Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6
І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14
1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29
ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42
2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57
2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73
Міне, осындай аласапыран кезеңде Кеңес Нұрпейісұлы алғашқылардың бірі болып жаңа тарихи таным бағыты және ұлттық мүдде тұрғысында тың зерттеулер жазып, өзінің дәйекті пікірлерін соны тарихи деректер негізінде білдірді. Ғалымның тарихнамалық зерттеулерді жүргізуге ықыласы артып, тарих ғылымының тарихын терең түсінуге алғашқы қадамдары жасалды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Кеңес Нұрпейісұлы осы бағытта да алғашқылардың бірегейі болып күрделі де күрмеуі қиын мәселені шешуге ұмтылды. Тарихнамалық заңдылықтарға арқа сүйеп, сонымен қатар жаңа методология қалыптастыруда өзіне дейінгі кемшіліктері мен олқы тұстарын көрсетіп, іргелі зерттеу дайындады.
20 жылдан аса уақыт
бойы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Ұлттық Ғылым Академиясында
«Әділет» («Справедливость») тарихи-ағарту қоғамдық қорының негізгі мақсаты – 30-40 жылдар мен 50 жылдардың басындағы сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларды тарихи және заңды тұрғыда ақтау, еске алу болып табылды. Олардың жақын туыстары мен отбасыларын «халық жауы» деген аттан тазартуға, қолдау көрсетуге көмектесу болып табылды. Сонымен қатар, тарихи ағартушылық қоғамдық «Әділет» қоры Алматы қалалық кеңесінің атқарушы комитетінің шешімімен тіркеліп, құрамында 27 адам бар 7 комиссия құрылды, олардың міндеті: тоталитарлық кезеңдегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам, мемлекет қайраткерлері мен жазықсыз жапа шеккен қарапайым еңбеккер халықтың есімін мәңгі ұмытпай сақтау, құрметтеу, еске алу, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу болып табылды. Осыған байланысты К. Нұрпейіс басшылығындағы қор Ұлттық апат құрбандарын еске алу мақсатымен Республика шеңберінде іс-шаралар жүргізуге бастамашы болып отырды. Мысалы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы үш жыл бойы мектеп оқушыларын тарихи-зертеушілікке баулитын «Тарихтағы адам. Қазақстан. ХХ ғасыр» деген тақырыппен байқау өткізгенде, байқауға қатысушылардың едәуір бөлігі ауылдарында орын алған аштық қасіреті іздерін өз отбасыларында болған оқиғалармен, қарт ардагерлер естеліктерімен есте қаларлықтай жаңғыртып отырды. Балалардың ізденушілік жұмыстарына ұстаздары, тарих пәнінің мұғалімдері жәрдемдесіп отырды [27]. Осындай шараларға байланысты К. Нұрпейіс: «Ел ішіндегі қазынаны мұражайларға осындай жолмен жиюға тырысу жөн. Ортақ іске ғалымдардың, қаламгерлердің, барша көкірегі ояу азаматтардың ат салысатынына күмән жоқ. Шежірешілер бұл орайда танымды мағлұматтар береді. Ұлттық Апат құрбандарының есімдерін атап қаралы тізім жасауды көздейтін арнайы акция бастау ләзім. Аштан қырылған адамдардың аты-жөндерін қалпына келтіруге бүкіл халық атсалысады: шежірешілер, отбасылық, әулеттік мұрағат иелері, тарихшылар, әуесқой зерттеушілер, естелік жинаушылар өз деректерімен мұражай қорын сөзсіз толықтырып отырады. Ұлттық Апат құрбандарына тағзым ету, қолдан туғызған ашаршылықтан қырылғандарды атап еске алу жүргізіліп отырса, бүкіхалықтық іске айналатын болады»,-деген үлкен ой тастайды.
Ғалым шығармашылығындағы айырықша атап көрсететін жайт – Алашорда тарихы академиктің зерттеулерінің басты бағыттарының бірі болды. К. Нұрпейіс газет тілшісінің: «Бұрынғы кезде Алаш жайлы айтпақ түгілі, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін де жариялай алмай жүрдік емес пе?»- деген сауалына: «Өлең өз алдына. Екеуміз де идеологиялық тоқпақтың астында өстік: не болса да, таптық тұрғыдан зерттеу мәселесі туымыз болды. Сонда революция, азамат соғысына байланысты мақала жазсақ, неге алаш қозғалысын сынамайсың деп шыға келетін. Міне, сондықтан да Алаш қозғалысын зерттеу онша оңайға түскен жоқ. Міне, осы іске 1990 жылдан бастап кірістім. Қайта құру, егемендік алу сияқты елеулі өзгерістер зерттеу жұмысына көп мүмкіндіктер ашып берді. Сонда мен академия басшыларының, институт жетекшісі академик М. Қозыбаевтың толып жатқан жазған хаттары және телефон соғу арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде жарты жылдай отырдым. Сонда Алаш қайраткерлеріне 1930-1932 жылдары екі рет сот процесі болғандығына көзім жетті. Соның бірінде Ахмет Байтұрсынов бастаған 40-тан астам адам сотталған. Екінші сот процесінде Мұхамеджан Тынышбаев бастаған зиялы қауым халық жауы ретінде айыпталған екен», - деп байыпты жауап қайтарады. Осылайша, тарих ғылымының майталманы К. Нұрпейіс тәуелсіздік таңында төл тарихымыздағы ешкімнің тісі тие қоймаған соны алқабы – Алаш һәм Алашорда тарихын зерттеуге бой ұрды. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Алаш партиясының рөлі мен орнын тиянақты әрі байыпты саралауды алғаш қолға алғандардың бірі болды. Өзінің «Алаш һәм Алашорда» деген еңбегінде кеңес өкіметі кезінде 60-жылдан астам зерттеуге тыйым салынған Алаш һәм Алашорда тарихының деректемелік негіздері, ұлттық-демократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық мақсат-міндеттері, мемлекеттік құрылым ретіндегі Алаш автономиясының ұйымдасуы, Алаш орданың нақтылы іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда сөз етеді. Сөйтіп, қалың оқырман ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінің біразы Алаш партиясы мен Алашордаға тікелей байланысты екенін бағамдай түседі [12]. Балалық шақтың қызығын көрмей өскен Кеңес Нұрпейістің тарихқа пейіл білдіруінің өзінде кеңестік зұлмат саясаттың табы жатты. Бүкіл саналы ғұмырын қазіргі ҰҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институмен байланыстырған ғалым көп жылғы зерттеу жұмыстарының қортындысындай «Алаш һәм Алашорда» монографиясын жариялау арқылы өзінің әкесі секілді жазықсыз жазаланған талай-талай ұлт зиялыларының тағдырын халыққа жария етті. Ол еңбек мынадай сөздермен басталған-ды: «Әкімшіл-әміршіл жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған әкем Нұрпейістің рухына бағыштаймын». Бұл - әке парызын ақтаған парасатты ұлдың сөзі еді [28, 76].
Тарихи білімді негізгі
таратушылардың бірі бола отырып, өзге
тарихи зерттеулермен қатар, Кеңес Нұрпейіс
өзінің «Кіші Отанының», яғни Жетісудің
тарихына да үлкен көңіл бөледі. Оның шығармашылығы
мен зерттеулерінің оқырмандар мен құрметтеушілер
ғалымның туған жерге деген сүйіспеншілігіне,
өзі таңдаған ғылымына деген адалдығына
тамсанады. Ол Кеген, Қарқара және Нарынқолдың
көне және қазіргі тарихы жөніндегі зерттеулердің
авторы. Сондай-ақ, 1916 жылғы Қарқара көтерілісіне
арналған тарихи эсселер, өлкенің танымал
өкілдері – Ақай Нүсіпбеков,
К. Нұрпейіс кең ауқымды гуманитарлық бағдардағы ғалым қалпынан айнымастан, басқа да қызметтерді қоса атқарды 2003 жылдан бастап тұтастай Жетісуға арналған «Туған өлке» атты тарихи-өлкетану журналының бас редакторы бола жүріп, туған республикамыздың тарихын қашанда ұлттық мүдделер тұрғысынан қарастырды. Кешегі ХХ ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғаларды зер сала зерттеп, 1916 жылғы қазақ халқының патшалық билікке қарсы ұлы дүмпуінің шынайы себептерін, оның ең алдымен отаршылдық езгіге қарсы халық жүрегіне ғасырлар бойы шемен боп қатқан ашу-ызасының орайлы сәтте арнасынан асып, бұрқ еткен алапат тасқыны екенін алғашқылырдың бірі болып дәлелдеді. Бұдан бергі қысыл-таяң кезеңде қолдарындағы қаламы мен қаруларын қатар жұмсап, еліміздің ғасырлар бойы аңсаған азаттығы жолында бітіспес айқасқа шыққан Алаш қозғалысы мен сол асыл мақсат үшін жандарын пида еткен ардагер азаматтар хақында ашық та батыл жазып, еліміз жастарына нағыз табандылық пен туған халқына деген адалдықтың үлгісін көрсетті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда көп өкіметті билік орын алғанын да алғаш дәлелдеген тарихшы К. Нұрпейіс болды [30].
«Туған өлке» (Родной край) журналының Бас редакторық қызметін атқарған
жылдары журналдың мәнді де салмақты болуына
көп ықпал етті. Журналды ұйымдастыруда
талантты ірі ғалымдарды қызықтырып тарта
білген «Алматы облысы мұрағатшылар қоғамының»
төрағасы Ә.О. Жандосовтың, Қазақстан Республикасы
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты
В.И. Макалкиннің, «Зерде» қорының демеушісі
болған Ә. Бәйменов,
Журналдың негізгі міндеті
– мүмкіндігінше, бұрын жарияланбаған,
бұрын баспалардан жарық
Кеңес Нұрпейіс шығармаларының құндылығын арттыра түсетін тағы бір қозғаушы күш – оның қазақтан шыққан тарих ғылымының тұңғыш докторы, талантты тарихшы Е. Бекмахановтың шәкірті болуында дер едік. Ұстазы алдындағы шәкірттік парызын адал өтеп, 2000 жылы «Дискуссия по книге Бекмаханова Е.Б «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» атты еңбекке жауапты редакторлық етті. Аталған стеннограммада 1948 жылдың шілде айында өткен әйгілі тартыс кеңінен сөз болады. К. Нұрпейіс бұл туралы: «Аталған стенограмма ХХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы Республика тарих ғылымының деңгейі мен сол жылдардағы қоғамның саяси-психологиялық жағдайынан хабар беретін өзіндік құжат»,- деген пікір айтады.
Ғалым ұстазы А. Нүсіпбеков туралы «Ұстаз туралы үзік сыр» деген естелігінде: «1948 жылғы 14, 15, 16, 17 және 19 шілдеде, бес күн бойы, Қазақ ССР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында Е. Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты кітабы жөнінде пікірталас өтті. Оған 23 адам қатынасты. Сөйлеушілердің басым көпшілігі кітап авторына буржуазияшыл-ұлтшылдық идеологияны дәріптеуші деп саяси айып тағып, ал оның еңбегін Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын осы тұрғыдан (буржуазияшыл-ұлтшылдық) көрсеткен кітап деп бағалады.
Осы айтыста А. Нүсіпбеков
пен тағы да төрт-бес кісі ғана
Ғалым тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арналған бірқатар телевизиялық құжаттық фильмдер мен радиохабарлар жасауға қатысып отырды. Отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жоғары бағаланып мемлекеттік жоғарғы марапаттарға ие болды және қоғамдық жұмыстарға белсене араласты, атап айтсақ:
- 1976-2006 жж. ҰҒА-ның Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі;
- 1977-1990 жж. «ҚР ҰҒА хабаршысы. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналының редакциялық алқасының жауапты хатшысы;
- 1980 ж. 15 ақпан «Профессор» атағы берілді;
- 1982 ж. 28 желтоқсанда Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті
мен Қазақ ССР Министрлер
- 1989 ж. Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі;
- 1993 ж. Республикалық тарихи-
- 1993 ж. «Қазақ тарихы» журналының редакциялық алқасының мүшесі;
- 1995 ж. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен мараптталды;
- 1997 ж. Әлеуметтік академияның толық мүшесі (академигі) болып сайланды;
- 1998 ж. 11 желтоқсан Қазақстан
Республикасы Президентінің
- 1998 ж. «Отан тарихы»
журналының редакциялық
Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі