Табиғат құбылстарына байланысты ағылшын қазақ мақал мәтелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:46, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің нысаны. Тілдік әрі тарихи-мәдени деректерге сүйене отырып, қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерінің өзара ұқсастық, ерекшелік жақтарын этнолингвистикалық және этномәдени тұрғыда қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, ұлттық сипатын ашу, олардың өмір сүру салаларында қаншалықты жиі қолданылатынын пайымдау, әсіресе табиғат құбылыстарына байланысты мақал мәтелдердің қасиетін ашу қазақ және ағылшын тілінде.

Содержание

І. Кіріспе ...............................................................................................................2-4
ІІ. Негізгі бөлім ............................................................................................5-22
2.1. Мақал-мәтелдердің тарихына қысқаша шолу ...............................5-7
2.2. Мақал-мәтелдердің тілдегі қолданысы мен мағынасы ...................7-12
2.3. Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ
және ағылшын мақал-мәтелдері ........................................................12-14
2.4. Еңбек, ғылым және білімге байланысты қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдері....................................................................................14-15
2.5. Өмір және өлімге, денсаулыққа байланысты қазақ және
aғылшын мақал-мәтелдер.....................................................................15-16
2.6. Табиғат құбылысының компоненттері қосылған қазақ және
ағылшын мақал мәтелдеріндегі ұқсастық пен айырмашылық .........16-17
2.6.1. «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ......................................................................................17-21
2.6.2. «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ..................................................................................... 21-22
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................................23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................24

Работа содержит 1 файл

2 курс курсовая работа.docx

— 80.42 Кб (Скачать)

 

      Halo  around  the  sun  or  moon, rain  or  snow  soon.

     Күн   немесе ай айналасындағы сауле,  қар немесе жаңбырдың белгісі.

 

       Бұл мақалды түсіндіре өтсек: дәлірек  айтар  болсақ  «сауле»  деп  отырғанымыз  «Үлкен совет энциклопедиясындағы» түсініктеме бойынша, атмосфреда  болатын  құбылыс, шарбы  бұлттар  немесе  тұман. Яғни  біздің  түсінігіміз  бойынша  да  қара  бұлтты  көрсек  жаңбыр  жауады  деп , ал қыстыгүні  қар  жауады  деп  есептейтініміз  секілді  бұл  мақалда да  «күн  немесе ай айналасындағы сауле»  дегенімізде  сол  қара  бұлт  ж»не  тұман  деген  мағынада  қолданылып  тұр. Ал  АҚШ ауа райы  болжам  қызметі 75 пайыз күн және  65 пайыз ай  айналасындаға сауле ден кейін жаңбыр  жауатынын бекітеді.

 

       When the sun shines while raining, it will rain the same time again tomorrow.

       Егер жаңбыр жауғанда  күн  шығып тұрса, бұл келесі күні де дәл сол    уақытта жаңбыр  жауады  дегенді  білдіреді.

 

     Бұл  мақал  әрине, қазақ  халқында  кездеспеген  өте  қызық  мақал  секілді. Демек осы  мақалдан  біз  ағылшындарада  жаңбыр  жауған кезде күн  шығып  тұрса  келесі  күні  дәл   сол  уақытта  жаңбыр  жауады  деген  болжамдарының бар екенін  көреміз.

 

       Look for rain when the crow flies low.

       Егер  қарға  төмен  деңгейде  ұшса, жаңбырды  күт. 

 

      Бұл  да  қазақ  халқының  түсінігінде  кездеспейтін  дүние, яғни  қарға  ұшса  жаңбыр  жауады  деп  есептемейміз. Бұл  тек  қана  сөзбе-сөз  аударғандағы  мағынасы.

 

      Нөсер алдында найзағай ойнайды.

      Before  the rain  it  will  be  lightning.

 

      Бұл   мақалда  негізгі  орында  қазақ  мақалы  да  оның  ағылшын   тіліндегі  баламасы. Жоғарыдағы  мысалдарда  біз тек  қана  ағылшын   мақалдарын  және  олардың  қазақ  тылындегі   баламасын  немесе  сөзбе-сөз   аудармасы  болған. Енді  бұл   мақалдың  мағынасына  келер   болсақ  жаңбыр  алдында  найзағай  ойнауы  мүмкін, бірақ  үнемі   емес, сирек  кездеседі. Найзағайсыз  да  жаңбыр  жаууы  әбден   мүмкін.

     

       Күркіреген  бұлттың  жаңбыры  аз.

       When  it  thunders the  rain  will  be. 

 

       Демек, осы «жаңбыр»  сөзіне  қатысты  барлық  мақал  мәтелдер  көбіне  озінің  тура  мағынасында  қолданылады, кейбір  мақалдарды  қоспағанда. Яғни, бұл мақалдар  табиғат  құбылыстарын  білдіреді, әсіресе, қандай  ауа  райы  болатынын  болжайтын  мақалдар. Және  тағы  бір  айта  кететін  жайт  табиғат  құбылысына  байланысты  ағылшын  және  қазақ  мақалдары  көп  жағдайда  сәйкес  келе  бермейді, тек  қана  сөзбе-сөз  баламасы.

      Енді  қазақ   және  ағылшын  мақалындағы   «қар» сөзінің  қолданысына  тоқталып   өтеміз. «Қар»  сөзінің, әрине, қыстың  көркі  екені  бәрімізге  мәлім. Ал  енді  оның  мақал  мәтелдегі  қолданысының  қалай екенін  білу  үшін  бірнеше мақалдарды  алып, зерттеп көрелік.

 

      A year of snow, a year of plenty.

      Қарлы  жыл –  молшылық  жылы.

 

      Бұл  мақалды   зерттеп  қарасақ  бұл   жерде  «қар»  сөзін  молшылыққа  сәйкестендіріліп  тұр. Яғни, жоғарыда  айтып  өткендей  қыстың  көркі   қар  демекші, қар  болмаса   қыстың  сәні  келмейтіндей, қар   болмаса  молшылық  болмйтынын  білдіреді. Дәлірек  айтсақ, жыл   мезгілдеріне  сай  қыс  мезгілінен  кейін  қар  еріп, көктем  келіп, тіршілік  жанданады. Демек   қардың  көп  жаууы  да  жердегі  өсімдік, шөп және  гүлге  пайдасы  мол, топырағы  құнарлы  да  көп  мөлшердегі  қардың  арқасында  жап жасыл  өсімдіктер  шығады. Және  қазақ  халқы  көшпелі  халық  болғандықтан  бұл  өсімдіктердің  неғұрлым  көп  және  құнарлы  болып  өсуі, ондағы  өрісте  жайылып  жұрген  төрт  түлік  малға  да  пайдалы. Демек  көшпенділердің  түсінігі  бойынша молшылық  деген  осы. Бұл  мақал  осыдан  ағылшын  халқында  да  осындай  түсініктің  бар  екенін  көрсетіп  тұрғандай.

     Ендігі  кезекте  келесі  табиғат  құбылысына  да  тоқтала  өткен  жөн. Себебі  ол да  табиғат  құбылысы, бұл құбылыс «кемпірқосақ», жаібырдан  соң  шығатын  әсем  құбылыс. Бұл  сөздің  де  мақалдағы  қолданысына  тоқталайық.

 

      Rainbow in the morning gives you fair warning.

      Таңғы  кемпірқосақ, жаңбыр  болуын  ескертеді.

 

       Бұл  мақалды   талдап  өтейік.  Негізінде  біздің  түсінігіміз  бойынша  кемпірқосақ  жаңбырдан  кейінгі  әсем  де  әдемі, түрлі  түсті  бір  керемет  құбылыс. Ал  бұл  мақалда  таңғы  кемпірқосақ жаңбырдың жауатынын ескертеді.

 

       A rainbow afternoon, good weather coming soon.

      Түскі   кемпірқосақ  жақсы  ауа   райының  негізі.

 

       Ал, бұл мақалда түстен  кейінгі кемпірқосақ жайлы. Демек таңертеңдегі  кемпірқосақ жаңбырды  білд ірсе, ал  түстен  кейінгі кемпірқосақ ауа райын жақсы болатынын білдіреді.

 

     

2.6.2 «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің   мақал – мәтелдегі қолданысы

 

      Енді, келесі  бір табиғат құбылыстарына тоқталар болсақ, келесі  табиғат құбылысы  «жел». Бұл сөзге байланысты  да  мақалдар  өте көп. Соларға жеке  тоқталайық.

 

      A wind  from the south

      has rain in its mouth.

     Оңтүстіктен   соққан жел - жаңбыр болар белгісі.

 

     Бұл  ағылшын   мақалында , ағылшан халқының  түсінігінде оңтүстіктен соққан  салқын  желдің  жаңбыр  жаууына алып келетінін көрсетеді. Ал  бұл мақалдың  мұнда тек сөзбе-сөз баламас, себебі  қазақ халқында  табиғат құбылысына  байланысыты мұндай  түсінік жоқ.

 

     No weather's ill if the wind be still.

    Егер  жел   әлі  де тұрмаса, жаман   ауа  райы болмас еді.

 

    Бұл  мақалда  тура  мағынасында қарастырсақ, мұнда яғни  желдің  табиғат құбылысы  ішіндегі  сорақысы екенін, және  жел тұрса ауа райын бұзатынын айтып тұр. Мұнда да тек қана қазақшадағы баламасы.

 

    Жел — дауылдың шақырушысы.

   The  wind arouses the storm.

 

    Бұл  мақалда  да дәл  тура  мағынада, яғни дәл  өзінің  табиғат  құбылысы  мағынасында  беріліп  тұр. Демек  өте  қатты  жел  тұрса, онда ол үлкен  дауылдың  әкелуіне себепкер болуы  әбден мүмкін.

     Енді  осы  «дауыл»  сөзнің  мақал  ішіндегі  қолданысына  келейік.

 

     Аny port in a storm.

    Дауылдағы   кез  келген  порт.

 

    Әрине, бұл жердегі қазақша баламасы  сөзбе-сөз аударма. Ал, оның  мағынасы  тіпті бөлек. Яғни  мұнда  дауыл  сөзі  табиғат  құбылысын  сипаттамай, дауыл  сөзін  бейнелей, қиын  қыстау  күндері  бұл  тығырықтан  шығатын  кез келген  жол  дұрыс  дейді.

 

    The calm before the storm.

    Дауыл алдындағы   тыныштық.

 

     Бұл  мақал  онсызда   түсінікті  секілді. Дауыл   алдындағы  тыныштық. Бұл  қазақ   халқында  да  кездесетін  жағдай  секілді. 

 

     Horses run fast before a violent storm or before windy conditions.

     Жылқылар  қатты  дауыл  алдында  немесе  жел  алдында  тез  жүгіреді.

 

     Бұл мақалда жылқылардың қатты жүгіруі бұл табиғат   құбылысын білдіретін  бір болжам  секілді. Жабыр жауар алдында құмырсұалар тынымсыз  жыбырлап, илеулері  кіретін секілді, бұл да  бір дауыл алдын ала болатынынын болжайтын болжам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Қорыта айтқанда, мақал-мәтелдер - халық тарихы, оның әлеуметтiк тiршiлiгi, ақыл-өнегесi, даналығы мол көрiнiс тапқан, ой дәлдiгiмен, ықшамдылығымен ерекшеленетiн тiлдiк бiрлiктер болып табылады.

Тiл-тiлдегi мақал-мәтелдер әрбiр халықтың тұрмыс-тiршiлiгi, дүниетанымы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi жөнiнде ақпарат көзi, яғни дүниненiң тiлдiк бейнесi болып табылады.

 Қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерге үңіле қараған сайын, оның қоғамның барлық саласын қамтитындығын оңғарасың. Бұл мақал-мәтелдердің басқа мәдениет қорынан ерекшелігі көлемі жағынан қысқа, мазмұн жағынан тереңдігінде ғана емес, көңілге ерекше қонымды, ұжымдылығында және барлық халыққа бірдей ортақтығында.

Демек, ағылшын  және қазақ мақал-мәтелдері бірін-бірі тікелей қайталамаса да, біріне-бірі ұқсас болатынын байқадық. Ал, табиғат құбылысына  байланысты  мақал-мәтелдерге келер болсақ  айтар нәрсе көп  секілді. Біріншіден, екі  тіл  арасындағы  табиғат  құбылысына  байланысты  мақалдар  арасында  ұқсастық  бар, бірақ  өте  аз. Оны  осы   зерттеу жұмысына  қарап айтар болсақ  санаулы ғана. Екіншіден, бұл жұмыста табиғат құбылысына  байланысты  мақалдар  арасында  басты орында  ағылшын мақалдары да  олардың жай ғана  қазақшадағы баламасы, бұлардың  көбінің  қазақ  халқы мақалдарына сәйкес  келері  жоқ. Және  қазақ тілінен де  дәл солай, яғни  қазақ тілінде  бар мақалдар  ағылшын  тілінің мақалына  сай  келмейді. Үшіншіден, енді  мақалдардың  өзіне  келер  болсақ, табиғат  құбылысына  байланысты  мақал-мәтелдер  көбіне  өз  мағынасында, тура  мағынада  қолданылады. Яғни, мақалдарда  жаңбырдан  кейін  не болатыны, қар  жаусы  не болатыны  немесе  тіпті  табиғат  құбылысына  алдындағы  болжамдарды  мақал  ішіне  қолданылған. Тағы  да  бір  айта  кетер  мәселе, осы  мақал-мәтелдерді көптеген ғалымдар зерттеген, мақал-мәтелдердің  этнолингвистикалық сипаты, морфологиялық, лексикалық  сипаты  деп  алады  да, мысалдарын  түсіндірер  де  күнделікті  қолданыстағы  мақалдарды  алған. Әрине, бұл мақалдардың тәрбиелік мәні  зор  мақалдар  екені  даусыз. Дегенмен,  соның ішінде  табиғат құбылысына  байланысты  кездесетін  мысалдар  жоқ.

       Қорыта  келе, мақал-мәтелдердің  адам  өмірінде  алар  орны  өте  үлкен. Кез  келген  жағдайда  осы  мақалдарды  өз  сөзімізде  қолдансақ, біздің  айтар сөзіміз  нақты  әр  түсінікті  және  өте  бай   болар  еді. Өазіргі  таңда   мұндай  мақал-мәтелдер  саясатта  көбірек  қолданылатын  секілді. 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1.  Қайдар Ә. Этнолингвистика// Білім және еңбек. –1985.
  2. Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. – Алматы: Толағай, 2004.
  3. Ахметова С.Г. Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках: Пармиологический сло "Мың бір мақал. Жиырма үш жоқтау"  Жинастырған Ахмет Баржақсы баласы. Алматы. "Қазақстан", 1993ж.
  4. "Қазақ мақал-мәтелдері"  Жинастырған Ө.Тұрманжанов, Алматы "Ана тілі", 1992ж.
  5. "Қазақ мақал-мәтелдері. Казахские пословицы и поговорки". Құрастырған М.Аққозин. Алматы."Қазақстан", 1990жварь. – А., 1989.
  6. "Англо-русский фразеологический словарь" А.Кунин, 1984.
  7. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі. – 1998.

 


Информация о работе Табиғат құбылстарына байланысты ағылшын қазақ мақал мәтелдері