Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6
І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14
1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29
ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42
2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57
2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73
Жаратылысы мен тегіндегі талабы Кеңес Нұрпейстің ізденісін арттыра түсті. Нәтижесінде, ғалым 1963 жылы 28 маусымда «Солтүстік-шығыс Қазақстан облыстары Кеңестерінің жұмысшылар мен шаруалар билігін нығайту үшін күресте (1917 ж. ақпан-1918 ж. маусым)» атты кандидаттық диссертациясын өте сәтті қорғап шықты және Біріккен ғылыми Кеңестің мүшелері, майталман ғалымдар: тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Әбішев, тарих ғылымдарының кандидаты, Біріккен ғылыми Кеңестің хатшысы К.А. Ақышев, КазССР ҒА академигі, ҒА вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Байшев, философия ғылымдарының докторы, профессор К.Б. Бисембиев, КазССР ҒА мүше корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Бекмаханов, С.Я. Болатов, тарих ғылымдарының кандидаттары: Г.Ф. Дахшлейгер, Т.Д. Жангелдин, Т.Д. Жұмағазин сынды т.б. ғалымдар Кеңес Нұрпейістің ғылыми еңбегіне жоғары баға беріп, бірауыздан қолдады. Көп ұзамай ғалым Қазақ ССР ҒА-ның қоғамдық ғылымдарының Біріккен Кеңесінің шешіміне сәйкес тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Бұл алғашқы ғылыми жұмыстың жазылып, жан-жақты зерттелуіне ықпал еткен К.Н. Нұрпейістің ғылыми жетекшісі, әрі талантты тарихшы Тәжен Елеуовтың орны ерекше еді. Ғалым өзінің жас, талапты шәкіртін Кеңес Одағының Мәскеу, Ленинград, Орынбор, Омбы, Томбы, Ташкент сияқты ірі қалаларының мұрағаттарына жіберіп, мол құжаттық материалдар жинауына және ғылыми ізденіс жолында тәжірибе алуына үлкен ықпал етті. Республиканың 14 облысын аралап, революцияның шығу тарихын зерттеу мақсатымен ғылыми экспедицияларға қатысып отырды Әсіресе, Кеңес кезеңінің тарихы, ауыл кеңестерінің қызметі мен шаруалардың бұхаралық ұйымдары, кедей-қосшы ұйымдары, жер мен су мәселелері жөнінде революцияға қатысқан көзі тірі адамдардан естеліктер жинаумен айналысып, кәсіби шыңдала түсті. Нәтижесінде, 1963 жылы 5 тамызда Мәскеу қаласына КСРО Жоғарғы және Арнайы Білім Министрлігі жанындағы Жоғарғы Аттестациялық комиссиясына жас зерттеуші Кеңес Нұрпейсовтің жеке құжаты мен 28 маусымда қорғаған зерттеу жұмысының бір данасы жіберіліп, ғалым көп ұзамай-ақ, тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алып, көпшіліктің қызу қолдауына ие болады [12].
Жас ғалым К. Нұрпейістің алғашқы ғылыми зерттеу жұмысына жоғары білікті майталман ғалымдар, Қазақ ССР ғылым Академиясының Біріккен қоғамдық ғылымдары бойынша Ғылыми Кеңесінің мүшелері: тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Әбішев; тарих ғылымының кандидаты, Біріккен ғылыми Кеңестің ғалым хатшысы К.А. Ақышев; ҚазССР ҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы С.Б.Байшев (Біріккен ғылыми Кеңестің төрағасы); философия ғылымдарының докторы, профессор К.Б. Бисембиев; профессор С.Я. Болатов; философия ғылымының кандидаты Т.Д. Жұмағазин; тарих ғылымының докторы Т.Е. Елеуов; заң ғылымының докторы, профессор С.З. Зиманов; ҚазССР ҒА академигі, филология ғылымының докторы Ә.Х. Марғұлан; тарих ғылымының докторы, профессор ҚазССР ҒА мүше корреспондент А.Н. Нүсіпбеков; ҚазССР ҒА академигі тарих ғылымының докторы, профессор С.Н. Покровский үлкен баға берді.
Жас зерттеуші өзінің диссертациялық жұмысында Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарындағы патриархалдық-феодалдық қатынастардың үстем болуына қарамастан, революция қарсаңындағы қазақ ауылдарына біртіндеп және заңды түрде капиталистік қатынастардың әсер ете бастағанын, өлкедегі орын алған әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі елде революциялық және ұлт-азаттық қозғалысының дамуына қолайлы жағдайлар туғызғандығы мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, революцияның объективтік және субъективтік алғы шарттарының пісіп-жетілуі оны нақты әзірлеп, жүзеге асыру міндетін сөз етеді. Ғылыми жұмыста мүмкіндігінше көлемді жиналған мол материалдарды, әсіресе Мәскеу, Алматы, Семей, Омбы сияқты т.б. қалалардың мұрағаттарынан алған құжаттарды ұтымды пайдалана отырып, жергілікті Солтүстік-Шығыс Қазақстан Кеңестерінің Кеңес өкіметін орнату мақсатында қарқынды жұмыс істегендігін жақсы баяндайды. Сондай-ақ, Кеңестендіру көрінісін ауылдық жерлердегі социалистік экономика мен мәдениеттің негізгі ошақтарының пайда болып, жұмыс жүргізе бастауынан көрсетеді. Бұл тақырып терең көңіл аударуды және салмақты ғылыми деректану негізін құруды талап етті. Республикалық қана емес, шет қалалардың мұрағаттарынан алынған құжаттар, мұражайлық, әдебиеттік, статистикалық және басқа да деректердің жүйеленіп ғылыми айналымға енгізілуі зерттеліп отырған тақырыптың қомақтылығын және маңыздылығын арттыра түседі. Сондай-ақ жас ғалымның ғылыми мақалалары алдыңғы қатарлы республикалық басылымдар: «Коммунизм таңы», «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Еңбек туы», «Ленинкичи», «Қазақстан мектебі», «Известия», «Социалистік Қазақстан», «Огни Алатау», «Семей таңы», «Вечерняя Алма-Ата», «Жетісу», «Приуралье» т.б. үнемі шығып отырды [12].
Тарихи әдебиеттерде
50-жылдардың ортасына дейін Сталиннің жеке басына табыну үрдісі
кең етек алып, әсіресе, сол кездері өңірдің
жергілікті Кеңестерінің белсенді ұйымдастырушылары:
С. Сейфуллин, Н. Нұрмақов,
Кеңестік тоталитарлық қоғамның отбасы бірлігін шайқалтып, ұлт санасына сызат түсірген тұстары жеткілікті. Адамды бір-біріне қарсы қою, айдап салудың неше түрлі қитұрқы жолдарын меңгерген кеңестік саясаттың ылаңы да жетерлік еді. Сондай қоғамда өмір сүрген ғалым: «Мен осы уақытқа дейін әкемді «халық жауы» деп жала жапқан қоғамның тарихын дәріптеп келіппін...», - деп [12, 22] сол қоғамның әдлетсіздіктеріне қынжылады.
Көптеген тарихшылар жалпы ғылыми ортаның қолдауына ие болғанымен, жас зерттеушілердің еңбектері, ол авторлардың тағдыры алдын-ала шешіліп қойған еді. Ресми идеологияның шырмауындағы қатып қалған тұншықтыру, жаныштау механизмін тоқтату мүмкін болмаса да, жас тарихшылар өздерінің адал еңбектерімен, талапшылдығымен ғылыми ортада көрініп жатты.
Ал, 1968 жылы орыс тілінде «Қазақстан Кеңестері жұмысшылар мен шаруалар билігін нығайту үшін күресте (1917 ж. қараша – 1918 ж. маусым)» атты монографиясын жариялады. Автор бұл еңбегінде Ұлы Қазан төңкерісінен бастап ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанына дейінгі кезеңді қарастырады.
1972 жылы ғалым «Қазақстанның
Ғалым өз зерттеулерінде Социалистік төңкерістің орнауы кезеңінде болған елдегі түбірлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижелерін, Ұлы Отан соғысының сұрапыл кезеңіндегі халықтың ортақ жеңісі мен жетістігін, жас кадрлардың сапалық құрамын жақсарту, депутаттардың халық алдында ұдайы есеп беру сияқты көптеген мәселелерді алға тартып отырды. Кейін Қазақстан шаруалары мәселесін де терең зерттеп Г. Дахшлейгермен, C. Познанскиймен бірігіп іргелі еңбектерін жариялайды. Алғашқы Қазақ Кеңес энциклопедиясына да қыруар, әртүрлі бағытта мақалалар дайындап, айтулы еңбек сіңірді.
Жастайынан білімге құмартып өскен көрнекті ғалым К.Н. Нұрпейіс институт қабырғасында ғылыми қызметтермен қоса Мәскеу, Лениниград, Орынбор, Омбы, Томск, Ташкент сияқты қалалардың мұрағаттарын екі жыл бойы аралайды. Республиканың түкпір-түкпіріне экспедициялық сапарларға шығып, қариялардың айтқандарын жинап жазып, оларды ғылыми айналымға енгізіп, көптеген құжаттарды құрастырып жеке жинақ қылып шығаруда үлкен іс тындырды. Әсіресе, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының ғалым қызмет еткен «Қазан төңкерісі мен азамат соғысы тарихы» бөлімінің қызметкерлерінің 1959-1960 жылдар аралығында ұйымдастырған Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарына экспедициялық сапарлары үлкен тарихи маңызға ие болды. Институттың ғылыми қызметкерлері 110 елді-мекенді аралап, Қазан төңкерісі мен азамат соғысының 300 тарта ардагерімен кездеседі. Кездесу нәтижесінде облыстың партиялық және кеңестік мұрағаттардан 227 естелік жазылып, бір мезгілде 286 тарихи ескерткіш пен жеке портреттік, топтық суреттер түсіріліп алынады. Экспедицияның қарқынды жұмысы кезінде мұрағат құжаттары арасында қазақ еңбекшілері мен 1918 жылғы алғашқы Кеңес депутаттарының жұмысы туралы құнды деректердің табылуы экспедиция жұмысының материалдарын толықтыра түсті. Жинақта Верный уезі Ботпай болысының ауылдық Кеңесінің және Ақмола уезінің 24 болысы Кеңесінің депутаттар сайлаулары кезіндегі хаттамалары, осы оқиғалардың бел ортасында жүріп, көзімен көрген азаматтардың естеліктері енгізіледі. Бұл өңірлерге Кеңес өкіметінің орнауы туралы естеліктер мен әңгімелер жинағына материалдар жинастырып жазған танымал ғалымдар: М.И. Долженко, К. Бейсекенова, Е. Кушеров, М. Байкенов; «Қызыл партизандары - Березов отряды» туралы мәліметтер жинаған А.С. Елагин, С.Л. Тихоновский мен Е.Н. Тихоновская, А.Т. Шпичко, Г.П. Бровко, Л.Н. Дедкова, С. Демесинова, С. Касиманова, К. Нұрпейсов, Қостанай облысы туралы естеліктерді топтастырған Ф.И. Мирошниченко, Я.Е. Двулучанский, Н. Қазанқапова, М. Байкенов, Н. Кенетаева, К. Нұрпейсов, С. Сұраншиева сияқты т.б. ғалымдардың «Из истории Октябрьской революции и гражданской войны в Казахстане» атты мақалалар мен естеліктер жинағын құрастыруда еңбектері орасан зор [25]. Бұл жинақ екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Қазақстандағы Қазан төңкерісі мен азамат соғысы тарихы мен 1917-1918 жылдардағы Петропавл мен Верный Кеңестерінің, республика ревкомдарының қызметі, облыстардағы халық шаруашылығы мен мәдени құрылыстағы Кеңес өкіметінің алғашқы қадамдары баяндалады. Ал екінші бөлімде, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы Кеңес өкіметін құру жолында азамат соғысына қатысқан ардагерлердің естеліктері жарияланған. Бұл бөлімде, сондай-ақ, Колчак тылындағы Шемонайхин мен Қостанай көтерілісшілері мен партизан қозғалыстары туралы нақты фактілерге құрылған мәліметтер келтіріледі. Жинақ материалдарында Ресейдің шет аймақтарындағы орыс, қазақ басқа да ұлт еңбекшілерінің батырлық күресі баяндалады. Сонымен қатар, «Қазан төңкерісі мен азамат соғысы тарихы» бөлімінің ұйымдастыруымен 1956-1961 жылдары Батыс-Қазақстан мен Оңтүстің Қазақстан өңірлеріне де мемуарлық және құжаттық материалдарды жинау мақсатымен экспедиция ұйымдастырылады. Әр жыл сайын экспедиция құрамында А.С. Елагин, М.А. Байкенов, К. Нұрпейісов, П.И. Тугов, А.И. Цыба, М. Шамшатов, Е.А. Мозгунова, Г. Есенғалиева, А. Оспанов сияқты бөлім қызметкерлері болды. Сонымен бірге, 1952 жылы КазақССР Ғылым академиясының ұйымдастыруымен 1916 жылғы көтеріліске және Қазан төңкерісі мен азамат соғысына байланысты жаңа материалдар мен деректер жинау мақсатымен Торғай жеріне де экспедиция жіберіледі. Экспедиция басшысы болып белгілі ғалым Т.Е. Елеуов тағайындалады. Нәтижесінде Торғай уезінің әскери комиссариатының басшысы болған Амангелді Иманов туралы тың мәліметтер табылады және Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқан азаматтардың жаңа есімдері белгілі болады. Жоғарыда аталып өткен құжаттық мәліметтердің барлығы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының «Труды» жинағына жинақталып жарияланып отырды [18].
Көрнекті тарихшы К.
Нұрпейіс 1978 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
ҚазССР Ғылым Академиясында «
Көрнекті ғалым Кеңес Нұрпейіс ғылыми-зерттеу еңбектері арқылы отандық тарих саласында өнімді де нәтижелі зерттеулерімен мол мұра қалдырды және осы еңбектері үшін 1980 жылы 15 ақпанда ССРО Министрлер Кеңесінің жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен ССРО тарихы кафедрасының профессоры ғылыми дәрежесін алады.
1980-1991 жылдары аралығында
КСРО-ға кіретін мемлекеттер
Шартқа сәйкес Қазақстан ғалымдарының Калифорния университетінің ғылыми мекемелерінде, музейлер мен лабораторияларында бірлескен жұмыстар жүргізуіне американ археологтарының қазба жұмыстарды жүргізу әдістерімен, археологиялық ескерткіштерді өңдеу жолдарымен танысуына мүмкіндіктер жасау көзделді. Осындай екі жақты бірлесіп жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде ғылыми басқосулар – конференциялар, симпозиумдар ұйымдастырылып, мақалалар, монографиялар жазылып, альбомдар шығару жоспарланды және бағдарламаның Қазақстан жағынан жетекшісі М.Қ. Қозыбаев, ал АҚШ жағынан Дженин Дэвис Кимбалл басқарды [26].
1990 жылы жаз мезгілінде
американдық ғалымдар Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісу
Академик К.Н. Нұрпейістің тарихтың әр саласын сөз еткен келелі мәселелерге арналған мақалалары, баяндамалары, ғылыми еңбектері, кітаптары тек елімізде ғана емес шет мемлекеттерге де танымал болды. Осы орайда жазушы Ә. Ибрагимов ғалымның отан тарихындағы еңбегін жоғары бағалап: «Кеңес Нұрпейісұлы Москва, Ереван, Уфа, Сан-Франциско, Беркли сынды үлкен-үлкен қалаларда небір танымал ғалымдар бас қосқан жиындарда баяндамалар жасап, әріптестерін тәнтті етті. Сонау АҚШ пен туысқан Түркия елдеріндегі Қазақстан тарихының жетістіктері жайлы сыр шерткен мән-мағыналы әңгімелері арқылы елі мен жерінің тарихын әлем кеңістігіне насихаттау деген де нардың жүгін көтерер азаматтарға ғана лайықты еңбек»,–деп ғалым еңбегіне жоғары баға береді.
Сонымен қатар, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресейдің ірі қалаларында өткен халықаралық, одақтық және республикалық ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, «дөңгелек стөл» семинарларына қатысып, оқыған баяндамалары, ғылыми хабарлары мен сөйлеген сөздері қоғамдағы өзекті мәселерді қамтыды. Осындай «дөңгелек стөл» сол кезеңдегі Қазақстан Компартиясының Орталық комитеті жанындағы партия тарихы институтының мәжілісінде оқыған «Қазақ ССР-нің территориялық біртұтастығының қалыптасуы», Африка және Азия мәселелері бойынша Ереван қаласында өткен Жалпыодақтық симпозиуымда оқыған «Советский опыт решения национального вопроса и его значение для народов Африки и Азии», Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының ғылыми Кеңесінде оқыған «Роль историков в изучении актуальных проблем истории Казахстана в условиях перестройки», Халық бірлігі және ұлттық тарих жылына арналған «Бекмаханов оқулары» аясында өткен «Түркі өркениеті: тарихы, бүгінгі жағдайы және болашағы» атты халықаралық конференцияда оқыған «Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында)», Жетісулық Алаш арыстары ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы аясында өткен «Бабалар тағлымына – ұрпақтар тағзымы» баяндамалары көптің көңілінен шыққан, келешек зерттеушілерді елең еткізер мәселелерді қамтыды. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда оқыған «О политической группе «Үш жүз» или о такназываемой «Киргизкой социалистической партии» [90] тақырыбындағы баяндамасы көптің талқысына түскен мәселе болды.
Кеңес Одағының ыдырап, социалистік
жүйенің жойылуына байланысты қазақстандық
тарих ғылымының теориялық-
Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі