Ақпан төңкерісі. Саяси партиялар мен ағымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 23:09, курсовая работа

Описание работы

Тарихта үлкен із қалдырған Ақпан және Қазақ төңкерістері қоғамның бет-бейнесін түбегелі өзгертті. Россияда мыңжылдық монархия құлап, уақытша үкіметі мен кеңестер үкіметі құрылған кез. Қазақстанда да монархияның құлатылуы әртүрлі топтарға әрқалай әсер етті. Уақытша үкімет дін мен партия бостандығына рұқсат берісімен-ақ қазақ жерінде қаптаған партиялар құрыла бастады.

Содержание

І. Кіріспе..............................................................................................................3

І тарау Ақпан төңкерісі. Саяси партиялар мен ағымдар
1.1 Ақпан-буржуазиялық-демократиялық төңкерісінің Қазақстанға
әсері......................................................................................................................5
1.2 1917 жылғы Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңдегі саяси партиялар мен ағымдар................................................................................................................9

ІІ тарау. Саяси партиялар мен қоғамдық қайраткерлер қызметі
2.1 Саяси партиялар Қазақ төңкерісі қарсаңында.....................................17
2.2 Үш жүз партиясының қоғамда атқарған қызметі.................................22

ІІІ. Қорытынды..............................................................................................24
IV. Сілтемелер тізімі....................................................................................26
V. Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................27

Работа содержит 1 файл

Ақпан төңкерісі кезіндегі Саяси партиялар мен ағымдар.DOC

— 147.00 Кб (Скачать)

Ақпан  төңкерісі  мен   Қазан  Төңкерісі  аралығындағы   жалпы    іспен де  іс  атқара    алуымен де   көзге түскен  «Алаш»   партиясы   және  оның  қайраткерлері   Кеңес үкіметіне қырын әлі күдікпен   қарап,  Уақытша үкіметтің   мықты тірегі  мен жақсатастарына   айналды

Бұл кезде  Ә.Бөкейханов (1869-1937) қазіргі  Жезқазған  облысы Ақтоғай ауданында   туған.  Шыңғыс хан тұқымы,  Омбыда  білім алған,  1894  жылы петербургтегі Орман шаруашылығы институтын  бітірген.   Тобыл губерниясының   әкімшілік органдарында  жұмыс істеген және   Омбы  Орман шаруашылығы институнда   профессор   қызметін  атқарған 1897-1903 ж  Дала  генерал – губернаторлығы  әкімшілігінде    және   самара ауылшаруашылық  банкісінің  директоры  болып қызмет  етті.  Бөкейхан   инженер, тарихшы экономист  және   фольклоршы  болған. 1905  жылдан  кейін   орыс   кадеттерінің   қатарына   өтті.

1905-1906 ж  І және  ІІ  Думаларға депьутат   болып   сьайланды.  Сонымен   бірге «алашорда» саяси ұйымын  құрушылардың   бірі  және   қазақтың Батыс даласындағы   зиялыларының Орынбордағы   съезінің   төрағасы болды.

Бөкейханов  социал-демократиялық   және  социол-ревалюциялық   бағыттағы  бірқатар  радикап газеттерге «Ертіс», «Степной голос», «Факир», (Орал). «Айқап» (Тройцк) Қазақстан (Орал) және Қазақ (Орынбор) мақалалар   жазып   тұрды.

Ә.Бөкейханов  «Алаш»   партиясының   негізін   қалаушылардың  бірі,  автономиялық  қазақ үкіметінің  басшысы.

М.Дулатов  (1885-1935)  Уфада  мбедреседе  және   Қорғанда орыс  - қазақ  мбектебінде  оқыған.  Дулатов   өз  қызметін  мұғалімдіктен  бастады. Әдеби   таланты жас  кезінен-ақ  байқалған.

«Оян қазақ» деген   қазақтың тұңғыш  романы «Бақытсыз  жамал» оны ең   көрнекті   және   таңдаулы  қазақ  ақындары мен   жазушыларының   қатарына   қосты.

М. Дулатов,  А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановпен  тығыз   ынтымақтаса   отырып,   ұлт-азаттық қозғалыстың   соның  ішінде  «Алаш»  партиясының танымал   басшысы    болды.

М.Дулатов  қазақ  өнерпаз   зиялыларының   тұтас ұрпағына  зор   ықпал  жасады. 30   жылдарда  М. Дулатов    жазаға   тартылып 1935 жылы   Саловки  лагерінде  қайтыс болды.

«Алаш» қазақ   тарихындағы   тұңғыш өз алдына белгілі бір мақсат  қойған   өзінің   төл ұлттық  бағдарламалары  партия  болды.

Алаш»   партиясы   қазақ  халқының   бірлігі   елді,   мемлекеттің   біртұтастығы мен  өзін-өзі  билеу   құқығы үшін   күресін   жүргізді.

 

2.2 Үш жүз  партиясының қоғамда атқарған  қызметі

1917 жылдың соңында  Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстанда құрылған қазақтың ұлттық, демократиялық бағыттағы саяси ұйымы. Негізін 1917 ж. ақпан айында Омбы қ-нда құрылған "Қазақ еңбекшілері одағының" мүшелері құрады. Бұл одақ 1917 жылдың соңында "Ү. ж." п-на айналды. Партия мүшелері өз ұйымын "Қазақтың соц. партиясы" деп атады. Жетекшілік рөлді бұрынғы адвокат, журналист әрі драматург Көлбай Төгісов, фельдшер, тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Әйтпеновтер атқарды. Ұйымның құрамында зиялы топ өкілдерімен қатар қаладағы қазақ кедейлері де болды. "Ү. ж." п. ОК-нің орналасатын жері Омбы қ. болып белгіленді. Әйтпенов — партияның төрағасы, орынбасары — Төгісов, хатшысы — Көбеков, қазынашысы Қьшышбаев  болды. Баспасөз органы " Үш жүз" газеті Қызылжар қ-нда шығарылды. Кейіннен "Ү. ж." п-ның төрағасы болып Төгісов сайланды. Партияның Қызылжар, Ақмола, Семей, т.б. қалаларда өз ұйымдары мен топтары жұмыс істеді. Қазақтың демокр. радикалды топтарының мүдделерін білдіре отырып, Алаш партиясына қарсы идеялық-саяси күрес жүргізді. "Ү. ж." п-ның бағдарламасында негізгі мақсаттар ретінде қазақ халқын көшпенділіктен отырықшылыққа көшіру, оларға шаруашылықпен айналысу үшін жеткілікті жер бөліп беру, кедейлер мен жарлыларға жәрдем ұйымдастыру, оқу-білім тарату, мұсылман дінін құрметтеу, құрамына қазақ жері де кіруге тиіс Түркістан Федерациясын құру, т.б. атап көрсетідді. "Ү. ж." п. 1-дүниежүзілік соғысты тоқтатып, бітім жасауды, мұсылман халықтарының арасындағы ынтымақтастықты, басқа діндегі халықтармен де достық қарым-қатынастарды сақтауды жақтады. "Ү. ж." п. болыневиктерді қолдап, оларға жаңа қоғамдық құрылыс орнатуға жәрдемдесті. Партияның бірқатар қайраткерлеріне Батыс Сібір, Қызылжар, Семей кеңестерінде жауапты қызметтер атқаруға ұсыныс жасалды. "Үш жүз" газетіне қаржылай көмек көрсетілді. Газет кеңес өкіметінің саясатын насихаттап, оның шешімдерін қолдап отырды, ашаршьшықпен күрес жөнінде мақалалар жариялады. Омбыдағы кеңес өкіметі құлағаннан кейін Колчак үкіметі "Ү. ж." п-ның басты қайраткерлерін түгелге дерлік тұтқынға алып, қуғынға ұшыратты. "Ү.ж."п-ның бағдарламасы негізінен солшылдық, радикалдық бағытта болды. Қазақ халқының ұлттық мүдделерін басшылыққа алғандарымен, әлеум. экон. Және саяси мәселелер бойынша большевиктер партиясының ықпалында болды. 1918 жылдың жазында "Ү. ж." п. таратылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Тарихта өте терең  із қалдырған Ақпан революциясы, патша үкіметінің яғни монархияның  құлауы, елде әр түрлі көзқарастар мен дүрбелең тудырды. Қазақ зиялылары, қоғам қайраткерлері енді Қазақстанның өзін - өзі билеу құқығын алатын шығар деген арман мақсаттары болды.

Революция туралы хабарды  Қазақстанда ұлттық демократиялық  қозғалыс басшылары үлкен қуанышпен  қарсы алды. Ресей халықтары үшін – деп телеграфпен сәлем жолдары. Минскіден майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімнің басшысы Ә.Бөкейханов, Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау керек, ол үшін қазақтардың бірігуі қажет.

Жаңа тәртіпті нығайту  үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену қажет.

Бірлік  пен әділдік  жолында күресіңдер....

Ұлт  - азаттық қозғалыстың  басшылары демократияның, бостандық  пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын жалпыұлттық проблемаларды шешетін сәт туды деп санады.

Қазақ халқының орасан көпшілігі  революцияға осындай көзқараста болды.

Бірақ қазақ зиялыларының үкілі үміті ақталмады. Уақытша  үкімет қазақ зиялылары айтқан жергілікті халықтарға өзін - өзі билеу құқығын беруге асықпады, баяғы отаршылдық әкімшілік сол қалпында сақталып қалды.

Ақпан төңкерісінен кейін  қазақ  жерінде құрама әртүрлі  діни, азаматтық партиялар пайда  болды. Көбісінің ғұмыры ұзаққа созылмады, бірақ бәрінің де мақсаты қазақ халқының өзін - өзі билеу құқығын алуы үшін күресі болды.

Ауқымды бағдарламаларымен, көрнекті қазақ зиялыларының  партия қатарында болуымен, өткір ой-пікірлері  мен алға қойған мақсаты дәл тұңғыш қазақ ұлттық партиясы «Алашты» ерекше атап өтуге болады. «Алаш» қайраткерлері Уақытша үкіметпен біте қалжасып араласып, қоғамдық- мемлекеттік қызметттерге де тартылды.

Бірақ жақындап келе жатқан тағы бір революцияның большевиктердің  үкімет басын басып алу әрекеттері дәлелдей бастады. Әр – әр жерлерде Кеңестер өкімет билігін өз қолына ала бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер  тізімі

 

  1. Ж.О.Артықбаев. Қазақстан тарихы. (ХVIII-ХХ) Хрестоматия. Алматы  2004.
  2. Қазақстан тарихы оқу - әдістемелік журналы. Алматы № 5. 2005 ж.
  3. Чапай Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы 2005 ж.
  4. Хамит Маданов. Қазақ халқының арғы бергі тарихы. Алматы 1995 ж.
  5. Е.Бекмаханов. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1994 ж.
  6. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1989 ж.  3-ші том.
  7. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық, үшінші том. Алматы  2002 ж.
  8. Әбілманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы. Зерттеу эссе. Алматы Арна 2007 ж.
  9. Алаш ақиықтары 5-ші том мақалалар деректі құжаттар, аудармалар. Алматы. Алаш  2006 ж.
  10. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін  3-том. Алматы  2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Алаш ақиықтары. 2-ші том. Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. Алматы. Алаш  2006 ж. Редакциялар алқасы.
  2. Әбілманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы. Зерттеу – эссе. Алматы: Арна. 2007 ж.
  3. Ж.О.Артықбаев. Қазақстан тарих  (ХVІІІ-ХХ) Хрестоматия. Алматы 2004 ж.
  4. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі дейін. Бестомдық 3-ші том. Алматы  2002 ж.
  5. Қазақстан тарихзы. Оқу - әдістемелік журналы. Алматы № 5. 2005.
  6. Қазақ ССР  тарихы. Алматы 1989. 3-ші том.
  7. Е.Бекмаханов. Қазақ ССР тарихы. Алматы 1994 ж.
  8. Чапай Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы 2005 ж.
  9. Хамит Маданов. Қазақ халқының арғы бергі тарихы. Алматы 1995 ж.

 

 

 

 

 

 

  




Информация о работе Ақпан төңкерісі. Саяси партиялар мен ағымдар