АҚШ, Франция, Англия

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:06, творческая работа

Описание работы

17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды.

Работа содержит 1 файл