Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:04, доклад
Франсуа Буше — Лемуаның оқушысы, кескіндемеші, суретші, гравер, декоратор. Ол XVIII ғасырдың орта кезеңіндегі француз дворян өнеріндегі негізгі адамдардың бірі болған. Ол өз өнерімен, дарынымен салтанатты сарай иелерін, патша мен оның фавориті мадам де Помпадурды таң қалдырғаны соншалык, ол суретшіге жан-жақты көмек көрсетіп, оның негізгі шығармаларын сатып алып, өзі де әр түрлі тапсырмалар беріп отырған. Франсуа Буше тек қана сурет өнерінде ғана емес, суретке тән фарфор өнеркәсібінде жөне шпалер мануфактурасында да көп жұмыс жасаған.