Франсуа Буше (1703—1770)

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:04, доклад

Описание работы

Франсуа Буше — Лемуаның оқушысы, кескіндемеші, суретші, гравер, декоратор. Ол XVIII ғасырдың орта кезеңіндегі француз дворян өнеріндегі негізгі адамдардың бірі болған. Ол өз өнерімен, дарынымен салтанатты сарай иелерін, патша мен оның фавориті мадам де Помпадурды таң қалдырғаны соншалык, ол суретшіге жан-жақты көмек көрсетіп, оның негізгі шығармаларын сатып алып, өзі де әр түрлі тапсырмалар беріп отырған. Франсуа Буше тек қана сурет өнерінде ғана емес, суретке тән фарфор өнеркәсібінде жөне шпалер мануфактурасында да көп жұмыс жасаған.

Работа содержит 1 файл

франсуа.doc

— 365.00 Кб (Скачать)

                                            Франсуа Буше (1703—1770)

 

-Франсуа Буше — Лемуаның оқушысы, кескіндемеші, суретші, гравер, декоратор. Ол XVIII ғасырдың орта кезеңіндегі француз дворян өнеріндегі негізгі адамдардың бірі болған. Ол өз өнерімен, дарынымен салтанатты сарай иелерін, патша мен оның фавориті мадам де Помпадурды таң қалдырғаны соншалык, ол суретшіге жан-жақты көмек көрсетіп, оның негізгі шығармаларын сатып алып, өзі де әр түрлі тапсырмалар беріп отырған. Франсуа Буше тек қана сурет өнерінде ғана емес, суретке тән фарфор өнеркәсібінде жөне шпалер мануфактурасында да көп жұмыс жасаған. Ол XVIII ғасырда дамыған рококо стиліне, әсіресе осы стильге тән жайдарылыққа сын көзбен қарайтындардың ең қауіпті жауы болды.

Буше біз үшін декоратор ретінде де бағалы. Оның өмірге, өнерге көзқарасы кей жағдайда түсініксіз болғанымен, оның суреті "көз" үшін салынып, онда "жансыз" және "соқыр" орындардың болмауын талап етіп, ғажайып жағдайда туындаған фигуралар мен заттарды, олардың бпяуларын сурет әлемінде батыл түрде салыстыра отырып қолданды.

Буше таңдаған жолдың құндылығы  оның тікелей натурадан сурет  салудан бас тартуы болып табылады. Өз шығармашылығының бірінші жпртьісында (30—40-жылдар) Буше модельден сурет  салып, шпалер үшін фондар жасап, фантастикалық композициялар ойлап тауып, Париж және Бовэ маңындағы табиғат бейнелерін суретке салды. Табиғатты бейнелеуде ол көгілдір, жасыл реңктердің әр түсінтолықтырып, табиғатты жандандыра білді.

 

50-60-жылдарда Буше шығармашылығынан  шынайы өмір кескіндерін кұри  бастайды. Франсуа Бушенің "Бақташъиіар  көрінісі" картинасы (осындай  шығармалар "пастороль" — "pastor—пастух — қойшы" деп те аталады) француз өнеріне тән қасиеттер берілген. Бұл шығармада екі жас адам бейнеленген: бірінші жігіт — қымбат, әдемі киімде, екінші қыз — оттай күлгін драпировкада, екеуі бір-біріне құмарлана қарап, қолдарындағы шарап құйылған ыдыстарын соза тұскен. Олардың арттарында орман ағаштарының сұлбасы, яғни табиғат көріністері және қыз бен жігіт отырған төбенің оң жағында шопандар карамай кеткен койлардың мамыражай жайылып жұргені көрсетілген. XVIII ғасырда француз кескіндемесіндегі маңызды кезең — рококо стилінің көркейюі кезеңі болды. Осы маңызды мәселе Эрмитажда Буше шығармаларының негізінде зерттеледі. Буше шығармаларында рококо кескіндемесінің барлық нышандары көрінеді. Суреттерінің сюжеті жеңіл және көңілді жағдайларға арналған. Суретші маңызды мәселелерді сирек бейнеледі. Сол кезде сюжеттің өткірлігін жұмсарта отырып беруге тырысады. Буше Ваттоға тән жеңіл психологизмді де қолданғысы келген жок. Әр қилы сезім әлемі ол ұшін негізгі тақырып болған жоқ. Фраицуз кескіндемесіне Бушенің келуі рококо стилінің көркеюіне, әсіресе графиканың және қолөнердің көркеюіне үлкен ықпал етті.

                          Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

Информация о работе Франсуа Буше (1703—1770)