60-80 жылдардан бастап Қазақстанның тарихы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың басында басталған халықаралық коммунистік жүйедегі радикалды қозғалыстар алдымен коммунистік идеологияны «жақсарут», «қайта құру», «социолизмді бүгінгі күннің талаптарына бейімдеу» ұрандарымен туғанмен, бірте-бірте өз алдына тәуелсіз күшке айналды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан 70-80 жыладрад.docx

— 57.77 Кб (Скачать)

Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта  түлеуде, ұлттық сана өсіп келеді. Қазақ  ұлты топтаса бастады; қазақ тілі мемлекеттік тіл болды; қазақ  халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері ана дүниеден орала бастады; тарихи топонимика қалпына  келтірілуде; ұлттық мәдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалды; азаматтық туралы заң қабылданды. 1992 жылы күзде дүниежүзі қақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 млн  қазақ халқының өкілдері жиналды.

Экономикалық  дағдарыс ағдайында республикада табиғи байлықтардың  аса мол қоры барлығын негізге алатын, экономикалық қайта  құрылыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыру, региондар мен шаруашылық қызметі  субьектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі, қорғаныс комплекстерін  конверсиялау және ғылыми- техникалық, өндірістік потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану  бағыты ұстануда. Республика экономикасының мемлекеттік емес секторы  белсеңді дамытылуда. 1992 жылдың ортасында  бұның қатарында жылдың ортасында  бұның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, салааралық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30- дай  концерндер мен концерциумдар болды. Республикада 120 коммерциялык банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20 лизингалық компания, екі ірі аудиторлық орталық  болды. 230 орташа өнеркәсіп орны, 11 мыңдай кооператив, 5,5 мыңнан астам шағын  кәсіорын бар,  оларда халық шаруашылығында істейтіндердің 15% жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында сегіз мыңдай шаруа  қожалығы бар. 1806 кәсіпорын мен ұйым жекешелендіріліді, олардың үштен  екі бөлігі ұжымдық меншікке, төрттен  бір бөлігі жеке меншікке өтті.

Сыртқы экономикалық саясатта шетелдік капитал, техника мен технология кеңінен пайдаланылуда. Республика территориясында сыртқы экономикалық байланысқа қатысатын 1085 өнеркәсіп кәсіпорны тіркелген, халық шаруашылығына ТМД елдері көлемінде ең көп шетелдік инвестиция енген. Экспорттық- импорттық операциялар негізінен республикалық сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы өткізіледі және республикалық экспорт дамыған капиталистік елдерге бағдарлана бастады. Қазақстан экспортының құрылымында шикізаттық бағыт басым, ол 1988  жылы 31елге шығарылса, 1992 жылы 86 елде шығарылатын болып өсті.  Аса ірі шетелдік фирмалар және корпорациялармен, соның ішінде американдық « Дау кемекал» ағылшындық «Бриттиш петролиум» және «бритиш газ», француздық «Эльф Акитен» және басқалармен келісімдер жасалады.

Қазақстан экономикасына аса ірі капитал туртудың айқын  мысалы 40 жыл мерзімге «Теңгізшевроил» бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бірлескен кәсіпорынның қызмет істейтін бүкіл мерзімі бойында табыстың 80 % Қазақстанға, 20% «Шевронға» тиісті.

Бұрыңғы Кеңес экономикасының ыдыралы салдарынан әлеуметтік- экономикалық ахуалдың шиеленіскен  жағдайында нарықтық реформа қиындықпен жүріп жатыр. Алайда қазақстандықтардың жалпыұлттық татулықтары болашақтың жақсы болатынына үміттендіреді, бұл татулық Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жалауында бейнеленген, онда көк, жасыл түс бірлік пен ашық аспанды, бейбітшілік пен игілікті бейнелейді; алтын күн – тыныштық пен байлықты, дала қыраны – кеңпейілдік пен қырағылықты, асқақ ой – парасатты , шаңырақ – атамекенді бейнелейді.

1993 жылы 28 қаңтарда республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға баса беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Конституциясын қабылдады. Конституция бо йынша Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Оның территориясының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы атап көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлінетін принципіне негізделген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі – Қазақстан халқы. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін, оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады. Сөйтіп, Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

  Адам адам болып  жаралғаннан бері ұлан-асыр даму  көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер  көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған  қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала  қағаз бетіне түзетулер түсетін.  Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында  әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ  өзгеріп шыға келді. Оған жер  жаһанның алтыдан бір бөлігіне  иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын  жұрттардың бәрін ықтырып келген  алып империяның ың-шыңсыз ыдырай  бастауы себеп болды. Ыдыраған  империяның орнына он бес тәуелсіз  мемлекет өсіп шықты. Солардың  бірі Орталық Еуразия алабындағы  ғажайып әрі қайталанбас тарихы  бар – Қазақстан Республикасы  еді.

  XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.

Бақылу  жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мен ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық және әлеуеметтік саяси дамуының басты бағыттары мен қайшылықтарына шолу жасадым, ал екінші бөлімде әлемді елең еткізген 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы мен оның қатысушысы Қайрат Рұсқылбеков жайлы сөз еттім. Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 27 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді.

Тәуелсіздігіміздің  жариялануы алдындағы Қазақстан  және мемлекеттік тәуелсізідік алуының  тарихи маңызын, сонымен қоса Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық- әлеуметтік өмірінде болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар  үшінші бөлімде сипатталады.

Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет  туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің  құрамында болып, қаншама рет  мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі  жас қазақ халқы қайтадан әлемдік  дүбірге қосылып, әлем елдерімен  иық тіресуде.

Еліміз  қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден  өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған  егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!

Бізді бұл  күнге дейін жеткізген ұмытылмас  оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық  көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі  рухы, қайтпайтын табандылығы –  өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде  сақталуға тиіс.

Бәлкім, бір уақыттарда Қазақстанның тарихы бұралаң иірімдерінде тепетеңдік сақтай білу жөніндегі тәжірбиесін өзге халықтар мен мемлекеттер арнайы оқып, үйренетін болар. Ал қазақстандықтарға  келсек,  олар өздері бұл ілімді жақса  игерген, әрі бұл қазыналарын  бағалай да біледі. Жоғарыда келтіріліген деректер куәлік еткендей, бұл ілімді Батыс пен Шығыстағы саясатшылар, сөз жоқ, бағалайды.

Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа  да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя  бастайды...

Н.Ә.Назарбаевтың : «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деген сөздеріне қосыламын.

Өзгерістер  дәуірінің өмірлік философиясы  осындай.  Және біз мұның өз жүрегіміз  арқылы өткердік. Қазақстанның тарихы бүгінгі күнде де тарих беттеріне  жазылып отырады деп қортындылағым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдәкімов Әбдіжапар «Қазақстан тарихы» // Алматы, 2005ж
  2. Қазақстанның білім сайты // www.testent.ru// Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
  3. М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, «Қазақстан тарихы» // Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері //Алматы, 2007 // 304 бет
  4. Қозыбаев М.К «Қазақстан Очерктері» //  Алматы, 1994 жыл
  5. Мусин Ч. «Қазақстан тарихы» // Алматы, 2003 ж
  6. Нұрпейіс К.Н. «Қазақстан тарихы» // Алматы, 2009 ж
  7. Жүкешов Қ.М «қазақстан тарихы» // Алматы, 2009ж //158 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе 60-80 жылдардан бастап Қазақстанның тарихы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы Қазақстан