Орта Азия елдеріннің мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:27, доклад

Описание работы

Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км2.

Работа содержит 1 файл

Орталық Азия (2).docx

— 101.74 Кб (Скачать)

Қазақ мектептерінің жабылуы кеңес  идеологтарының КСРО халықтары одағынан бірыңғай кеңес халқын қалыптастыруға ұмтылысына байланысты болған. Мәдениет және білім беру саласында орыс тілі басты назарға алынды.                                                                                                                         1991 жылы Мәскеудегі қазақ жастарының «Мұрагер» мәдени қоғамы өз жұмысын  бастады. Астанадағы көп ұлтты мегаполис  жағдайында бір-бірімен тығыз қарым-қатынасын  сақтап калу үшін мәскеулік «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырылды (1990 жылы соңы мен 1991 жылы басында). Өткен жылдар ішінде бұл қоғамдар мен бірлестіктер біраз жұмыстар атқарды.                         Ресейде Наурыз тойын жыл сайын  тойлау дәстүрге айналды. Қазақстанмен байланыс орнатуға баса мән берілуде. 1990 жылдың тамыз айында Астраханда Қазақстан өнері мен әдебиетінің  күндері өткізілді. Ресейдің әр түрлі  аймақтарындағы қазақ қоғамдары  мен ұйымдары бір-бірімен тығыз  байланыс орнатып, біріккен ұлттық фестивальдар мен мерекелерге қатысуда. Ресей  Федерациясындағы қазақтар қауымының  өкілдері 1992 жылы 1 Алматыда өткен Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына қатысты.

 

ТМД-да келесі жыл  Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланды

2013 жыл Тәуелсіз мемлекеттер  достастығында Экологиялық мәдениет  және қоршаған ортаны қорғау  жылы болып жарияланды. Осындай  шешім Ашхабадта ТМД елдерінің  мемлекет басшылары отырысында  қабылданды, деп хабарлайды Достастықтың  атқарушы комитетінен.  
 
Отырысқа қатысушылар "Достастықтың мәдени астаналары" мемлекетаралық бағдарламасы туралы ережені бекітті. Сондай-ақ, 2013 жылы осы бағдарламаны Әзірбайжан, Армения, Беларуста жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Және сәйкесінше, Габала, Гюмри, Могилев қалалары Достастықтың мәдени астаналары болып жарияланды.  
 
Отырыс қорытындысы бойынша, 24 құжат бойынша шешім қабылданды. Оны ТМД Атқарушы комитеті әзірледі. Қол қойылған құжаттардың арасында жан- жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамыту туралы және 1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70-жылдығын мерекелеуге дайындық туралы ТМД елдері мемлекет басшылары декларациясы мен басқа бірқатар құжат бар.

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев  көшбасшылар бас қосқан саммитте  қауіпсіздік  мәселесі жайлы айтып,  мәдени һәм  гуманитарлық салаларға аса  көңіл бөлуді  алға тартты. Мемлекет басшысы II Дүниежүзілік соғыста Отанын неміс  басқыншыларынан қорғаған ардагерлерімізді ұлықтауды да естен шығармау керектігін жеткізді. Сондықтан да лайықты шара  бар сән салтанатымен  өтуі қажет деп шешілді. Кеңеске келген  мемлекеттердің барлығы  бірауыздан саммиттың нәтижелі  болғандығын және  ТМД елдерінің  қарым-қатынасы бекемдей түскендігін айтты.

Козидавлат  КОИМДОДОВ, Тәжікстанның ТМД-дағы тұрақты өкілетті өкілі:

- Біз   ынтымақтастықты бекемдей отыра  жаңа белестерді бағындырып атқарылған істерге тоқмейілсімей тек алға жылжуымыз  қажет.  Сондықтан да,  үкімет басшылары бас қосқан  кеңесте талқыланған мәселелер ТМД елдерінің беделін арттырып, аяғына  нық тұруына септігін  тигізетіндігіне күмәнім жоқ.

2012 жылдың  басынан бері Түркіменстан ТМД мемлекеттері ұйымына  төрағалық етіп келді. Ал  бүгінгі кеңес қай елге  болсын маңызды екендігі құпия  емес. Әлбетте,  интеграциялық үдеріспен,  гуманитарлық байланысты нығайтуды ту еткен  қазақстандық жобалар саясаткерлер мен сарапшылар тарапынан қашанда жоғары  бағаланып келеді. 

Армен ХАЧАТРЯН, Арменияның ТМД-дағы тұрақты өкілетті өкілі:

- Біз  бірлесіп, бірігіп әрекет етсек  алынбас қамал жоқ екендігі  белгілі. Сол себепті осы тұрғыда  қазір жан-жақты істер  атқарылуда. Оған  сіздердің  Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың  қосып жатқан үлесі ұшан теңіз. 

 

Қазақстан мен Түркіменстанның  табиғи байлығы мол елдер. Сол  себепті  кеңесте тиімді жобаларды жүзеге асыру  жоспарланды. 2013 жылы төрағалық тізгіні  Беларусь елінің қолына өтеді. Келер  жыл  ТМД-ға мүше мемлекеттер  басшыларының шешімімен «Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау» жылы деп жарияланды.  Кеңес  қорытындысында қаржы нарығы ұйымдары саласындағы ынтымақтастық,  мемлекеттердің қаржылық бақылау  бөлімшелері  басшыларының кеңесін құру туралы және құзырлы органдардың оқу орындарында лаңкестікке қарсы бөлімшелер  мамандарын дайындау мәселелері пысықталып, құжаттар бекіді. Бұл құжаттардың қаншалықты қауқарлы,  я өміршең боларын  енді Беларусь өткізетін басқосуда саралаймыз, бұйырса.  

 

Авторлар: Елдар  Бақпаев, Есбол Мұратұлы,  Юрий Те, Есім Дәркеев, Бақтыбай Шаханов, 24 KZ; Президент Телерадио  кешенінің көмегімен

 


Информация о работе Орта Азия елдеріннің мәдениеті