Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:06, творческая работа
17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды.
Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The
United States of America, USA) — Батыс жарты шарындағы
ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік
Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен,
батысында Тынық мұхитпен шайылады.
Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен
Америка
Құрама Штаттары
17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды.
(22 ақпан 1732, Бриджс-Крик, Виргиния — 14 желтоқсан 1799, Маунт-Вернон, Виргиния) - Америка Революциялық Соғысында Континентальді Армияның Ұлыбританияны жеңуіне жетекшілік еткен және Америка Құрама Штаттарының тұңғыш Президенті ретінде қызмет атқарған тарихи тұлға.
Джордж Baшингтон
Томас Джефферсон
(1743-1826) - американдық ағартушы
және мемлекеттік қайраткер, АҚШ
1769-1774 жылдары Вирджиния заң шығару жиналысының депутаты болған.
1775
жылы Солтүстік Америка отарларының
1779-1781 жылдары Вирджиния губернаторы,
1785-1789
жылдары АҚШ-тың Франциядағы
1790-1793 жылдары Джордж Уошингтонның Ӏ-үкіметінде мемлекеттік хатшы,
1796 жылы вице-президент, 1800-1808 жылдары АҚШ президенті болды. Ол "Тәуелсіздік декларациясының"жобасын жасау барысында "жоғарғы билік құдайдың билігімен дариды" деген көзқарасқа қарсы шығып, табиғиқұқықтар ілімін ұсынды.
Франция
Франция – Батыс Еуропадағы ең
ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан
ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен.
Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта
теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ
аралдар енеді. Еуропаның батысында орналасқан
елдің негізгі аумағының құрылықтағы
шекаралары солтүстікте Бельгия мен
Бурбондар әулеті
діни соғыстарды тоқтатып, католик дінін
Франциядағы ресми дін ретінде
бекітті, ал гугеноттарға дін ұстану
еркіндігі берілді. Людовик XIV кезінде
Францияны іс жүзінде бірінші
министр кардинал А.Ж.П. Ришелье биледі
(1634 — 48). Ол король билігін елеулі нығайтып,
елдің орталықтануын күшейтті. Отыз жылдық
соғыстың нәтижесінде Франция өзіне Эльзасты
қосып алып, Еуропадағы ең қуатты монархияға
айналды. 1701 — 1714 ж. испан тағы үшін болған
соғыста Англия, Австрия мен олардың одақтастары
Францияның Еуропадағы үстемдігіне тосқауыл
қоюға тырысты. Жеті жылдық соғыста
(1756 — 63) Франция Үндістан мен Канададағы
отарларының көпшілігінен айрылып, Ұлыбританияға
беруге мәжбүр болды. 1789 ж. басталған
Француз революциясы нәтижесінде
монархия мен феод. тәртіптер жойылып,
Бірінші республика жарияланды. 1792
ж. революциялық соғыстар басталды.
Ол Наполеон Бонопарттың билікке
келуімен және Еуропаны түгел
қамтыған соғыстың нәтижесінде
Францияның жеңілуімен аяқталды.
Елде король билігі қалпына
келтірілді.
Француз революциясы
Ұлы француз революциясы,
Француз төңкерісі — 1789 — 1794 жылдарыФранциядағы феодалдық-
Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 – 94 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: “сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру” болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.[2]
Наполеон Бонапарт
А́нглия — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының ең ірі және әкімшілік орны. Ұлыбритания аралында орналасқан (ағылш. mainland). Ұлыбританияның халқының 83 % Англияда тұрады.
Англия
1535-1558 жылдары VIII Генрихтің қызы Мария Тюдор билік құрды. Реформация қайраткерін куғынға салғаны үшін оған жұрт «Қанішер» деген жанама ат берді. Мария өлгеннен кейін таққа VIII Генрихтің екінші қызы I Елизавета (1558-1603) отырды. Оның тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. Шіркеу ұлттық деп танылып, абсолютизмнің ең басты тірегіне айналды. 1607 жылы Англияның мемлекеттік әнұраны қабылданып, алғаш рет орындалды.
Тюдорлар саяси жағынан бүкіл елді өзінің қол астына біріктірді. Бүлікшіл ақсүйектердің қарсылықтарын түншықтырды, сауданың өріс алуын қолдады. Отандық өндірістің өркендеуін колдап, басқа елдерден әкелінетін даяр бұйымдарға жоғары баж салығын орнатты. Тюдорлар шикізат пен азық-түлік экспортына (шетелге тауар шығару) тыйым салды. Тюдорлардың тұсында ағылшындардың отарлық экспансиясы (таралу, кеңею) күшейді.
Тюдорлар әулетінің табысты жүргізген ішкі және сыртқы саясаттары XVII ғасырдың басында Англияның экономикалық дамуы жағынан Еуропадағы ең алдыңғы қатарға шығуын қамтамасыз етті.
1603 жылы I Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа Стюарттар әулеті отырды. 1603-1625 жылдары I Яков, 1625-1649 жылдары I Карл билік құрған тұста абсолютизм дағдарысқа ұшырады. Феодалдық қатынас ыдырап, елде ірі кәсіпорындар пайда бола бастады. Кедейленген шаруалар біртеірте жалдамалы жұмысшыларға айналды. Буржуазиялық революцияның экономикалық, саяси және идеологиялық алғышарттары калыптасты. Ағылшын буржуазиялық революциясы 1640 жылы басталды. Ол адамзат тарихының жаңа кезеңіне жол ашты.
1707 жылы Англия мен Шотландия одақ құрып, Ұлыбритания Патшалығының негізі қаланды.
XVII-XVIII Ғасырлардағы Англия
II Карл Стюарт (1660-1685) өкімет басына келгенде парламентпен санасуға уәде беріп, ол уәдесінің орындалуын қадағалады. Экономикалық саясат буржуазия ыңғайна қарай жүргізілді, шаруалардың жалға алу, жер иемдену құқылары қайта қаралуы арқасында олар жерлерінен қуылып,қауымдық жерлердің бөлісі біршама жеңілденді. II Карлмен бірге оралған роялистер, шіркеу қызметшілері енді революцияға қатысқандарды, корольді өлтірушілерді және Кромвельдің үзенгілестерін жазалауға кірісті. Қым – қиғаш саяси күрестер кей кезде кішігірім азамат соғысына да ұласып кетіп жатты.
Күресшілер вигилер мен торилер
II Яков (1685-1688) өкімет басына келісімен, өзінің кертартпа саясатымен абсолютизмді толығынан қалпына келтірмекке тырысты. Осы кезде вигилер мен торилер билеушілері тіл табысып, оған қарсы бүлік ұйымдастырып, тақтан құлатты. 1688 жылы ағылшын тағына енді Стюарттар әулетінің туысы, Голландия билеушісі Вильгельм Оран, ағылшын королі III Вильгельм деген атпен отырды. Міне осы төңкерісті ағылшын тарихшылары мен жазушылары «даңқты революция» деп атайды.
1689 жылы III Вильгельм конституциялық монархиятәртібін бекіткен Құқықтар жайлы билль (заң) қабылдады. Билль бойынша бұдан былай корольдер ел заңдарын өз бетімен жоюға немесе өзгертуге құқысыз болды. Парламенттің уақытында және тұрақты түрде шақырылуы, салық, сауда, т.б. мәселелер тек қана парламент айналысатын іс болып заңдастырылды.
Стюарттар реставрациясы. «Даңқты революция».