Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 17:28, реферат
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы
Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер;