Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 00:16, лекция
Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жер аумағы 146,2 мың км2. Тұрғыны 746,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2006). СолтүстігіндеСолтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі.