Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 17:28, реферат
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы
Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер;
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
“Қоғамдық
пәндер” кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қасымұлы Кенесары хан
Орындаған: ___________________
Алматы 2011
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер;
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты.
Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп, ол өз өмірін қазақтың тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы, күреске арнады. Ол Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу- қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен бірге дипломатиялық күш жігерді де талап ететін ой таразысынан өткерді.
Кенесары Қазақстан патшалық
Ресейге де, Орта Азия хандықтарына
да тәуелді емес, олармен тең
қарым-қатынаста болу керек
Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: “1825-1840 жылдар аралығында олар біздің ауылымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ, олар бізге мұнда да тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы күресін басқаруға шықтым”. Бұл хаттан Кенесарының патша үкіметіне ашық қарсы шыққанын көреміз.
Кенесары көтерілісінің басты
мақсаты- патшалық Ресейдің
Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- бұқара халық болды. Олар күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты. Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы артықшылықтарын қайта алу, екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары- Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т.б. ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін еккен. Осыған орай жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың батыры- Иман, Табынның батыры- Бұхарбай, Тіленшіұлы Жоламан, Дулаттың батыры- Бұғыбай, Шапырашты руының батыры- Сұраншы т.б., Кенесарының інілері- Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі- Бопай көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында
1838 жылы көктемінен бастап
Кенесары хан болып
Мемлекеттік құрылыс қайта
Әскери істе де Кенесары және
оның көмекшілері бірқатар
Кенесары Ресеймен тату
1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айтып кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық сеніділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын зеңбіректерімен, оқ- дәрімен жабдықтап отырды.
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына Обручев келді. Кенесары мен Персовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын. Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оны Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны құғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаковпен бірігіп, Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда патша Николай Біріншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайына келтірілді.
Кенесарыға қарсы орыс
1844-1845 жылы жылдар қазақ даласындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оғап Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі жасау, оларды сатып алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне тыңшы жіберуі, барлау жұмысы ұйымдастырылды.
1844 жылдың жазында Кенесары
Кенесарының 1844 жылғы шайқастарындағы табысы оның даңқын барлық жерлерге жайды. Бұхара әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады. Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап, даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы шешейік деді. Патша әкімдері оған онша көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз жөніндегі ұсынысты қабыл алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін тұтқыннан босатты.
Кенесарымен келіссөз жүргізу
үшін патша өкіметі Долгов
бастаған бір топ адам жіберді.