Араб халифатының мемлекеті және мұсылман құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:55, реферат

Описание работы

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

Работа содержит 1 файл

e_1.doc

— 79.50 Кб (Скачать)

  Араб халифатының мемлекеті және мұсылман құқығы

Арабтар мемлекетінің  құрылуының алғы шарттары.

 

Халифаттың мемлекеттік  құрылысы.

 Халифат құқығы.

Араб халифатының құрылуы.

    

     ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

 

 

 

  Орта ғасырлардағы   әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына  үстемдік орнатқан  мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші  және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың  тарихы – бұл тек арабтар мен арабия  жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына  кірген  Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

     Араб халифатының  эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі  екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты  кезінде  және Аббаситтер билігінің  алғашқы жүз жылдығы ішінде  жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында  құрылған араб  халифаты  ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы  ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды.  Оның жоғары дәрежеде  дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда  жүргізді.

     Оның экономикасының  негізін ақша және жүйелі  түрде  жиналатын алым  - салықтар қалады.  Қазынаға  түсетін  байлық, әлеуметтік  – экономикалық және  мемлекеттік  құрылыс - яғни, халифаттың ішкі  және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.

    Халифатта  орта ғасырларға  тән құнды  ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім  өмірге келді.

Мәдениеттередің өзара  ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа  түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде “Ескі дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.

Сондықтан да арабтар  жаулап алған территорияда бағзы  замандардан бергі Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы және Орта Азияняң өркениетті халықтары мекен етті.

Түркі халықтары ислам  мәдениетін тек жай ғана тұтынушылар ғана емес, сол мәдениетті белсенді түрде жасаушы халықтың біріне айналды.

 

               Халифаттың мемлекеттік құрылысы.

 

Мемлекеттік билік орталықтанған  болды. Мемлекет басында халиф тұрды. Ол жоғарғы рухани (имамат) және светтік (эмират) билікті жүзеге асырды. Мемлекет басқарудың органдары диван (ведомство) болды :

  1. диван - ал- джунд – қарулану және жерді қамсыздандыру жөніндегі ведомство.
  2. диван – ал – харадж – қаржы-салық ведомствосы
  3. диван – ал – барид – жол және почта жөніндегі ведомство.

Жоғарғы шенеунік тек қана Халиф алдында жаупты визирь болды. Провинцияларда эмир басқарды. Барлық империялар сияқты халифатта жеке мемлекеттерге бөлінуі негізінен болды. Оған себеп Халифаттың тұрғыылқты халықтарының көтерілісі Жергілікті наместниктер – эмираттар өздерін дербес басшымыз деп жариялады. Бұндай оқиғалар Хорасандағы Тахирид (Иран облысы), Орта Азияда – Соманид, Египетте – Тулунид, Арменияда және Грузияда – багратид, Иранда Буидте болды.

 Х ғасырдың басында  Аббасидтың қолында тек Ирак  және Батыс Иран қалды. Орталығы Бағдат қаласы еді. Нәтижесінде Аббасид халифатының қолында еш саяси билік қалмай, олар тек қана рухани басшылықты жүзеге асырды.

 

 

                                           Халифат құқығы.

 

Шариат діни ұстанымдарының жинағы ретінде десек, шариатты сонымен бірге өзіне дінді де, құқықты біріктіретін жүйе деуге болды.

Шариаттың негізгі қайнар көздері :

  • Құран – мұсылмандардың басты қасиетті кітабы, онда діни-моральдық ұстанымдар жазылды.
  • Сунна – Мұхамметтің өмірі мен әрекеттері туралы Хадистер жинағы. Онда отбасы мұрагерлік және сот құқығының нормалары баяндалды. Оны сот преценді деуге де болды, яғни Мұхаммет жоғарғы судьяретінде белгілі бір іс бойынша шешім қабылдады, ол кейіннен ұқсас істерді шешуде қолданылды.
  • Иджма – жоғарыда аталған қайнар көздерде қарастырылмаған мәселелер бойынша беделді Ислам заңгерлерінің шығарған шешімдер жинағы.
  • Фетва – қоғамдық өмірдің жеке мәселелері бойынша жоғарғы діни беделділердің жазбаша қорытындылары.

Шариат нормалары жетпеген жағдайда әдеттегі құқық – адатты қолдануға жол берілді. Мұсылмен әрекеттерін былай бөлуга болар еді: міндетті (діни әдет – ғұрыптар); қажет (діни тұрғыдан жақсы мінез – құлық, тәртіп); рұқсат етілген (м: исламға қарсы жауларды өлтіру); тілектес емес, бірақ жазаланбайтын (м:әйелін ұрып - соғу); тыйым салынған және сол үшін қатаң жазаланатын (дінге қарсы қылмыстар).

Исламның негізгі байлығы: дін, өмір, сана, жеке меншік және отбасы.

Жауаптылық сипатына қарай барлық қылмыстар 3 топқа бөлінеді:

  1. дінге, отбасына, меншікке және мемлекетке қарсы қылмыстар. Ол үшін қылмыскер өмірімен және тәнімен зиянын өтеген. М: ұрлық жасағанның қолын кесу;
  2. жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға айыппұл немесе төлеу (қанға қан) сияқты санкциялар көрсетілді.
  3. әртүрлі құқықбұзушылықтар. Оған қандай жаза қолданатынын сот өзі шешті.

Шариатта міндеттемелік  құқық жақсы дамыды. Шарттық міндеттемелер 2 топқа бөлінді:

    1. мүлікті басқаның иелігіне берумен байланысты міндеттемелер. Оған айырбас, заем, сыйға тарту, мүлікті жалдау және сату, сатып алу шарттары жатты.
    2. Мүлікті өзгенің иелігіне бермеумен байланысты міндеттемелер. Оған тасымалдау, серіктестік және тапсырма шарттары жатты.

Ислам құқығындағы меншік құқығының ерекшелігі – меншік иесі мүлікті пайдаланады және басқарады, ал барлығының басында құдай тұрып, сол билік етті.

Отбасы құқығында күйеуі мен әкесінің толық билігі танылды. 4 әйел алуға рұқсат берілді.

Мұрагерлік құқығында  мұраға қалдырушының міндеттері мен  тек мүлікке құқықтары қалды, яғни өлген адамның барлық қарыздары  өтеліп болғаннан кейінгі мүлік, яғни 2/3 бөлігі заң негізінде, 1/3 бөлігі өсиет бойынша мұраға қалдырылды.

 

 

 

 

 

 

 

                                          Араб халифатының құрылуы

 

     632  жылы  Мұхаммед  пайғамбар   өлген  соң  қауым  басшысы   болып  Мұхаммед  пайғамбардың  әрі  жақын  досы,  әрі   қайын  атасы  Әбу-бәкір (632-634)  жарияланды.  Ол  “Халиф”  (орынбасары)  деген атақ  алды.  Бұл  өте мазасыз  кезең  еді.  Жан-жақты  Мединаның  билігін  мойындағысы  келмеген  тайпалар  арасынан  жалған  пайғамбарлар  шыға  бастады. Осындай  мазасыз  кезеңнен кейін  араб  жазушылары  мен  тарихшыларының   еңбектерінде  “Ар-Рида”,   яғни, “дінінен  безу”, “дінінен  бөліну”,  деген  атаққа  ие  болады. Ал  шын  мәнінде  ол  “діннен  безгендер”  деп  саналған  тайпалар  әлі  ислам  дінін  қабылдамағандар  еді. Жалпы Мұхаммед  пайғамбар өлген кезде Ислам дінін қабылдаған  араб  тайпаларынан  ол  дінді әлі қабылдап  үлгермеген  тайпалар  көп болатын.  Олардың кейбіреулері  өздерінің бұрынғы нанымдарында  қалғанымен,  мединалық қауымның  саяси билігін  мойындады.

     Енді  біреулерінің  арасында  ислам  дінін  қабылдап,  Мединаның  ықпалына  бағынуды  жақтайтын  топтары  болды.  Сондай-ақ    ислам  туралы  хабары  жоқ,  мединалық  қауымның  ықпалын  сезінбеген  тайпалар  да  болды .

     Л. Кэтани  Аравия  тайпаларын олардың  ислам  дініне  қатынасы  жағынан  төрт  категорияға  бөледі:

     І – категориясына   ислам  дінін  қабылдаған  Мекке-Мединалық  қауым  басшылығының  қол  астындағы  тайпалар  жатады.  Бұл  негізінен   Мекке  мен  Мединада,  сол  қалалардың  жақын  маңында   тұратын джухейн, мувейн,  бали, асджа,  аслале,  хузейя,  хуза т.б.  ұсақ  тайпалар  болды.

     ІІ – категорияның  құрамына  Орталық  Аравияның   хавазин, Амир  ибн-сасааб,  тайб, сулейм  тайпалары  кірді.  Бұл   тайпаларға  Ислам дінін  қабылдағандардың  ықпалы  зор  болды.  Бірақ   олардың  арасында кішігірім  топтары  Медина  ықпалына  қарсы-күресте  өте  зор  белсенділік  танытты.       

     ІІІ – категориядағы   ислам  дінін   ұстанушылар   ықпалы  енді-енді  тарап  келе  жатқан  тайпалар кірді.  Бұл   тайпалардағы   мұсылмандар   өте  аз  болды.  Бұл  асад, гатафан, тамим тайпалары.     

     ІҮ –  категорияға   өздерінің   саяси  және идеологиялық  тәуелсіздігін  сақтап  қалған  тайпалар   енді.  Олар:  ал  – Исламдағы  Ханифа,  абд   ал – Кайс, азад  тайпалары,  Иемен  мен   Хабрамауттағы   тайпалардың  көпшілігі.      Ал   христиан  дінін ұстанушы  араб  тайпаларына жаңа  дін өкілдері  ешқандай  ықпал еткен жоқ.  Бұл келб, кудао, бахра, гассан, бекр  ибн-вайл, танух, таглиб  тайпалары еді.

     Сондай-ақ  Махарадағы,  Иемен  мен   Хадрамауттағы  кейбір  политейстік  бағыттағы  тайпалар  да  ислам  дініне  еш  қатысы  болмады.  Бірақ,  бұл   соңғыларына  Иудейлік  діннің   ықпалы  күшті  болды.

      Жекелеген  тайпалардың   саяси және  идеологиялық  тәуелсіздігін   жақтаушылар   жергілікті  әулие   пайғамбарлар  болды. Олардың   кейбіреулері   өз  насихатын   Мұхаммедтің тірі  кезінде - ақ   жүргізді.

     Ислам   дініне  қарсы   күресті   әскери  ал- Иемамадағы  Мусейлима   деген   әулие  белсенді  жүргізді.  Мединалық  ислам   діндегілердің  үстемдігіне   қарсы  Орталық   Аравиядағы  асад  тайпасының  күресін  Тулейха  басқарды.  Ол  исламға  қарсы  күресін  Мұхаммедтің   тірі  кезінде-ақ  бастаған  болатын.  Мұхаммед  өлген  соң фазада,  тайм  тайпаларының  қолдаушылығына  ие  болды.  Халид ибн ал- Валидтің  әскері  Тулейха   жасағының тас-талқанын  шығарды.

     Тулейха   қашып  құтылды.  Кейін  ол  ислам  дінін  қабылдап, араб  жаулап алушылықтарын  белсене   қатысты.  Сөйтіп, “ар-рида”  діннен  безу  емес,  тек  көпшілік  тайпалардың  жаңа  ислам   дінін  бірден  мойындамауы,  оған  алғаш  қарсылық  көрсетуі  болды.  “Ар-рида” екінші  жағынан  барлық  араб  тайпаларын  медина-меккелік  қауымының  билігіне  бағындырып, оларды  жаулап  алушылық  соғыстарына  тарату  болды.  Барлық  араб  тайпаларын  біріктіру екінші  тақуа  халиф  Омар  ибн  ал-Хаттабтың  (634-644 жж.)  тұсында  аяқталды.

     Ортағасырлық  араб   тарихнамасында  араб  халифатының  құрылуы,  яғни  жаулап  алынған  жерлерде  бір орталыққа  бағындырылған   үкіметтің  құрылуы  осы   тақуа  халифтың  білікті  де  шебер,  данышпан басшылығының  нәтижесі  деп көрсетілді. Ол  өте ақылды,  әділетті, қарапайым, белсенді, әскер басшы болған.  Ислам діні  мен мұсылмандар мүдесіне жан-тәнімен беріліп, адал  қызмет еткен. Ол  нағыз демократ  болған.  Омар  мұсылманша  жыл санау  Хиджраны  енгізген.

     Омардың   тұсында  диван  құрастырылған.  Ол парсы  сөзі, “тізімі”  дегенді   білдіреді.  Ол  тізімге  жаулап  алынған  жерлерден  салық   жинауға  құқысы бар  жеке  адамдар  мен  тайпа  аттары  енген.  Жаулап  алынған  жерлер   сол  тізімге  енгендер  арасында  бөлініп, ол  жерде  отырған  елден  “харадж”  деген   адам   басына  жер  салығы  жиналатын.  Ол  салықтан  түскен  табыс  мұсылмандар  арасына  тең  бөлініп  таратылған .

     Дивандағы   ең  бірінші  тұрған  Мединалық  қазынаға   және  аймақтардағы  бейт,  ал-малдарға  барлық  жиналған  алым - салықтардың  бестен  бірі  түсіп  тұрғды.

     Әскердегі   қызметін  арабтар  өздерінің   құрметті  борышы  деп  санады.  Ислам  әскері  араб  тайпаларының  жасақшыларынан  тұрды.  Араб  жауынгерлері  соғыста түскен  олжадан басқа жергілікті  халықтан жиналатын азық-түлік есебінен  және  бейт  ал – малдан  бөлінетін жалақы  есебінен  күн көретін.  Жаулап  алынған елдерге қоныстанған арабтардың  көпшілігі бағындырылған  жергілікті  халықтардың  есебіне  күн  көріп,  өнімді  еңбекпен  айналыспады.  Егіншілікпен  арабтар  айналысқылары  келмеді.

     Арабтардың   ру-тайпалық  ұйымдары  жаулап  алушыларды бағындырылған халықпен  араласып  кетуден  қорғады.  Арабтар  көбінесе  өздерінің  әскери  лагерлерінің  қасына  жергілікті  халықтар  да  қоныстана  бастады.  Олар  арабтарға қызмет  етіп,  тауып  жатқан  олжаларынан  үлес  алып,  күн  көретін.  Араб  әскери    лагерлерінің  маңына  қолөнершілер  мен  малайлар,  ұсақ-түйекпен   сауда-саттық  жасайтындар  қоныстанатын.  Олардың  арасында  әртүрлі  алаяқтар  мен  жезөкшелер  жеткілікті  болатын.

     Басып   алынған  ескі  қалаларда   арабтар   жеке  кварталдарға  орналасатын.  Кейде  ол  кварталдардың   тұрғындарын  көшіріп  жіберетін, сүйтіп  оны  толығымен  өздеріне  босатып  алатын.  Арабтар  өз  әскерінің    қатарына   жаулап    алынған   халықтардың  өкілдерін  алмады. (тіпті  олар  ислам  дінін  қабылдаса  да).  Ал  бұрын  Аравиядан  көшіп  келіп,  бірақ  көршілерінің  ықпалымен христиан  дінін қабылдаған  арабтар дереу жаулап  алушылар  қатарына  барып қосылып жатты.  Әсіресе Сирия мен Иорданиядағы  христиандық арабтар елеулі  әскери-саяси рөл атқарды.  Мұсылман-жаулап  алушылар  тек христиан, иудей діндегілерге  ғана  емес,  сондай-ақ зороастризм  діндегілерге  де,  манихейлер   мен  сабиялықтарға  да  ешқандай  зорлық-зомбылық  көрсеткен  жоқ,  ислам  дініне  кіру-кірмеу  еріктерін  өздеріне  қалдырды.

Информация о работе Араб халифатының мемлекеті және мұсылман құқығы