60-80 жылдардан бастап Қазақстанның тарихы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың басында басталған халықаралық коммунистік жүйедегі радикалды қозғалыстар алдымен коммунистік идеологияны «жақсарут», «қайта құру», «социолизмді бүгінгі күннің талаптарына бейімдеу» ұрандарымен туғанмен, бірте-бірте өз алдына тәуелсіз күшке айналды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан 70-80 жыладрад.docx

— 57.77 Кб (Скачать)

Кейін анықталғандай,  коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен «Бұрқасын -86» деген құпия жедел жоспар жасалған болып шықты. Ол жоспар бойынша билік иелері кез келген уақытта оқиғаны өздеріне қажетті арнаға бейімдеп, жастарға «қылмыскер» немесе «ұлтщыл»деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды. «Бұрқасын» жоспары кейіннен әдейі құртылып жіберілгені белгілі болды.

Наразылық бейбіт шеру түрінде өтіп, саяси  сипат алды, бірақ ол мемлекеттік  құрылысты құлатуға бағытталған  жоқ.  Республика басшылығы жастардың  пікірлерімен санасуды жөн деп таппады. Саяси наразылықты өкіметке қауіп  төндіру деп бағалады. Сондықтан  да арандатушылық әрекеттерге жол  берді. Бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздік пен қантөгіске ұласуына республика басшылығының саяси  мәдениетінің төмендігі, күрделі  жағдайдан шығудың  тиімді жолдарын таба алмауы, тек күшке  сүйеніп үйреген әдетіне басуы  себеп болды.

Желтоқсандағы қазақ жастарының бас көтеруі  ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде, орыс халықтарына қарсы бағытталған  жоқ. Ол – жастардың сол кездегі ел билеушілерінің жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатына наразылық  митингісі ғана болатын. Алматыдағы желтоқсан толқуы, шын мәнінде, елде алғаш рет күштің жаңа басталып келе жатқан, буыны қаптаған демократия мен ол кезде әлі өз күшінде тұрған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қақтығысы еді.

Жастардың бейбіт шеруін басып- жаншуға кінәлі кейбір лауазымды адамдарға сөз келтірмеу мақсатында Желтоқсан оқиғалары алғашқы күннен бастап, қалың көпшілікке бұрмаланып түсіндірілді. Алматыға арнайы жіберілген КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтің нұсқауы бойынша, КСРО-ның  барлық бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді.

Осылайша, қазасының шынайы себептеріне қатысты  жекелеген күмәнді сауалдарға нақты  жауап табылмаған Қайрат Рысқұлбековтың бейнесі бүгінде қаһарман тұлғаға  айналып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Кеңістік қоғамды демократияландыруға бағыт

3.1  1987-1998 жылдардағы Қазақстандағы қайта  құру және қоғамдық өмірдің  белсеңділігінің артуы 

80 жылдар  ақырында Кеңес мемлекеті ыдырай  бастады. Халық депутаттары бірінші  сьезінің өзінде және партиялық  форумда егемендік, экономикалық  дербестік, орталық пен федерацияның  мүшелері арасында өкілеттілікті  бөлісу, жаңа Одақтық шарттар  жасасу идеялары талқылана бастады.  Демократиялық қайта құрылыстардың   және ұлттық сананың ояну процестерінің  дамуы, оқиғалардың даму барысы  партиялық және мемлекеттік басшылық  тарапынан  осыған сай орталық  пен одақтас республикалардың  қарым-қатнасын үйленестіретін шаралар  қолдануды талап етті.

Жаңа  шындық жағдайды есепке ала отырып, Одақты қайта құру идеясы кеңінен  қолдау тапты және ол  «төменнен» - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді.  Қазақ КСР- да республиканың  өзін –өз і басқару , өзін-өзі  қаржыландыру концепциясы  жасалды, онда Қазақстан территориясындағы  табиғи байлықтар  мен өндіріс  құралдарына , оның ішінде өнеркәсіптің негізі болып табылатын салалық  кәсіпорындарына республиканың  егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету  қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңғыртуға бағытталған  қозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды, ол әрдайым аса күрделі проблемалардың шешімін демократиялық жолмен табуға тырысады. Оншыл  және солшыл радикализмге қарама- қарсы Н.Ә.Назарбаев табанды, демократиялық реформалар жүргізу  және әлеуметтік прогресс, барлық қазақстандықтардың теңдігіне негізделген ұлтаралық  ынтымақты сақтау, мемлекеттік саясаттың  түбегейлі принципі ретінде саяси  тұрғылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын жүргізіп келеді.

Бірақ Қазақастанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені сындыруға мемлекеттік басқару  құрылымының, Қазақстан Коммунистік  партиясының қатаң билігі кедергі  жасады.

Жекелеген партия ұйымдарының өз жұмыстарын жаңа талаптарға сай қайта құруға бағытталған  талпыныстары елеулі нәтиже бермеді.

1988 жылдан  бастап жаңа туып келе жатқан  оппоненттер тарапынан Қазақстан  Компартиясына  сын айтыла  бастады, мұның өзі коммунистер  партиясының іргесі шайқала бастаған, бірақ әлі де белгілі дәрежеде  сақталып отырған беделіне қатты  соққы болды.

Ресми емес қозғалыстардың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі заңды құбылыс  еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ Алматыдағы Желтоқсан оқиғаларынан кейін республикада туған қоғамдық- саяси  ақуал болды.

1987 жылы  тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым- әлеуметтік-экологиялық «инициатива»  бірлестігі құрылып, ол өзінің  алдына соғысқа қарсы тұру, экологиялық,  адамгершілік және бейбітшілікті  қорғау идеяларын, жариялылық, демократияландыру,  әлеуметтік теңдік және әділеттік  принциптері негізінде халықтың  әлеуметтік белсеңділігін көтеріге  көмектесу, жұртшылықтың, еңбек ұжымдары  мен  азаматтардың бастамаларына  моральдік және ұйымдық, құқықтық, консультациялық, информациялық,  эксперттік қолдау көрсету мақсатын  қойды. Кейінірек, бұл бірлескен  басқа саяси ұйымдар, оның ішінде  «жасыл майдан», Қазақстанның  социал-демократиялық партиясы юөлініп  шықты. Ядролық қаруға қарсы  «Невада- Семей» қозғалысы және  Арал, Балқаш, Қазақстан экологиясының  проблемалары жөніндегі қоғамдық  комитет республика, мұнан кейін  халықаралық көлемдегі экологиялық  ұйымдарға арналды. 

Жұмысшы қозғалысы елеулі саяси күшке  айналды. Оның қатарында Қарағанды  көмір бассейні шахтерлері ерекше рөл  атқарды, олардың қимылдары тегеуріні  жөнінен Кеңес Одағының басқа-көмірлі  аудандарының ереуілдерімен  сай  келіп жатты. Таза экономикалық талаптан басталған олар шапшаң-ақ саяси сипат  алды. Жұмысшылардың облыстық ереуіл комитеті 1989 жылдан бастап қызмет  істейді, ол Қарағанды облысы еңбекшілерінің одағына ұжымдық мүше ретінде  кіреді. Жаңа Өзендегі оқиға (1989ж) әлеуметтік-экономикалық саладағы көкейтесті проблемаларды  жалғанның жарығына шығарады, ол инфроқұрылымның  мешеулігінен, өндіргіш күштерді орналастырудағы  қателіктердің салдарынан жергілікті халық жұмыссыз жүргенде вахталық әдісті қолдану практикасының берік  орын алуынан туды.

1990 жылдың  ортасында «Азат» қозғалысы және  «Азат» саяси партиясы пайда  болды. «Азат» өзінің басты  мақсатын тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы шеңберінде Қазақстанның  мемлекеттік егемендігі үшін  күрес деп белгіледі. 

Бұл аталғандардан  басқа да саяси партиялар мен  қозғалыстар әрекет етті, республикада 1991ж барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды.

Қазақстанда көп партиялылықтың қалыптасу процесіне  талдау жасай келіп, мұны тоталитаризмнен  демократияға өтпелі кезеңнің бастамасы  ғана деп санау керек. Көп партиялылықтың тарихи дәстүрінің, республика халқының дамыған саяси мәдениетінің жоқтығы- кең және берік саяси базасы жоқ, саяси көзқарасының біржақтылығымен  көрінетін саяси бірлестіктердің  пайда болуына әкеліп соқтыруда. Бұл бағаны «Алаш» және «Желтоқсан», Қазақстанның социолистік, социал- демократиялық, коммунистік партияларына беруге болады.

Қоғамдық  демократияландыруда халық депутаттары  Кеңесінің заң шығару  қызметі  маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесі (1990 ж сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жылы қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң  жүзінде бекітілген бостандықтары  мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды  қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан  шындық жағдайдың талаптарына сай  республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам  болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде  нығайтуға, демократия жолына бүкіл  саналы күштерді топтастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқұықтарын едәір  кеңейтті, республиканы мекендейтін  барлық ұлттар адамдарының талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлкеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-ң  тіл туралы» заңын қабылдау тарихи оқиға болды.

1990 жылы 24 сәуірде республика Жоғарғы  Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті  лауазымын белгіледі, парламент  сессиясында жасырын дауыс беру  нәтижесінде оған Н.Ә.Назарбаев  сайланды. Президенттің Семей полигонында  ядролық сынаққа тиым салу, Ұлы  Отан соғысына қатысқандар мен  оларға теңестірілген азаматтарға  әлеуметтік көмек көрсету шаралары  туралы жарлықтары Қазақстанда  демократиялық қайта құрылыстар  жүргізудің өзіндік бір белесі  болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің  төралқасы 1986 ж 17-18 желтоқсанда  Алматыда болған оқиғаға байланысты  жағдайларға түпкілікті баға  беру жөнінде арнаулы комиссия  құрды. 

1990 жылдың 25қазанда республика Жоғарғы  Кеңесі Қазақ КСР—нің мемлекеттік  егемендігі туралы Деклорация  қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда  жалпы демократиялық процестердің  барысын шапшаңдатты, мұның өзі  елдегі болып жатқан оқиғалармен  тығыз байланысты еді. 1991 жылдың  ортысында Қазақстан басқа республикалармен  бірге іс жүзінде орталыққа  оопозацияда болды. Қазақстанның  бастамасы бойынша Белоруссиямен,  Украинамен, Ресеймен және басқа  республикалармен бір-бірінің егемендігін,  қалыптасқан шекараларды, орнатылып  жатқан өзара пайдалы экономикалық  байланыстарды мойындау  туралы  екі жақты келісімдер жасалды. 

1991 жылы  тамыздағы оқиға бұл жұмысты  үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін  және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде     Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. ҚОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.

Міне, осындай  күрделі жағдайда Қазақстан мемлекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы  ретінде Қазақ КСР Конституциясына  өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы»  Заңы бойынша берілді.

1991жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында  тұңғыш рет республика Президентін  жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың  демократиялық жолмен өз еркін  білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев  Президент болды. 

Республикада  төмендегідей өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комиеті құрылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды  Қазақ КСР үкіметінің қарамағына бері туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін  қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда  алтын запасы мен алмас қорын  жасау туралы жарлықтары шықты. 1991жылы 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онын ғарышқа бірінші  ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Егеменді даму жағдайындағы Қазақстан

1991жылы  10 желтоқсанда тұңғыш бүкіл халық  сайлаған Президент қызметіне  кірісті, 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақтың  Кеңестік Социалистік республикасы  Қазақстан Республикасы болып  аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан  Республикасының өз территориясындағы  бүкіл өкімет билігі өз қолында,  ішкі және сыртқы саясатын  дербес белгілейтін және жүргізетін  демократиялық мемлекеттің мемлекеттік  тәуелсіздігін жариялады. Республика  тарихында жаңа кезең басталды.

1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрыңғы  Кеңес одағының құрамына кірген  тәуелсіз мемлекет басшыларының  кеңесінде ТМД- ны қайта құру  келісімінің хаттамасына қол  қойылды.

Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды.

Көппартиялық  жүйе қалыптастырудың бастамасы  жасалды.  Тәуелсіз бұқаралық ақпарат  құралдарының жұмыс істеуі үшін жағдай жасалды. Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік  пен ынтымақ кеңесінің (СБСЕ) толық  құқылы мүшесі болып, адам және аз ұлттың құқықтарының сақталуына кепілдік берді. Ұлттың құқы жеке адамның құқына теңестіріліді, сондықтан мемлекет Қазақстанның барлық азаматтарына бірдей қамқорлық жасайды. Мұның маңызды болатын тағы бір  себебі тек әлеуметтік тұрақтылық пен  ұлтаралық ынтымақ ғана Қазақстанның қарқынды дами беруіне  мүмкіндік  береді: мұнда барлық 17 миллион халықтың  42% қазақтар, 37% орыстар, 5,2% укриндар, 4,4% немістер.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға  шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан  Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық  валюта қорының, Халықаралық рекострукция және даму  банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра  ұйымдарға кірді.  Біздің мемлекетімізді жүзден аса ел таныды, олардың көбімен  елшілік және өкілеттік дәрежесінде  демократиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, оның ішінде ТМД-ні қоса, толық сенім принциптері  негізінде өзара тиімді достық қатынасты  сақтау, сонымен қатар барлық басқа  мемлекеттермен әділеттік және халықаралық  серіктестік негізінде кең байланыстарды  дамыту болып табылады. Қазақстан  территориясында орналасқан ядролық қарулар келешекте келісімдік процестер шеңберінде жойылып, республика ядролық қарусыз мемлекет дәрежесін алады.

Информация о работе 60-80 жылдардан бастап Қазақстанның тарихы Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы Қазақстан