Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:54, курсовая работа
Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)
Кіріспе
І. Шөлдер туралы жалпы түсінік
1.1 Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары
1.2 Шөлдердің географиялық ерекшеліктері
1.3 Шөлдердің жіктелуі
1.4 Шөлдердегі тіршілік
ІІ. Сахара шөліне физикалық-географиялық баға беру.
2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі
2.2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
2.3 Жер бедері
2.4 Климаты
2.5 Су қоры
2.6 Топырақ және өсімдік жамылғысы
2.7 Жануарлар әлемі
2.8 Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара, Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)
ІІІ. Шөл және адам
3.1 «Шөл және адам» мәселесінің экологиялық-географиялық және әлеуметтік- экономикалық аспектісі
3.2 Шөлдерді игеру мәселелері
3.3 Шөлдену және табиғатты қорғау мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Арабия және Нубия шөлдері ежелгі өзендердің құрғақ арналарымен тілімденген. Ніл өзеніңің аңғарындағы грунттық суларда қалың өсімдік жамылғысы қалыптасқан (тамарикс, акация және т.б). Суэцк каналынан Қара теңіздің тропикалық жағалауына дейінгі аралықта – тұрақты жоғары салыстырмалы ауа ылғалдығы тән өте ыстық шөл орналасқан. Жағалаудан сәл оңтүстікке қарай және таулардың беткейлерінде шөлейтті өсімдіктер пайда болады, олар қысты күні түсетін тапшы жауын-шашын есебімен тіршілік жасайды.
ІІІ. Шөл және адам
3.1 «Шөл және адам» мәселесінің экологиялық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық аспектісі
Жоғары да айтылғандай шөлдер ерекше табиғат жағдайларымен ерекшеленеді. Көптеген табиғи үрдістер шөлдерде шұғыл (төтенше) жағдайда өтеді. Осы себептен, экожүйедегі тепе-теңдік жағдайдың бұзылуы кезінде оларға қарқынды реакция тән. Әрбір шөлдегі феномен өз бетімен жер бедеріне, топыраққа, өсімдік жамылғысына, жануарлар дүниесіне, сайып келгенде, адамға және оның шаруашылық әрекетіне әсер етеді. Кейбір шөлдің шұғыл (төтенше) құбылыстары адамзат үшін өте қолайсыз, тіпті қауіпті болып келеді. Олар астық өсімдіктеріне өнімсіз жағдай туғызады, ғимараттарды, жолдарды, құдықтарды құммен басып қалады. Шаңды борандар кәсіпшілік іске кедергі келтіріп, жұмыстарын бірнеше күнге тоқтатады. Шұғыл құбылыстар қыста қатты аяз түрінде байқалады. Олардың ерекшеліктері олар қалыпсыз, аяқ асты болады. Шұғыл шөлді жерлерді адамдар әлі игермеген. Шөлейтті аумақтар мен құрғақ далаларды адамдар бұрыннан игерген, ал шөлді аумақтар қазіргі кезде біртіндеп игеріліп жатыр, онда адамдардың қоныстануы кеңіп келеді. Зонаның игерілуінің маңызды жағдайына пайдалы қазбаларды өңдеу жұмыстары, үлкен ұзындықтағы су құбырлар құрылысы жатады. Сонымен, шөлдің табиғи кешеніндегі пайда болған шұғыл өзгерістер табиғи үрдістер мен антропогендік факторлардың әсерлерінен туындайды. Бірінші жағдайда табиғи орта уақытша өзгертеді немесе түбімен өзгертпейді. Ал адам әсері әртүрлі байқалады: аңшылық шаруашылық жағдайы орта табиғатының өзгеруіне жай әсер етсе, сол немесе басқа аудандардағы үлкен көлемде жер жыртып, шаруашылықпен айналысу орта табиғатына тез әсер етеді.
Шөлдердегі адамның әрекеті ХХ ғасырда, әсіресе соңғы он жылдықта жақсы байқалды. Сол кезде өндіруші өнеркәсіп, қалаларда өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, темір жол мен автомобиль жолдарын салудың дамуы шөлді қазіргі заман машина техникасына айналдырды. Құмды басып өтетін автожолдардың, ірі магистральды каналдардың құрылысы, газ-мұнай құбырларын салу – бұл тек жаңа техниканы пайдалану арқылы жүзеге асады: тракторлар, бульдозерлар, экскаваторлар және т.б. техникалық құралдар. Пайдалы іс жасай отырып, олар бір уақытта табиғатқа оңай орыны толмас зиян келтіреді: олардың қозғалысы барысында өсімдіктер құртылады, қатайған құмдар қозғаламалы болып кетеді. Оған қоса жел мен ыстық ауа оларды кептіреді де құмдар өзінің сулы-физикалық қасиеттерінен айырылып, олардың астындағы жер асты суларының деңгейі төмендейді. Құмдар шаңды борандар, желдер, құмдақты құйындар тудырады, жолдарды жауып қалады. Тек техногендік күштер ғана осындай жағдай туғызбайды, сонымен қатар, қарқынды табиғатты пайдалану үрдісі шөлдерде шұғыл апатты жағдай қалыптастырады. Жайылым жерлерге ұзақ уақыт бойы мал жая берсе, бұталарды отай берсе, құмдар босаңсып, қозғалмалы болады. Жыртылған жерді үнемі суара берсе, ол жердің топырағы тұзданып, сортаңға айналады.
Сонымен, табиғи және антропогендік факторлар мен үрдістердің әрқайсысы өз бетімен шөлдің табиғи ортасының өзгеруіне әсер етеді. Әрине, бұл жағдайда техногендік күштердің әсері басым. Сондықтан шөлдегі шаруашылық әрекет басқа ландшафттармен салыстырғанда табиғатты қорғау жұмыстарымен қатар жүруі керек. Оған деген теріс әрекет қайтымсыз қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Шөлдегі табиғи заңдылықтарды сақтамау, адам шаруашылық пайдалануы мүмкін болмайтындай қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі. Керсінше, ғылыми білімдермен, халық тәжірибесіне сүйеніп, ақылмен жасалған адам әрекеті оған еш зиян келтірмей, табиғат ресурстарын игеруге мүмкіндік береді.
Сахараны
ежелден көшпелі тайпалар
Соңғы жылдары тропиктік шөлдердің көлемі тез өсіп келеді. Сахараның өзі ғана саванналардың көлемі есебінен жыл сайын 1 млн, шаршы шақырымға ұлғаюда. Мұны шөлге айналу немесе шөлдену үрдісі деп атайды.
3.2 Шөлдерді игеру мәселелері
Адамның шөлді игері мәселесі палеолит кезінде басталған болатын. Неолитте адам шөлге үйірлерді жайып, егін шаруашылығы үшін табиғи өзен аңғңраларының учаскелерін пайдаланған.Осылайша Ежелгі Египет пен Ассирияда мәдениет пайда болған. Қола дәуірінде адам шөлді аумақтардан құдықтар қаза бастаған. Жайылымдардың аз өнімділігі мен оларды маусымдық ауыстыру қажеттілігі адамдарды қазіргі кезге дейін сақталған көшпенді мал шаруашылығымен айналысуға әкелді.
Шұрайлы жерлерде егіншілікпен
айналысу бас кезінде екінші
орында болса, кейіннен
3.3 Шөлдену және табиғатты қорғау мәселелері
Соңғы
жылдары жер шарының әр түкпірінен
адам мекендейтін аумақтарға дейін
шөлдердің көбейіп келде
Жер
шарын шөлді аумақтардағы
Табиғи үрдістердің ішіндегі шөлденуге әкелетін аса қауіпті үрдістер:
Шөлденумен күресу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
Бұл ғаламдық мәселенің басты
шешімі - табиғатты қорғау және
шөлдену үрдісімен күресу
Бұл мәселемен күрес бұрыннан жүргізіліп келеді. Жердің шөлденуінің 45 себебінің ішіндегі 87 % -ы адамның суды, жерді, өсімдікті, жануарлар дүниесін, энергияны тиімсіз пайдалануынан туындап отырса, тек 13%-ы табиғи үрдістерге жатады.
Табиғатты қорғау - өте кең ұғым. Оған тек ғана шөлдің нақты бір аудандарын немесе жеке өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша іс-шаралар жатпайды. Қазіргі жағдайда бұл ұғымға табиғатты тиімді пайдаланудың әдістерін құрастыру және адам бұзған экожүйені қалпына келтіру, жаңа аумақты игреу кезіндегі физикалық-географиялық үрдістерді болжау, басқарылатын табиғи жүйе құрастыру кіреді.
Шөлдерді көптген себептер
Қорытынды
«Шөл» деген сөзді естігенде адам бойында қандай да бір таңғарлықтай қызығушылықпен қоса үрейде пайда болады. Ол ешқандай үміт қалдырмайды, мұнда ештеңе жоқ, бірдеменің болуы да мүмкін емес деген түсінікті қалыптастырады. Бұл тірішіліксіз жер, шөл дегенді білдіреді емеспе. Шынында, егер шөл туралы жинақталған мәліметтерді біріктірсе, қуанатындай көрініс пайда болмайды. Су жоқтың қасы, басқа аудандарға жылына орташа есеппен көп метрлі қабатты ылғал түскенде, шөлдерге сол уақытта жылына бір рет бірнеше миллиметр жаңбыр немесе қар ғана түседі, Жазда ми қайнайтындай ыстық, қырық, кейде одан да жоғары градус, бұл көлеңке жердегі көрсеткіш, ал күн шаңқиып шығып тұрған жердегі температураны айтудың өзі қорқынышты, құм беті кей кездері сексен градусқа дейін қызады. Және мұнда топырақтар өте мардымсыз болып келеді, олар көбінесе құм түрінде кездеседі және кей жерлерінде саздақтар, әктас, гипс, сортаңдар кездеседі.
Алайда шөлде туып-өскен адамдар үшін өз жерлері адам мекендеп еңбек ететін басқа да жерлер сияқты тамаша әрі ғажайып болып саналады. Дегенмен, субъективті түрде қарасақ, қалыптасқан көзқарастай, шөл – тіршілік жоқ, сондай бір кедей географиялық вакуум емес. Жалаңаш болып көрінетін құмда, көктем мезгілінде гүлденудің нұр шашуы болады, мұнда да тірішілік әлбетте бар. Жазда ыстық құмға тап болған кесіртке немесе жәндік өліп кететін жерде, жәндіктер мен жануарлардың бірнеше ондаған түрлері мекендейді. Олардың өмір сүру әдістері (тактикалары) жай емес.
Тіпті мүлдем өлі сортаңдардың
ішінде тіршілік бар, тұзды
сортаңдардың арасында
Кейде
флораның бүкіл әлемге өзінің
бар екенін паш ету үшін
жалғыз жасыл туымен
Африка
континентінің солтүстік
Сахараны кейде теңізбен салыстырады. Шөлдің географиясы өте ерекше және ғажайып. Оның алып жатқан ауданының үлкендігі сонша, осының өзі шөлді әйгілі шөл деп атауға тұрарлық. Ол 9-10 млн шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Бұл дегеніміз Лондон қаласынан Канаданың Ньюфаундленд провинциясына дейінгі жол. Және де оңтүстіктен солтүстікке дейінгі шекарасы, Даниядан Туниске дейінгі аралықтан көп.
Информация о работе Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)