Араб халифатының мемлекеті және мұсылман құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:55, реферат

Описание работы

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

Работа содержит 1 файл

e_1.doc

— 79.50 Кб (Скачать)

     Ислам   дінін  қабылдаған  жат  елдіктер  жан  басына   салынатын  жер  салығынан  босатылатын.  Бұл  қазынаға  байлықтың  аз  түсуіне   себеп  болатын.  Сүйтіп,  арабтар  жаулап  алған  деген  тұжырым  шындыққа  ұласпайды.  Шын  мәнінде  жаулап  алынған  жерлердегі   исламдандыру  өте  ұзақ   прцесс  болды.  Ол  процесс  кейбір арабтардың  шығыс  елдерінде  осы  күнге  дейін  аяқталған жоқ.  Мысалы, ІХ ғасырда  Египет халқының  басым  көпшілігі  христиан  діндегілер (копттер)  болды.

     Арабтардың  өркениетті  елдерді  жаулап  алып, оларда  өз  биліктерін  орнатулары  араб  қоғамындағы  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуды  тездетіп,  күрделендіре  түсті.  Қолында  билік  бар  мұсылман  қауымының  мүшелері  баий  түсті,  ал  қолынан ешнәрсе  келмейтіндердің  жағдайы  онан  сайын  қиындай  берді. Бұл  халифтар алдымен  байуды  дегенді  білмеді.  Алғашқы  халифттер  өте  қарапайым  өмір  сүрген.

     644  жылы  ирандық   құлдың  қолынан   Омар  қаза  тапқан  соң  Осман   ибн  Ал-Аффан  халиф  болды.  Ол  да  омейя  руынан  болатын.  Ислам  дінін  қабылдағанға дейін ол  өсімқорлықпен  айналысатын  байлардың  бірі  болған.  Ол  сонымен  қатар  иіс  сулар  жасап  сататын,  асыл  тұқымды  сәйгүлік  ат  өсіретін.  Мұхаммедтің  Үркия  деген  қызына  үйленген.  Ол  қайтыс  болған  соң  тағы  бір  қызы  Үмму  Гүлсімді  алған.  Содан   ол  құрметті  “Зу–н –Нұрайын” – қос  сәлеге  бөленген  деген  атақ  алған.  Ол 644 – 645-шы  жылдар  аралығында  Халифтық  құрды.  Оның  ең  үлкен  және  аса  маңызды  жұмысы – Құранның толық  жинағын   әзірлеу,  кітап  қалпына  жеткізу  болды.

    Осман  өлген   кездегі  оның  байлығы  150 мың   динар  мне 1 млн. Дирхем  құрған.  Сонымен   қатар  100-ге  жуық  жылқысы, 1000  түйесі,  10 000  қойы  болған дейді  Е. Беляев.  Ақыры  бұл  байлығы  оның  түбіне  жетті.  656  жылы  наразы  болған  арабтардың  өздері  көтеріліс  жасап,  Османды  өлтірді.

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР   ТІЗІМІ 

 

Арабские  источники  ХІІ –  ХІІІ  вв.  – Л.,  1985.  – С.  286 – 288.

                                         

Арабский  Восток  и  Магриб.  Сб. статей. М., 1977. – С. 244 – 246.

 

Арабская  республика.  Египет.  М.,  1990. – С. 350 – 352.   

 

 Қартабаева  Е.Т.  Араб   Мұсылман   мәдениеті.  Автореферат.  Алматы, 2002.

 




Информация о работе Араб халифатының мемлекеті және мұсылман құқығы