Алғашқы орта ғасырлардағы Еуропа(V-ХІ ғғ).

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:54, реферат

Описание работы

Ғұндардың Шығыс Азиядан кенеттен басып кіріп, Еуропадағы күштердің арасалмағын түбегейлі өзгертуі, әрине, Рим империясының пайдасына шешілген жоқ. Ғұндар ондаған тайпаларды құртып жіберді немесе бағындырды, біразын ата мекенінен ауып кетуге мәжбүр етті. Олар қазіргі Венгрия тұрған жерге орналсысты, бірақ бүкіл Еуропа мейірімсіз көшпелердің тегеурінді шабуылынан қорқып отырды.

Работа содержит 1 файл

Феодал.doc

— 62.50 Кб (Скачать)

   Рыцарьлардың басты кәсібі - соғыс. Сондықтан олардың барлық тұрмысы мен әдет-ғұрпы соғыс талаптары мен соған байланысты тәртіптерге бағындырылды. Рыцарь феодалдар дене күшін жоғары бағалап, өздерінің, балаларының күш-қуатын қалыптастыруға көп көңіл бөлді. Олар күн сайын әскери жаттығулар жасады. Әр түрлі сайыстар өткізіп тұрды. Бос уақыттарында феодалдар аң аулаумен айналысты. Рыцарьлар әрі мерген, әрі палуан болуы тиіс делінді.

   Рыцарьлардың мінез-кұлық ережелері мен міндеттері олардың кодексінде (ережелер, көзқарастар, тәртіптер жинағы) тұжырымдалды.

   Ол  бойынша рыцарьлар өз мырзасына адал болуға ант берді. Рыцарьлар соғыста батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетуге тиісті болды. Кодекс бойынша рыцарьлар әлсіздер мен зәбір көрушілердің, христиан шіркеуінің корғаушысы саналды. Рыцарьларда сұлу әйелге табыну салты болды.

   Осман империясындағы "сипахилер", Жапониядағы "самурайлар" ортағасырлық Батыс Еуропадағы рыцарьлар іспетті болды. Кейін, ХІУ-ХУІ ғасырларда тұракты армияның кұрылуына, оқпен атылатын карудың тарауына байланысты рыцарьлардың әскердегі ролі азая бастады. Бірақ рыцарьлар біржола жойылып кеткен жок. Олар дворяндарға айналды.

   Феодалдардың замогы. Феодалдар мықты аула-бекінісі бар үйіне азық-түлік, киім-кешек, еңбек кұрал-саймандары мен каружарақ қорын жинады. Табиғи апат, жұт, өрт зардаптарынан кейін әр шаруа осы қордан қарызға көмек алып, кайтадан әл жиятын. Шаруалардың аштан өлуі немесе тамақ іздеп, каңғырып кетуі феодалдарға тиімді болмады. Сондықтан феодалдар шаруалардың қамын ойлауға мүдделі еді.

   Феодалдардың аула-бекіністері (замогы) бір жағынан қорғаныс қамалы, сыртқы жаулардың шабуылынан тығылатын корғаны болды. Көптеген замоктар норман, араб және венгр шапқыншылықтарына байланысты салынды. Замоктар әдетте төңіректі жақсы бақылауға мүмкіндік беретін, қорғануға ыңғайлы өзендердің биік жағалауларына салынатын. Бекіністі айнала дуалдар соғылып, су толтырылатын орлар қазылды. Ор үстінен көтерме көпір салынды.

   Сөйтіп, феодалдардың замоктары орта ғасырларда тек тұрғын үй, қамба, мал қорасы қызметін ғана емес, қорған, қамал қызметін де атқарды.

Информация о работе Алғашқы орта ғасырлардағы Еуропа(V-ХІ ғғ).