Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 10:54, курсовая работа
Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны “Арктикос”- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады.
Кіріспе.....................................................................................................................3
І тарау Антарктиданың ашылу тарихы
1.1 Географиялық орны........................................................................................5
1.2 Антарктиданың зерттелуі...............................................................................8
ІІ тарау Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары
2.1 Жер бедері........................................................................................................19
2.2 Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары........................................20
2.3 Антарктида сулары.........................................................................................21
2.4 Антарктида климаты.......................................................................................23
2.5 Фаунасы мен флорасы..................................................................................24
ΙΙΙ тарау Антарктиданың экологилық проблемалары
3.1Антарктиданың қазіргі экологиялық проблемалары...................................28
Қорытынды.........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.......................................31
Сурет А....................................................................................,,,,,,,,,....................32
Сурет Б.........................................................................................................,,,.......32
Сурет В..............................................................................................................,,,,,33
Сурет Г...................................................................................................................33
1.2 Антарктиданың зерттелуі
Антарктика және Антарктида деген түсінік бір мағынада емес. Бірнеше -Үнді мұхиты мен Атлант мұхитының, Тынық мұхиттың суы қосыл келіп, қоршап жатқна орасан үлкен көлемді аймақ. Екінші-оның орта шенін тұтар алып жатқан Оңтүстік полюсі бар құрлық.
Сөйтіп, Антакрктида дегеніміз, Солтүстік полюсті қоршап жатқан Солтүстік Мұзды мұхитқа қарама- қарсы, Оңтүстік полюс маңдағы құрлық. Бұл жер шарының екі полюсіндегі Арктика мен Антарктида сыртқы физикалық-географиялық және ішкі құрылысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы. Біріншісі, құрлыққа жақын келіп, жылы ағыс әсер тиетін Солтүстік Мұзды мұхиты болса;
екіншісі, құрлықтан қашық, терең мұхиттармен қоршалған, жылы ағыс бармайтын құрлық. Ол табиғаты қатал, әлемнің түпкіріндегі жер шарының алтыншы құрлығы, оны ең алдымен үш мұхит: Үнді мұхит, Атлант мұхиты, Тынық мұхит қоршап жатса; екіншіден, ол қалың мұз құрсауында жатыр, үшіншіден онын ауа райы қолайсыз, өте суық болып кеқан бейне “асу бермес асқар тау”,алынбайтын қамал” сияқты болып келді. Сондықтан да Антарктида ұзақ уақыт ғылымға белгісіз болып, оның сыры ашылмады. Оны жоғарыда айтылғандай, XIX ғасырдың басында Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазеров басқарған орыс экспедициясы ашты. Бұл экспедицияның жұмыс қорытындысы өте маңызды болды; біріншіден, Антрактиданы ашты, оған жол салды, Куктың дәлелі жоққа шығарды. Асқан ерлік көрсетіп, елге оралды. Екіншіден, ұлы мұхиттардан көптеген аралдар мен материк жиектерін ашты. Бұл аралдар мен жиектер Петр I, Александр I Жері және Лесков, Высоцкий, Заводский, Восточный, Средний, Заподный деп Ермолов, Кутузов, Остен-Сакен, Беллинсгаузен, Лазарев т.б белгілі адамдардың атымен аталды.
Үшіншіден, өте бағалы географиялық, гидрологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Антрактиданың жер жағдайын, ауа райын, мұзын, су ағысын, жануарларын алғаш анықтады.
Антрактида XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезіне дейін басқа құрлықтар зерттелмей келді. Дегенмен кейінгі кезде Антрактидаға аттанғандар да аз емес. Халықаралық келісім бойынша Антрактида үстіміздегі ғасырдың бас кезіне дейін ешбір мемлекттің меншігіне кірмей, барлық елді зерттеп пайдаланатын ортақ жер болып келеді. АҚШ бұл келісімді бұзып, өзі, кейінірек кейбір Антрактида байлығын жеке иемденіп, онда соғыс базасын салуға жанталасуда. Бұған дәлел 1928-1929 жылдары Антрактидаға аттанған американ адмиралы Р. Бэрдің бірінші экспедициясын, 1933-1935 жылдардағы екінші, 1939-1941 жылдардағы үшінші, 1946-1947 жылдардағы төртінші соғыс экспедицияларын айтуға болады. Оның экспедицияларында 1000-нан астам жарақаттанған адам, танктер, самолеттер т.б соғыс қаруы болды.
Сондықтан, Совет үкіметі 1950 жылы 7 -ші июнде бұл мәселе туралы Америка Құрама Штаттарына, Англия, Франция, Норвегия, Афстралия, Аргентина және Жаңа Зерландия елдеріне миорандум тапсырды. Онда Антрактиданы тұңғыш рет орыс теңізшілері ашқаны, оны игеру мәселесі СССР келісімсіз шешілмейтіндігі көрсетілді.
Осыдан кейін олар тарихи шындықты мойындауға лажысыз көнді. Қазір Антрактиданы осы күнге ғылым мен техника табыстарын қолданатын тұрақты экспедициялар зерттеп жатыр. Оған дүние жүзінің көптеген елдері қатысуда. Олар келілісілген тәртіп бойынша секторларында зерттеу жұмыстарын жүргізеді және бір- бірімен тығыз байланыс жасап, біріне -бірі көмектесіп тұрады. СССР ғылым академиясының Антрактидадағы комплексті экспедициясы аса маңызды табыстарға ие болып отыр. 1946 жылдан бастап “Слова” кемесі бастаған совет кемелері Антрактика суынан кит аулайды. “Слова ” кит аулайтын үлкен кеме. Оны су үстіндегі салмағы 30.000 тонна, ұзындығы 150 м , ені 21,6 м,төрт полубасы бар, онымен киттерді көтеріп кемеге салады. “ Слова” кемесіне жүкті толық тигенде суға 12 метр батып тұрады. Жүзу шапшаңдығы сағатына - 22,2 км.
Антрактика суының алыбы - кит. Киттің бірнеше түрі бар. Жасыл киттің салмағы – 90 -120 тонна, 20 тонна май береді. Киттің еті, майы жеңіл өнеркәсіпке, тамақ өнеркәсібіне кеңінен қолданылады. 1956 жылы 5 январьда “Обь” дизель – электроходы Антрактидадағы Савед секторындағы “Депо бухтасында” болды, 20 январьда 66,33,06 оңтүстік ендікте 93,00 шығыс бойлықта советтік поляр авиациясы ұшып, бақылау жұмысын жүргізді. Казір онда “ Восток”, “Мирный”, “Пионер”, “Комсомол”, “Восток- 1”, “Полюс” т.б станциялары үнемі зерттеу жұмыстарын жүргізуде, Бұл экспедициялардың игілігі мол тамаша ғылыми еңбектері жыл сайын басылып шығып, совет халқына, басқа елдерге де кең тарап, Антрактида байлығымен, онда жүріп жатқан тамаша істермен таныстырып отыр.
Ғылым мен техника өршіп дамыған, атом қуатын менгеріп космосқа, жұлдыздарға ұшып жатқан біздің ғасырымызда планетамыздың зор көлемді алтыншы материгі “ақтандақ” болып қала беруі мүмкін емес. Оның байлығын әр жақты зерттеп біліп меңгеруді дүние жүзі ғалымдары ертеден -ақ көксеген. Мәселен: 1882 жылы Австрия ғалымы Карл Вейпрехт ұсынысымен I халықаралық полярлық жыл құрылды. Мұнда дүние жүзілік география ғылымы ол кезде белгісіз Арктиканы зерттеумен шұғылданды. Бұл мәселе жылдан кейін қайта қойылып, II халықаралық полярлық жыл құрылып, тағы да Арктика зерттеле түсті. Бұған біздің еліміз белсене қатысты. Бұдан кейін планетамыздағы процестерді бір-біріне байланысты түгелдей қамту үшін 1957 жылы III халықаралық геофизикалық жыл құрылды. Ол барлық жыл мерзімінде жер бетіндегі процестерді толық қамту үшін 1957 жылдың июлінен 1958 жылдың декабріне дейін созылды. Сонымен бірге дүние жүзілік зор маңызы бар ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу үшін арнайы Халықаралық геофизикалық комитет құрылды.
Халықаралық геофизикалық жылдың жұмысына не бары 66 мемлекет қатысты, олардың ішінде 16 мемлект Антрактида ұғымдасқан түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар – СССР, АҚШ ,Англия, Франция, Норвегия, Австралия, Жаңа Зерландия, Аргентина, Чили, Бельгия, Жапония және Оңтүстік Африка Республикасы, сонымен қатар Чехословакия мен Польшаның, Австия мен Мексиканың ғалымдары Антарктидада өздерінің базасы, станциялары болмағандықтан басқа елдердің ғалымдарымен бірлесіп істейді .
Оның уставы комитетте бір ауыздан хабарланды. Уставтың бірінші пунктінді “Антарктида жері ғылым үшін, бейбітшілік үшін зерттеледі”,- делінген. Демек онда ешбір ел атом қуатын қолданып “бақылау” жүргізе алмады.
Қазір жоғарыда аталған мемлекеттер келісім бойынша Антарктидадағы өздеріне белгіленген жерлерінде(секторларында),осы күнгі ғылым мен техника жетістіктерін пайдаланатын базаларын, станцияларын орнатып, оның бүкіл жағалауынан бастап орталығына дейін(полюске дейін) шабуыл жасап, орнығып, зерттеп, табысқа ие болуды.
СССР-де Антарктиданы зерттеу жұмыстарын Мемлекеттік океанорафия институты мен Балық шаруашылығының ғылми-зертеу институты басқарады. Бұлар Антарктиданың ауа райыын, мұзын, жер бедерін, жалпы геологиялық, географиылық жағдайын, кен байлығын комплексті түрді зерттеп жатыр. Антарктида 1502 жылдан 1969 жылға дейін зерттелсе де, осы күнге дейін басқа материктей жер шарының алтыншы материгі туралы географиялық материал толық емес.
Дкгенмен кейінгі кездегі зерттеу деректеріне қарағанда, Антакрктида жерінің жалпы көлемі 14,2 млн. шаршы км, яғни ол бүкіл Европа жерінде үлкен. Оны түгелдей дерлік қалың мұз басып жатыр. Мұздың қалыңдығы 300-1000 метірге жетеді, егер ол еритін болса дүние жүзілік құрлықтың көп жерін су басар еді.Анттарктида жері асқар таулы әрі өте биік келіді.
Жалпы материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі-2200м. Сондықтан онда ауа райы өте суық, жылдың орташа температурасы-9-11, көбінесе 30-60, кей жерлерінде 61 1-63 9, тіпті 80-қа жеткендігі анықталды. Жел өте қатты соғады- жылдамдығы секундына 30-40 метр. Жел қарды үріп, сағатына 125км жылдамдықпен алай- түлей дауыл соққызады. Жылдың ылғалы жер бетіне үнемі қар күйінде түседі де Антарктида мұзын қалыңдата береді. Осының саларынан мұз таулар(айсбергтер) теңіздерге сырғып көшіп отырады. Өсімдігі, жануарлар аз.
Тұтасқан мүк пен қына- төменгі сатыдағы өсімдіктер. Әзірге бойы 3-4 см-ден аспайтын екі ғана гүлді өсімдік табылды. Бүкіл материкте не бары 1600 өсімдік түрлері бар деп есептелді, жануарлардың түрлері тіпті аз. Мұнда кит, тюлень, балық, пингвин, тағы басқа теңіз жануарлары кездеседі. Антарктика суы-ежелгіден киттің көп өсіп дамыған аймағы. Айталық, 1940 жылдан 1952 жылға дейін, 12 жылдың өзінде-ақ Антартика суынан мол кит ауланыпты.
Антарктида кенге де өте бай. Онда мыс, қорғасын, қалайы, темір, графит, алтын, күміс,мүндай тағы басқа сарқылмас кен байлығы бар екендігі андыталды. Сан алуан сапалы ғасырында Антакрктида байлығы игеру қиын емес!
Бейбітшілік туын жоғары көтерген Совет Одағы зерттеп жатқан Антакрктида байлығын терең зерттеп, оны бүкіл адамзаттың игілігіне айналдыруға күш салып отыр.
Антарктиданың совет
дәуіріндегі зерттелуі. Қазір
Антарктида материгінде
жаңа техникамен жабдықталған
көптеген станциялар жұмыс істейді.
Олардың үштен бірі—совет станциялары. Олар
бір-бірімен байланысты. Антакрктиданы
зерттеуге
1955 жылы аттанған
бірінші Совет экспедициясы
--”Обь” кемесі 1956 жылы
5қаңтарда алтыншы материк
жағасындағы мұз тауларында(
Антакрктидағы тұңғыш экспедицияны СССР Ғылым академиясы ұйымдастыруының басшысы Одағының Батыры, география ғылымының докторы Михайл Михайлович Сомов-та не бәрі 400 адам жұмыс істеді. Америка экспедициясының ұшқыштары Антрактида мұздарының ортасында жасыл алаң (оазис) көрді. Оны зерттеп “Мирныйден” бір топ совет ғылымдары көптеп барды.Өйткені соншалықты суық Антрактида мұздарының арасында көкорай шығын ғылымға ғажайып жұмбақ болды. Оны зерттеушілер географ ғылымдар:
А. Авсюк, К. К. Марков, П. А. Шумский, О. С. Воронов, метеолоктер: А.М. Гусев, Н. П. Русен, географттер: Л. Д. Долгушен, Е. С. Короткеевич, биолоктер: М. Е. Винокрадов. Олар бұл “оазисті” кім әртүрлі ойлағандай, жанар тау жылығының әсерінен емес, жергілікті микро әсерінен пайда болған деп тапты. “Мирный” станциясы Антрактида материгін зерттей отырып, тағы да бір станция ұйымдастыру ұшін полюске екі трактормен адам аттандырды.
Олар өте ауыр жағдайда жиектен 400 км ап барып теңіз деңгейін 2700 м биіктіке “Пинер” станциясын орнаты. Альпинизмге бегі сіңген мастер, физика-математика ғылымының доктор А. М. Гусов, ғылым-географ Л. Д. Долгушен, радист Е. Т. Петров және тракторшы Н. Н. Кудряшевтар сонда қыстап қалды.
“Миный” станциясы қазір қалаға айналды. Оған совет кемелері көптеген керек-жарақ, экспедиция жабдықтарын, зерттеу жұмысын жүргізетін совет ғылымдарын, ер жүрек ұшқыштарын, мамандарын жеткізді. Онда қандай қиындық болса да жеңе отырып, Антарктидадағы “Мирныйдан” полюске қарай 635 км жерде орнатылған ұшінші “Восток-1” полярлық станциясы, 860 км қашықтықтан “Комсомол” станциясы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Содан-ақ совет адамдары 1957 жылы Антакрктида жүрегін 1410 км ішкерлеп барып, “Восток” станциясын орнатып, онда тұнғыш рет Совет туын тікті.
Бұл шабуыл өте ауыр әрі қиын еді. Мысалы, 1958 жылы 25 августа “Восток” станциясында термометар87,4 градус суықтықты көрсеті. Өткені бұл жер шарындағы ең суық жер-алтыншы материк -Антарктида.
Совет ғылымдары “Восток” станциясы теңіз деңгейінен 3570 м биіктікте тұратын, станция астындағы мұздың қалыңдығы 1830 м екенін анықталды.
Антакрктида адамзат игілігі үшін бейбіт мақсатта зерттеле бермек.
Арктика мен Антакрктиданың белгілі бір шекарасы жоқ, олардың ауа райына,алып жатқан көлеміне, су ағынына мұз ығуына әр түрлі көрсетеді. Ертедегі ғалым Пифей, бізлің заманымызға дейінгі 325 жыл бұрынАрктиканы жел мен су араласқан белгісіз теңіз деп білген. Орта ғасырда да дін әсері салдарынан Арктика дұрыс танылмады,-ол жер шеті, қараңғы-түнек, онда керемет адамдар тұрады, олардың денесі адам, басы ит, әйелдерінің сақалы бар деген теріс түсінікте болды.
Ұлы географиялық ашылулар кезінде солтүстік туралы әр түрлі теріс көзқарастар болды. Бірақ ол кезде ешкім Арктиканы зерттеп, ашып білеміз деген мақсат қойған жоқ. Ол кездегі желкенді кеме, нашар техника Арктиканы зерттеуге мүмкіндік бермеді. Кейінгі ғасырларда елдердің экспедициясы солтүстікті Арктиканы ашпақ болды, оларды зерттеп, байлығын игермек болды. Жер шарының солтүстігін Мұзды мұхит алып жатыр. Табиғаты қатал бұл аймақты зерттеуге адам баласы ертеден-ақ көңіл бөлген, талай ғалымдар, зерттеушілер оған сапар шеккен. Солтүстікті алғаш зерттеушілер скандинавиялық тар және орыстар еді. Скандинавиялық Исландия, Гренландтя, Солтүстік Америка жағалауын, орыстар-Вайгач, Жаңа жер және Азияның солтүстігіндегі аралдарды алғаш рет ашты. Бұдан кейін солтүстікті зерттеу бірте-бірте ұлғая берді. Еліміздің солтүстік бөлігін зерттеу тарихы ертеден басталған. Шамамен VIII-IX ғасырларда орыстар солтүстік теңіздерден балық аулай бастаған. XI-XII ғасырларда новгородтықтар үнемі Ақ теңіз жағалауынан балық аулап, одан әрі солтүстікке және шығысқа қарай жүзіп, тіпті Уралдан асып Мангезей қаласына барып келіп, жүрген. Кейіннен бұл елсіз, иесізжағаларға норвегиялықтар бірте-бірте орнығып қалады. Сөйтіп норвегиялықтар Ақ теңіз бен Баренц теңізін, Солтүстік жағалауды, Солтүстік Урал маңын бұрыннан білген. 1748 жылы норвегиялықтар Москва мемлекетіне қосылған соң Солтүстік Уралдан асып Сибирьді және Солтүстік жағалауды зерттеу жұмысы мүлде күшейді. Бірақ зерттеу жұмысы ның ең қызу қолға алынған кезі Петр кезеңінен басталады. Талаша ғалым М.В.Ломоносов солтүстікті зерттеу ерекше маңызға ие. Ол Солтүстік су жолымен Қытайға және Үндістанға барудың жоспарын жасады. 1725 жылы солтүстік өңірді толығырақ зерттеу үшін “Бірінші Камчатка” экспедиция ұйымдастырылды. Бұл өте қиын, әрі жауапты экпедицияның бастығына Витус Бернгты және оның орынбасарлығына 22 жасар офицер Алексей Чириков тағайындалды. 1733 жылы “Екінші Камчатка” экспедициясы құрылды. Оған ғалымдар, суретшілер, студенттер қатысты. Экспедицияға қатысушылардың еңбегі өте қатты бағаланып, оны “Атақты Солтүстік экспедициясы” деп аталды. Олар Солтүстік Мұзды мұхитты, Арктиканы, Солтүстік теңіздерін, оған құятын өзендердің сағаларын ашты, Азия материгінің солтүстік шекарасын, бұл өңірді мекендейтін халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын зерттеді. Осы экспедицияға қатысушылар және Отанымыздың солтүстігін зерттеуде елеулі еңбек сіңірген Семен Дежнев, Владимер Атласов, Витус Беринг, Семен Челюскин, Дмитрий Лаптев және басқаларының есімін жұртшылық есінде сақтауда.