Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан
табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан),
солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс
бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен
оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның
солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр.
Аумағы 6 млн. км2.
Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн.
км2-ден асады, халқының жалпы саны
60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің
сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында
ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде,
әрі Ресей, Қытай және ТМД-ның басқа да
елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда.
Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы
геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық
Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі
өзіне тән ерекше қасиет – ол ислам әлемінің
бір бөлігі саналады және христиан, буддизм,
индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен
де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс
елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір
қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында
“Орталық Азия елдері Одағын” құруды
ұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының
негізгі стратегия бағыты – саяси, экономикалық,
ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық,
т.б. салалардағы үйлесімділіктерді нығайту,
дамыту болып табылады. [1]
ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУІ
Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында
жасалған материалдық және рухани байлықтың
жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа
мәдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды,
мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады.
Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің,
қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін
көрсетеді.
Өткен замандағы музыка өнерінің негізгі
мазмұны халық мұңы, оның ауыр тұрмысы
еді. Ел мұңы ән мен күй арқылы түрлі музыка
аспаптарының сазымен елден елге, жұрттан-жұртқа
жайылып, өз арнасымен таралып жатты. Оны
таратушылар халықтың ішінен суырылып
шыққан өнер иелері: әнші, күйші, жыршы,
қобызшы, сырнайшы сияқты өнерпаздар болды.
Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған
жер аумағы, солтүстік-шығыста сонау мұзды
мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына
дейінгі ,шамамен алғанда13-14 миллион шаршы
километр аймақты алып жатыр.
Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда
қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып
тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны
тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған
олар оңтүстік шығысында қытайлармен,
солтүстік-батысында славяндармен, ал
оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың
отырықшы мәдениетінің арқасында арасында
дәнекер бола отырып, жан-жақты өркендей
бастады.
Түркі тілдес халықтардың ежелден мекендеп,
қалыптасқан жері Еуразияның дәл кіндік
тұсы Орталық Азия, Оңтүстік Сібір Еділ
бойы және Орал өңірі. Қазір мұнда 40-түркі
тілдес ұлттар мен ұлыстардың 25-нен астамы
тұрып жатыр. Шығыс Сібірдің солтүстігінде
және Кіші Азия мен Қаптауда (қазіргі Түркия
мен Әзірбайжан) жаңа қоныстану аймақтары
пайда болды. Түркі халықтары сонымен
бірге саны көп басқа халықтар арасында
Иранның тау жағында Солтүстік Қаптауда
(Кавказда) Балқан түбегінде және Дунай
мен Дон өзендерінің аралығында шағын
топтар құрып орналасқан Түркілер Ирандар
мәдениетін сусындатып, өз тілдерін, өз
елдігін сақтады. Түркілердің ішінде өзбек
, түрік , әзірбайжан , түрікмен , қырғыз
және қазақ сияқты ірі халықтар мен бірге
шор, долған, қарайым, қыпшақ сияқты ұсақ
ұлыстар да болды. Олардың тарихи тағдыры
мен мәдениеті өз ұлттарына қарай әр түрлі
қалыптасты.
Орта Азия халықтарының көп ғасырлық
дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші
жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады.
Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге
жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан,
Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы
өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында
Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа
ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті
орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік
элементі ретінде қолданылған каллиграфия
да асқан шеберлікке қол жеткізді.
Өзбек музыкасы фольклорлық дәстүрге
өте бай халық . Ежелгі ән жанрлары:катта
ашула (суырыпсалмалық сипаттағы лирикалық
ән), дастан (эпикалық жыр), мақам (бірнеше
бөлімнен тұратын вокальды аспапты шығарма),
лапар (бимен қосылып орындалатын әзіл
сықақ әні). Музыка аспаптары: гиджак(ішкі-ысқылы),
дутар, тарбур, копшай (үрмелі ағаштан
жасалған), карнай (үрмелі жезден жасалған),
доира ,нагара, сафаиль, кайрак (соқпалы)
аспап.
Өзбек-қазақ жерінде өмір сүрген түркі
ғалымдары : Әбу Насыр әл-Фараби, Ибн Сина
, Жәми музыка трактаттарына музыка теориясы
мәселелерін қозғады.
Өзбекстан мен Қазақстандағы философия
мен қоғамдық ой ертедегі Орта Азия мен
Иранда мекендеген халықтардың рухани
мұраларының дәстүрінде қалыптасып дамыды.
Оған ғылыми философиялық ойдың өкілдері
әл-Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, ИбнСина
, Әбу Райхан Бирунилердің ықпалы зор болды.
Алдыңғы қатарлы ұлы ойшыл ақын Әлішер
Науаидың (1441-1501ж.) шығармаларында дамытылды.
Темір мен Темір әулеттері билеген жылдары
«Үндістанға жорық күнделігі», «Темір
жорығы жайындағы кітап», «Шайбанинама»,
«Шайбанияда» т.б. көлемді шығармалар
пайда болды.
Түрікмен халқы музыка өнерінің ежелгі
ескерткіштеріне бай, олар б.з.б ІІІ-ІІ
ғасырларға жатады. Парфиян патшалығының
астанасы - Ниса қаласының орнынан музыкалық
аспапта ойнаушы бейнеленген риктан табылды.
Түрікмен халық аспаптарының кейбір түрлері
эллинистік дәуірлерден белгілі. Түрікмен
жерінде түркі тілдес тайпалардың келуімен
түрікмен халқының қалыптасуына орай
VI-ғасырдан бастап түрікмен музыкасының
негізі қаланды.
ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында өрістеген
түрікмен музыкасы ХІV ғасырда Түрікмен
фольклорында халық хәне халықтық кәсіпқойлық
шығармашылық ерекшеленді. Халық ән өнері
бір дауысты болып келеді. Оның құрамына
той (жар-жар) , бесік жырлары , қыздардың
лирикалық әндері және еңбек әндері енді.
Зікір жанры ерекше көзге түсті.
Түрікмендер көптеген музыка аспаптарын
жасады. Олар: дуптар, гиджак (ішекті), дилли-
тюидук, гопуз (үрмелі) т.б. музыкалық аспаптары
бар.
Қорыта келгенде Түрікменменияда оғыздардың
келісімімен кемелденген орта ғасырлар
кезеңінде (әсіресе ХІ-ХІІ ғ.) феодалдық
мәдениет гүлденіп, өркендей бастады.
ХVІ ғасырдағы қырғыз фольклорының шырқау
биігі - «Манас» эпосы. Манас эпосы туралы
дерек Молла-ад Диннің «Маджмуат» - тау
арих атты еңбегінде ХVІ ғасырда жазба
түрінде ұшырысады. «Манас» эпосынан басқа
«Кердейхан», «Қожаш», «Жаңыл мырза», «Ертөстік»
және т.б. жыр дастандары сақталған. Түркі
тілдес өзге халықтар сияқты қырғыз халқының
фольклорында да аңыз, ертегі, мақал-мәтел,
тұрмыс салт жырлары кеңінен өріс алып
мол дамыған. Қырғыз халқының музыкасы
көбінде фольклорлық тұрғыда дамыды. Вокальдық
музыка бір дауысты ән түрінде орындалды.
Халық музыкасы жеті сатылы диатоникалық
латқа құрылды. Эпикалық және тұрмыс салт
әндері: «Қос-ақ», «Жарамазан», еңбек әндері,
«Күйген», «Секетай», бесік жырлары, әзіл-сықақ,
балалар әндері және т.б.жанрларға бөлінді.
Қырғыз халқының музыка аспаптары: қомыз
(ішекті), қыл қиақ (2-ішекті), ағаш қомыз,
темір қомыз, сырнай, керней, дауылпаз
және т.б.аспаптары бар.
Қырғыз - халық музыкалық мәдениеті негізінен
қомызшылар мен қиақшылар арқылы дамыды.
Сонымен қырғыз халқы шығыстағы түркі
тілдес елдер ішіндегі өзінің мәдениетке
қосқан үлесімен ерекшеленеді.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан
бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ
халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың
материалдық мәдениті мен рухани мәдениетінің
заңды жалғасы және жаңа заман талабына
сай дамып, қалыптасып келеді.
XVIII-XIX ғ. феодалдық - патриархалдық қоғамның
кемшіліктерін айтқан А .Левшиннің өзі
қазақ халқының жаппай өнерлі болуына
таңдана қарап «Адам табиғатынан ақын
және музыкант болып туады» - деп мойындауға
мәжбүр болған.
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің
ежелден келе жатқанын және оның күміс
көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан
күйші болғанын тарихшыларымыз орынды
сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған
түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың
өткен заманда қай бағытта дамығанына
шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға
рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін
білеміз.
Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері
классикалық , халықтың мәдени мұралардың
барлығын игере, халық шығармашылығының
сарқылмас қазынасын түгел пайдалана
отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі
шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.
Қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің
ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра,
қобыз, сырнай тарту, шығармашылық өнерімен
ХІХ-ғасырдың ортасы мен екінші жартысында
қазақ халқының арасынан шыққан өнер тарландарымыз
тамаша әнші композиторлар, жырау, жыршылар
ақын күйшілеріміз аз емес. Олар: Құрманғазы,
Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және
т.б. көптеген ұлы күйшілерімізді айта
аламыз. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің
дамуына зор үлес қосқан әнші композиторларымыз
Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса,
Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре Қашаубаев
сияқты ұлы әншілерімізді мақтан етіп
айта аламыз.
1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар
көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің
жарысында - Одақ халықтарының атынан
қатысып, екінші орынға ие болды.
Әміре тыңдаушыларын таң қалдырып қазақ
мәдениетін әлемге паш етті. Әміре Қашаубаев
бастап берген сонау жиырмасыншы жылдардағы
шет елдерге өнер таныту бүгінгі таңда
үйреншікті жағдайға айналып отыр.
1910-1912ж. бастап қазақ жастары әуесқой
спектакльдер, концерттік бригадалар,
халық ертегілерімен аңыздарына құрылған
инсценировкалар көрсете бастады. Бұл
ұлттық театрдың профессионалды өнер
салаларын құрудағы алғашқы қадамдары
болды.
Қазақ көркем өнерінің қазіргі шеберлері
ұлттық театр мен операның негізін қалаушылар-Ж..Шаин.
Қ.Жандарбеков. Е.Өмірзақов. С.Қожамқұлов.
Қ.Бадыров. Қ .Қ.Байсейітовтар, Ә.Үмбетбаева,
Ш.Байсекова және т.б. көптеген өнер тарландарымыз
бар.
Қазіргі таңда қазақ жастарының музыкалық
мәдениеттері заман талабына сай жаңашылдық
жолдармен өркендеп, адамгершілік рухта,
музыкалы-эстетикалық ауызбіршілік пен
ынтымақта бірге болып келеді.
«Біздің ұрпағымыздың алдында тұрған
міндеттері жауапкершіліктері өте көп.
Біз өз күшімізді, асыл уақытымызды, бойға
біткен талантымызды дұрыс пайдаланып,
қажымай-талмай еңбек етсек қана, ең үлкен
тақырыптарды, ең күрделі жоспарларымызды
жүзеге асыра аламыз» - деп жазды қазақ
қыздарының ішінен шыққан композитор
өнер тарланы Ғазиза Жұбанова.
Адамзат адамзат болып жаралғаннан бері,
бірі қанап, бірі қаналғаннан бері одан
кейін де ұлт, халық ,ел саналғалы бері
қаншама мыңдаған жылдар өтіп келеді.
Жер-Ана перзенттерінің арасындағы туыстықты,
бір-бірінің мәдени рухани дүниесіндегі
үндестіктерден, сыйластықтардан қимастықтар
туып отыр. Ұлы мекен түркі тілдес халықтар
достығы арасында міне бүгінгі таңда яғни
ХХІ-ғасырға аман-есен жетіп ауызбірлік,
ынтымақтастыққа келіп отырмыз.
Мұның бір жолы-халықаралық мәдени қарым
қатынас, оның көпірі-бауырмашылдық . Орта
Азия мен Қазақстанның мәдениеті өркендеп
әлемнің төрінен орын алып, заман талабына
сай үлкен жетістіктерге жетіп отыр.
Бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының достықтары әлемдік арнаны
құрап, рухани байлықтары мен ұлттық сана
сезімдері өрістеп, дамыған өркениетті
халықтар қатарына еніп отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.«Әлем» Алматы-1991ж.
2.П.Момынұлы «Музыкалы-эстетикалық тәрбие»-2000ж.
3.К.Аманжолова «Түркі халықтарының тарихы
№2»-2002ж.
4.«Халық қазынасы»-Алматы-1993ж.
5.«Қазақтың көне тарихы»-Алматы-1993ж. |
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз
етуден бұрын беретін келе қазақ халқын
құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс-
тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер
сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі
қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің
дегендеріне қарамайтын, белгілі бір,
қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда
болады, бұл қатынастар олардың материалдық
өндіргіш күштері дамуының белгілі бір
сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың
жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы,
реалдық базисі болып табылады, осыған
келіп заңдық және саяси қондырма орнайды
және бұған қоғамдық сананың белгілі бір
формалары сай келеді. Материалдық өмірдің
өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік,
саяси және рухани процестерді туғызады.
Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді,
қайта керісінше, олардың болмасы олардың
санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі
Қазақстанның кең байтақ даласын
алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ
аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен
айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені
тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты,
ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне
қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің
өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің
бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы
ірі еңбек бөлінісі деп атады.
Біздің заманымыздан
бұрынғы 1-мың жылдықтың бас
кезінде-ақ қазіргі Қазақстан
жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын
мекендеген, тарихта сақтардеген атпен
белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық
даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс
сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру
және егіншілікпен қатар темір қорыту
біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ
қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасын
кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден
түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта,
садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына
қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
Соңғы жылдары Есік маңынан
(Алматы облысы) табылған сақ көсемінің
киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың
“Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан
әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау)
мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына
ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың
көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды
өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады.
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан,
самұрық құс суретін салу мен олардың
бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған
“Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей
бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің
өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай,
оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын
көруге болады.
Қазіргі Қазақстан жерінде
сақтардан кейін жасаған ежелгі
алғашқы тайпалық бірлестіктер –
үйсіндер мен қаңылылар деуге болады.
Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас
өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары,
солтүстігінде Балқаш көлінен бастап,
Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік
жағалауына дейінгі өлкені алып жатты.
Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен,
ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл
маңында болды.
Қаңлылар - Қаратау өңірі
мен Сырдарияның орта саласын мекен етті.
Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін
көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет
ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің
орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын
мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи
әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар,
ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады.
Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық
және жазба деректерге сүйене отырып,
бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті
сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше
атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан территориясында
әуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына
европалықтарға “ғұндар” деген атпен
мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің
ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың
бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі
мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар
мен асаларды батысқа қарай ығыстырып
жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық
Европаға басып кірді.
Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс
аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы
Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық
және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті.
Қазақстан территориясында жергілікті
тұрғындардың антропологиялық типіне
монғол типтес элементтердің жайылуының
алғашқы күшті толқындарының бірі және
өлкенің бүкіл территориясында түркі
тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың
қысымымен болған шығыс тайпаларының
миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақстан
территориясында бірте-бірте патриархалды
–феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі
феодалдық мемлекеттер құрыла бастады.
Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан
бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық
мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы
(552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген
тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың
бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген
термин тұңғыш рет 542 жылы аталады.
“Түрік” этнонимі алғашқы
кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар
топтағы немесе әскери ақсүйектерден
шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің
семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік
жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша”
шыққан тайпаның символы болған. Бертін
келе сол билік етуші тайпаға бағынышты
болып қалған тайпаларды да көршілері
түріктер деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік,
саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер
аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны
тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы
көсемдерінің бірі Бумын қаған болды.
Оның билік жүргізген кезінде көптеген
көрші елдер түрік өкіметіне бағынды.
Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия)
жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі
қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы
эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді.
Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан
да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
Бірақ бұл ұзаққа созылған
жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған
өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып,
дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси
дағдарыс туып, билікке таласқан өзара
қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік
қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа
бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы
(Орталық Азия), ал екіншісі – Батыс түрік
қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).
Батыс түрік қағандығы яки қағанаты
– Түрік қағандығының негізінде 603 жылы
құрылған ертедегі феодалдық мемлекет.
Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен
Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс
беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың
орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы
еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған,
жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.
Батыс түрік қағанатының негізін
қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған
болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа
ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне
қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі
Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін
тан империясынан қорғау үшін күрескен.
Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған
түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының
құрамына еніп кеткені мәлім.
Батыс түрік қағандығынан кейін
Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет
– Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал
бұдан кейін Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.)
өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан
бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына
дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның
орта және төменгі ағысында және соған
жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде
түркі халықтарының арғы аталарының бірі
– оғыз тайпалары бірлестігі – Оғыз мемлекеті
(ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің
астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы
еді. Бұлар негізінен көшелі тайпалар
саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар
да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент,
Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен
етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына
шыдай алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс
Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі
Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті.
Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық
мемлекеті – Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.)
болды. Қарахан әулеті батысында Амудария
мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап,
шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі
өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді.
Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр
аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде
экономикалық, әлеуметтік және мәдени
жағынан едәуір өрлеу болды.
Батыс Түрік қағанаты ыдырай
бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар
оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар –
ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен
көне тайпалардың бірі екені мәлім.
Қыпшақ қоғамы – ертедегі
феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде
өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап
сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең
алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың
арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды
Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер
деп атаған.
Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда
көшпелі және жартылай көшпелі өмір
сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер,
тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар,
т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес
халықтардың этникалық құрамына негіз
болып қаланды.
ТМД елдерінің мәдениет
және өнер саласындағы ынтымақтастықтары
дамуының өзекті мәселелері Мәскеудегі
Третьяков галереясында талқыланады
Қазанның 4-і күні Мәскеудегі
Третьяков галереясында ТМД елдерінің
Мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі
кеңесінің xxv мерейтойлық отырысы
өтеді. Форумға қатысушылар ТМД елдерінің
мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастығы
дамуының 20-ға жуықu өзекті мәселелерін талқылайды,деп
хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз
қызметі.
Кеңес мүшелері «Достастықтың
мәдени астаналары» атты жобаны қарайды.
Отырыста сондай-ақ
ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы мәдени
мұра нысандарында жүргізілетін қалпына
келтіру және археологиялық жұмыстарға
жастардың қатысу мәселесі талқыланады.
Жастарды мұндай жұмыстарға тартудың
маңыздылығы ЮНЕСКО-ның 2008-2013 жылдарға
арналған стратегиясында да қаралған.
Әлемдік мәдени мұраны
сақтап қалуға қатысты тағы бір мәселе
– сәйкес орталық құру туралы Тұжырымдаманы
дайындау болмақ. Бұл туралы ұсыныс 2011-2012
жылдарға арналған гуманитарлық саладағы
Басым іс-шаралардың жоспарына енгізілген
болатын.
ТМД елдерінің мәдениет ықпалдастығы
бойынша кеңесінің кезекті отырысы
тамыздың 11-інде Душанбеде өтеді
Отырыста «Ықпалдастық күмбезі: кітапхана»
бағдарламасының іске асырылу барысын
қарау жоспарланған. Ол мәдениеттерді
ұлтаралық байытуға ықпал етуге, ғылым,
білім және мәдениет салаларында бірыңғай
ақпараттық кеңістікті құруға тиісті.
Бағдарламаны іске асыру аясында 2008 жылы
Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан,
Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан
ұлттық кітапханаларында 11 виртуалды
залдар ашылды. Беларус Ұлттық кітапханасы
мен Ресей мемлекеттік кітапханасындағы
Диссертациялардың электронды кітапханасы
арасында мерзімі шексіз шарт жасалды.
2009 жылы Қазақстан мен Украинада тағы
4 виртуалды оқу залын ашу ұйғарылған.
2009 жылғы наурызда ТМД елдері кітапханашыларының
кәсіби оқу туры болып өткен болатын. Оған
Әзірбайжаннан, Армениядан, Беларустан,
Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Молдовадан,
Тәжікстаннан және Өзбекстаннан келген
мамандар қатысты. Екі апта бойы олар Бішкектің,
Мәскеудің, Минскінің, Киевтің және Санкт-Петербордың
жетекші кітапханалардағы алдыңғы қатарлы
ақпараттық технологиялар саласындағы
бай тәжірибемен танысты.