Қаныш Сәтбаев

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 20:39, реферат

Описание работы

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы) - аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.
Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Содержание

I.Кiрiспе
II.Негiзгi бөлiм: 1. Қаныш Сәтбаев-қазақтың біртуар азаматы
2.Ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі
III.Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Сатбаев.docx

— 71.17 Кб (Скачать)

        Жоспары:

 

I.Кiрiспе

 

II.Негiзгi бөлiм:  1. Қаныш Сәтбаев-қазақтың біртуар азаматы

                                    2.Ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі

 

III.Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

                                     Кіріспе.Өмірбаяны

 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы) - аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

    Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

     Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын.



    "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқып, 1918 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарып, 1920-1921 жылдары Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскесінің халық соты болды.

    1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады. 

   Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі. 

Қаныш Имантайұлы студент  болған жылдарда профессор М.А.Усов басқарған палеонтология және тарихи геология кафедрасының оқытушысы болған В.А.Хохлов (кейін ғылым докторы, профессор) "Студент Қаныш" атты естелігінде былай деп жазды: "Бұл өзі оқуға жан-тәнімен  берілген студент болатын. Жалпы  геология жөніндегі сабақтарда ол М.А.Усовтың  тамаша лекцияларын құмарта тыңдады... Екінші курстан кейін ол М.А.Усовтың  дала жұмыстарына қатысты..."

    Институтты бітіргеннен кейін Қ.И.Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты.

    Ол 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды. 

1926-1941 жылдары Атбасар,  Қарсақпай трестерінде геологиялық  бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған Қаныш Имантайұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.Қаныш Сатбаев-қазақтың біртуар азаматы

    Академик Қ.И.Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы болды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады. 

Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа 1941 жылы шақырылды. Осы жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ  филиалының орынбасары болып сайланды.  

    1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол жылы Қ.И.Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды. Ол сол кезде КСРО-ға кірген күншығыс республикалары халықтары өкілдерінен шыққан тұңғыш академик еді. 

    1946 жылы 1 маусымда КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы (қазіргі ҚР Ұлттық ғылым академиясы) ашылуы республика өміріндегі аса көрнекті оқиға болды. Академияның түңғыш толық мүшелері болып 14 адам - Қ.И.Сәтбаев; М.О.Әуезов; Ә.Б.Бектұров; Н.Т.Сауранбаев т.б. бекітілді.

     Қаныш Имантайұлы Сәтбаев академия президенті ретінде ғылым мен өндірісті байланыстыруға, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге үлкен мән беріп отырды. 

    Ол өзі негізін қалаған Ұлттық ғылым академиясының 1946-1952 және 1955-1964 жылдар аралығында 16 жыл басқарды, ал геологиялық ғылымдар институтына үш жылдық үзілісті қоспағанда 1941-1964 жылдар үздіксіз жетекшілік етті.Қаныш Имантайұлының пайдалы кендердің болжам карталарын құрастырудың методологиялық теориялық негіздерін айқындауға қосқан үлесі зор.1958 жылы Қ.И.Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдарға Орталық Қазақстанның кешенді металлогениялық және болжам карталарын жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілді. Сол елуінші жылдардың өзінде-ақ кешенді металлогениялық болжам карталарды өндіріске енгізуге айтарлықтай нәтижелер берді: Сарыарқа аймағында қара, түсті, сирек металдардың жаңа кендері ашылды. Ашылған кендер мен руда белгілерінің 90%-і айтылмыш болжам карталардың негізінде анықталды. 

Қ.И.Сәтбаев сол кездегі  Кеңес елінің жоғарғы марапат  белгісі Ленин орденінің төрт рет иегері, Лениндік және Мемлекеттік  сыйлықтардың иегері. Алайда осындай  атақ-дәрежелерге қарамастан Қ.Имантайұлы әкімшілдік-әміршілдік жүйе орнатқан қоғамдық тәртіпке сенімсіз адам болып  та саналған.

    1940 жылдың соңы мен 1950 жылдың басында сталиндік билеу жүйесінің Кеңес мемлекеті зиялыларына қарсы басталған үшінші саяси қуғын-сүргін кезінде Қ.И.Сәтбаев оның құрбандығына шалына жаздады.1964 жылы 31 қаңтар күні Москваның Кунцево деген орманды аймағына орналасқан Кремль ауруханасында Қаныш Имантайұлының жүрегі соғуын тоқтатты.Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ. Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей т.б. қалалардағы көшелерге, кіші планетаға берілген. Қ.Имантайұлының құрметіне Жоңғар Алатауы, жотасындағы мұздақ пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған "Сатбаевит" минералы "Академик Сәтбаев" гладиолус гүлі аталған.

     Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сан қырлы талантын, ақыл ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмсады. Оның өнегелі өмір жолы баршамызға үлгі. Белгілі қоғам қайраткері І.Омаровтың сөзімен айтсақ, "Қаныш қазақ топырағында туып, халқының сүтін ішіп, ер жетті де, сол халқының даңқын бүкіл әлемге көтерді. Өзі де сол шеңберде қалып қойған жоқ, дүние жүзіне белгілі болды."

     Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.Ол Қарағаңдыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және маранец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды.Ол - геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің презвдиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрижелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері боған. Оның есімі институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

     Қазақ ғылыми академиясының тұңғыш президенті геология ғылымының 20-ғасырдағы аса көрнекті оқымысты академик Қаныш Сатпаевымыз ең алғашқы педагог-мұғалімдерінің бірі.Семейдегі педагогикалық техникумды тәмамдағаннан кейін 1918-1919 жылдары Семей қаласындағы қазақ мұғалімдеріне арналған 2 жылдық педагогикалық курстарға жаратылыстану пәнінен сабақ берді. 1919-1920 жылдары Семей губерниясындағы Павлодар уезіне қараған Ақ келін болысындағы ата жұрты №4 ауылда мұғалімдік қызмет атқарады.  
Мұғалім болып қызмет істеген кездегі оқулықтарға тапшылықты өз басынан кешіргендіктен, 1919-1924 жылдар аралығында тұңғыш «алгебра» оқулығын құрастырыпты. Ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен 1924 жылы Қ.И.Сатпаев құрастырған осы «алгебра» оқулығы комиссариатының тиісті комиссияларында баспаға қабылданып, авторға аванс берілген көрінеді. Енді кітаптың жарық көріп, ел қолына жетуі ғана қалған секілді еді.  
Қ.Имантайұлы қазақ тілінің үлкен қамқоршысы екенін «ер Едіге» эпосын қазақ тіліне мұқият түсіріп бергендігімен дәлелдесе, математикалық және ғылыми-техникалық терминология жасаудағы ең алғашқы ірі авторларының бірі екендігін осы аталып отырған оқулық арқылы біліп отырмыз. Бұл кітаптың құндылығы қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Б.М.Қасанов ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр. Көлемі 1642 беттен тұратын осы қолжазба болашақ ғалымның 20 жасында жазған тұңғыш ғылыми еңбек екен. Бұл кітап А.П.Киселевтің алгебрасы негізінде жазылған. Бірақ бұл жалаң аударма емес. Қаныш аға аудармамен қатар осы негіздей қазақ мектептеріндегі оқушылардың білімі мен талап деңгейін ескере отырып, шөп, мал түрлерін санауға, сол кезеңдегі сауда-саттық ұғымдарына байланыстырып көптеген жаңа мазмұнды оқу бағдарламасына сәйкес есептерді құрастырған. Қолжазбаның соңында 220 математикалық терминдердің қазақша байланысын енгізген. Қолжазбаның ішінде араб графикасымен жазылған 592 бет, латын графикасымен жазылған 1440 бет, 30-35 баспа табақ болавтын математикалық қолжазбалары Қазақстан Республикалық мемлекеттің орташа мұражай қорында сақталған.  
Б.Қосановтың айтуынша Қ.И.Сәтпаевтың қазақ тіліндегі тұңғыш «алгебра» оқулығының қолжазбасын Қазақстан халық ағарту комиссариатына 1924 жылы тапсырған һәм қолжазба Комиссариаттың ғылыми-әдеби кеңесінде математикалық оқулығы ретінде мақұлданып, баспаға ұсынылғандығы жайындағы құжаттар сақталған екен. Қаныш Сәтпаев ұсынған алгебралық жазбалардың белгілейтін шрифтер мен матрицалардың болмауына байланысты «алгебраны» басып шығару сөзбайламға түскен көрінеді. 1927 жылы оқулықтың Мәскеудегі «Центриздатқа» жіберілген жөніндегі қағаздар айқын екен. Бірақ, «Центриздат» пен «Қазиздат» арасындағы түсініспеушіліктердің салдарымен кітаптың басылуы құрдымға кетеді.  
Автор ретінде Сәтпаев заңды алаңдаушылық білдіріп, бұл баспаларға бірнеше нәтиже шыға қоймапты. Қазақстан жазуының 1929 жылы латын алфавитіне ауысуына байланысты Қ.И.Сәтпаев оқулықтағы формулаларын бастан аяқ латын әріптерімен түзеп шығып 1928 жылы наурыздың 3 күні латыншаға көшіріп, қайтадан баспаға өткізеді. Осыған байланысты қолжазбаның тағы бір құндылығын аша түседі. Қаныш аға қазақша оқулыққа тұңғыш рет халықаралық емес тілін яғни теңдеу өрнектерін латын әріптерімен белгілеуге ұсынды. Сонан бері ешқандай өзгеріссіз күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Мәне осындай Қаныш ағаның кемеңгерлігі, данышпандылығы, жан-жақты ғылыми иесі екенін тағы да дәлелдей түскендей. Бірақ бұл оқулық 30 жылдардан бастап Кеңестер Одағында бірыңғай ортақ оқулықтарға көші басталып кетеді де, Қ.И.Сәтпаевтың «Алгебра» оқулығын баспадан шығару ісі аяқсыз қалады.

     Еліміздің аса көрнекті ғалымы, тұңғыш академик, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және бірінші президенті, Қазақстанда геология ілімін өркендетуге зор еңбек сіңірген, ҚКСР-дың кен байлығын зерттеуші ірі совет ғалымы, алғашқы алгебра оқулығының авторы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі біздің елде жылда ерекше аталады. Қазақстанның жер асты қазына байлығын ашу жолындағы орасан зор табыстары мен ғылыми тамаша еңбектері – біздің Қазақстан ғана емес шетел мамандарының да зор қолдануына ие болған. Оның бізге, болашақ ұрпағына қалдырған мәңгі өлмес асыл мұрасына баға жетпейді.

    Қаныш Сәтбаев түрлі саланың ғалымдарымен өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе білген, сол ғылымды дамытуға зор үлес қосқан. Жас ғалымдардың өсуіне жол сілтей білген Қаныш Имантайұлы — теңдесі жоқ ғалым.

Қаныш Сәтбаев — өте зор дарын  иесі. Ол – Шығыстан шыққан тұңғыш президент-ғалым. Бүкіл әлем оны Орталық Азияның ең бірінші металлогениялық болжау картасын негізін салғандығын мойындады. Тамаша ойшыл-ғалым, әрі ірі мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы көзі тірісінде шексіз даңқ пен атаққа бөленді.Академик Сәтбаев дүниеден қайтқан жылы оның геолог әріптесі, ғылым докторы, профессор В.С. Коптев-Дворников былай деген: «Ол артына үш түрлі ұлы игілік қалдырып кетті: Жезқазған – бір, Қазақстанның Ғылым академиясы – екі, Геологиялық ғылымдар институты – үш… Мұның үшеуін де ғалым, коммунист, геолог, қазақ халқының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сатпаев іргесін қалаған жақсы істі әрі қарай дамыуға құлшынған жүздеген адамдар еңбек етеді…» Осындай белгілі тұлғалардың өзімнің атам жайлы айтылған жылы лебіздері, зор бағасы әрдайым жүрекке жиі жиеді.«Ғалымның хаты өшпейді, данышпанның аты өлмейді» деген халық сөзі тегінде ұлағат-өнегесі дара, артында асыл нұсқалар қалдырған даналарға арналған. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев та бүгінде қазақ елінің тарихында, рухани өмірінде өзгеше орын алатын шоқ жұлдыздар санатында аталады.

        Мəңгі тарихта қалатын оқиға – Юнесконың шешімімен 1999 жыл Қаныш Сəтбаев жылы деп жариялануы. Осылайша дүниежүзіне аты əйгілі біртуар ғұлама ғалымның өз отанына, халқына, əлемге жəне білім мен ғылымды дамытуға сіңірген зор еңбегі бағаланып отыр. Артына асыл мұра қалдырған абзал жан Қаныш Сəтбаевтың жарқын да сүйкімді бейнесі оның жаратылысына тəн табиғи нəрсе. Уақыт өткен сайын Республика ғылым Академиясының іргетасын қалаған оның тұңғыш Президенті,қазақстандағы ғылым дəрежесін дүниежүзілік деңгейге көтерген батыр тұлға – Қаныш Сəтбаевтың қадірлі есімі жақұттай жарқырап ел есінде мəңгі қалады.Атақты геолог-ғалым ақырғы деміне дейін жер қойнауындағы үнсіз тұнба боп жатқан сан алуан қазба байлықтарды əр жақты зерттеп-игеру, оларды халықтың игілігіне толық пайдалану, асыл қазыналардың ғаламат бай кен көздерін табу, əсіресе болашағы зор мұнай, алтын, түсті жəне сирек кездесетін металдардың кен орындарын ашу сияқты күрделі проблемаларды шешу үшін еңбектенді. Қаныш Сəтбаевтың көп жылдар бойы жасаған геологиялық барлау жəне ғылыми зерттеу еңбегі нəтижесінде мыс рудасының орасан зор қорының біраз көлемді орынға жиналғаны анықталды. Сөйтіп географиялық картада дүниежүзілік ірі мыс кен орны – алып Жезқазған пайда болды. Осы Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі қазба байлықтарды жан-жақты зерттеуге арналған еңбегі үшін Қ.Сəтбаевқа Мемлекеттік сыйлық берілді, ал Жезқазған кен көзін ашқаны үшін Ленин орденімен марапатталды. Еліміздегі түсті металлургия өндірісін дамытуға қосқан бұл ғаламат кен орнының үлесі орасан зор еді. Дəуірлік мəні бар Жезқазған руда құрамында мыстан басқа рений, осмий сияқты сирек кездесетін қымбат элементтер кездеседі. Осы мол байлықты ысырапқа салмай пайдалану қажет екендігін, ал ол үшін жаңа технологиялық əдістерді ойлап табу керектігін Қаныш үнемі айтумен болды, оның жолдарын да көрсетті. Өкінішке орай, бұл проблема əлі де толық шешілмей отыр. Шеттен келген инвесторлар сүттің каймағын сыпырғандай аса бай рудаларды өндірумен шұғылдануда, сол себепті құрамы нашар руданың қоры көбейіп шикізаттың сапасы өте нашарлап кетті. Руда өндірудің қалыптасқан технологиясын бұзып, кері тəсілмен жұмыс істеу өнеркəсіптің келешек өмірінің қысқаруына əкеп соғатыны белгілі.Сондықтан инвесторлармен жасалған келісімдер мен оларға берілген лицензиялардың шарттары, жер қойнауын қорғау туралы заң іс жүзінде орындалуға тиіс. Міне осыған байланысты кен орындарын жан-жақты зерттеу-барлау, минералды

Информация о работе Қаныш Сәтбаев