Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 13:25, реферат
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері
2. Топырақтың адамзат үшін маңызды.
3. Адам топырақты түзуші фактор ретінде
4. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
2. Өсімдік сіңіре алатын формада су болуы тиіс.
3.
Өсімдік тіршілігі үшін
4. Топырақ массасының құрылымы қолайлы болып онтайлы ауа – су режимін қамтамасыз етіп тамырлардын топыраққа жақсы өтуін одан қоректікз аттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.
5.
Өсімдіктер үшін зиянды
Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н.П.Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.
Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.
Қара
топырақтың жыртылатын горизонтындағы
қоректік элементтердің жалпы қоры,
1 га шақанда Н.П.Ремезв бойынша 1952ж.
Элементтер | Мөлшер | Бидайдың орташа түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз ете алады |
Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.
Фосфордың органикалық қоспаларфы және фосфор құрамы минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.
Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тарады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы.
Өсімдіктерге
сіңімді түрдегі химиялық элементтер
құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда
өте аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің
қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім
алу үшін) кейбір қоректік элементтерді
сіңімді формада топыраққа
Оның тағы бір себебі жыл
сайын жиналған өніммен бірге
химиялық элементтер де
келесі 20 жылда 7% - кеміген.
Сондықтан
агрохимия ережесіне сәйкес тыңайтқыш
қолдану ауылшаруашылығы
Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық айналымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді.
Органикалық
минерал тыңайтқыштар қосумен қатар
соңғы жылдары бактериялық
Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.
Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.
Олардың болмауы немесе аз болуы мәдени өсімдіктердің ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі.
Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп кездеседі. (Өңдеу сырқаты деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген.
Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, марганец,молибден және сирек кезесетін элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды.
Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта және өсімдіктерде (жемде)артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі әсер етеді.
Кобалаттің топырақта аз болуынан мал қанында эритроциттер азайып, мал тез ариді (себебі, белок синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған әсер етпейді.
Ұсақ және ірі мүйізді малдың бұл ауруы – акобалатоз деп аталады, ол СНГ, Шотландия, Австралия және т.б. елдерде таралған. Мал шаруашылығына белгілі әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы.
Су өсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дәннен жарып шыққаннан, пісіп жетілгенше үлкен роль атқарады. Түрлі өсімдік дәндері жарылуы үшін түрлі су мөлшері керек:
Бидай үшін – салмағының 45% қызылша үшін - 120% керек. Түрлі мәдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін шығындалған су мөлшері де әр түрлі және 200 ден 1000 т-ға дейін өзгереді.
Мысалы: бидай тоннасына – 500тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су формасын ғана яғни гравитациялық сініліп байланған суды космос күштері кері тарта алмайды.
Сондықтан сінірілген суы 10-15% құрайтын саздың топырақта өсімдік су тапшылығын көреді, ал құмайт топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2% - ке дейін азаяды.
Топырақ ылғалы капилярлық булану барысында азаяды. Ұзын капилярдың болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына әкеледі.
Сондықтан топырақ құрылымын ұсақ кесекті қылу оны құрғаудан сақтайтын тиімді шара болып табылады.
Қуаңшылық аудандарда судың топыраққа мол келуіне бағытталған түрі шаралар жасалады, беткі су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру.
Топырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор. Оттегі микробиологиялық процестер үшін қажет. Топырақтың аэробты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.
Оттегі
күрделі өсімдіктер тамыры үшін қажет.
Тығыз топырақтағы газ
Н.П.Рмезов (1963 жыл) пікірінше оттегі топырақтың барлық көлемінің 8-12% - і болса, топырақ ауасы өсімдіктер үшін қолайсыз әсерін тигізеді, ал оттегі құрамы 5% -тен кем болса, өсімдіктердің көп бөлігі өледі.
Топырақтың оттегімен қамтылуы және газ алмасу деңгейін ұстау топырақ құрылмына тәуелді, ол тамыр қабатының тереңдігін анықтайды, ылғалдың топырақтағы шығынын және бөлінуін реттейді, өсімдіктердің қорек режимін реттейді.
Топырақтың жақсы құрылымды өсімдіктер құлыпты өсуін қажетті шартты болып табылады. Жыртылатын горизонттың онтайлы құрылымы болып есептелетін – ұсақ кесекті түйірлі суға берік құрылым. Топырақ құнарлығына теріс әсер ететін тұздар құрамының көбеюі. Тұз концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы өсімдіктерді мына себептерге байланысты тежейді:
1.
Өсімдік клеткасына су келуі
нашарлап, бұзылады, себебі топырақ
ерітіндсіндегі осмос қысымы
өсімдік клеткасы
2.
Ассимиляция және газ алмасу
процестері бұзылады. В.А.Ховда зерттеуі
бойынша, сортаңдау жағдайында
өсімдіктерге магнии, натридің хлорлы
тұздары көптеп сіңіп, маңызды
химиялық элементтер – кальций,
3.
Сортаңдалу әсерінен өсімдік
анатомиясында күрделі
Топырақтың сортаңдалуымен, сорлауымен күрес, сор топырақтарды жақсарту халық шаруашылығының күрделі де маңызды мәселесі болып табылады.
Топырақ
құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне
емес, оны өңдеу сипатына да байланысты.
Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс
қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық
табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік
түсімі түрінде анықталды. Тиімі
құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты
ұтымды өңдеуге және т.б. шараларға
сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді
құнарлылық жасалады:
Табиғи құнарлылық |
Тиімді | Әлеуметті |
Жасанды тиімді құнарлылық |
Ғылым
мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе
дамыған сайын жасанды
Өткен ғасырда «кемуші құнарлық заңы» деген қате және реакцияшыл заң тұжырымдалды. Ол көптеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылды. Ол тәжірибелер кезінде топырақ құнарлығына және өнім түсіміне бір фактордың әсері зерттелді. Мысалы: топырақтағы судың арпа өніміне әсері анықталды. Тәжірибе деректері бойынша топырақ ылғалдығы 60%-ке жеткенше өнім артып отырды, ал ылғалдықты көтерген кезде өнім азайып, 100% ылғалдық кезінде нөлге тең болған.
Мұндай тәжірибелер басқа да өсімдіктермен олардың тіршілігіндегі басқа да факторларға қатысты жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың онтайлы құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен сайын өнім жинау төмендей берген.
Тәжірибе
нәтижесін өндіріске енгізіп, кейбір
зерттеушілер жансақ пікірге: топырақты
өңдеп пайдаланған сайын
В.Р.Вильямс
осындай тәжірибелердің ғылыми негізсіздігін
дәлеледі. Оларды өткізгенде әдістемелік
қателік бар фактодың өсімдік
тіршілігіне әсері алынғанын, тәжірибені
бірнеше фактор мен өткізсе, өнім
өсе түсетіні дәлелденді.
3. Адам топырақты түзуші фактор ретінде.
В.В.Докучаев
деректері бойынша топырақты
құраушы, оның қалыптасуына қатысушы барлық
факторлар ішінде, топырақ түзілуін
мақсатқа сай өзгертуге қабілетті
тек адамзат қоғамы ғана. Адамның
табиғатты өзгерту процесі
Жер өңдеп, егіншілік басталғаннан бері орман аймағын өңдеу үшін от қою қолданды. Бұл кезде орман өртеніп, босаған жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы өртеліп, жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесі – тыңайған жерді қолдану. Бұл жүйе падаланылған жер учаскелері тозған соң ұзақ уақытқа егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз уақыттан соң қайта егіліп пайдаланылады.
Бірте – бірте бос жерлер саны азайып, егіс аралық үзіліс уақыты азаяды (1 жыл). Осылайша жерді пар айдап пайдалану екі және үш ауыспалы геіс қолданылады. Бірақ жерді бұлай күштеп пайдаланутыңайтыш қоспау, агротехниканы төмен деңгейде қодану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты.
Информация о работе Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері