Италия

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:36, доклад

Описание работы

Италия – ресми атауы Италия Республикасы, ол Европаның Оңтүстігінде Жерорта теңізінің ортасында орналасқан мемлекет. Мемлекет жергілікті этникалық италика тайпаларының атымен аталады. Мемлекет солтүстік батысында Франция мемлекетімен солтүстігінде Австралия мен солтүстік шығысында Словениямен шектеседі, ішкі шекаралары Ватикан және Сан – Мариномен шектеседі.

Работа содержит 1 файл

Италия каз.doc

— 1,004.00 Кб (Скачать)

    Мраморды  бірнеше жерде өндіреді әсіресе Каррары ауданында. Ал басқа заттарға бай емес. Апулин құрамасындағы көп жылдан бері өндіріп келе жатқан боксит қазір таусылған. Сицилия аралында калий және ас тұзы қоры және асфальтты битум бар. Соғыстан кейінгі жылдарда Падандық біршама мұнай қоры табылған және альпы тау жанамаларынан және Сицилия аралынан Рагузы ауданынан, Сан-Валентино облысынан Абруццо-э-Молизе. Ал Сординия мен Тосконададан Умбрияда аздаған қызғылт сапасы нашар тас көмір бар.

Венеция

(Итaлия)       

Ендігі айтатын қаламыз Венеция, расында да кім-кімге болсын «шіркін», бір көрсе  дегізетіндей. Әлемде мұндай  екінші  шаһар жоқ, және де  Венециядай  соңғы  бес ғасырдан  бері өзгермеген күйінде  тұрған екінші шаһар тағы жоқ. Расында мұнда  бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын.Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа  ғимарат салынбайды, салам  десеңіз  де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ. 

  Венеция – аралдарға салынған қала. Аралдардың ұзын саны –118. Осының өзі  ерекшелік әрине. Бірақ Венецияның басты  ерекшелігі де  бұл емес. Ең таңқаларлығы –сол аралдардың көбінің қолдан жасалғандығында.  Тереңдігі небәрі біржарым-екі метрлік қайраңнан  тереңдігі бес метрге  жететін каналдар қазып, сонан шыққан топырақтан аралдар жасаған..... Адамдар құрлықтан мың –мыңдап ағаш тасып, кесілген ұзын ағаштың ұшын үшкірлеп  алып су  астындағы қопсыма топыраққа қада ретінде қаға берген. Венецияның барша ғимараты түгелдей дерлік  қада ірге тасқа салынған дегенге сенесіз бе? Сену қиын. Сенбеске амалың жоқ. Мысалы бір ғана  Санта-Мария  Делла Салюта  шіркеуінің  ірге тасына  1500 қада   қағылған  екен.      

 Қазір  Венецияны құрлық  пен шағын бұғаздың  үстінен тартылған 4 км жіңішке  жол  жалғастырып жатыр.Қала шетіне жетісімен  автомобилден түсіп  әрі қарай тек қайықпен  жүзесің.,бұл қаладағы көліктің  жалғыз түрі.  «Көше деген, көк өзен» Венецияның көшесі –каналдары. Қалада 175 канал бар. Ең басты су жолы –үлкен  канал. Бұл каналдың бойымен  үлкенді кішілі автобустай катерлер белгіленген маршруттар бойынша жүзіп, аялдамаларға  тоқтап, жолаушыларды  тасымалдап жатады. Өздері оны су трамвайы дейді екен.  Басқа  каналдар  мен  тек  қайықтар  ғана  жүзе алады. Венецияның  ең ерекше экзотикасы да осы. Үлкен каналды бойлап келе жатқанда керемет бір музейдің  залдарында  қалқып  жүргендей күй кешесіз. Каналдың екі жағында сұлу ғимараттар  бірінен  соң бірі жылжып қала береді. Олар Әулие Марияның шіркеуі, неміс сарайы, Калерджи сарайы, Грасси  сарайы (жалпы  қалада 400 астам сарай бар) . 

       Венецияның басты кереметі, әрине Әулие Марк соборы, осы жерде Дождар сарайы да бар. Қала өміріндегі  салтанаттың бәрі осы маңайда өтеді.Венецияда  318 мың адам   тұрады. Қалада халықаралық аэропорт, білім және мәдениет орталығы , өнер академиясы,университет, әйнектен жасалған заттар  музейі бар. 

Информация о работе Италия