Түйеге қатысты атаулар жиып, оларды өзге тілге аудару, мақал- мәтел, фразеологиялық тіркестер жинастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 20:20, контрольная работа

Описание работы

Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан түйе деген мағынаны білдіреді. Атаудың қойылуы сипаттамалы түске ие. Ол басқа түлік атауларына мүлде ұқсамайтын өзіндік ерекшелікпен қалыптасқан. Формалық тұлғалануы жағынан ой+сыл+қара деген толық мағыналы үш сөздің кірігуінен жасалған. Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдер сөздігіне» жүгінер болсақ, «ой ат»- қара торы ат. Осындағы «ой» деген сөз көне түркі тілінде қара деген мағынаны білдіретіндігін аңғаруға болады. «Сыл»- зіл, сүлей, «сіл» деген сөз ертеде жеке дара қолданысқа ие болған, тамағы аз деген мағынаны білдіретін сөз. «Қара»- бұл сөзді Шоқан Уәлиханов зерттей келіп, «қара» сөзі ертеде «қасиетті» деген мағына береді,- дейді.

Содержание

Кіріспе
Түйеге қатысты атаулар
Түйеге қатысты тұрақты тіркестер
Түйеге қатысты қазақ мақал-мәтелдері
Түйеге қатысты дүние жүзі халықтарының мақал-мәтелдері

Работа содержит 1 файл

comparative phraseologisms.docx

— 31.68 Кб (Скачать)

____________________________________________________

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

Тақырыбы: түйеге қатысты атаулар жиып, оларды өзге тілге аудару, мақал- мәтел, фразеологиялық тіркестер жинастыру

Орындаған: ____________________________________________________

Тексерген: ________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

  1. Кіріспе
  2. Түйеге қатысты атаулар
  3. Түйеге қатысты тұрақты тіркестер
  4. Түйеге қатысты қазақ мақал-мәтелдері
  5. Түйеге қатысты дүние жүзі халықтарының мақал-мәтелдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақырауық демесең,

Бағалы  көлік түйе ғой.

Төрт түліктің ішінде  түйе  малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде  де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп  атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық  жақтан  түйе  деген мағынаны білдіреді. Атаудың қойылуы сипаттамалы  түске ие. Ол басқа түлік атауларына мүлде ұқсамайтын өзіндік ерекшелікпен қалыптасқан. Формалық тұлғалануы жағынан  ой+сыл+қара деген толық мағыналы үш сөздің кірігуінен жасалған. Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдер сөздігіне» жүгінер болсақ, «ой ат»- қара торы ат. Осындағы «ой» деген сөз көне түркі тілінде қара деген мағынаны білдіретіндігін аңғаруға болады. «Сыл»- зіл, сүлей, «сіл» деген сөз ертеде жеке дара қолданысқа ие болған, тамағы аз деген мағынаны білдіретін сөз. «Қара»- бұл сөзді Шоқан Уәлиханов  зерттей келіп, «қара» сөзі ертеде «қасиетті» деген мағына береді,- дейді. Сонда  ой+сыл+қара (ойсылқара) деген көне түркі  тілінен қазіргі қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ «қасиетті, тамақты  аз жейтін хайуан» деген мағынаны білдіреді. Мұны қысқартып «қасиетті  хайуан» деп те атауға болады. Шынында, жылқы, сиырға қарағанда  түйе  тамаққа  да, шөлге де шыдамды хайуан. Халқымыз  түйенің  ауыр мінезін- тыныштықтың, бейбіт тірліктің қалпына балап, оның мінезінде көрініп қалар  «жеңілдікті» жамандыққа жорып, « түйе  ойнақтаса, жұт болар»,- деп бағалаған. Күштілікті – «нар жолында жүк  қалмас», сұлулықты- бота көзді боз  жігіт, бота көзді ару ,- деп суреттеген.

 Тұрақты тіркестерде  «ақ  түйенің  қарны жарылды»  деген қарық болып қалды мағынасында  қолданылады. Мәселен, Сол күннен  бастап Итбай ауылында ақ  түйенің   қарны жарылды (С.Мұқанов). Ал «Сөзі   түйеден  түскендей» деген  тіркес дөрекі, ерсі сөйлейтін  адамға байланысты айтылады. Айтар  болсақ: Жаманның сөзі  түйеден   түскендей болады ( Мақал ). « Түйе  үстінен ит қапты» деген фразеологизмде  икемсіз, епсіз кісі деген мағына  бар. Мысал келтірер болсақ: Күн  жаумай су болып, түйе үстінен  ит қапқан келеңсіз жігіт мұңын  айтты(Т.Ахтанов). Сондай-ақ «Биені  бүгімен, түйені түгімен жұту»  тұрақты сөз тіркесі- жебір,  жемқор, парақор мағынасында жұмсалады.  Мәселен: Ыдысысың параның, түйені  түгімен, биені жұтсаң бүгімен,  қақалмай бір-ақ толғайтын(Д.Бабатайұлы).

 

 

 

 

Түйеге қатысты атаулар:

Түйе – түлік төресі

Ойсылқара – түйе пірі, иесі киесі

Бота, ботақан, көшек – түйе төлі

Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе

Тайлақ – екі-үш жасар еркегі

Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе

Буырлыш – төрт-бес жасар ұрғашысы

Буыршын – төрт-бес жасар еркегі

Бура – аталық түйе

Інген – аналық түйе

Атан – ақталған /кестірілген/ түйе

Түйе малы тұқымы мен қасиетіне  қарай: нар, жампоз, қоспақ, арақоспақ, мырзақоспақ, кердері, қылағай, қалбағай, бекпатша, құлпатша, желмая, аруана, біртуған, маз, мая, үлек, айыр т.б. деп бөлінеді.

Көрт, көйін - түйенің азғын түрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйеге қатысты тұрақты тіркестер

 

Асау нардай омыраулау. Келатыр кідірместен кесіп, шаншып, Оларды омыраулай асау нардай (Рүстем- Дастан).

Атандай (үлкен). Атандай кесек тасты бір- ақ қауып, Күніне мыңдап вагон тиеп жатыр (Айтыс).

Атандай адымдау. Кейде атандай адымдап, Аттай кейде желеміз. (І. Жансүгіров).

Атандайын алшаңдату. Аттатып, атандайын алшаңдатып, Ақситып, бір балуанды арсаңдатып (І. Жансүгіров).

Бала нардай байпаңдау. Байпаңдап бала нардай тұрсақ басып (І. Жансүгіров).

Бақырауық түйедей. Студенттің бақырауық түйедей бажылдақ кереуетін қайта – қайта сықырлатып, бір жамбасымнан екінші жамбасыма аунақши беремін ( Ә. Нұршайықов).

Боз тайлақтай  ойнақтау. Балқаштың бораны өкіріп, ұрып соғады, Ойнақтап боз тайлақтай (І. Жансүгіров).

Боз інгендей аңырау. Даланың дал-дұл болып омырауы, Ел болып боз інгендей аңырады (С. Мәуленов).

Боз інгендей боздау. Көзін жұмып теңселіп, Боз інгендей боздаған (Жамбыл).

Боздаған нардай. Боздаған нардай үлкен толқын шығады (М. Әуезов).

Болдырған түйедей  бұралаңдау. Әй, немене, болдырған түйедей бұралаңдап тұрсың өзің? (С. Мұқанов).

Ботадай боздау. Тасқа құлап Байбөрі, Ботадай боздап өкірді (Батырлар жыры).

Ботадай ерке. Еркінсіп алдым теңізге мүлде, Ботадай байтақ далаға ерке (Д. Әбділов).

Ботадай нәзік, сүйкімді. Ботадай нәзік, сүйкімді екені анадайдан-ақ байқалып тұр (Ғ. Мұстафин).

Ботаның көзіндей мөлдіреу. Мойылға қарасаң, ботаның көзіндей мөлдіреп, бұтақтың басына сыймай, сыңсып тұрған қарақат (С. Мұқанов).

Ботаның өркешіндей. Ботаның өркешіндей тік тұруын қарашы (С. Жүнісов).

Ботасы өлген  түйедей. Айтамын айт дегеннен арма, Жібек, Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек (Батырлар жыры).

Ботасы өлген  інгендей боздау. Ботасы өлген інгендей боздайды да жылайды (Ғ. Мұстафин).

Бурадай буырқану. Көлдің бурадай буырқануы Ботагөздің қуанышты сезімін өзгертпеді (С. Мұқанов).

Бурадай бұрқырау. Бурадай бұрқырайын көбік шашып, Теңіздей тасқындайын таудан асып (Айтыс).

Бурадай қарш-қарш шайнау. Бурадай кейде аузын қарш-қарш шайнап, Ойнақтап оқ жыландай андағайлап (І. Жансүгіров).

Бурадай сақылдау. Бурадайын сақылдап, Күліседі көп шайтан (Батырлар жыры).

Бураша шөгу. Бураша шөгіп жатқан мұнар тау мен Ызыңдап таудың соққан желі айтады (С. Сейфуллин).

Бураша төну. Дәл төбеде бураша төніп, биіктің шонжар тасы тұр (Ғ. Мұстафин).

Бұйдалы тайлақтай  елпілдеу. Жап-жас және ақылды деп санайтын қызы бұйдалы тайлақтай елпілдеп, Сақаға неге ере қалды? (С. Мұқанов).

Жаңа аяқтанған  ботадай. Екіншісі жаңа аяқтанған ботадай болып көрінді. (Ө. Қанахин).

Жарап жүрген нардай құтыру. Шығакелді құтырып, Жарап жүрген нардай боп (Батырлар жыры).

Жас ботадай монтию. Жас ботадай монтиған жүзін бұзбастан, орнынан тұрды (Ғ. Мұстафин).

Желмаядай есу. Менің асыққанымды түсініп, желмаядай есті (С. Жүнісов).

Желмаядай жылдам. Жауынгерге хабар бер, Желмаядай жылдам жет (Қ. Аманжолов).

Жетекшіл боз  тайлақтай. Қайтсем, қыз көңіліне жағам деп, жетекшіл боз тайлақтай қыздың ыңғайына көне береді (Қазақ ертегілері).

Жетекшіл тайлақтай  жорту. Жайнаңдаған Зейнеп жетекшіл тайлақтай жортады (С. Мұқанов).

Кәрі атан сияқтану.- Кәрі атан сияқтанған кәпір, езіп өлтіріп, құныма қала жаздадың ғой, - деді (С. Мұқанов).

Кісі алатын бурадай. Артынан қуып келе жатқан Қазы досының қабағына қарағанда, кісі алатын бурадай болыпты (Қазақ ертегілері).

Қаңтардағы бурадай  тісін қайрау. Қылған соң қаһарланып қатты қысым, Бурадай қаңтардағы қайрап тісін (Рүстем- Дастан).

Қара атанша шірену. – Мырза-ай, қара атанша шірене тартып, талай өрден асырдың-ау! (Ғ. Мұстафин).

Қара нардай қаңқаю. Сонадай жерде қара нардай қаңқайып, Игілік кетіп барады (Ғ. Мүсірепов).

Қарт бурадай  алысу. Қарсы найза салысты, Қарт бурадай алысты (Батырлар жыры).

Қарт бурадай  басу. Ол кейде қарт бураша басушы еді, Күрілдеп долы қаһар шашушы еді (С. Сейфуллин).

Қоспақ нардай күрілдеу. Қоспақ нардай күрілдеп, Қарайды қалмақ жан-жаққа (Батырлар жыры).

Қотыр нардай қышыну. Сүйкенеді қыздарға, Қотыр нардай қышына (Батырлар жыры).

Құлаған құба нардай. Есіл ер ел көзінен ғайып болды, Құлаған құба нардай тіке жардан (Рүстем- Дастан).

Құтырған бурадай. Алақандай шағыр көздері құтырған бурадай шарасынан шығып, шатынап барады (С. Мұқанов).

Маядай мойнын созу. Ұшқан құспен жарысып, Маядай мойнын созады (Батырлар жыры).

Мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеу. Қойшы, не керек, лезде-ақ мен мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп, қыздың соңына ілесіп, аудиторияның алдыңғы жағына қарай аяңдадым ( Ә. Нұршайықов).

Нар бураның санындай. Төсінде бар қос анар Нар бураның санындай (Батырлар жыры).

Нар маядай бақыру. Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды (Батырлар жыры).

Нар түйедей. Нешеуі нар түйедей жатыр сұлап, нешеуі етбетінен қалған құлап (Рүстем- Дастан).

Нардай (үлкен). Нардай ақал теке арғымақ мінген, үстінде қара сауыты бар Қарашық батыр ойқастап ортаға шыға берді (І. Есенберлин).

Нардай балғын. Осы жиынға, өздерінің сол сұмдық түні кем-кетік болып қалған жайын айтқалы, кешегі күн нардай балғын балуан азамат болған мынау Бостан, анау Құлжантай, Еңсебайлар келіп отыр (М. Әуезов).

Нардай дене. Бас сүйегі күл-талқан боп, миы әр жерге шашырап кеткен аяулы бидің нардай денесін алдарына әзер өңгеріп, Орда-Базарға қарай беттеді (І. Есенберлин).

Саулы інгендей аңырау. – Ой, қызым, - деп зарлаған, Саулы інгендей аңыраған (Батырлар жыры).

Саулы інгендей боздату. Боздатып саулы інгендей күңірентіп, Нөсердей нөпір төккен жауындатып (І. Жансүгіров).

Саулы інгендей ыңқылдау. Саулы інгендей ыңқылдап, Күшігендей сұңқылдап (Батырлар жыры).

Семіз нардай теңкию. Сонау, семіз нардай теңкиген «Қошқарбай»! (С. Мұқанов).

Тайлақтай тарпаңдау. Жер таянған әкең бар, тайлақтай тарпаңдаған балаң бар (Х. Есенжанов).

Түйедей зор. Өзі де түйедей зор неме (Ғ. Мұстафин).

Түйедей қалпымен. Түйедей қалпымен сыбанып жарысқ шығып, тырқиып бәйгенің артында қалсам, онан зор өлім болмас маған (С. Мұқанов).

Түйенің үлкендігіндей. Әрбірінің үлкендігі түйенің үлкендігіндей (Қазақ ертегілері).

Түйеше құр  бойына сену. Барақтың артық қайрат етуінен Түйеше құр бойыңа сенгендейсің (Айтыс).

Түйеше маңқию. – Сіз теміржолда істейтін едіңіз ғой? – дегенде ол түйеше маңқия қарады (Ғ. Мұстафин).

Түймедейді түйедей  қылу. Ағайын ел араздыққа сылтау таба алмай, үлкен етіп, түймедейді түйедей қылып, өсек, сыбырға ... белшесінен батқан екен (М. Әуезов).

Тұлыпқа боздаған інгендей. Тұлыпқа боздаған інгендей аңырап келеді (Ә. Нұрпейісов).

Шабатын бурадай  қаһарлану. Әбілқйыр жұрт өсегін ойына алса болғаны, шабатын бурадай қаһарлана түседі (І. Есенберлин).

Шайнастырған  бурадайын бұлқыну. Бұлқынды шайнастырған бурадайын, Жұлқынды жұтпақшы боп суда жайын (І. Есенберлин).

Шоқ басқан тайлақтай. Шоқ басқан тайлақтай боларсыз бір күні (Ғ. Мұстафин).

Шөккен нардай. Келгенде тоқсан жасқа шөккен нардай, Жүрекке дем берген кім дүрілдетіп (Жамбыл).

Шөккен нардай боп қарауыту. Ұзын эшелонның кейінгі жағындағы жайдақ вагондарда зеңбіркетер құдды бір шөккен нардай боп жотасы қарауытады (Ә. Нұрпейісов).

Шөккен нардай теңкию. Теңкиіп шөккен нардай белеңдерім, Жусайтын көп жотының көгендерін (Айтыс).

Шөккен нардай үлкен. Он шақты жігіт шөккен нардай үлкен кесек мысты жылжытып, осы шанаға қарай келе жатыр (Ғ. Мүсірепов).

Үріккен тайлақтай  жалт-жұлт ету. Кейбіреулерінің қасында шабақ үріккен тайлақтай жалт-жұлт етеді (С. Сейфуллин).

 

*  Қосымша мәлімет 

«Түйе» сөзі қатысқан шөп  атаулары:

  • түйеқарын – (Орал, Орда) қаңбақ.
  • түйеқарын - (Қ.орда, Қарм.) жапырағында ұсақ тікені бар, ұзындығы 50 см өсімдік
  • түйежоңышқа, түйежапырақ, түйесораң, түйесүйек (Қ. орда, Қарм.) таспа туысына жататын бұта.
  • түйесіңір – (Қ.орда, Қарм.; Алм., Ұзын.) таспа туысына жататын шала бұта.
  • түйе табан – (Сем., Абай; Қост., Жанг.) тікенді, жапырақты өсімдік.

жануар атауы:

  • түйеқұлақ- (Қ. орда, Қарм.) құлақ пішіні түйе құлағына ұқсайтын кеміргіштер тобына жататын шиқылдақ тышқанның бір түрі. 2. (МХР) құйрығы ұзын, құлағы адырайып тұратын құлағы үлкен сырт тышқаны;

 Салт-дәстүрлер

  • түйемұрындық – ұзатылып келе жатқан келіншек көшінен алынатын кәде
  • шаңырақтүйе – ұзатылып келе жатқан қыздың көлігі.

 

 

Мақал-мәтелдер және оларға ағылшын тілінен балама келтіру

Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

Аттың атағы, түйенің табаны үлкен. экв. - Good fame sleeps, bad fame creeps.

Бір түйенің екі өркеші, бірі кетсе – күші жоқ, Бір биенің екі емшегі, бірі кетсе – сүті жоқ.

Түйе қашып, жүктен кете алмас. экв. - He that is born to be hanged shall never be drowned; No flying from fate.

Түйе көп болса, жүк  сыймайды.

Түйе өлген жерде жүк  қалады. экв. -

 

Информация о работе Түйеге қатысты атаулар жиып, оларды өзге тілге аудару, мақал- мәтел, фразеологиялық тіркестер жинастыру