Өрт сөндіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Жер көлемі 89,5 мың гектар. Қорық жерінде табиғаттың барлық белдеулері анық байқалады. Мұнда аптабы ыстығы шөп даланы да, тынық орманды белдеуді де және мәңгілік мұз болған туындраны да кездестіруге болады. Осыған байланысты қорық жеріндегі өсетін өсімдіктер мен мекендейтін хайуанаттар дүниесі түр жағынан бай келеді. Мәселен, қорық аймағында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 590 түрі, мүктердің 107 түрі, (өседі) қынаның 77 түрі және саңырауқұлақтардың 190-ға жуық түрі өседі. Ал, құстардың 170 түрі, сүтқорекілердің, бауырмен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі қорықтық хайуанаттар дүниесін құрайды.

Содержание

І. Кіріспе...........................................................................................................2
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Алматы қорығының географиялық орны, шекаралары................3
2.2. Жер бедері мен климаты..................................................................4
2.3. Өсімдіктер әлемі...............................................................................5
2.4. Жануарлар дүниесі...........................................................................10
2.5. Өзендері мен көлдері.......................................................................18
ІІІ. Қорытынды................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер........

Работа содержит 1 файл

Алматы корыгынын гелграфиялық орны.docx

— 41.67 Кб (Скачать)

Шөл өсімдіктердің  барлығы да ылғал  үнемдеуге бейім. Олардың жіңішке, әрі кішкене  жапырақтары суды  буландырмайды, тереңге кететін ұзын  тамырлары  өте  әріден ылғал тартады.

Көктемде  шөл  танымастай өзгереді. Көктем  жаңбырынан нәр алған құммен саз  қысқа  мерзім өсетін  баданалы қоңырбас, раң, шөл шатыры гүлімен безене түседі. Бұл өсімдіктер  қысқа мерзім ішінде  тіршілік энергиясын  жинап  алуға асығады, бірақ  апрельдің  аяғына дейін гүлдеп бітеді.

Көктемнің  ұмытылмас реңін сирек  кездесетін бұлақтар  маңындағы өзіндік келбеті  бар  кішкентай көгалдар  ғана еске түсіреді. Бұларды жынғыл,  шеңгел нуы қоршап жтады, ал суларында қамыс  өседі. Шөлді өңір құмды –«әнші тау»  төңірегін алып жатыр. Ол –сексеуіл  өскен  құмды  төбелер. Онда  шөлге  тән сорақ,  бұйырғын және жусан  өседі.    

 

 

 

Жануарлар дүниесі

Қорықтың  жер бедерінің күрделілігі, ауа  райының  әр белдеудегі  ала-құлалығы, соған сәйкес өсімдік жүйелерінің  көптігі жан-жануарлар түрлерінің кең  таралуына әсерін тигізеді. Мұнда құстардың 200-ден аса, сүт  қоректі жануарлардан -60, бауырмен жорғалаушылардың -25, насекомдардың 700-ден астам түрі бар.

Алматы  қорығын көруге  бара қалған  табиғат  әуесқойларының көзіне  бірден құстардың  түсері сөзсіз. Әсіресе, орман іші  осы  қанаттылардың неше  құбылтып салған әніне бөленген. Адамға кешкілік құйқылжыған бұлбұл әні, көктемдегі  шырылдан ұшқан торғай үндері үлкен әсер қалдырады.

Әдетте  бұлбұлдарды көктем әншісі деп атайды. Шөлде көктем апрель айларында-ақ гүлдермен  бірге ғайып болады. Бұлбұлдар  тоғайға май айында,  тікендіжиде  хош иісті гүл жарған кезде  ұшып келеді.

Тоғайды бұлбұлдар ғана  мекендемейді. Күндіз  титімдей оңтүстік  кептерлерінің  құлаққа жағымды үндері  торғайлардың әнімен және  қырғауылдардың «таңдай  қаққандай» дауысымен астасады.

Таңертеңгін қаиық бұта, шөп, ну қамыс арасынан  қырғауылдардың «таңдай  қаққан»  тәрізді  дауысы алысқа  естіліп  жатады. Бұл әсем құс  біздің әсеріміздің  жабайы тауықтардың бірі деп саналады. Бірақ, оның  тек қораздары  ғана көркем реңді. Ал мекеннің қауырсыны сұр түсті, сондықтан да ол бұта арасында отырған кезде көзге  байқала қоймайды.

Қорғасындар негізгі  жемін тоғайдан табады. Тікен жиде, зерек  жемістер қырғауылдардың сүйсіне жейтін жемі.

Тоғайда Іле сары шымшығы, Қаршыға тәрізді  мақтан торғайы, сары құйрықты тағанақ, сұр тағанақ,  жабайы кептер,  тағы басқа да ұсақ құстар көп кездеседі.

Өзеннің кейбір саз жерлерінде қарайып ірі  құстар көрінеді. Кейде таяз судан  әрең көрініп тұрған құм саязға  қонып отырады. Ол қазір өте  сирек  кездесетін су бүркіті. Ол Іле  жағалауында  ұя салып, тұрақты тіршілік етеді. Бұл  қуатты жыртқыш құс өзенге жақын  ағаш  басына ұя  салады. Бірақ  су  бүркітінің өзен алқабындағы кіші-гірім жануарлар шек құстарға зияны жоқ, тек  балықпен  қоректенеді.

Су бүркіті- маңғаз құс. Су бүркіті жұп құрып  тіршілік етеді. Әрбір жұптың алма-кезек  пайдаланатын бірнеше ұясы бар  ұялайтын мекені болады. Мекені 1-2 ғана  жұмыртқа табады. Одан бір  айда балапан шығады.

Қорықтың  шырша орманда  самырсын құсы, шырша  торғайы, шиқылдақ торғай, қызылқұрық торғай, тоқылдақтар мекендесе, орманды-дала  белдеуінде кәдімгі мысық торғай, қара  шымшық, бұлбұл, маңбас жапалақ,  қара қарға, үкі кептер,  құр және басқа да  алуан түрлі құстар  тіршілік етеді. Таудың биік құздарында ұлар мен қозықұмай ұшырасады.

Шырша  орманында қаршыға тәрізді жапалақ  ұялайды. Ол әдетте  қураған  ағаштың  басына қонып алып, жемін аңдиды. Тышқанды не құсты көзі  шалса-ақ болды, қаршығаша  шүйіле түседі. Мұның  бәрі күндіз  байқалады. Дегенмен жапалақ  түн құсы ғой. Бірақ, қаршыға тәрізді  жапалақ өзінің барлық  қандастары сияқты емес күндіз де жемін жақсы  аулайды.

Алматы  қорығында  тіршілік ететін құстардың  ерекше  түрі-сусйыл қара торғай. Ол негізінен ағыны қатты  таудан аққан өзендер бойын  мекендейді. Тіршілігінің бәрі  сумен  байланысты. Негізгі қорегі су  насекомдар және олардың ............... болып табылады. Көктемде барлығы  бірлесе  жұптасып, өз  территорияларын  жақсы қорғайды. Ерте көбейеді. Мартта бұлар ұя сала  бастайды. Осы кезде  қоразы көп  сайрап, «күй салтанатын» өткізеді. Сушыл қара торғай ұясын судағы  тастар қуысына немесе  өзен жарқабағына салады.

Алматы  қорығынағы әсем құстардың бірі мысықторғай  немесе сарғалдақ. Әсіресе оның көктемгі көрінісі сұлу. Қорызының түсі айқын  дақ  раласқан қара келеді. Көбею  кезінде мекендерінің арқасы, басы мен мойны жасыл  сары реңді  болады. Олар көбіне  жапырақты  орманды  ұнатады. Сарғалдақ торғайлар ұясын  қайың, тал, алма ағаштарының  бұталарына  аспалы тор  сияқты іліп қяды. Осында көктемде 3-5 жұмыртқа  салып, балапан  шығарады. Мысықторғай  орман мен  бақ ағаштарына зиян  келтіретін насекомдармен қоректеріп, біраз  пайда келтіреді.

Қара  шымшық жапырақты, қылқан жапырақты  ормандарда кездесе береді. Әдетте суға жақын өскен бұтаны  тоғайды  мекендеуді ұнатады. Іле  Алатауында 600-2600м биіктікте  тіршілік етеді. Жаз айларында  жауын құрты,  қоңыздар,  моллюскалармен, ал күз  бен қыс айларында  долана, итмұрын, ұшқат, арша  жемістерімен қоректенеді. Қара шымшық та  орман үшін  пайдалы  құс. Сондай-ақ оның кейбір бұтаны  ағаштардың  жемісін бір жерден екінші жерге  тартуға  септігі бар.

Бұл құста  ұясын ағаш бұтағына, ағаш қуысына  салады. Онда 3-7 жұмыртқа салып көбейеді.

Алматы  қорығында бау-бақша, орман зиянкестерімен  күресте сары  шымшықтың маңызы зор. Олар көбіне ұсақ жәндіктермен  қоректенеді. Бір сары  шымшық тәулігіне  алты  мыңдай ұсақ жәндіктерді ұстап, қорек етеді екен.

Басының екі жағында  ақ дақтары, ал төбесінде  қара «тақиясы» бар бұл құс  ұшқыр қимылдайды,  республикамыздың солтүстік жжағындағы орманды  алқаптарда  мекендейді. Орман  шаруашылығына  және бау-бақшаға өте  пайдалылығын ескере отырып, 1965 жылы Алматы қорығына  үлкен  сары шымшықтың  145 –тейі  жіберілген. Онда ол жақсы  жерсініп, жасыл орман алқабын зиянды  насекомдардан қорғауға үлкен  септігін тигізеді.

Қорық территориясындағы  шырша орманында  тіршілік ететін құстардың бірі бұл-құр. Әдетте құр  Тянь-Шань  тауларында шырша мен  арша өскен  белдеуді  паналайды. Тіршілігінің көбін жерде өткізеді, тек қыста қорегін ағаш  бұтақтарынан теріп жейді.

Құр тіршілігіндегі  тамашалауға тұратын  кезең-оның «күй салтанатын» өткізу уақыты. Қорықтағы  тау жоталарында  көктемнің алғашқы  белгісі сізіле бастасымен-ақ  құр  тобында ерекше  қимыл, абыржу пайда  болады. Апрельдің аяғы-майдың  басында  құрдың қораздары шырша  бұтағында  отырып,  судың бүлкілдеп аққанындай дыбыс  шығарады. Бұл олардың «күй салтанаты» көп ұзамай  басталады  деген хабары. Оған 10-15 құс жиналып, өздерінің «күй салтанатын» өткізеді. Олар ұяға 16-ға дейін ғана  жұмыртқалайды. Қорық территориясында құр біркелкі таралғанымен, қры әлі көбейе қойған жоқ. Сондықтан да бұл ала бағалы құстың санын көбейту үшін қолдан келген  мүмкіндіктердің бәрін  жасауымыз керек.

Іле Алатауы  қойнауындағы шырша орманын мекен  еткен құстың бірі- самырсын құсы. Ол-ұзақтан  сәл кішірек, ақшыл жолақтары  бар, қоңыр қызыл келген құс. Ағаштың  басына шығып отыруды ұнатады. Ұя басар кезде  қалың орман ішінде кетіп, адам көзіне түспеуге  тырысады. Қорықтың қылқан жапырақты  орманында  самырсын құсы көктем мен  жазда  шырша зиянкестері сүрген, бізтұмсық  қоңыздар және ағаш қандласымен  қоректеніп, едәуір пайдасын тигізеді. Күз бен  қыста негізінен, шырша  жаңғағымен  қоректенеді. Самырсын құсының  биологиялық  бір ерекшелігі-қысқа азық қорын  жинады. Самырсын құсы да қорықта жақсы  қорғауға алынған.

Шырша орманына және  құстардан тағы да орман  шымшығын атауға болады. Ол ағаш құстарында 4-6 жұмытқа салып, балапан ұшырады.  Көктем мен жазда самырсын құсы сияқты, ол да  ағашты көп зақымдайтын  насекомдармен қоректенеді, ол орман  үшін пайдалы құс.

Еліміздің  ұлан-байтақ жеріне  көрік беріп, адамдардың  денсаулығын жақсартуына,  тынығуына, ел иелігіне пайда  келтіріп отырған орман шаруашылығының  қанатты достары туралы әңгіме болып  отырғанда осы сұлу  қонысты  мекендейтін тоқылдақ туралы  айтпай кетуге болмайды. Бұл құс ағашта  өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы  қашау сияқты, табандары  қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы  саусағы арт жағына  қарай қайрылып тұрады. Орманшылар  тоқылдақты «орман санитары» деп  айтады. Өйткені, олардың біреуі тәулігіне 700-ге жуық зиянкестерді құртады екен. Сонымен қатар тоқылдақтар тек зиянкес  жәндіктері бар  ағаштардың діңін ғана ойып-сонда  ұя салады. Мұның өзі  орманшыға  қандай ағаштың зақымданғанымен және оларды сақтап қалуға дереу шара  қолдану керектігін дер кезінде ескертеді. Алматы қорығында бұл құстың саны жылдан-жылға артып келеді. Табиғат байлықтарын қорғауға  алудың нәтижесі деп осыны айтуға болады.

Шырша орманында  тау  өзенінің бойын мекендейтін  құстың бірі шырша қайшы ауызының орны ерекше. Бұл құстың бір ерекшелігі-оның көктемде  жұмыртқаламай, қақаған  қыс айларында өсіп-өнуі. Шырша  қайшыауызы қаңар айында жұмыртқадан  балапандарын шығарып өрбітеді. Тағы бір қызығы қыста ұяда жұмыртқасын басып жататын құсқа қоректі үнемі қоразы жеткізіп отырады. Ол қашан  балапандарын  ұшырғанша ұядан шықпайды.

Кәсіптік  маңызы бар  қанаттылардан қорық  территориясында кекілік мекендейді. Сондағы 550-600 граммдай шағын келген бұл құс тас арасынд  өмір сүруге  бейімделген. Кекіліктің негізгі қорегі-тау  өсімдіктерінің жемісі мен  тамырлары. Соғатын кезеңі –қыс айлары. Осы  кезде  кекілік  көбіне таудың күнегей  беткейлерінде болып арнабас, қоңырбас сияқты шөптердің  тұқымын теріп жейді. Міне, осы уақытта қорық  қызметкерлері оларға  үстеме азық беріп, олардың қыстан аман шығуына  жағдай жасайды. Ол әр ұяға 7-ден 20-ға  дейін жұмыртқа салып,  балапан  ұшырады.

Алатау  қойнауындағы  қорықтың субальпі және альпі  белдеуіне көтерілгенде, тек  соларға ғана тән құстар көзге  шалынады. Суальпі белдеуінде арша  бұтақтары төңірегінде ұшып жүрген, арша ементұмсығын сұлулығын қызыға  қарайсың. Бұл қара ала  торғай  үлкендігіндей құс. Негізгі қорегі-тауда  өскен ағаш жемістері мен ұсақ насекомдар. Ұясын арша бұтақтарына  салып, 3-4 балапан шығарады.  Субальпі  белдеуіне тән бұл  сәнді құсты  қорғау керек.

Биік  тау шыңдарында  тіршілік ететін құстың ерекше түрі ұлар. Саслмағы 3 килогорамға  дейін жететін бұл құс көбіне таудың биік тасты  құздарында өмір сүруге  бейімделген. Жылдың көп  уақыттарында ұлар 5-10 нан  топтасып жүреді де, тек  көктемде ғана  жұптасады. Өте сақ құс.

Қорықтың  Іле өзені  бойындағы шөлді  бөлімшесінде қорғауға алынған құстың  бірі қырғуыл. Жетісу қырғауылы біздің елдегі таудың  тұқымдас құстардың  ең ерісі де сұлуы. Шөлді өңірде, сонымен қатар  жылқышы, бұлдырық құстар  тіршілік етеді. Жылқышы-түн  құсы. Қауіпті  сезсе, жерге бұға  қалады. Түсі де мекендеген  ортасына сәкес келеді.  Қорғауғ алынған  учаскеде саны өсіп келеді.

Қорық өңірінде  жартқыш құстардан қаршыға, жағалтай, үкі жаналық кездеседі. Олар ұясын ағашқ  салып,  балапанын сонда басып шығарады. Негізгі  қорегі-ұсақ кемірушілер мен торғайлар. Таудың биік құзырында  өлекселермен  қоректенетін  құмай да тіршілік етеді.

Міне, бұл  айтылған мәліметтер Алматы қорығында  қанатты  достардың көп  екендігін  сипаттайды. Олардың  көбейе түсуі  әдемі орманды оның  зиянкестерінен қорған қалуға әбден  көмектеседі. Оған мысал ретінде  шыныны келтіруге  болады. Кәдімгі қара ала торғай өзінің  балапандарын  қоректендірген кезде  8 мыңдай зауза қоқызын  және оның личинкалармен  құртады  екен.

Қорықт  елік, тауешкі, арқар, марал, қоңыр аю, барыс, сусар сияқты аңдар да бар. Әсіресе,  орманды дала  белдеуінде (2000 м биіктікке дейін) мін көбірек ездеседі. Бұл тұяқты жануар жүзге жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Қыс аймақтарында тау етектерінде  тебіндеп жайылды. Тауда қар қалың түсіп, қыс аса суық болған  жылдары  елікті  қорық  қызметкерлері әр жерге шөп тастап,  үстеме  қоректендіреді. Елікпен бірге тау биігін  жайлаған  хайуанаттың бірі-таутеке. Ол қорықта альпі және  субальпі  белдеулерін қоныыс еткен. Жазда Алатау  қойнауында  мәңгі  мұзғ жақын жүреді де, қысқ қарай  шырша  орманына жақындап жайылады. Бұрын бұл өңірде оның саны өте аз еді, енді міне, қорғауға алудың нәтижесі көрініп-ақ тұр.

Елік  пен таутекеге қарағанда  мұнда  шарам сирек  кездеседі. Ол жапырақты  және қылқан жапрыақты орманды  мекен  етеді. Саны әлі де  шаманы 30- шы жылдары  Іле Алатауында арқар да едәуір кең  таралған болатын. Арқар қорықтық таулы  бөлігінде, тек адамның баруы  қиын кейбір  жоталарда  мекендейді. Қазіргі уақытта  қорықтық шөлді  бөлімшелерінде арқр Кіші және Үлкен  Қалқан  тауларында кездеседі. Бұл  шаңда олар  қоныстанатын 10 мың  гектардай жер болғанымен жазда  су көзінің тапшылығынан әрі азық қорының  жетіспеуінен олар  көршілер-Алтынемен. Матай жоталарына кетіп қалады. Қыстың суық күндері осы аңдар  мекендеген  жерлерге шөп  шашылып, үстеме қоректендіреді.

Биік  тау  құздарын мекен еткен аңның  бірі-барыс. Кейде тау  тұрғындары оны «ілбіс» деп те атайды. Бұл  –бүкіл таулы аймақта  сирек кездесетін және бірте-бірте  жойылып бара жатқан аң. Барыстың саны бүкіл дүние жүзінде  күрт азайып  кеткендіктен ол  қорғауға алынып,  табиғат қорғаудың  халықаралық  «Қызыл кітабына» енгізілген. Тұрғылықты  халық тарихынан да  қамқорлыққа  алынған.

Барыс - ерекше сымбатты, күшті және етті аң. Сондай-ақ мұнда  орман ішінде қорек іздеп  сілеусін де шарлап жүреді.  Соңғы жылдары Алатау  өңірінде  сілеусіннің саны өсіп келе  жатқаны  байқалады.

Шырша орманында, әсіресе, тау  жотасының теріскей беткейінде, т молайып келе жатқан бізді қуантады. Іле Алатауында бағалы тері беретін  бұлғын тіршілік етеді. Ақкіс пен аққалақ та Алатау етегінде көбірек кездесетін жыртқыш аңдар. Олардың мекендері-орман, ал қысқа  қарай іздеп, тау етектеріне қарай  түседі. Қорық жерінде  жыртқыш  аңдардың ірісі-қоңыр аю да  баршылық. Мұнда аюлар қыста тау үңгірлерінде аз  уақытқа  ұйқыға кетеді. Әсіресе, аюды күзде  жабайы-алма мен өрік өскен  бақтарда жиі  ұшырастыруға болады. Оқта-текте бұл шақда қысқыр да кездесіп қалады.

196-1964 жылдары  Іле Алатауының шырша орманына  шиін  жерсіндіреді. Қазіргі уақытта  ол бұл жерге жақсы  көндігін, саны өсіп келеді. Оның негізгі  қоректері-шырша  жаңғағы мен  бүрі.

Информация о работе Өрт сөндіру