Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 13:47, реферат
Корея Республикасының экономикасы қарқынды дамып жатқан әрі күшті экономикалардың бірі деп саналады. Бүгінде Оңтүстік Корея экономикасы – ІЖӨ-нің номинальды көлемі бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің арасында 4-орында. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, қырық жылдан аз уақыттың ішінде Оңтүстік Корея дамымаған аграрлы елден әлемдік экономиканың ең биік шыңына көтерілген елге айналып, теңдессіз серпіліс жасады.