландырылған және оқытылған Талибан қозғалысы өзінің потенциалды қарсыластарының әлсіреуін пайдаланып кеңес әскеріне қарсы шыққан жаңа ойыншы болып келді. 1995 жылдың бас кезінде талибтар Гельмендті басып алды, Гульбеддин Хекматиардың әскерін талқандаса да, Ахмад Шах Масуд әскерінің арқасында Кабул жанында тоқтатылды. Олар Ауғанстанның оңтүстік - шығысындағы аумағының үштен бір бөлігін бақылап отырды. 1996 жылдың қыркүйегінде Кабулды соғыссыз алды және Ауғанстанның Исламдық Эмиратын құрды.  Бақылаудағы аумақта қатаң шариаттық құқық жүйесін жүргізді. Талибтардің режіміне оппозицияны негізінен тәжіктер ( Ахмад Шах Масуд пен Бурханудин Раббани басшылығындағы) мен өзбектерден ( Абдул Рашид Дустум генералының басшылығымен )  тұратын, Ресейдің қолдауындағы Солтүстік Альянс құрды. Террорист Усаме бен Ладенге тұрғылықты жер беру және будда архитектурасының есекрткіштерін жою (Будданың Бамиандық мүсіндері) талибтардің дүниежүзілік қауымдастықтың алдында жағымсыз имиджін қалыптастырды.  АҚШтағы 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған теракттан соң АҚШ Ауғанстанның Исламдық Эмираттарына қарсы контртеррорлық операция бастады және Солтүстік Альянстың қолдауымен талибтар режімін құлатты. Талибтар жасырын кетіп қалып, Хаджи Омардың бастауымен Пәкістанда (Вазиристан аумағының провинциясы ) қайта бірікті. 2000 - жылдардың басынан Вазиристан Талибандықтар қозғалысының тірегі болып келеді.

     Билікті қолдарына алмай жатып, моджахедтер бір бірімен қырлысып шықты. Көптеген командирлер өздері алған шендерге қанағаттанбады. Ауғанстанда азаматтық соғыс басталып кетті. Хекматияр Кабулдағы билікті қолына алуға тырысты. Сол уақытта қаладағы нығайтылған Масуд пен шиитами-хазарейлер құрылымдарының арасында да  толқулар шығып жатты. Осыдан, 1992 жылдың көктемінен Ауғанстан астанасы билік үшін таластың қаруланған алаңына айналып кетті. Астананы моджахедтердің басып алынуынан кейінгі бір жыл уақыт ішінде қалада 30 мыңдай қаланың бейбіт халқы қайтыс болды, ал басқа да көптеген мың адамдар қашып кетуге мәжбүр болды.  Кабулға деген бақылау ұрыстары таусылар емес болды. Қалада көз алдында қирады. Моджахедтер командирлері Кабулға деген бақылау ұрыстарын ғана емес, Ауғанстан аудандарына да соғыс жүргізді. Далалық командир Исмаил-хан Иран көмегімен Гератада өз үстемдігін орнатты, пуштундықтар Кандагарда басқармақшы болса, ал Дустум Кундуздағы бақылауға байланысты Масудпен бірнеше ай ішіндегі ұрыстардан соң Мазари-Шарифеде өзінің жеке тәуелсіз басшылығын құрды. Жергілікті көсемдер керуендердің өз аумағынан өткені үшін олардың ұрлады да, олардан ақша да талап етті. Кішігірім топтар территория мен далалық жерлерге басшылық үшін бәсекелестік танытты. Хазарейец-шииттар модахедтердің сунналық топтары сияқты бір бірімен қырылысты бастады. Көптеген командирлер елді ғана емес, Кабулдағы коммунисттік режімнен кейін қалған асыл қазынаны да өзара бөлісті. Ауған Демократиялық Республикасының бұрынғы үкіметінің астанасы Кабул мен елдің солтүстігіндегі барлық негізгі материалды және әскери ресурстар Раббани, Масуд, Дустум, шейт - хазарлықтар топтарының бақылауына кетті. Жаңа 1994 ж бас кезінде Хекматияр Кабулды басып алуға талпынды. Оған хазариялықтар қосылды, ал кейіннен Дустуммен бірігіп, Раббани мен Масудқа қарсы шықты. Масуд Дустумнан Кундузды тартып алу арқылы жауап берді, ал содан соң қарсы шабуыл бастап, оның арқасында Хекматияр мен Дустум әскері Кабулдан қуып шығарылды. Дустумға солтүстікке шегінуге тура келді, ал Хекматиярдың хазариялықтары мен пуштундары астанаға бағытталған ұрыстарды қайта жаңғыртты.  Жылдың соңында Масудтың қолында Кабулдан Панджшер шатқалы арқылы Кундузға дейінгі жер болды. Алайда елдің оңтүстігінде кейіннен Масуд қалған өмірінің барлық ұрыстарын жүргізетін басқа қарсыластарына қарағанда мықтырақ қарсылас пайда болады.

               « Талибанның » пайда болуы.

               1994 жылдың жазында Кандагар жанында моджахедтердің командирлерінің бірі екі қызбен ұрысып қалады.  Жергілікті халық көмекші деп молда Омарға барады, содан ол өзінің оқушыларын шақыртады. Бірнеше қарумен қаруланған бұл топ қыздарды босатып, сол командирдің өзінің танкының діңінде асып қояды. Содан кейін қанішерлердің басқа құрбандары  көмек туралы үн қатты.  Омар молда ауғандықтар үмітпен қарсы алған « Талибан » қозғалысының пайда болуы туралы мәлімдеді. Талибанда жиырма жылдық соғыстан шаршаған ауған қоғамы  елдегі тәртіпті орнатып, оған бейбітшілік орнатады дейтін сол күшті байқады.  Талибанның жауынгерлерінің саны күрт өсті. Қазанда Талибан осы уақытқа дейін Хекматияр әскерінің қолында болған шекаралық қала Спин-Болдакты басып алды. Қаламен бірге талибтарге 18мың « калашников » қаруының заңдалған қоймасы тиесілі болды.  Екі аптадан кейін Пәкістан премьер-министрі Беназир Бхутто  Ашхабадқа жіберген дәрі - дәрмек пен заттаы бар 30 армян жүк машиналары далалық командир Мансур Очакзаяның қолына түседі, ал ол өз кезегінде жүргізушілерден тауар құнын сұрайды. Сонда Бхутто талибандықтарға көмекке барады. Молда Омардың отряды Очакзая қарақшыларына шабуылдап, оның барлығын да атып өлтіреді. Қанталап жатқан, әлі тірі Мансур Очакзаяның өзін танктық түбітке іліп қойып, Кандагарға барлығының назарына көрсету үшін алып келеді.

        Осыдан соң « Талибан  » қозғалысының отрядтары Ауғанстанның оңтүстік жағына шабуыл бастайды. Талибтар отряды жақында болған қару - жарақ арсеналын басып алып, екі күндік алақандай ұрыстардан кейін берілген Кандагарға жөнелді. Үкіметтік әскердің гарнизоны барлық қаруды қосуының нәтижесінде талибтер қару -жарақтың үлкен мөлшерін алды, оның ішінде танктер, бронтранспортерлер, артиллериялық қару, сонымен қатар аэродромда МиГ-21 реактивті жойғыштарын және транспортты тікұшақтар болды. Жаңа соғыс басталды. Кандагарды алған соң, енді Кабулға кетті. Келесі екі айдың ішінде талибтер отряды оңтүстік облыстардың он екісін жаулап алды. Оларды пуштум тайпасы мен Дустум генерал қолдады. 1995 ж қаңтарында Хекматияр жаңа қарсыласын Газнидің жанында тоқтатуға талпынғанымен, қырғын соғыстан кейін қала құлайды. Содан соң « Талибан»  елдің шығысындағы тауларды аралап, Хекматияр қолдау алатын Желалабадқа дейінгі жолды кесіп өтіп, оның ең басты базасы - Кабулдан оңтүстікке қарай орналасқан Чахорасияб бекінісіне соққы жасады. Талибтердің соққысына шыдай алмаған елдің ірі тобының басшысы, АДР мен кеңес әскеріне қарсы қажырлы еңбек еткен Гульбеддин Хекматияр елден қашуға мәжбүр болды, ал оның отрядтары ыдырап кетті немесе « Талибанға» қосылды.Хекматиярдың берілгенін пайдаланып, Масуд оның жақтастары батыстан Кабулға жақындап келе жатқан  хазарлықтарға соққы берді.

        Талибтар хазарейлықтардың көшбасшысын,яғни Абдулла Али Мазариді жаулап алды және оны Газна қаласынын бір аймағында верталеттан лақтыруы арқылып өлім жазасына кесті. Олардың отрядтыры Кабулға үш жақтан жақындап келіп, қаланы жаппай атуды бастады. 19 наурызда Масуд талиптарды Газнаға шегінуіне еріксіз көндіру арқылы  қарсылық шабуылды қолданды. Өзінің бірінші жеңілісінен кейін «Талибан» Ауғаныстанның батыс бөлігіне жылжыды. Олардың жолында Исмаил – хан тұрып алды. Герата ауданынндағы моджахадтарға билік еткен Исмаил – ханның отряды талибтарға қарсы шықты. Талибтардың 20 мың әскері Исмаил– ханның моджахадтырының12 мың әскерімен Шиндандадан ары оңтүстік бөлігінде шайқасқа түсті және олар осы жолы да жеңіліс көріп,сол жерді мекенде қалып қойды. Исмаил – хан мамыр айында тағы да «Талибандарға»  әдеттегідейсоққы берді, ол өз қарсыласын Гульменда даласына дейін шегіндірді. Бірақ  артынша - ақ талиптар Исмаил-ханға кенеттен  соққы берді. Өзінің ұмтылысымен талибтар  Шиндадағы авиабазаны жаулап алды, олар 52 бомбалау жойғыштарын МиГ-21 иемденді. Үкіметтік әскерлер қалаларын және стратегиялық объекттерін қалдырып, барлық фронттарда кері шегіп отырды. Гератаның жергілікті халықтары талибтардың жаулап алуынан кейінгі Кандагарадағы тәртіп орнату туралы  естіп, қаланы урыс-керіссіз берді. Талибтардың отрядтары Ауғаныстанның шекарасындағы Түрікменстанмен соғысқа шықты. Исмаил-ханның тобы толығымен жойылды, ал ол өзі Иранға қашты. Масуд барлық жаз бойы Дустумға қарсы соғыста болды, бірақ Гератаны жоғалтып алғаннан кейін оңтүстіктен келе жатқан  қауіп-қатерді түсінді. «Талибан» тағы да Кабулға жетіп, қаланы авиациондық және ракеталық соққылардың астына алды. Масуд қарсылық шабуылды қолданды, бірақ ол сәтсіз аяқталды.  1996 жылдың барлық қысы мен көктемі қалаларды атқылаумен үлескен позициондық ұрыстармен жалғасты. Маусымда Масудпен болған алауыздығын үмытып,омен біріккен  Хекматияр қайта оралды. «Талибан» әскері ұтқан Хазараджтағы табанды соғыстардан кейін , антиталибтік одаққа шейіт «Единство» патриясының жаңа лидері Кәрім Халил қосылды.Өзінің дұшпандығын лақтырып, моджахедтердің барлық лидерлері талиптарға қарсы шықты. Егер  Масудқа Иран, Ресей, Тәджікстан, Батыстың кейбір мемлекеттері және АҚШ көмектескен болса, ал «Талибанған» тек Пәкістан көмектесті. Тек бір мемлекеттің қолдауына ие болған талиптар, барлық Оңтүстік Ауғаныстанды өздеріне найзағай секілді көндіріп алды және Кабулға қысым көрсетті. 3 сәуірдегі Кандагардағы 1500 ауғанның діни өкілдерінің жиналысында талиптар көшбасшысы молда Мухаммед Омар «дінге сенушілердің басшысы»  - «амир-ал-муминин» ( халиф дәрежесінде). болып тағайындалды.  Осылайша, «Талибан» көшбасшысы мұсылман қауымдастығының жоғары көсемі болды,  соңғы шекті жағдайдың өзінде талибтардың бағынышты терроториясында жоғары көсем болып саналды және саясат, әскери және діни биліктің барлығын өз қолына жұмылдырды.  Тамыздың аяғында астананың шығыс бөлігін жаулауға молда Омар өзінің отрядын аттандырды.  Күшейген пунктар бірінің артынан бірі құлады және талибтар таулық қатпарыстардан өтіп қыркүйектің басында Джелалабадты жаулап алды. Осы ірі және стратегиялы маңызы зор администраторлық орталықты иемденіп, олар өздерінің астанасы мен Пәкістан арасындағы хабар алуды тоқтатты.  Сонымен молда Омардың жауынгерлері солтүстікке баратын жолды кесіп және Панжералық  шатқал мен Саланг асуына қатты жақындай түсеміз деп қорқытып солтүстікке,яғни Багарамға жылжыды. Астанасы құлдырау жағдайда болды. Бұндай жағдайда моджахедтердің командирлері өздері үшін тек бір шешім қабылдады. Санаулы уақытта А.Ш.Мусаданың және Г.Хекматиярдың,сонымен қатар хазарейлік отряд ПИЕА күштері бір бірін сатқындықта кінәлап, әскери техниканы және әскери складтарды қалдырып, қаладан кетіп қалды. 25 қыркүйектін 26 қыркүйекке қараған  түні Масуд өзінің отрядтарын Кабулдан шығарып, сонымен қатар  өзімен бірге қару жарақтарды алып, Панджер шатқалына аттанды.Солтүстікке қарай  Саланг асуындағы Баглан провинциясынан Хекматиар отряды кетіп қалды. 27 қыркүйекте «Талибан» отрядтары Ауғаныстанның астанасы Кабулға соғыссыз енді және наджибуллды дарға асты. Күзде «Талибан» Кабулдан ары солтүстік өңірге шабылдайтынын алдын ала шешіп қойды, бірақ Дустумның өзбек отрядтарының қолдауымен  Масуд қарсыласын қайта астанаға қайтарды. Мұсылмандар Саланг асуына жақындағанда  А.Ш.Масуд 150 адамды жою арқылы оларға тор құрды. Осы уақытта А.Р. Дустум туннельді асып өтіп және Салангтағы талибтардың соққысын тоқтатты, ал сол бір уақытта Панджерлік  арыстан Чарикар және Баграм арқылы шабуылдауды ұйымдастырды. Бірақ Ахмад Шах Масуд өзінің отрядтарын Панджшерский шатқалынан апаруға  мәжбүр болды.  Талибтардың келешектегі жылжуын тоқтату үшін 1997 жылы Дустумның құрылымы Саланг асуымен бүкіл дерлік Солтүстік Ауғаныстанды оқшаулау арқылы туннельді жарды . Дәстүрлі қыстық  тыныштықтан кейін сол жылдың көктемінде Ауғаныстанның Батыс аумағындағы географиялық тұрғыда оқшау Солтүстік Ауғаныстанға   жалғыз ыңғайлы кіріс болған Бадгис ауылында белсенді әскери қимылдар жүрді. «Талибан» жаңа шабуылдарды алдын ала ойластырды, багарамды тартып алды және бір уақытта Гератадан солтүтікке қарай жылжыды. Мазари-Шарифтағы талибтарды тоқтату үшін Дустум өзінің әскерін батысқа бұрды, бірақ барлығы  ойдағыдай болмай шықты.

Информация о работе Ауғанстандағы азаматтық соғыс