Антарктиданың табиғаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны “Арктикос”- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
І тарау Антарктиданың ашылу тарихы
1.1 Географиялық орны........................................................................................5
1.2 Антарктиданың зерттелуі...............................................................................8
ІІ тарау Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары
2.1 Жер бедері........................................................................................................19
2.2 Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары........................................20
2.3 Антарктида сулары.........................................................................................21
2.4 Антарктида климаты.......................................................................................23
2.5 Фаунасы мен флорасы..................................................................................24
ΙΙΙ тарау Антарктиданың экологилық проблемалары
3.1Антарктиданың қазіргі экологиялық проблемалары...................................28
Қорытынды.........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.......................................31
Сурет А....................................................................................,,,,,,,,,....................32
Сурет Б.........................................................................................................,,,.......32
Сурет В..............................................................................................................,,,,,33
Сурет Г...................................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

курсовая работа антарктида.doc

— 279.50 Кб (Скачать)

Шетел  зерттелушілері  де  Артиканы  білуге  ертеден -ақ  ат салысты.

XVI  ғасырда  Португалия  мен Англия  солтүстітікке бірнеше экспедициялар жіберді,бірақ олардың бірде-бірі  Солтүстік Мұзды мұхитқа аяқ баса  алмады.  1527  жылы  Англиядан Рутта мен Торн  басқарған тұңғыш  полярлық  экспедиция  шықты, мұның да  жұмысы   нәтижесіз болды.  Бұдан  төрт  жылдан  кейін  теңізші  С.Каботтың  басшылығымен  Норвегия,  Россия  жағаларымен  жүзіп,  Қытайға  одан  әрі  Үндістанға  барып  қайтуға  үш  кеме  сапарға  шықты.   Олардың  екеуі  Кола  түбегі  маңында  суға  батты  да,  Р.Ченслер  басқарған  үшінші  кеме  адасып  Россияға  келді. Бұл  ағылшынның  Россияға  келген  тұңғыш  кемесі  арқылы  екі ел  арасында  кеме  жолы  ашылып,  сауда,  қарым-қатынас  жасауға  негіз  қалана  бастады.

1594  жылы  Голландия   өз  адамдарын  төрт  кемемен  Қытай мен Үндістанға  аттандырды. Бұл сапарда географ П. Планциустің Солтүстік полюсте мұзсыз  су  бар,  сол арқылы  бар оңай  деп теріс түсіндіруіне  сенген  теңізшілер  апатқа  ұшырады. XVII  ғасырда Арктикадан  зерттеу жұмысы  біраз күшейді.

1607 жылы  атақты  ағылшын   теңізшісі  Г.Гузон  12  адаммен   Арктика  арқылы  Тынық  мұхитқа   шығып,  Жапонияға  бармақ  болды.  Ол  батыл  зерттеп  көп   аралдарды  ашып,  80  солтүстік   ендікке  дейін  барып   қайтты.  Кейіннен  1611  жылы  оның  кемесіндегі   матростары  бағынбай   көтеріліс  жасап,  Гудзонды   баламен   және  бірнеше  ауру  матростары  азық-түліксіз,  қару-жарақсыз  ашық  теңізде   иықта  қалдырып  кетті.  Бұдан  бес  жылдан  соң   Арктиканы  зерттеуге  шыққан  ағылшын  кемесі  Жаңа Жер маңында суға  батты.  Оны басқарған теңізші Вуд еді.  XVIII  ғасырдың  орта  кезіне  қарай орыс  кәсіпкерлері  Жаңа  жерге барып балық аулағанды кәсіпке айналдырған.1820-1884  жылдары П.Ф.Анжу  Жаңа  Сибирь  аралдарын зерттеп,  тұңғыш  рет  картаға  түсірді.  Осы  кезде  Солтүстік  жағалауда,  теңіздерде  Врангаль  экспедициясы  жұмыс  істеді.  1882-1884  жылдардағы  1-ші  Халықаралық  полярлық  жылға  Россия  қатысып,  бұдан  бұлай  Солтүстік  Мұзды  мұхит  пеноның  теңіздері,  Арктика  маңы  бірте-бірте зерттеле  бастады.  XIX  ғасырда  ғылым  мен  техниканың  дамуына  байланысты,  Арктика  одан  да  жақсы тереңірек  зерттеле  берді,  мұз  жарғыш  кемеле,р  Арктиканы  айналып    шықты.  Бірақ  бұл  ғасырда  да  полюс  ашылмады,  оған  ішкерілеп  бару  қиын  болды.  1872  жылы  Австрия  мен  Венгрияның  біріккен  экспедициясы  Солтүстік  Мұзды  мұхитты  зерттеп,  Франц-Иосиф  Жері  тағы  да  көптеген  аралдарды  ашып  қайтты.  1879  жылы   Америка  экспедициясын “Жанетта”  кемесімен  бастап  шыққан  Д-де-Лонг  көптеген  ғылыми  табыстарға  ие  болды,   біраз  аралдарды  ашты,  бірақ  кеме  Жаңа  Сибирь  аралдарында  суға  батты.  Лонг  басқарған  біраз  адамдар  Лена  өзеніеің  сағасына  шықты,  кейіннен  азық-түлік  әкелуге  кеткенекі  матростан  басқаларының  бәрі  де  хабарсыз  кеткен.  Норвегияның  полляр  зерттеушісі  Ф.Нансен 1893  “Фрам”  кемесімен  мұз  құрсауында  84'  солтүстік  ендікке  дейін  барып,  судың  ағысын,  тереңдігін,  Арктика  мұзын  зерттеп  білді.

XX ғасырда  солтүстік  полюс  батыл  зерттеушілердің  аттаныстарына  бөгеу  бола  алмады.  Американ  поляр  зерттеушісі  П.Пири  1909  жылы  солтүстік  полюске  тұңғыш  ту  тікті.  1909-1910  жылдары  норвег  поляр  зерттеушісі  Р.Амудсен  екі  кемемен Арктикаға  аттанды,  бірақ  Пиридің  жолымен  жүрмей  1922  жылдары  Арктикаға  маңызды  зерттеу  жұмыстарын  жүргізілді.

1902жылы  солтүстік  жағалауды   Рассиядан  барған  Толль   зерттеді.  1921-1914 жылдары  Г.  Я.  Седов  Арктиканы  зертеуге  тұғыш  орыс  экспидициясын   ұйымдастырды.

Артика  совет  дәуірінде,  Ұлы  Октябрь ревалюциясынан  кейін  толық  зертелді.  Ұлы  Денин  Артикааны  зертеп,  оның  табиғи  байлығын  пайдалану    жұмысын  үлкен  мән  берді,  1918  жылы  солтүсті  өңірді,  Арктиканы  зерттеуге  арналған  үкімет  қаулысы   қабылданды.

Көсеп  нұсқауын  жүзеге  асыру  жолында  еліміз  солтүсті  теңіздері  мен  Арктика  байлығын  мол  игеруде. Осы  тұрғыдан  төменде  қысқаша  шолу  жасаймыз.

В.  А.  Русанов  (1875-1913).  Владимер  Александрович    Русанов-Жаңа  Жерді,  Арктиканы  зерттеген  саяхатшы.  Ол  геологиядан,  гидрологиядан,  гидрорафиядан,  метеорологиядан, поляр  навигациясынан  елеулі  еңбектер жазды.

Русанов  патша  өкіметінің  қуғындауында  жүргенде  өз  бетімен  дайындалып,  жаратылыс  тану,  әсіресе  геология  ғылымының    ден  қойды.  Сысольске  (Сыктывкар)   уездік  жер  бөлімінде  статистик   қызметін  атқарды,  Коми  жеріндегі   өзендер  бойын  зерттеп,  1902  жылы  комилердің  тарихы,   эканомикасы  туралы  өзінің  тұнғыш  ғылми  еңбегін  жазды.  Содан кейін Кама,  Печера  өзендерін    зерттеп,  Кама-Печора  каналының жаңа    жобасын ұсынып,  бұл туралы  екі ғылым мақаласын жариялады.

Русанов  Парижде  Сорбонна  университетінде  оқыды.  Мұнда  ол  Орталық  Франция  дөңіне  екі  рет  барып,  ондағы  сөніп қалған  жанар тауларды  зертеп,  кейін Везувийге барды.  “Королева Ольга”  кемесімен Жаңа  Жерде келіп,  Маточкин  Шарын    зерттеп,  докторлық диссертациясына   матерал жинады. Кейін Жаңа  Жерді айналып шығып,  көптеген  мақалалар  жазды,    Атлант  мұхит  мен  Тынық  мұхит  аралығына  жүзетін  кеме  жолын  анықтады.  Норвегиядан  сатып  алған  “Геркулес”  кемесімен  Шпицберген  аралығына  барды.  Аралда  зерттеп,  одан  көмір  кенін  тапты.  Содан  “Геркулес”  кемесі  шығысқа  қарай  жүзді, ақыры  кеме   Арктика  суында  хабарсыз  кетті.  Кейін  оны  іздемек  болды,  бірақ  нәтеже  бермеді,  20жылдан  кейін  1934-1935  жылдары,  “Главсевморпуть”  экспедициясының  гидрография  отрядындағы  топограф  Гусев  Кар  теңіз  жағасындағы бір аралдан 1913  жылы ағашқа  қиып  жазған  “Геркулес”  деген сөзді тапты,  бұдан кейін басқа отряд топограф  М.  И.  Цығанюк тас арасынан  ескі  киім  қалдықтарын,  компас,  қасық,  фотоаппарат, патрон,  аңшы  пышағын,  күміс ақша  тауып алды.  Осы  белгілер  Русанов  бастаған  экспедиция   мүшелерінің  осы  тұста  апатқа ұшрырағанын  меңзейді.                                                                                                                                                                                          

Г.  Я.  Седов  (1877-1914).  Георгий   Яковлевич  Седов  халықтан  жиған  өз  қаражатымен  тұңғыш  орыс  экспедиция  ұйімдастырушы,  Артиканы   және  Солтүстік  Мұзды  мұхитты  зерттеуші ғылым.  Оның  ғылымға  беріліп, Артика  сырын ашуға құштар  талабын   жасытып,  патша үкіметі Содовтың  ұйымдастырған экспедициясын жабдықтап,   көмек көрсетуден  бас тартты.  Оның   сапарына  тозығы  жеткен  “Фока”  дейтін  ескі  кемені  берді.  Сөйтіп,  Совет бастаған  22адам  Арктикаға   аттанды.  Седов Арктикаға аттанар алдында оның  экспедициясына  жәрдем  берген  халықа  алғыс айта  келіп,  газетке былай деп жазды:  “Енді поляр экспедициясына  бұрынғыпға  қарағанда қаражат әлдеқайда аз  керек.  Орыс   халық бұл  ұлттық  маңызы  бар   іске   деп   бірақ   қаражат  берді,  сол  үшін  мен   бұған   өмірінде  құрбан  етемін. 

Рас,  Арктиканың   сырын  ашуға  Седов  өмірін  құрбан  етті.  Солтүстік  Мұзды  мұхитты  зерттеп  білуге  жол  ашты.  “Фоеа”  1912  жылы   августа  Архангельск  портынан   жолға   шықты.  Ақ   теңізде  3  күн  ұдайы  соққан  штормды  жеңіп,  Жаңа  Жерге  жетті.  Бірақ  одан  әрі   мұз  қарасауы   жол  бермеді.  Сондықтан  Понкратв  аралына  қыстап  қалауға  тура  келді.  Бұл  жерде   экспедиция  мүшелері  уақытты  босқа  өткізбей  қызу  зерттеу  жұмысына   кірісті.  Белгілі  полар  зерттеушісі  В.  Ю.  Визе,  геолок  М.  А.  Павлов,  тағы  басқалар  зерттеу  жұмысына   үдкен    үлес  қосты.  Седов  екінші   жылдың  жазында   кемені  мұз  қоршауына   аман  алып  шығып,  1913  жылы  31  августа   Франц  Иосиф  Жер   аралығына  жетті.   Мұнда  тағы    қыстауға  тура  келді.  Бұл  қыс  олар  үшін    өте  ауыр  болды,  отын,  тамақ  жеткіліксіз  болды  экспедиция  мүшілері   ауруға  шалдықты.  1914 жылы  2февральда Совет қасында Постошный,  Ленник  деген матростарды ертіп,  ти  жеккен  3  шанамен ілгері  қарай Солтүстік полюске аттанды.  Бірақ олар  мойымай Солтүстік Полюске қарай өрлей берді.  Бұлар жеті  күн жол жүрді,  Седов қатты  аурып  қалды.  Ол  кейін  қайтпады.  15  февральда  бұлар  Рудольф  аралына  жеті.  Седовтың  науқасы   меңдей  берді,  20  февральда  ол  қайтыс  болды.  Өзінің  айтуы  бойынша  Седов  Рудольф  аралына  жерленді.

Седовтың  екі  жолдасы  кейін  қайтыс  экспедиция  мүшелерін әрең  тапты.  Бұлар қайғылы хабар әкелді,  экспедиция  мүшелері  Архангельск портына оралып,  экспедиция   жұмысын аяқтады.   Бірақ бұларға почта өкіметі,  оның  чиновнктері ешбір көңіл бөлмеді.  Қайта оларға  қырын қарады.  Экспедиция  мүшесі  Виза  Теңіз  минестерлігіне,  гидрография  басқармаларына  барып,  Седовтың  бағалы  матералдарын  қабылдап,   оның  кәрі  әкесіне  пенсия  беруді  сұрады.  Чиновниктер  оны  қабылдамады.

Седов  экспедициясының  матералдары  бағалы  еді.  Мұнда  Солтүстік  Мұзды  мұхиттының  Жаңа  Жер  аралының  тағы  басқа  жерлердің  географиялық,  гидрографикалық,  океанографиялық  көптеген  матералдары,  бар  еді. Седов 1913  жылы  бірінші  жылғы  зерттеу  жұмысында  жиналған  матералдарын  Петербургке  жібергне  болатын.   Мұның  өзі  өте  маңызды   болды,  оны  белгілі  Арктика  зерт-

теушісі  Фритьоф   Нансен  жоғары  бағалап, “Осының  өзі  экспедицияның  алға  қойған  барлық  мақсатын  орындады” -деп  жазды.

Почта  өкіметі  Седовтың  еңбегін  бағаламады, экспедиция  жиған  бағалы  материял-  бас  тартты.

Седовтың  бұл  еңбеңбегі  Ұлы  Октябрь  революциясына  кейін  ғана  жарық  көрді. Ең  алдымен   оның  экспедициясы  жинаған   мәліметтері  жарияланды.  1938  жылы   советэкспедициясы  Седовтың  зиратына  тігілген  жалаудың  қалдығын,  брзент  т.б  заттарын  тапты.  Совет  зерттеушілері “Седов” мұз  жарғыш  кемесімен  Солтүстік  полюсті  зерттеп  ашты.  Арктикадағы  көп  жерлер  оның  есімімен  аталды.

В. Ю. Визе  (1886 – 1954). Владимер  Юльевич  Визе  совет  дәуірінде  Арктиканы  жан- жақты  зерттеген  ірі  ғылым.  Ол  жер  бедерін,  ауа  райын,  мұхиттармен  теңіздерді  зерттеп, ғылымға  көптеген  жаңалық  қосты.  Солтүстік  Теңіз  жолын  ашуға  белсене  қатысты.  Визе  геогрф,  әрі  саяхатшы,  Г. Я. Седов  экспедициясына  қатысып,  бүкіл  өмірін  Солтүстік  Арктиканы  зерттеуге  сарып  етті.  Атақты  ғылым  Теңіз  генералдық  шабында,  одан  кейін  геофизикалық  обсерваторияда,  одан  кейін  Соғыс- Теңіз  Флотының  геидрофизикалық  басқармасында  қызмет  істетеді,  Ленинград   университеті  география  факультетінің  окенгеографиялық  кафедрасын  басқарды. Ғылым  Арктиканы  зерттеп,  Жаңа  Жерді,  Франц – Иосиф  аралын, солтүстік  теңіздердің  географиялық  жағдайын,  су  ағысын,  мұз  қозғалысын,  ауа  райын  зерттеп,  ғылми  еңбектер  жазды.

“Сибиряков”  атты  мұз  жарғыш  кемемен  Мурманск  портынан  Владивостокқа  дейін  барып  қайтты.  Бұл  сапарды  тарихи,  ғылым,  эканомикалық  маңыз  зор  еді.  Сөтіп,   адам  баласы  ертеден  арман  еткен,  дүние  жүзілік  маңызы  бар   Солтүстік  теңіз  жолы  совет  дәуірінде  -1932  жылы  ашылды.

Арктиканы  жан-жақты  зерттеу  жұмысын  кейінгі  кезде  қолға  алынып,  әр  елдің  ғылымдары, батыл  саяхадшылары  жаңа  деректер  жинап,  ғылымға  тың  жаңалықтар  қосты.  Оның  ішінде  совет  ғылымдары  Арктикаға  кемен  ғана  емес,  самолетпен  де  ұшып  барды.  Соның  нәтижесінде  Орталық  Арктикада  бірнеше  полюс  станциялары  жұмыс  істейтін  болды.  Бұл  салада  Визенің  де  сіңірген  еңбегі  де  зор.  Совет ғылымдары,  геогрф – саяхадшылар атақты  Арктика   зерттеушісі Визен зор құрмет  тұтады.  Оны Солтүстік полюсті зеттеуге  аса құнды еңбектер  ғылымға қосылған  мол жаңалық.

Визеннің  тағы  бір  ерекшелігі  ол  үнемі  Солтүстік  Мұзды  мұхитының,   теңіздерінің, аралдарының  табиғи  байлығын  зеттеп  қана  ғойған  жоқ,  сонымен  қатара  олардың  совет  елінің  пайдалану  жолы  да  көрсетіп  береді.  Ғылым  бұл  пікірін  іске  асыру  үшін  көптеген  полярлық  экономика  совет  дәуіріндегі  жана  техника бөлді.  Ол  Арктиканы зерттеп білудегі  жаңалықтар  халық арасында   кең тарап отырды:  “Советтік Арктика теңіздері”, “ XII- XIX  ғасырлардағы  орыстың полярлық  теңізшілері ”, “ Арктикадағы орыс  зерттеушілерінің  табыстары”, “ Поляр  теңізі  арқылы  Себираков” және “Литкеннің  өтуі”,  т.б  көптеген  ғылыми  еңбек  жазып  қалдырды.  Совет  үкіметі  Визеннің  бұл  еңбектерін  жоғары  бағалап,  оны  СССР  ғылым  академикасының  мүше  корриспонденті  етіп  сайлады.  Содан- ақ СССР  география  қоғамы  оны  өзінің  алтын  медалімен  наградтады.

Арктика  ұшқыштары.  Арктиканың  сырын  ашуға  таптырған  саяхадшылар  жаяу -жалпы,  шаңғымен, итжекен  шаналармен,  кемемен,  барып,  ауа  шарымен  ұшып  зерттеп  келді.  Бірақ, Арктика  бағынбады.  Осы  ғасырдың  басына  дейін  оның  орталығы,  жер  шарының  Солтүстік  нүктесінің (полюстің)  сырлары  дүние  жүзіне  ғылымына  жұмбақ  болып  қала берді.  Бұл  жұмбақ  шын  мағынасында  совет  дәуірінде  шешілді.

Седов  экспедициясын  іздеуге  байланысты  Арктикаға  тұңғыш  рет  самолет  ұшты. Жас  орыс  офицері  Ян   Иосифович  Нагурский  1914 жылы  21 августа “ Морис  Фарман ” деп  аталады.  Латын  кішкентай  француз  самолетімен  ауаға  көтерілді. Ол  батыл  ұшып, “ Жаңа  Жер” аспанын  шарлап  4 сағат  20 минуттқа  450 километр      ұшып  жиекке  оралды.  Онымен  бірге  қара  Кузенцов  та  ұшқан  еді.  Әрине  450 километр  ұшу  осы  күгі  самолетке  не  тұрады?  Бірақ,  сол  кезде  бұл  үлкен    жаңалық  болды.  Ит  жеккен  шанамен  айлап  жүретін қашықтыққа  бірнеше сағатта барып қайтты.  Бұдан былай Арктиканы тез ұшатын  самолет арқылы  зерттеп білуге  болатындығына ешкім де күмәнданбады. Бұл Арктика ауасына бірнеше рет көтеріліп,  болашақ полар авиациясының  негізін салды. 

Бірнеше  дүние   жүзілік  соғысқа  байланысты  Арктика  зерттеуі  тоқтап  қалды  да,  10  жылдан  кейін,  совет  дәуірінде  Жаңа  Жер   үстімен  екінші  рет  самолет   ұшты.  Ол  1924  жылы  екі  орында  “Юнкерс  20”  самолетімен  ұшқан  Барис  Григорьвич  Чухновский  және  Г.  Я.  Седов  экспедициясына   қатысқан  полар  зерттеушісі  Пинегин  еді.  Бұлар  кейінен  тұңғыш  рет  Артиканы  әуеден  қарап,  тамаша  ғылми  қарытынды  Арктиканы  зерттеуге  арнап  поляарлық  авиация ұйымдастырды.  Оның  бірінші  ұшқышы  Совет  үкіметінің  талантты   батыры   М.  С.  Бабушкин  еді.

Информация о работе Антарктиданың табиғаты