Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 13:47, реферат
Корея Республикасының экономикасы қарқынды дамып жатқан әрі күшті экономикалардың бірі деп саналады. Бүгінде Оңтүстік Корея экономикасы – ІЖӨ-нің номинальды көлемі бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің арасында 4-орында. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, қырық жылдан аз уақыттың ішінде Оңтүстік Корея дамымаған аграрлы елден әлемдік экономиканың ең биік шыңына көтерілген елге айналып, теңдессіз серпіліс жасады.
Италиядағы ШОК-тің өзіне тән ерекшелігі - өнеркәсіптік округтер құру негізінде клестерлік даму. Өнеркәсіптік округ немесе кластер әлеуеті мен сыртқы нарыққа шығу мүмкіншіліктері жоғары өнддіріс секторларында мамандану және кооперациялану негізінде жұмыс істейді. Округ қандай да бір өнімнің жекелеген өндіріс фазаларына маманданатын бірқатар ШОК-ті біріктіреді. Шектеулі аумақта орналасқан кәсіпорындардың жоғары тығыздығы кластердің инновациялылық, икемділік, аз тәуекел, транзакциялық және жалпы ұсталымдардың аз болуы сияқты артықшылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өзінің шаруашылық стратегиясы мен менеджментін анықтауда, өндірісі мен өнімдерінің өткізілуін ұйымдастыруда округ салыстырмалы түрде тәуелсіз болып табылады.
Саны 200 жуық округтерде өнеркісіп
саласында жұмыс
7. Түркиядағы ШОК қаржылық қолдау жүйесі
7.1. Түркиядағы ШОК-ті мемлекеттік қолдау
Шағын және орта кәсіпкерлік Түркия экономикасында маңызды рөл атқарады және оның сауда-өнеркәсіптік кешенінің негізін құрайды. 2009 жылғы деректер бойынша Түркиядағы ШОК субъектілерінің саны 2 567 мыңды немесе елдегі барлық кәсіпорындардың 99,9% құрайды. Бұл секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 81% жұмыс істейді. ШОК жиынтықты қосымша құнның 59% шығарады. Жалпы экспорт құрылымының 56% ШОК-тің еншісінде. Пайыздық қатынаста ШОК төмендегі салалар бойынша үлестірілген: сауда – 46,8%, қызмет көрсету – 37,1%, өнеркәсіп – 12,6%, басқасы – 3,5%:
№ |
Кәсіпорындар |
Жұмыскерлер саны |
Жылдық айналым ($ мың) |
Кәсіпорындардың жалпы санындағы үлесі, % |
1 |
Микро |
1-9 |
~ 670 |
95,54 |
2 |
Шағын |
10-49 |
~ 3 350 |
4,03 |
3 |
Орта |
50-250 |
~ 16 770 |
0,35 |
Түркиядағы ШОК-ті анықтаған уақытта кәсіпорындарда жұмыс істеушілердің санын сесптеу – басты қағида: микро кәсіпорындарға жұмыскерлерінің саны 1-9 адам, шағын кәсіпорындарға 10-49 адам, орта кәсіпорындарға 50-250 адам жұмыс істейтін құрылым жатады.
Мемлекет ең алдымен, экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға бағытталған ШОК-ті ынталандыру мен қолдаудың 5 негізгі нысанын қолданады:
1. Несиені құрылған Инвестициялық қордың есебінен ұсыну.
2. Елге кіргізу кезінде Инвестициялық тауарларды кедендік баждар мен басқа да кедендік алымдардан босату.
3. «Инвестициялық жеңілдік» қолдану, яғни, кісіпорынның салық салынатын базасын ШОК қаржы салатын аймақ пен салаға байланысты кәсіпорынның салық салу базасын белгілі сомаға азайту.
4. «ҚҚС төлеуге қолдау көрсетуді» қолдану, яғни, ҚҚС ретінде төленген сомаларды қаражат салынған аймақ пен салаға байланысты ішінара немесе толығымен қайтару.
5. Жеңілдікпен салық салу.
6. ШОК қолдаудың қаржылық емес құралдары.
8. Франциядағы ШОК-ті қолдау жүйесі
8.1. Франциядағы ШОК-ті мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлікті қолдау Франция Үкіметінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Францияның мемлекеттік билік құрылымында кәсіпкерлердің проблемаларымен айналысатын арнайы орган – Шағын және орта бизнес, сауда және кәсіпшілігі бар. Үкімет пен Министрлік мамандары шағын және орта кәсіпорындарына өндірісті ынталандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға көмек беретін түрлі бағдарламалар әзірлеумен айналысады.
Франциядағы ШОК-ті қолдау саясатының
тиімділігін қол жеткізілген
нәтижелерге қарап бағалау
Францияның шағын бизнесіне ірі компаниялармен орнатылатын берік қарым-қатынас тән. Шағын компаниялардың көпшілігі қосалқы мердігерлер: керек-жарақтарды, техникалық, жөндеу қызметтерін жеткізушілер ретінде ірі қомпаниялардың айналасында топтасуы.
Кәсіпкерліктің дамуына
Франциялық салық заңнамасы шағын кәсіпорындарға жеңілдетілген салық салу режимінің қолданылуын қарастырған. Мысалы: қайта құрылған шағын кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға салынатын салықтан және жерлікті салықтардан 2 жылға басатылады. Кәсәпкерлер табыс салығы мен пайданың инвестициялатын бөлігіне салынатын салықтан және жерлікті салықтан 2 жылға босатылады. Кәсіпкерлер табыс салығы төмен мөлшерлемемен төлейді. Өз бизнесіндотаиялық аймақтарда ашуға бел буған кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріліп, тіпті әлеуметтік қамсыздандыру қорларына төлемдерден басатылады. Шағын инновациялық кәсіпорындар жұмысының алғашқы 2 жылында табысқа салынатын толығымен босатылып, мұндай салықты жұмысының 6-жылынан бастап, толығымен төлей бастайды.
Шағын кәсіпорындарды қолдауда 2005 жылы ANVAR Франция Ұлттық инновациялық агенттігін, BDPME шағын және орта бизнесті қолдау банкін және Sofaris Францияның капиталды сақтандыру қоғамын біріктірген OSEO миссиясы: ШОК-ке көмек көрсету және қаржылық қолдау. Компания тәуекелді бөле отырып, ШОК-тің банктермен және инвесторлармен серіктестік қатынастар орнатылуы арқылы қаржыландырылуына қол жеткізуін жеңілдетеді.
OSEO қызметінің негізгі бағыттары:
• инновацияларды қолдау және қаржыландыру, технологиялар трансферті және нақты келешегі бар инновациялық жобаларды дамыту,
• кепілдік беру,
• технологиялар
мен жұмыс циклына банктермен қатар инвестициялар
OSEO өзінің аймақтық желісі арқылы Францияның барлық аймақтарын қамтиды.
Мұнымен қоса, ұйым серіктес банктер шағын және орта кәсіпорындарға берген несиелер бойынша кепіл беруші-кепілгер болып табылады. Бұл орайда, кепілдік несиенің тек бөлігіне ғана (шамамен 40%) берілетіндіктен банктер де несие үшін белгілі бір тәуекелдерге ұшырайды. Егер әңгіме шағын кәсіпорынның ең тәуекелді кезеңі – құрылу кезеңі жайында болса, кепілдік несие сомасының 70% жетуі мүмкін.
ШОК-ті мемлекеттік қолдау жүйесі мемлекетке табыспен дамып келе жатқан кәсіпорындар түсетін салықтар мен мұндай кәсіпорындар қамтамасыз ететін жұмыс орындарының артып келе жатқан саны түрінде кіріс әкеліп, Францияда 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді.