АҚШ құрама штаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 08:45, реферат

Описание работы

АҚШ, Америка Құрама Штаттары (ағылш. The United States of America, USA) — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 686.21 Кб (Скачать)

ВАШИНГТОН — АҚШ АСТАНАСЫ

АҚШ-тағы төңкерістен соң мұндағылар қай қаланы астана ету керектігі жайлы мәселемен бастарын қатырыпты. Елдің түрлі қалалары мен өзге бөлігіндегілер де астана мәртебесін алудан үміттеніпті. 
Ақыр соңында жаңа қала тұрғызу қажет деп шешілді. Осыған байланысты Конгресс 1790 жылы астана болуға лайықты қаланың орнын анықтайтын заң қабылдады. Алғаш нысанаға алынған Потомак өзенінің маңайы болды. Христофор Колумбтың құрметіне «Колумбия округі» деп аталған бұл жердің аумағы 26 шаршы шақырымнан аспайтын. Қала АҚШ-тың алғашқы Президентінің құрметіне Вашингтон деп аталды. Президент 1791 жылы астанаға лайық деп қазіргі қала тұрған орынды таңдады. Оған бұл жер аса қолайлы, Потомак өзені де кеме қатынасына тиімді болып көрінді.

Мэриленд  және Вирджиния штаттары бұл жерді федералдық үкіметтің қарамағына берді. Мэриленд шамамен 165 шаршы шақырымын, ал Вирджиния 93 шаршы шақырымын бөлді. Кейінірек, 1846 жылы Вирджиния берген жерлер штаттың талап етуімен өзіне қайтарылды. 
Вашингтон жаңа қаланы тұрғызуға атақты француз инженері әрі сәулетшісі Л Энфанды шақырды. Президент сарайының құрылысы 1800 жылы түгелге жуық аяқталды. Төбенің басына орнатылған «Капитолий төбесі» кейін Конгресс үйіне айналды. Сөйтіп, 1800 жылы Президент Джон Адам және басқа да үкімет адамдары Колумбия округінен орын тепкен жаңа федералдық астана – Вашингтонға орын ауыстырды.

 

 

 

 

 

 

 

Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқан Колумб емес осы үндістер. Бұл атау 15 ғасырда испан теңіз жиїанкездерінің Үнді жерін таптық деген жаңсақ пікірлерінен жергілікті халыққа еуропалықтар тарапынан сырттай таңылған. Жалпы саны 38 млн. адам (2002). Антропол. жағынан Үндістер үлкен моңғол пішіндес расаның америкалық тобына жатады.

Тілі

Лингвистер  Үндістердің тілін ондаған тілдер шоғырына бөледі. Дж. Гринберг, т.б. ғалымдар Үндістер тілін 9 топқа және 1 шеттетілген тілге (Мексикадағы тараска) біріктіреді. Солтүстік және Орталдық Америка Үндістері тілі не-дене (атапаск, навах, апачи, тлинкит, хайда), пенути (майя, какчикель, маме, кекчи, киче, хуастек, михе, цимшиан, т.б.), алгонкин-мосан (алгонкин, сэлиш, кри, оджибве, монтанье, чиппева, т.б.), хока-сиу (хока, ирокез, сиу, т.б.), ацтектаноан (науа, пипиль, шошон, тарахумара, майо, тепехуан, т.б.), макро-ото-манге (сапотек, отоми, миштек, масатек, чинантек, т.б.), макро-чибча (чибча-муиска, ленка, мискито, гуайми, куна, т.б.), ал Оңт. Америкада же-пано-кариб (же, пано, уитото, гуайкуру, бороро, т.б.) анд-экваторлық (кечуа, аймара, араулан, араван тілдері, т.б.) болып бөлінеді. Ең ірі тілдер кечуа, гуарани, аймара. Көпшілік Үндістер екі тілді. АҚШ пен Канадада ағылшын және француз, Латын Америкасында испан және португал тілдерінде сөйлейді.

Тарихы

Үндістердің ата-бабалары кейінгі палеолитте (б.з.б. 30 — 10 мыңжылдықтар) Америкаға Беринг теңізі және бұғазы арқылы Солтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударған. Сол кездегі діни наным-сенімдерді (құдіретке сиыну, ата-баба аруағына табыну, бақсылық, тотемизм, т.б.) ұзақ уақыт бойы сақтап қалған. Еуропа отаршылары келгенге дейін Орталық және Оңтүстік Америка Үндістер өзіндік өркениеттерді (ацтек, майя, инк, т.б.) қалыптастырды.

Мәдениеттi-тарихи облыстар

Отаршылдық қарсаңында Америкада бірнеше тарихи-мәдени облыстар қалыптасты.

  • Теңіз аңшыларының Арктик. облысы (эскимостар, алеуттер).
  • Солтүстік Американың солтүстік-батыс жағалауы — маманданған балық кәсіпшілігі мен теңіз аңшылығының обл. (хайда, тлинкиттер, вакаштар, селистер, т.б.).
  • Калифорнияда — аңшы-балықшылар обл.
  • Канаданың солтүстік және Алясканың ішкі бөлігі — Алгонкин мен Атапаск тайпалары орналасқан облыс.
  • Қазіргі АҚШ аумағының шығыс бөлігінде жер өңдеумен айналысқан отырықшы тайпалар мекендеген (шығыс алгонкиндер, ирокездер, мускогтар) облыс.
  • Американы ашқаннан кейін далалық аймақта бизон аулайтын аттылы аңшылар (сиу, дакота, оседжжер, мандандар, арапахо, чейендер, паундар, кәддо, вичита) обл.
  • Солтүстік Американың оңтүстік-батысы (қазіргі Нью-Мексико, Аризона-Юта, Колорадо штаттары) — суармалы егін шаруашылығы дамыған облыс (Пуэбло, Пима).

Латын америкасы

 

  • Еуропалықтар келгенге дейін Орталық Америка мен Андыдағы Үндістер мәдениеті едәуір өркендеген ел еді. Бұл аймақтың тұрғындары егін шаруашылығының күрделі суландыру жүйесін игеріп, маис, бұршақ, асқабақ, күнбағыс, какао, агава, темекі, мақта, картоп екті. Сонымен қатар мал шаруашылығы, металлургия кәсібі де дами бастаған-ды. Жоғары мәдениет ошағы қалыптасып, балық аулауды кәсіп еткен қала-мемлекеттер пайда болды.
  • Оңтүстік Американың тропиктік бөлігін (Амазонка мен Ориноко алқаптары және Бразилия таулы үстірті) жерді кетпенмен өңдеген тайпалар мекендеді.
  • Аргентина Пампасымен Патагон таулы үстіртін мекендейтін Үндістер мен Солт. Американың далалық аймағындағы тұрғындардың тіршілігінде, мәдениетінде ұқсастық мол.
  • Оңтүстік Американың қиыр түстігі мен Отты жер аралының байырғы Үндістері (она, ямана, алакалуфтар) аңшылықпен айналысып, жартылай көшпелі тіршілік еткен.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, Үлгі:Lang-qu, Үлгі:Lang-grn, Үлгі:Lang-ay, нидер. Amerika) – Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы, ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.

ОББ бойынша Американың саяси  картасы

 

Тарихы

Солтүстік Американың солтүстік  шығыс жағалауы мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылдар шамасында нормандар  ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылдары Христофор Колумб ашты. Бұл дүниенің жаңа бөлігі Италия теңізшісі Америго Веспучидің есімімен аталды. Ол батыс жарты шардағы Христофор Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Христофор Колумб ашқанға дейін Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпалары мен эскимостардан ғана тұратын. Европалықтар келіп үстемдік жүргізгенде, жергілікті халықты адам төзгісіз қуғындау, қанау тәртібін орнатты. Отаршылармен бірге неше түрлі аурулар да келді, одан үндістер көп қырғынға ұшырап, күрт азайды, кейбір тайпалар мүлдем құрып кетті. Олардың орнына Африкадан құлдар әкелінді. Американың қазіргі халқы бұрынғы европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген Африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттың белгілі үш нәсілінің өкілдері ( европеоид, монголоид, экваторлық негр-австралоид )араласып кеткен. Американың әр бөлігінде бұлардың араласу сипаты әр түрлі. Саны жағынан ең көбі-европеоид, оның өкілдері Солтүстік Америка халқының 90 %-і, Оңтүстік Американың 1/3бөлігі. Екінші орында-будандар. Олар-бірқатар елдердің ( Мексика, Орталық Америкадағы елдер, Венесуэла, Парагвай т.б)негізгі халықтары.Үшінші орында-мулаттар. Венесуэланың, Бразилияның, АҚШ-тың, Кубаның Орталық Америкадағы бірқатар елдердің халықтары-солар. Монголоид нәсілінің ерекше тармағына жататын байырғы халық-үндістер. Орталық және Оңтүстік Американың бірқатар аудандарында ( Боливия, Венесуэла, Колумбия, Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика, т.б) сақталған. АҚШ-та, Канадада және т.б елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка халқының басым көпшілігі индоевропа отбасы тілдерінде сөйлейді. Америкада ағылшын тілі, Оңтүстік Америка мен Орталық Американың бірқатар елдерінде испан тілі, Бразилияда португал тілі басым. Канада мемлекетінде екі тілдің бірі -француз тілі, Гайти мен Вест-Индияның ұсақ аралдарында да солай. Үндістер-кечуа, аймара, ацтек және т.б өз тілдерін белгілі бір шамада сақтап қалған, ал Африка халықтарының тілдері олардың этникалық топтарының біреуінде де сақталмаған. Америкадағы ұлттардың сан жағынан көбі:американдар, ағылшын-канадалықтар, мексикандар, бразилиялықтар, колумбиялықтар, аргентиндер, кубалықтар және т.б. Америкада-50 ел бар, 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар.2-ші дүние жүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз өзгерістер пайда болды. Халықтық революцияның жеңуі нәтижесінде Америкада тұңғыш Социялистық мемлекет-Куба пайда болды.

 

ТІЛІ

Ағылшын тілі (ағылш. English) — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі.

Герман тобына ағылшын  тілінен басқа неміс, норуег, швед, недерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атынд. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент. Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том


Информация о работе АҚШ құрама штаттары