Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:54, курсовая работа
Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)
Кіріспе
І. Шөлдер туралы жалпы түсінік
1.1 Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары
1.2 Шөлдердің географиялық ерекшеліктері
1.3 Шөлдердің жіктелуі
1.4 Шөлдердегі тіршілік
ІІ. Сахара шөліне физикалық-географиялық баға беру.
2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі
2.2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары
2.3 Жер бедері
2.4 Климаты
2.5 Су қоры
2.6 Топырақ және өсімдік жамылғысы
2.7 Жануарлар әлемі
2.8 Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара, Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)
ІІІ. Шөл және адам
3.1 «Шөл және адам» мәселесінің экологиялық-географиялық және әлеуметтік- экономикалық аспектісі
3.2 Шөлдерді игеру мәселелері
3.3 Шөлдену және табиғатты қорғау мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кемірушілер – шөлдегі ең қарапайым мекен етушілер. Көбі түнде ғана белсенді, ал күндіз індерінде жатады. Көбінесе олар су ішпейді, өсімдік шырынын қорек етеді. Табиғат орталары көптеген әртүрлі жануарларды ұқсастырады. Африка мен Азиядағы тышқандар, Солтүстік Америкадағы секіретін жануарлар, Австралиядағы кенгрулар бір-біріне ұқсас болғанымен, олар туыстас та емес және әртүрлі құрлықтарда пайда болған.
Шөлде салыстырмалы санаулы ғана жыртқыштар мекендейді: гепардтар, шөл мысықтары, манул, олар да түнде ғана белсенді әрекет етеді.
ІІ. Сахара шөліне физикалық географиялық баға беру
2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі
Саха́ра (араб. صحراء) — Жер бетіндегі ең ірі шөл. Сахара" ежелгі арабтың «ас-сахра» деген сөзінен шыққан, ол «шөл», «шөлді дала» деген мағынаны білдіреді. «Шөлді» сөзінің өзі өсімдікті жазығы жоқ аймақ дегенді мағынаны білдіреді. Өте ежелгі ұғым, «әйгілі» солтүстікафрика шөлі ретінде б.з.д. І ғасырдан бері мерзімделіп келе жатады. Сахара – бұл «шөлді мұхит». Бұл көзқарас саяхатшы-зерттеушілер үшін Үлкен Шығыс Эрг шексіз құмды төбелі шөлі ашылған соң, XVIII ғасырда пайда болған. XIX ғасырдың ортасында Александр Гумбольдт Сахараны Үндістанға дейін созылған құмды шөл деп тұжырымдағанының өзі де жеткілікті. Көптеген тараған көзқарастарға сүйесек, Сахараның жалпы ауданының 20%-ын құмдақты шөлдер алып жатыр. Сахараны көлемі мен бұрынғы тарихына сүйеніп, жиі «әйгілі шөл» деп атайды. Дүние жүзінде бірде-бір шөл өзінің шекарасы, аумағы бойынша Сахараға тең келмейді. Оның шекарасын әртүрлі географиялық белгілерге қарап анықтаған. Осыған орай шөлдің ауданы 6,2 млн шаршы шақырымнан 11 млн шақырымға дейін ауытқиды. Кейбір әдебиет көздерінде 8,6 млн шаршы шақырым, 9 млн шаршы шақырымға жуық деп беріледі. Ол Африка материгі аумағының 30% алып жатыр, салыстырмалы түрде, Бразилияның аумағынан сәл үлкен. Сахара африка материгінің солтүстік бөлігінде орналасқан, Ол Атлант мұхитынан Ніл өзенінің батыс аңғарына дейін 5 мың шақырымнан астам жерге дейін созылған немесе шығыста Қызыл теңіздің жағалауына дейін созылады. Солтүстік шекарасы Сахаралық Атлас тауларының оңтүстік бөлігіне дейін жетеді. Оңтүстік шекара жыл сайын оңтүстікке қарай жылжуда, әсіресе құрғақ жаз кездерінде және ылғалды жылдары солтүстікке қарай бағытталады (Нуакшот сызығы – Пшджикджа - Калета – Асселяр – Адраф – Ифорас – Агадес – Фада). Сахара Сахельге өтеді, ол араб тілінен аударғанда «жағалау» - шөлдің жағасы деген мағынаны білдіреді. Шөлдің оңтүстік шекарасы 16° с.е.-те аз қозғомалы ежелгі құмдақты дюндардан тұрады, оның оңтүстігінде Сахель орналасқан, Сахель – Судан саваннасына өтпелі зона болып табылады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Сахара 2000 шақырымға созылады. Ал батыстан шығысқа қарай 4800 шақырымға созылып жатыр. Сахараны батысында Атлант мұхиты шайып жатса, солтүстігінде ол Атлас тауларымен және Жерорта теңізімен шектседі, ал шығысында Қызыл теңізімен шекстесіп жатыр. Сахара басқа да шөлдер сияқты бұл – шөлдердің топтары, олардың ішінде ірі бірқатар шөлдер ерекшеленеді. Оның шығыс бөлігі Ливия шөлінен тұрады. Ніл өзенінің жағалауында Қызыл теңізіне дейінгі аумақта Арабия шөлі орналасқан, оның оңтүстігіне қарай Судан аумағына кіре берісте Нубия шөлі жатыр. Бұлардан басқа кіші көлемдегі шөлдер де бар. Жоғары да айтқандай Сахар бір типті шөлдерге жатпайды. Дегенмен, көбінесе шөлдер құмдақты-тастақты типті болып келеді. Шөлдердің құрамының ішінде көптеген аймақтар ерекшеленеді: Тенере, Үлкен Шығыс Эрг, Үлкен Батыс Эрг, Танезруфт, Хамада-эль-Хамра, Эрг-Игиди, Эрг-Шеш, Арабия, Ливия, Нубия шөлдері. Сахара біртіндеп оннан астам мемлекеттердің аумақтарын қамтуда - Алжира, Египет, Батыс Сахара, Ливия, Мавритания, Мали, Марокко, Нигер, Судан, Тунис, Чад. Сахараның көптеген кеңістіктерінде халық қоныстанбаған, кейбір жазиралы аудандарында (оазис) адамдар мекендейді. Сахара шөліне жоғары деңгейдегі дүние жүзілік көрсеткіштер тән: Жер шарындағы ең жоғары температура тіркелген; +59°С Алжирда, ең үлкен көлмедегі құмдақты шөлдер - 600 мың шаршы шақырым; Ең аз мөлшердегі жауын-шашын (кейбір аумақтарда мүлде жаумайды); Батыс Сахарадағы ауа температурасының тәуліктік түсуі 30 °С. жетеді. Сахарада жыл сайын 160 мыңдаған сағымдар байқалады.
Сахараның ғарыштағы көрінісі
2.2 Геологиялық құрылы және пайдалы қазбалары
Геологиялық мәліметтерге сүйенсек, Сахара өте ежелгі шөл болып табылады. Сахара түгелімен Африка платформасының шегінде орналасқан, оның көпшілік бөлігі негізгі кристалдық және жанартаулық жыныстардан түзіліп, көлденең тұнба шөгінді қабаттарымен көмкерілген үстірт болып табылады. Кей жерлерде жер бетінде ежелгі қатпарлы жыныстар шығып жатады да, биік таулы қырат құрайды немесе күмбез тәріздес қыраттар түрінде ежелгі интрузиялар шығып жатады. Жер бетінде шөгінді тау жыныстарымен көмкеріліп жатқан жерлерге нағыз куэсталық үстірттер мен жұрнақтары тән.
Сахараның қиыр шығысында, Қызыл теңіз бен Ніл аралығында кристалдық негіз сәл көтеріңкі келіп, кей жерлері мезозой құмтастары қабаттарымен жабылған. Онда биіктігі 2000 м дейін баратын төрткүл үстірттер көтеріліп тұрады, эрозиялық күшті тілімделуден болғандығын дәлелдейтін бұларды терең, құрғақ шатқалдарды кесіп өтеді. Облыстың бұл бөлігі Арабия және Нубия шөлдері деген атаумен белгілі.
Сахара шөлі Сахара плитасында – ежелгі Африка платформасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Плитаның дәл ортаңғы бөілігі батысынан шығысқа қарай Орталық-Сахара көтерілім зонасымен жалғасады, оның беткі бөлігінде докембрийлік кристаллды фундаменті шығады: Регибат массиві батысында Танезруфттық айрық арқылы Ахаггар таулы үстіртінен бөлініп жатыр. Ал шығысқа қарай Тибести, Эль-Увейнат, Эль-Эглаб массивтері және батыстық көтерілім Нубия-Арабиялық қалқаны (Этбай жотасы) жалғасып жатыр.
Көтерілген зонадан солтүстікке және оңтүстікке қарай Солтсүік-Сахара және Оңтүстік-Сахара төмен түскен зоналар орналасқан – бұл платформа фанерозойлық шөгінді жыныстардан тұрады. Бордың ортасына дейін бұл зоналарда конитиненттік қалыңдық жиналған, ол кейіннен (бордың соңы – палеогеннің басы) теңіз жыныстарымен жабылған (және де төмен түскен зоналардың оңтүстік бөліктерінде теңіздік қалдықтардың қуатылығы айтарлықтай кем). Олигоцен кезеңінде теңіз кейін шегінді, ал ежелгі массивтер (әсіресе Ахаггар және Тибести) өте күшті көтерілу үрдістерін бастан кешті. Оңтүстік Сахарада төмен түскен зоналарында сонымен қоса тегіс Тауденни синеклизасы, Кіші-Нигер синклезасы және Чад синклезасы орналасқан.
Платформаның тұрақтылығына байланысты палезой эрасының формациясы көлденең болып қалды және аз өзгерді. Сахараның көптеген аудандары берілген түзілімде мезозой шөгінділерімен жабылды. Шөлдің солтүстік бөліктері берілген түзілімде сонымен қоса созылыңқы ойыстармен және алаптармен байланысты. Шөл платформасының оңтүстік бөлігі ірі алабтар құрған, онда кайнозойлық көлдер орналасқан( мысалы, мега-көл Чад және Унианга-Серрир көлдер топтары.
Сахара аумағы мұнай және табиғи газдың қорына бай (Сахар мұнай-газ алабын және Хасси-Мессауд кен орнын қосқанда) және темір рудасына (Кедиет Иджил), мыс рудасы (Акжужт) шоғырланған. Алтын, вольфрам, уран және сирек металлдардың кен орындары докембрийлік фундаментпен байланысты.
Сахараның батыс бөлігінің геологиялық қалыптасу құрылымы
2.3 Жер бедері
Нілден батысқа таман дүние жүзінде ұланғайыр құм жинақталған Ливия шөлінің үстірті өтеді. Солтүстігінде Сахараның беті бірте-бірте аласарады, онда бірнеше терең ойыстар орналасқан, олардың кейбіреуі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Түбінің абсолюттік белгісі -133 м. Қатты ойысы - Жердегі ең терең құрғақ ойыстардың бірі
Сахараның орталық бөлігін де
кристалдық және
Сахараның қалған бөлігін 300-400 м биіктіктер белең алған. Жер бетін ізбес тасы, құм тас және сазды жыныстадың қабаттары жапқан.
Сахараның көп бөліктері моноклинальды құрылымды болып келеді, де қақсы көрінетін куэсталық кемерлер құрайды. Жер бедердің мұндай типі солтүстік-шығыстан Ахаггар тау қыратын қоршаған Тассилин-Адджер үстіртіне, солтүстікке таман орналасқан Тадемоит үстіртінде, Антиатласты жиектеген Джебель-Бани таулы үстіртіне және басқаларға тән. Сахараның куэсталық жер бедерінің құрылуында тектоникалық және мұзбасудан кейінгі, қазіргі заманға қарағанда анағұрлым ылғалды кезеңде орын эрозиялық үрдістердің рөлі зор.
Сахараның
шөлді үстірттердің бетін
Көптеген уэдтер көлемі мен тереңдігі әртүрлі тұйық ойыстарға аяқталады, бұл да Сахара жер бедері ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Жауыннан соң ойыстар аз ғана уақытқа суға толады. Кейбір ойыстардың (себхтердің) түбін тұз қабыршағы жауып жатады, ал жер асты ағыны барларының түбі тұзданбаған. Ойыстардың пайда болуында тектоника, жер асты эрозиясы үрдістері, карст түзілістері және үріп кетуі рөлін атқарады.
Үйілу үрдістерінің пәрменді түрде жүруі және олардың Сахарадан тыс шықпауы ұлан-асыр кесек материалдардың шоғырланып қалуына әкеп соқты. Шөлдің кейбір бөліктеріне, әсіресе куэста үстірттерді аралығындағы ояңдарға және кең-байтақ шұңқырларға эрг деп аталатын орасан зор мөлшерде дюна құмдарының жинақталуы тән. Қозғалыссыз «өлі», құм учаскелерімен қатар аумақты жерлерді алып жатқан құм дюналары да баршылық, бұлар үнемі басым желдің бағытына қарай көшумен болады. Құм әсіресе Ливия шөлінде өте көп жоғырланған. Дюналардың салыстырмалы биіктігі ондай 300 м жетеді.
Сахараға
малта тастан тұратын
Сахараның да көп жерінде
Сонымен, шөлдің жер бедерінде 500 м биіктіктен аласа ойпаттар кездеседі, ал Атлант мұхитының жағалауы мен Жерорта теңізінің жағалауынада бұл көрсеткіш 200 м жетеді. Ірі көтерілімдер тек Орталық Сахарада Ахаггар таулы үстірті (Тахат тауы, 3003 м) және Тибести (Эми-Куси тауы, 3415 м, Сахараның ең биік нүктесі). Ахаггару және Тибести таулары оңтүстіктерінде Ифорас жазығымен (728 м дейін), Аир (1900 м дейін), Эннеди ( 1310 м дейін) қабысады.
Көптеген ағынсыз ойыстардың кейбіреулері теңіз деңгейінен төмен орналасқан: Шотт-Мельгир Алжирлік Сахарада орналасқан (26 м),Ливия шөліндегі Эль-Файюм, Сива, Каттара (133 м) және т.б.
Ахаггар таулы массиві
Сахарадағы бархандар
Табрарт-Акакус таулары
2.4 Климаты
Сахараның негізгі бөлігінің климаты шөлді, тропикалық, құрғақ және ыстық. солтүстігінде субтропикалық болып келеді. Климатық жағдайлары негізінен жыл бойы әсер ететін солтүстік-шығыс пассаттардың ықпалынан қалыптасады. Сахараның қазіргі аридті климаты 10 мың жыл бойы өмір сүріп келеді; мұздық кезеңде Сахараның климаты анағұрлым ылғалды болған. Тарихқа сүйесек, Сахара халқы тек мал шаруашылығымен ғана емес, сонымен қоса егіншілікпен де айналысқан, оған Сахараның әртүрлі аудандарындағы қабырғалардағы суреттер дәлел бола алады. Ауа құрғақтығы (салыстырмалы ылғалдылық 30-50%), ылғалдылықтың жетіспеушілігі өте жоғары және жоғары буланушылық (потенциальды буланушылық 2500-6000 мм) Сахарының барлық аумақтарына тән, тек жіңішке жағалаулық белдеуден басқа. Жауын-шашын Солтүстік Сахарада тек қысқы мерзімде түседі, ал Оңтүстік Сахарада жазғы мерзімде түседі. Жағалаулық аудандарда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 100-200 мм, Сахараның көп жазықты бөліктерінде 50 мм аз (таулы аудандарда әдете 100 мм де аз түседі), Ал тіпті ішкі аудандарда бірнеше жылдар бойы қатарынан жауын-шашын мүлде түспеуі мүмкін. На вершинах Ахаггара және Тибести тауларының шыңдарына жыл сайын аз уақытқа қар түсуі мүмкін. Жылу режиміне жоғары температура мен өте үлкен тәуліктік және жылдық амплитуда тән. Температурағы абсолюттік максимум 56-58 °С-қа жетуі мүмкін, бұл жер шарындағы абсолюттік минимум болып табылады, ал құмдардың беті 70-80 °С-қа дейін қызады. Орташа айлық ауа температурасы шілде - 37,2 °С (Адрар). Тәуліктік амплитуда 30-50°С-қа жетеді. Қыс айларында ауа анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, өйткені бұл кезде антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20-25°С шамасында тұрады, ал кейде үсіктер байқалады. Сахарада қысқы мерзімнің түнгі уақытында топырақтарда аздап мұз қатады, ал орталық таулы массивтерде түнде температура - 18 °С-қа жетеді. Құм араласқан шаңды желдер байқалады, желдердің жылдамдығы 3-5 м/сек-тан 50 м/сек-қа дейін көтереледі.
Информация о работе Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)