Швейцария

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:40, курсовая работа

Описание работы

Швейца́рия (нем. Schweiz, фр. Suisse, итал. Svizzera, ромш. Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш. Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі

Содержание

Жоспар:
1. Швейцария туралы жалпы мәлімет
1.1 Климаты
1.2 Географиялық орны
2.Әкімшілік бөлінуі
2.1 Экономикасы
2.2 Халқы
3 Швейцария банк жүйесінің ерекшеліктері
3.1Банктік жүйенің швейцариялық стилі

Работа содержит 1 файл

Швейца́рия.docx

— 301.93 Кб (Скачать)

 

3.Швейцария банк жүйесінің ерекшеліктері

 

Банктік құпия туралы швейцариялық ережелер банктерге азаматтардың шоттары туралы кез-келген болмашы мәліметтерді басқа тұлғаларға (мейлі Швейцария азаматы болсын, мейлі шет елдік болсын) жария етуге тиым салады. Банктік құпияларды қорғаудың бұл режимі әлемдегі ең қатал ережелердің бірі болып табылады, оның өзінің тарихи дәстүрлері бар. Сонымен қоса, банктік салымдарды қорғау Швейцария заңнамасымен регламенттелген. Азаматтың шоттары немесе өзі туралы мәліметтерді жария еткен банкирді бірнеше айға бас бостандығынан да айыруы мүмкін.

Швейцария заңы «салықтарды төлеуден жасырыну» (салық декларациясында табыстар немесе мүлік туралы мәліметтерді көрсетпеу) және «салықтық алаяқтық» (жалған құжаттар жасау) ұғымдарын нақты бөліп көрсетеді. Тек салықтық алаяқтық қана қылмыс деп саналады, және банктік құпияны ашып тексеруге және халықаралық заң органдарын шақыру арқылы тергеу жұмыстарын бастауға негіз бола алады. Салық төлеуден жасырыну бар болғаны «әкімшілік заң бұзушылық» деп саналып, тіпті шет елдік үкіметтердің сұранысы бойынша да банктік құпияны бұзуға жеткілікті негіз бола алмайды.

Швейцарияның қаржылық ортасы бірнеше механизмдердің көмегімен азаматтардың салымдары туралы ақпараттарды құпия түрде сақтап отырады: номерлік шот, салымдарды сақтауға арналған сейфтер және азаматтың өзінің банктік операцияларын басқаруға мүмкіндік беретін сенімгерлік. Ескерте кететін жағдай, Швейцария банктері шот иесі туралы толық мәліметтерді қажет етеді. Жасырын атпен банктік немесе депозиттік шоттар ашуға Швейцарияда тиым салынады.

Бір шетінен, банктік құпия қылмыстық жолмен келген ақшаларды қорғай алмайды, яғни заңсыз жолмен табылған қаражаттарды шын қожайынанан немесе пайда болу көзінен жасыру процесін қарастырмайды. Мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмауға бағытталған Еуропадағы ең қатаң заңдар осы Швейцарияда қабылданған. Қылмыстық тергеу кезінде салымдардың және шоттардың құпиялылығы өз күшінен айрылады. Әрине, Швейцария банктері қылмыстық әрекеттермен байланысы бар адамдармен қарым-қатынасқа түспейді.

Швейцариядағы банктік салымдардың құпиялылығына

қандай кепілдік бар?

 

Швейцариядағы банктік құпия жүйесі банктерге клиенттердің шоттары туралы кез-келген ақпаратты жария етуге тиым салатынын айтып кеткен болатынбыз. Банктік құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін банкті түрмеге жауып қоюы, айыппұлдар төлеуге мәжбүрлеуі немесе клиентке келген шығынның орнын толтыруға мәжбүрлеуі мүмкін. Банктік құпия белгілі бір уақытпен шектелмейді, ол клиенттің шоты жабылғаннан кейін де құпия түрінде сақталып қалады.

Банктік құпия банктердің клиенттердің қаражаттарын сақтауға ала отырып, ақпараттардың ешкімге және ешқашан жарияланбайтыны туралы банктердің клиенттерге берген кепілдігі болып табылады. Маұндай міндеттеме банктің барлық жұмысшыларына немесе банкпен қарым-қатынасқа түскен кез-келген тұлғаға да қатысты. Банктік құпия құқығының бірден-бір шынайы, нағыз иесі – бұл клиенттің өзі. Банктік құпия банкті емес, банктің клиенттерінің мүдделерін қорғайды.

Швейцария заңнамасы «банктік құпия» ұғымының санатына жататын мәселелерді тізбектеп көрсетпейді, бұл, өз кезегінде, клиенттердің пайдасына қызмет етеді.

Банктік құпия шоттарды ашумен байланысты барлық қатынастарға, тіпті бұл шоттар шын мәнінде ашылмаған болса да, мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді. Швейцария заңы азаматтарға банкпен қатынастары құпия болуы қажет екендігіне орай құрылады.

Клиент  банктің құпияның бенефициары болып табылады. Клиент – ақпаратты жария етуге рұқсат бере алатын жалғыз тұлға болып табылады. Басқа ешбір жағдайларда, егер заңмен нақты көрсетілмеген болса, банктер клиенттердің құпиясының «пердесін» ашуға құқығы жоқ. Клиент – ақпараттың құпиялылық деңгейін одан әрі қатаңдата түсуге құқығы бар бірден-бір тұлға. Тек клиенттің тапсырысы бойынша ғана банк ақпаратты басқа тұлғаға бере алады, ал өз кезегінде, оның бұл құпияны жария етегу құқығы жоқ.

Банктік құпия әр уақытта сақталуы тиіс, тіпті банкке клиент туралы ақпарат не үшін соншалық құпия екені белгісіз немесе күмәнді болса да, ол құпиялылық шартын міндетті түрде орындауы тиіс.

Ақпарат оның мазмұнына қарамастан құпия түрде сақталады. Құпиялылық шоттың ашылуына, оған қаражаттардың түсуіне, шоттағы қалдықтарға, шот иесінің аты-жөніне, номерлік шотына және басқа да жағдайларға қатысты.

Банктік құпия ешқандай уақыт шеңберімен шектелмейді. Егер клиент шотты жабу туралы шешім қабылдаса да, банктік құпия сақталып қала береді. Сол сияқты, банкир банктен жұмыстан шықса немесе зейнетке шықса, ол өзі білетін ақпаратты өмірінің соңына дейін сақтауға міндетті.

Банктік құпияның күші банк пен клиенттер арасындағы тек іскерлік қатынастарға ғана жүреді. Клиенттің бизнесіне қатысы жоқ, өзіңізден немесе басқа да тұлғалардан алған қоғамдық ақпараттар банктік құпия санатына жатқызылмайды.

Сонымен қатар, клиенттер Швейцария банк жүйесі туралы мынадай жалған ойлардан арылуы тиіс:

    • Швейцария банктерінде шот ашуға тек миллионерлердің ғана қолы жетеді;
    • Швейцариялық банктердегі шоттарға пайыз қосылмайды;
    • Швейцария банктерінде пошта арқылы шот ашу мүмкін емес;
    • Швейцария банктеріндегі шоттарды қолданғаны үшін клиенттер өте үлкен мөлшерде сыйақы төлейді;
    • Швейцария банктеріндегі шоттар тек қылмыскерлер мен диктаторлар үшін ғана қажет;
    • номерлік шоттар жалған атпен ашылады.

 

 

Швейцарияда банктік құпияның қалыптасу тарихы

 

Швейцариялық банктік құпия салымдар туралы мәліметтердің құпиялылығына кепілдік беріп келе жатқанына 300 жылдан астам уақыт өтті.

Женеваллық банкирлер Франция корольдерінің сарайындағы банкирлер ретінде қызмет еткен, және ең бірінші банктік құпия туралы жазбаша мәліметтер 1713 жылға сәйкес келеді. XVI Людовик тұсында швейцариялық банкир Жак Некер тіпті қаржылық ведомстваның бас директоры болған.

1934 жылға дейін банктік құпия туралы ережелер Швейцарияның Азаматтық және Еңбек кодекстерінде қарастырылып келген болатын. Содан кейін сот органдары оларды нормативтік-құқықтық актілермен бекіткен болатын – банктік құпияның бұзылуынан зардап шеккен клиенттер енді банктерден шығынның орнын толтыруды талап етуге және өндіріп алуға құқылы болды.

1934 жылы қабылданған «Банк қызметі туралы» Федералдық заң банктік құпияның қылмыстық-құқықтық ұғым екенін нақты көрсетеді. Осыдан бастап банктік құпияны жария еткен банкирді бас бостандығынан айыру жазасы қолданыла бастады, ал бұл, өз кезегінде, клиенттердің шоттары туралы құпияны сақтау құқығын одан әрі қарай нығайта түсті.

Швейцарияның билік органдарын мұндай қадамдарға итермелеген екі себеп бар:

  • ұлтшыл шпионаждың әрекеттері. 1931 жылғы күйзеліс шет елдік валюталарды бақылаудың күшеюіне алып келді. Гитлердің қабылдаған заңына сәйкес Германиядан тыс жерлерде капитал сақтаған кез-келген неміс өлім жазасына кесілетін. Осының нәтижесінде Германия Гестапосы швейцариялық банктерге шпионаж ұйымдастырған болатын. Алғашқы үш неміс клиенттерінің өлімінен кейін Швейцария Үкіметі банктік операциялардың құпиялылығын күшейте түсу туралы шешім қабылдады.
  • Франция тарапынан болған қысым. 1932 жылы Basler Handelsbank-тің үстінен жүргізілген сот процесінің нәтижесінде 2 мыңнан астам франциялық аристократтардың Швейцария банктерінде шоттары бар екені анықталды. Осыны пайдаланған франциялық «солақайлар» Швейцария банктеріндегі франциялық шоттарды текке бақылауға тырысқан Эррио үкіметінің қатаң бағдарламасына сын таға бастады.

1984 жылы  Швейцария халқының басым бөлігі (73%-дан астам дауыс) банктік құпия режимінің сақталып қалуын жақтап дауыс берген болатын.

 

 

Банктік құпияның құқықтық алғы шарттары

 

Швейцариялық банктік құпия азаматтық құқықта (соның ішінде «Банк қызметі туралы» Заңда да), сонымен қатар қылмыстық құқықта да бекітілген. Демек, құпияны жария еткені үшін банкир екі жазаға бірдей кесілуі мүмкін:

  • біріншіден, «Банк қызметі туралы» Заңға және Қылмыстық кодекске сәйкес ол айыппұл төлеуі немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін;
  • екіншіден, құпияны сақтау міндеттемесін бұзғаны үшін ол клиенттің шығындарын өтеу жазасына кесілуі мүмкін.

Басқа мемлекеттердің билік органдары атынан жүргізілетін экономикалық немесе салықтық шпионаж да қылмыстық жазаға кесілуі мүмкін.

 

 

Швейцариядағы банктік құпия және салық

төлеуден жасырыну

 

Швейцария заңнамасы «салық төлеуден жасырыну» және «салықтық алаяқтық» деген ұғымдарды нақты бөліп көрсетеді.

Салықтардан жасырыну салық органдарына табыстардың немесе мүліктің бір бөлігі туралы мәлімет беруден бас тартуға келіп тіреледі. Швейцариялық билік органдары тарапынан жіберілген кемшілік пе әлде қателік пе, алайда олар мұндай жағдайларды айтарлықтай қылмыс деп танымай, жәй ғана әкімшілік заң бұзушылық ретінде қарастырады. Салық төлеуден жасырыну әрекеттерімен салық органдары айналысады, олар, әдетте, сот процесінде қарастырылмайды. Мұндай әкімшілік заң бұзушылықтар үшін Швейцарияда жәй айыппұлдармен немесе салықтарды өндіріп алумен ғана жазалайды. Швейцариялық салық органдары Швейцария мемлекетінің резиденті емес шет елдіктерге айыппұл сала алмайды. Банктерге салықтан жасырыну жағдайлары туралы билік органдарына жариялауға тиым салынады; олар мұндай жағдайға тек қылмыстық заң бұзушылықтар орын алған жағдайда ғана бара алады.

Салықтық алаяқтық жалған құжаттар жасау немесе құжаттардағы мәліметтерді қасақана бұрмалау арқылы салық салынатын қаражаттарды жасыруға келіп тіреледі. Салықтық алаяқтық қылмыстық тәртіпте жазаланады, ал швейцариялық банктер мұндай жағдайлар туралы Швейцарияның билік органдарын немесе басқа мемлекеттерді хабардар етуге міндетті. Алайда, мұндай қадамға банктер тек сот төресінің бұйрығымен ғана бара алады.

 

 

 

ақшаларды жымқыру

Швейцариялық банктік қоғамдастық - әлемдегі ең ірі ұйымдардың бірі. Оны кейде «лас (қылмыстық)» ақшаларды жасыруға көмектеседі деп кінәләйды. Бұлай деудің басты себебі – банктік операциялардың құпиялылығы. Алайда бұл кінәләулар тек адамдардың өз ойымен шығарған қорытындысы болып табылады. Шын мәніне келгенде, банктік құпия – әділетсіз жолмен жымқырылған қаражаттардың қорғаны емес. Егер ақша Швейцария заңына сәйкес әділетсіз және қылмыстық жолмен табылған деген дәлел көздері жеткілікті болса, онда Швейцария соты шоттың жағдайы туралы толық ақпарат талап етуге немесе заңсыз шотты тоқтатуға бұйрық шығара алады.

Ұйымдасқан қылмыспен және ақшаларды жымқырумен күресу – швейцариялық банктердің ең басты міндеттерінің бірі. Практикада жымқырылған ақшаларды қабылдау және сақтау швейцариялық банктердің мүдделеріне тіпті сай келмейді: олар өздерінің заңдарын бұзатын клиенттердің қаражаттарын қолдана отырып, пайда табуға мүдделі емес. Швейцариялық билік органдарының нұсқаулары бойынша әрекет ете отырып, банктер бұдан бірнеше жыл бұрын-ақ ақшы жымқыру процесімен белсенді күреске түскен болатын. Швейцариялықтар заңнамалық нормалар мен ережелер шеңберінде әрекет ететін қорғаныс механизмдерін жасақтап үлгерді. Олар өз территориясында ақшаларды жымқыруға қарсы көптеген шараларды жүзеге асырды.

 

 

Номерлік  шоттар

 

Номерлік  шот банктік құпия режимін күшейту үшін қолданылады. Шоттың иесі туралы банктің тек бірнеше жұмысшылары ғана хабардар, ал басқа жұмысшылар номерден басқа еш нәрсе білмейді.

Номерлік  шотқа швейцариялық банктердегі басқа да шоттарға қатысты ережелердің күші жүреді. Банктік құпия болып табылатын мәліметтер тек ақшаларды жымқыру күмәні туындаған жағдайда ғана ашылуы мүмкін.

Номерлік  шот  анонимді болып саналмайды –  банк шоттың шын иесі кім екенін барлық уақытта біледі.

Номерлік  шотты ашу кезінде клиенттің аты-жөнінің орнына шот иесін анықтау үшін қажетті цифрлардың жиыны қолданылады. Номерлік шоттар (басқаша атауы «номерлік банктік операциялардың жүйесі») банктің ішкі  кепілдігі болып табылады.

Номерлік  шоттардың тағы бір артықшылығы – олар банктік аударымдардың толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мысалға, Сіздің номерлік шотыңыздан ақша аударғанда, ақша алушы тұлға Сіздің шотыңыздың номерін ғана көреді немесе, кейбір жағдайларда, мынадай белгіден басқа еш нәрсе көрмейді: «Клиенттің атынан қызмет көрсетуші XYZ банкі».

3.1Банктік жүйенің швейцариялық стилі

Швейцарияда банктік құпия, банктік этика және «қашқын» капиталдарды, бірінші кезекте қылмыстық ақшаларды, тартумен байланысты табыстар өзара қалай икемге келеді.

 Қазіргі кезде швейцариялық банктерге банктік операциялардың басым бөлігін жарияламауға, соның ішінде соның ішінде салымдар туралы мәліметтерді толықтай құпия сақтауға заң жүзінде берілетін құқықтар уақыт өте келе ескіріп келеді. Егер жеке банкирлер туралы сөз қозғайтын болсақ, онда олар ерекше жағдайда десек те болады, өйткені акционерлік қоғамдар түрінде емес, серіктестіктер ретінде құрылған, яғни олар өздерінің коммерциялық міндеттемелері бойынша 100%-дық жауапкершілік тартады.

Жекелеген кепілдіктердің аса жоғары деңгейіне қарай бұл банктерге резервтер қалыптастыру талабы қойылмайды. Сонымен қатар, клиенттер тарту мақсатында олар белсенді шараларды жүргізбесе (яғни өз қызметтері мен өнімдері туралы жариялық каналдар арқылы жарияламайтын болса), онда оларға өздерінің қаржы есептерін жарияламауға рұқсат беріледі.

Информация о работе Швейцария