Ақмола облысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 00:16, лекция

Описание работы

Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жер аумағы 146,2 мың км2. Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2006). СолтүстігіндеСолтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 268.67 Кб (Скачать)

Еңбекшілдер ауданы

Жер бетінің сулары жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады, сирек кездесетін өзендер мен көптеген ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Өзендерінің біршама ірілері:Жүкей мен Қотыркөлді қосатын Саға, Мамай және Атансор көліне құятынТәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: ЖүкейШошқалыИтемгенКіндікті,Сасыққопа (тұщы сулы), ТасшалқарҚарасорҚотыркөлМамайАтансор,МайлысорЖамбайсорКөксор

Ерейментау ауданы

 

 Теңіз, Шолақсор,ЖақсытұзТамсорҚарасор, Үлкен және Кіші Шарықты, Көбейтұз,Қоржынкөл (тұщы), ҚабыланкөлБозайғырӘжібай, т.б. Өзен мен көлдер жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Жер асты сулары 30 – 50 м (оңт-нде 100 метрге дейін) тереңдікте кездеседі. Ерейментау бөктерінде суы тұщы әрі мол бұлақтар көп.

Есіл ауданы (Ақмола облысы)

 Аудан жерінен Есіл өзені ағып өтеді, оған сол жағынан Қарақол, оң жағынан Қызылсу салалары құяды. Үлкен көлдері: Обалыкөл ,Жыландыкөл (тұщы). 

Жақсы ауданы

 

 Аудан жері арқылы Есіл,ТерісаққанАққайрақтыЖаманқайрақтыҚұмай өзендері ағып өтеді. Ең үлкен көлі — Қалмақкөл.

Жарқайың ауданы

Аудан жері арқылы ЕсілТастыталдыҚарынсалды өзендерінің салалары ағып өтеді. Қар суымен толысатын ұсақ көлдер мен тоғандар көп. Солтүстігіндегі қыратты жерлерінде карбонатты қара, оңтүстігінде қызыл қоңыр топырақ қалыптасқан.

Зеренді ауданы

Ауданның оңтүстікнен солтүстігіне қарай Шағалалы өзен мен оның оң саласы Қылшықты өзен ағып өтеді. Оңтүстігінен Есілдің оң салалары –ЖабайАршалыҚошқарбай бастау алады. Аудан аумағында көл көп. Ірілері: ЗерендіҚарағайлыкөлАйдаболБірқызШымылдықты, Құмдыкөл(тұщы), Қараңғыүңгір, ЖамантұзЖолдыбайАхметжансор.

Қорғалжын ауданы

 

 Аудан жері арқылы Нұра, Құлан-өтпес өзендері ағып өтеді. Көлдер өте көп. Негізгілері: Қорғалжын, Теңіз, ҚоқайАсаубалық, Сұлтанкелді, Есей, Шолақшалқар, Жәнібекшалқар, Шишалқор, Қарасор, Құмкөл, Алакөл, т.б.

Сандықтау ауданы

 

 Аудан жерінен Жабай өз. және оның салалары — Жыланды, Сарқырама өзендері ағады. Үлкен көлдері — Жақсы Жалғызтау,Құмдыкөл. Солт-нде негізінен қалыпты қара топырақ, оңт. бөлігінде карбонатты қара топырақ, тауларында шымды-күлгін және орманның сұр топырағы, өзендер бойында жайылманың шалғындық топырағы тараған

Целиноград ауданы

Аудан аумағынан :Есіл,Нұра,Сілеті,Ақжар,Қоянды,Өріксай,Қозыкөш өзендері ағады.

Көлдері өте көп. Олардың  ішіндегі басты тұщы көлдері: Майбалық,Қосқопа,Жарлыкөл,Жалаңаш,Ұзынкөл, т.б.

Шортанды ауданы

Аудан жері арқылы Қалқұтан өзені мен оның салалары – Дамса, Ащылыайырық, Талқара, Сарықамыс өзендері ағады. Мұнда БалықтыБозайғырСасықкөл, Шошқалы, т.б. көлдер бар. 

Информация о работе Ақмола облысы