Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:54, реферат
Ғұндардың Шығыс Азиядан кенеттен басып кіріп, Еуропадағы күштердің арасалмағын түбегейлі өзгертуі, әрине, Рим империясының пайдасына шешілген жоқ. Ғұндар ондаған тайпаларды құртып жіберді немесе бағындырды, біразын ата мекенінен ауып кетуге мәжбүр етті. Олар қазіргі Венгрия тұрған жерге орналсысты, бірақ бүкіл Еуропа мейірімсіз көшпелердің тегеурінді шабуылынан қорқып отырды.
Алғашқы
орта ғасырлардағы Еуропа (V-ХІ
ғғ).
Империяның күйреуі
Ғұндардың Шығыс Азиядан кенеттен басып кіріп, Еуропадағы күштердің арасалмағын түбегейлі өзгертуі, әрине, Рим империясының пайдасына шешілген жоқ. Ғұндар ондаған тайпаларды құртып жіберді немесе бағындырды, біразын ата мекенінен ауып кетуге мәжбүр етті. Олар қазіргі Венгрия тұрған жерге орналсысты, бірақ бүкіл Еуропа мейірімсіз көшпелердің тегеурінді шабуылынан қорқып отырды.
Ғұндардың ең атақты көсемінің есімі Еділ әскерлерінен әбден зардап шеккен христиандар кейіннен Еділді «Құдайдың Қамшысы» деп атады. Билікті қолына алу үшін Еділ бірге туған бауырын өлтірді. Ол ғұндар мен оларға тізе біккен барлық тайпаларды темірдей тәртіппен басқарды.
Еділ ғұндардың жер қайысқан қалың қолын кезекті жорыққа бастады. Ғұндар Рейннен өтіп, одан әрі оңтүстік-батысқа қарай жылжыды. Оған қарсы Рим қолбасшысы Аэций басқарған үлкен әскер шықты. Аэцийдің армиясы Римнің армиясы деп атады. Бірақ оның күштілігі сонда көптеген герман көсемдері мен қолбасылары өз тайпаларын бастап ғұндарға қарсы соғысу үшін Аэцийге келіп қосылған болатын. Еділдің қасына әр түрлі ьілді тайпалар жиналды.
Сондықтан да Қаталаун даласындағы шайқас тарихтағы ең атақты соғыстың бірі. Кездескен екі үлкен армияның құрамында сол кездегі еуропаның тайпалары мен халықтары түгелге жуық соғысты. Ұрыс даласы мыңдаған өліктерге толды, бірақ екі жақ та қараңғы түскенге дейін бірін-бірі ала алмады. Ақырында Еділдің шегінуіне тура келді. Ал жеңімпаздардың оны қууға шамасы да болмады.
Аңыз бойынша ұрыс даласында өлгендердің рухтары үш күн бойы соғысты жалғастыра беріпті. Олар өлгенннен кейін де тоқтай алмаса керек...
Еділдің Каталаун жазығындағы жеңілісі «Құдайдың Қамшысы» еуропаға қауіп төңдіруді қойды деген сөз емес. Келесі жылы-ақ ғұндардың қолы Италияға күтпеген жерден басып кіріп, сол кезде қорғаусыз қалған Римге қарай жылжыды. Басқа амалы болмаған Рим папасы І Лев аса мол сыйлықпен айбарлы Еділдің алдынан шықты. Апостолдың орнына басушысының (рим папалары өздерін солай атайтын) «Құдайдың Қамшысы» кездесуі қалай өткенін, олардың бір-біріне дегенін, біз білмейміз. Бірақ нәтижесі белгілі. Еділ көп мөлшерде төлем алды да, кері бұрылды. Бұңан Римдіктердің өздері таңғалды.
Бір жыл өткеннен кейін Еділ өзінің үйлену тойы өтісімен кенеттен қаза болды. Марқұмның сүйегін алтын табытпен аптап, оны күміс тбыттың ішіне салды, күміс табытты темір табыттың ішіне орналастырды. Бізге жеткен аңызға қарағанда қадірменді елбасның тыңыштығын ешкім бұзбауы үшін, онымен қосып көмілге қазынаға сұғанақ қол сұғылмауы үшін ғұндар үлкен өзенді бұрып, арнасының табанынан мола қазып көмген. Сонаң соң өзенді рның үстімен қайта ағызып жіберген.
Еділ
өлгеннен кейін ғұндардың алып державасы
көп ұзамай бөлшектеніп кетті. Тек
көптеген халықтардың аңыз-
Каталаун даласындағы тамаша жеңісінен бар жоғы төрт жыл өткеннен кейін Римді тағы да варварлар басып алды. Олар-герменның вандал тайпасы болатын. Вандалдар алдымен Германиядан Испанияға бұзып өтті. Бұдан кейін оларды Римнің бір аймақ басқарушысы Солтүстік африкаға жалдамалы ретінде шағырды. Бірақ Германдықтар көп ұзамай Римнің бұрынғы провинциясындағы билікті тартып алып, өздерінің корольдігін құрды. Вандалдар Гиппон қаласын қоршап жатқанда Августин 430 ж. өлген. Бақытына орай Гиппонның құлағанын көрген жоқ...
Августиннің өлгеніне ғасырдың төрттен бір бөлігі толғанды 455 ж. Гейзерих король басқарған вандалдардың флоты Италияның жағалауына келіп, Тибрмен жоғары көтерілді де, римдіктер күтпеген жерден қала қамалының қасынан шықты. Рим қорғанысқа мүлдем дайын емес еді. Қалаға аяушылық сұрап варварларға тағы да папа І Лев аттанды.
Гейзерих римдіктерді қырып тастаймын деп қаһарланды, бірақ І Лев келіссөз жүргізіп, орасан мол сыйлық алғаннан кейін жұмсарды. Ол адамдарды тірі қалдыруға, шіркеулерді өртемеуге және Римнің басты храмдарын таламауға, бірақ қаланы тонауды «бар болғаны» он төрт күнге шектеуге келісті. Сол екі патадан ел есінде мәдени мұраларды мәңгүрттікпен қиратуды білдіретін «вандализм» деген сөз қалды.
Егер готтар мен вандалдардың «мәңгілік қаланы» басып алып, тонауы замандастарына қорқынышты әсер қалдырса, Рим империясының түпкілікті жойылып кеткенін жұрттың бәрі бірдей байқай қойған жоқ. Оның күнінің санаулы екені әлдеқашан белгілі болып, ал біткені күнделікті тірлік құсап қала берді.
Империя өмірінің соңғы жылдарында сарай төңкерісі бірінің артынан бірі болып жаты. 475 ж император болып жасөспірім Ромул Август жарияланды. Бір қызығы оның есімі римнің негізін қалаушы – ромулдің және алғашқы ханзада (императоры) Октавиан Августің есімдерінен тұратынеді. Империяны әкесі басқарып, өзі ешқандай саяси рөл ақтармағандықтан тарихта елдің оны келекелей керкелеткен августул деген есімі қалды, яғни біздің Августай дегеніміз сияқты.
476
ж әскербасылардың бірі –
Ал Ромул Августулдан қалған императорлық биліктің белгісі – тәж тақылеттес бас киім – диадема мен қан қызыл мантиясы соларға жөнелтті.
Сонымен,
Батыс Рим империясы жойылды.
Ал Византия деп аталған Шығыс
Рим империясы бұдан әрі мың
жыл – ХV ғ. Ортасына дейін өмір
сүрді.
Жаңа
феодалдық қоғамның
дамуы
Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері Батыс Еуропа елдерінде ІХ-Х ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі - жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы. Кімнің жері көп болса, сол құдіретті де құрметті адам болды. Ақсүйек шонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік меншігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті.
Шонжарлар тегін жатқан орман-тоғайды, тау-тастар мен өзен - көлдерді де өз меншіктеріне айналдырды. Жерге деген өз құқықтарын олар заң жүзінде бекітіп алды. Еңбек құрал-жабдықтарының дамып, жетілуіне байланысты жерден, егін және мал шаруашылықтарынан түсетін табыс өсе түсті. Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге айналды.
Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары - мырзалар артық жерлерін өз қызметкерлеріне, бағыныштыларына (вассалдарына) үлестіріп берді. Атқарған қызметі үшін әр адамға сыйға берілетін жер үлесі"феод" деп, ал ол үлестің иесі"феодал" деп аталды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді.
Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поліестье деп аталды. Поместьедегі шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірак олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптарлыққа салды.
Шаруалар поместьедегі шаруашылық жұмыстарын өз еңбек кұрал-жабдықтарымен жүргізді. Олар неғұрлым көп өнім өндірсе, соғұрлым өзіне де көп өнім қалатын. Сондықтан да шаруалар өз еңбегінің нәтижесіне мүдделі болды.
Сөйтіп, феодалдық құрылыс алғашқы қауымдық және құл иеленушілік құрылыстарға қарағанда озық құрылыс екендігін таныта бастады.
Натуралды шаруашылық. Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі - шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның поместьесінде өндірілді. Феодал поместьесіндегі шаруалар малдың жүнінен жіп иіріп, мата тоқыды, одан киім-кешек тікті, үй жиһаздарын, ыдыс-аяқ пен құрал-саймандарды өздері жасады. Шаруалар да, олардың қожайындары да еш нәрсені сатып алмады, "бәрі өзімізде бар" деген үрдісте өмір сүрді. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-түлікке, малға айырбастап алатын. XI ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды.
VI—X
ғасырларда Батыс Еуропа
Феодалдық бытыраңқылық. Натуралды шаруашылық жағдайында жеке феодалдық иеліктер арасындағы экономикалық және саяси байланыстар өте мардымсыз болды. Ірі феодалдық жер иеліктері онан әрі дамыды, ол иеліктерде күштеу аппараты құрылды. Ірі феодалдық иеліктердің саяси және мәдени орталықтарына айналған қалалар өсіп-жетілді. Феодалдық иеліктер өзінше тәуелсіз мемлекет іспетті болды. Ірі феодалдар көршілерімен соғысу немесе бітім жасау мәселелерін өздері шеше беретін. Күшейіп алған жекелеген феодалдар өздерін корольмен тен санай бастады.
Осының бәрі IX-X ғасырлардағы Батыс Еуропада феодалдық бытыраңқылықтың негізгі себептері болды.
Феодалдық қырқысулар. Мырза мен бағыныштылар арасында келісім-шарт жасалатын. Вассал мырзаның алдында тізерлеп тұрып, адал қызмет етуге ант беретін. Мырза өз бағыныштысына қамқорлық жасап, қолда көрсетуге уәде ететін. Уәдесін бағыныштыға бір уыс топырақ пен ағаш бұтағын тапсырумен бекітті. Бұл келісімдер ауызша, сөз жүзінде жасалғандықтан жиі-жиі бұзыла беретін. Бағыныштылар бір-бірінің мырзаларының иеліктеріне ша- буыл жасап тұрды. Бұл қақтығыстар феодалдық өзара қырқысулар деп аталды.
Олардың мақсаты - шаруалар қоныстанған жерлерді басып алу; бай көршісін тұтқындап, құн талап ету; тонаушылықпен олжа табу болды.
Феодалдар соғыс кезінде қоргану үшін мықты қамалдар (замоктар) тұрғызды. Өзара қырқысулардан, әсіресе қорғанатын қамалы жоқ шаруалар көп зардап шекті. Бұл қырқысуды тоқтатуға шіркеу көп күш жұмсады. Ол Христостың туған күні, пасха мейрамы кезінде соғысты күнә деп жариялады. Өзара қырқысуларды тоқтатуға корольдер де мүдделі болды.
Феодалдық саты. Феодалдық құрылыстың тағы бір ерекшелігі - феодалдар атақ-лауазымы бойыпша бірнеше сатыға бөлінді. Ол бөліну тарихта феодалдық саты деп аталды. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал - король тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі баспалдақта корольдің бағыныштылары герцогтер мен графтар болды. Герцогтер мен графтардың қол астына жүздеген деревнялар қарады. Олардың билігінде үлкен әскер отряды болды.
Графтардан кейінгі баспалдақта олардың бағыныштылары - барондар мен виконттар тұрды. Олар жиырма-отыз деревняны басқарып, сол деревнялардан шағын әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдардың -рыцарълардың мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды.
Мырзалардың бір-біріне сатылы бағыныштылығы әр елде әр түрлі болды. Мысалы, Германияда феодалдық сатының баспалдақтарында тұрғандардың бәрі өздерін төменнен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептеді. Ал Францияда "менің бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес" деген қағиданы ұстанды. Бірақ барлық елдердегі феодалдық сатыға ортақ тәртіптер де болды. Ол - соғыс бола қалған күнде әр бағыныштының қажетті қару-жарағымен өз мырзасының қол астына барып сапқа тұру міндеті еді.
Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді. Сатыға тек феодалдар, яғни мырзалар мен бағыныштылар ғана кірді. Шаруалардың міндеті сатыдағы феодалдарды азық- түлік, киім-кешекпен қамтамасыз ету болды.
Сонымен, ІХ-Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде жер иеленушілер өздерінің меншігіндегі жер мөлшері, тәуелді адамдары мен әекери қызметкерлерінің саны бойынша жікке бөлінді. Сөйтіп, феодалдардың белгілі бір дәрежеде бір-біріне бағыныштылық жүйесі құрылды. Феодалдық саты деп аталатын бњл жњйе феодалдық қа- тынастарды нығайту мақсатына қызмет етті.
Феодалдардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптары. Феодалдар өз иеліктеріндегі шаруашылықты басқаратын ұйымдастырушылар болды.
Жекелеген аймактардың, елдердің куаттылығы шаруалардың күнделікті тіршілігін басқаратын феодалдардың іскерліктеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты еді. Халқы алдында беделі күшті, шебер басшы - феодалдардың шаруашылығы өркендеп, дами түсті.
Феодалдар,
әрине, өздері тікелей егін егіп, мал баққан
жоқ. Бірақ шаруалардың жұмысты жақсы
істеуін ұйымдастыру, бақылау да оңай
емес еді. Феодалдар шаруалардың есебінен
байып отырды, бірақ олар арамтамақ болған
жоқ. Олар мырзалар мен олардың бағынышты
шаруаларының, тіпті бүкіл елдің қамын
ойлады. Әрине, феодалдардың арасында
қулары мен сұмдары да болды. Бірақ елді,
жерді адал, еңбекқор, іскер феодалдар
коркейтті. Феодалдар тек шаруашылықты
ұйымдастырушы ғана емес, әскер басшылары
да болды. Әскери іспен айналысатын феодалдар
X ғасырдың аяғынан бастап рыцарьлар
деп атал- ды. Рыцарь болу үшін үміткердің
жер үлесі, яғни "феоды" болуы
керек еді. Себебі, оның тікелей өндіріске
араласудан бос болуы, жер үлесінен түсіп
жатқан табысының есебінен әскерді қажетті
ат пен ер-тұрман, қару-жарақпен өзі қамтамасыз
етуі керек болатын.
Информация о работе Алғашқы орта ғасырлардағы Еуропа(V-ХІ ғғ).