Қаныш Сәтбаев

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 20:39, реферат

Описание работы

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы) - аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Содержание

I.Кiрiспе
II.Негiзгi бөлiм: 1. Қаныш Сәтбаев-қазақтың біртуар азаматы
2.Ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі
III.Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Сатбаев.docx

— 71.17 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

                           Қорытынды

     Қазақтың кеңестік буындарының ең алдыңғы қатарында, жұртшылық мақтаны боп, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сапында қадірлі орын алатын кісінің бірі — Қаныш Сәтбаев.

    1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойында Жезқазған ауданының барлық кен байлығын зерттейді. Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағыдай басқаратын өнерпаз болумен катар, Қаныш сол жылдардың өзінде де қазақ халқынан шыққан жас инженер геологтарды баулып, өсіре жүреді.Үлкен талантпен қанаттанған талабының жемісі өз республикасына да және Ұлы Отан көлемінде де таныла бастайды. Қызықты еңбегі өркештеніп, Қаныш атын мол жұртшылыққа даңқтандырады.

    Қаныштың Қазақ Ғылым академиясындағы президенттік қасиеттерінің ең зоры — ол аса талантты және қажырлы, еңбекке төзімді ұйымдастырушы. Бұл жөнінде, Қаныш өзі, геология сияқты үлкен күрделі ғылымның терең білімді маманы болғандықтан, ұйымдастырушылық, басшылық істі үнемі ғылымдық жолмен жүргізеді. Сан ғылымның басы қосылған күрделі еңбек үстінде өсіп келе жатқан Академияның ісін, ғылымдық жолдармен, сан саламен өрбітіп, гүлдендіре білу — кімге де болсын оңай жұмыс емес. Аса жауапты жұмыс болуының үстіне, сан сала білімнен көп дерегі, білімі бар адам болуы керек. Сатбаевтың бір үлкен ерекшелігі — ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі. Мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса біледі. Және сол әр ғылымның саласындағы әрбір кезеңде пісіп келген нақтылы, жауапты мәселелеріне қажет болған мәслихатын айтып, мықты басшылық ете біледі. Жұмысқа мойымайтын үлкен ісшілдік те бар. Әз басының білімін өсіруде жан-жақты, кең өрісті ғалым болуда тынымы жоқ ізденуші Қаныш Қазақстан Ғылым академиясының ауқымында қызмет ететін ғалымдардың барлығына да анық ұстаз, үлгі боларлық білгіш болған.


     Міне, осындай ірі ғылымдық басшылықта, әрі адамгершілік істерінде озық біткен асыл сипаттары бар Қаныш Кеңестік Қазақстан ұрпақтарының ішінде Кеңес дәуірінің ардақты тәрбиесін алып, мемлекет қайраткері дәрежесіне жетті, ең үлгілі, ең асыл азаматының бірі болды.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Оқу әдістемелік құрал-Павлодар,Кереку,2009 ж

2. Құрманбай Ш.Айқын-46 бет

3. Бакенов М."Қаныш Сәтбаев" Түркістан-2008-17б


Информация о работе Қаныш Сәтбаев