Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 19:46, курсовая работа
Зерттеудің нысаны. Тілдік әрі тарихи-мәдени деректерге сүйене отырып, қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерінің өзара ұқсастық, ерекшелік жақтарын этнолингвистикалық және этномәдени тұрғыда қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, ұлттық сипатын ашу, олардың өмір сүру салаларында қаншалықты жиі қолданылатынын пайымдау, әсіресе табиғат құбылыстарына байланысты мақал мәтелдердің қасиетін ашу қазақ және ағылшын тілінде.
І. Кіріспе ...............................................................................................................2-4
ІІ. Негізгі бөлім ............................................................................................5-22
2.1. Мақал-мәтелдердің тарихына қысқаша шолу ...............................5-7
2.2. Мақал-мәтелдердің тілдегі қолданысы мен мағынасы ...................7-12
2.3. Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ
және ағылшын мақал-мәтелдері ........................................................12-14
2.4. Еңбек, ғылым және білімге байланысты қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдері....................................................................................14-15
2.5. Өмір және өлімге, денсаулыққа байланысты қазақ және
aғылшын мақал-мәтелдер.....................................................................15-16
2.6. Табиғат құбылысының компоненттері қосылған қазақ және
ағылшын мақал мәтелдеріндегі ұқсастық пен айырмашылық .........16-17
2.6.1. «Жаңбыр», «кемпірқосақ» және «қар» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ......................................................................................17-21
2.6.2. «Жел», «дауыл» және «боран» сөзінің мақал – мәтелдегі
қолданысы ..................................................................................... 21-22
ІІІ. Қорытынды ..............................................................................................23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................24
Тегiнде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы; ол сол халықтың сөздiк қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенiн де сездiрер белгiсi. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну – бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.
Мақал-мәтел (лат. – proverbium, adagium, франц - proverbe, неміс тілінде - Sprichwort, ағылшын тілінде - proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай қолданылатын афоризмдер. Мақал - мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде « paroimia » мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді.
Мақал-мәтелдер - халық тарихы, оның әлеуметтiк тiршiлiгi, ақыл-өнегесi, даналығы мол көрiнiс тапқан, ой дәлдiгiмен, ықшамдылығымен ерекшеленетiн тiлдiк бiрлiктер болып табылады.
Параллелизм құбылысының орын алуына байланысты мақалдардың денi егiз жолды, қос тармақты болып келедi, сондай-ақ үш тармақты, төрт тармақтылары да кездеседi. Мақалда айтылатын ой не тура, не астарлы түрде берiледi және көп жағдайда үлгi, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тiркесi, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрiнде келiп, көңiлдегi ойды емеурiн арқылы жеткiзедi және нақты тұжырым, қорытынды пiкiр жасалмайды.
Ағылшын тiл бiлiмiнде мақал мен мәтелдiң ара жiгi нақты ажыратылмай, бiртұтас тұрақты тiркес ретiнде қарастырылады.
Мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады.
Мақал-мәтелдердiң тұлғасының тұрақтылығы мен тiлде бұрыннан "дайын" материал ретiнде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкiндiк бередi.
Этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың жалпы тiл бiлiмiнде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердiң тiлдiк сипатын сараптап қана қою жеткiлiксiз, олардың ұлттық ерекшелiктерiн, этнолингвистикалық сипатын ашу — бүгiнri тандағы өзектi мәселелердiң бiрi.
Мақалдар тiлдеri қолданысы мен мағынасы жағынан екi топқа бөлiнедi: тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын тұрақты тiркестер.
Бiрқатар қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерiнiң құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестiктерi байқалды, абсолюттi эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлерi де кездеседi.
Ағылшын мақалдары көбiне бiр сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшiлiгi екi, не бiрнеше тармақты болып келедi. Қазақ мақал-мәтелдерiндегі айтылар ойдың басқа бiр жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткiзiлуiн тiлдiк ерекшелiктер санатына жатқызуға болады.
Қазақ мақалдарының белгiлi бiр ұйқасы дыбыс үндестiгi, тұлға сәйкестiгi және мағына үйлесiмдiлiгi тәрiздi шарттарға негiзделiп құрылуы қазақ халқының ертеден шешендiк өнерге, ақындыққа ерекше көңiл бөлуiмен байланысты.
Қазақ мақал-мәтелдерiнiң түпдерегi қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен, яғни Майқы, Төле, Әйтеке есiмдерiмен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б. шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгiлерiмен, қоғам қайраткерлерiнiң қанатты сөздерiмен, жұмбақтар және дiни мазмұндағы шығармалармен, тығыз байланысты.
Ағылшын мақал-мәтелдерiнiң ауқымды тобы қасиеттi кiтап Iнжiлден, В. Шекспир сынды ағылшын классикалық әдебиетiнiң ұлы тұлғаларының шығармаларынан, халықтық аңыз әңгiмелерден бастау алады. Сондай-ақ, испан, француз тәрiздi өзге мәдени қоғамдастықтардан ауысқан мақал-мәтелдер де паремиологиялық қордың толығуына септiгiн тигiзген.
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерiнiң қайнар көзiне байланысты негiзгi айырма мынада: қазақ мақал-мәтелдерiнiң басым көпшiлiгi ауызша сөз үлгiлерi негiзiнде қалыптасқан, ағылшын мақал-мәтелдерiнiң көлемдi бөлiгi қасиеттi кiтаптан тараған үлағатты сөздер болып табылады, ауызша таралған мақал-мәтелдер жетекшi орында емес. Сондай-ақ, Шекспир сынды классиктердiң қаламынан туындаған бейнелi тiлдiк бiрлiктер ерекше орын алады.
Ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдердiң құрамында елдi-мекендердiң, атаулары мен кiсi есiмдерi жиi кездеседi.
Туыс емес тiлдердегi бiрқатар мақал-мәтелдердiң өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмiр тәжiрибесiнiң, көзi жетiп, көкейiне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен, астастығымен байланысты.
Тiл-тiлдегi мақал-мәтелдер әрбiр халықтың тұрмыс-тiршiлiгi, дүниетанымы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрi жөнiнде ақпарат көзi, яғни дүниненiң тiлдiк бейнесi болып табылады.
Әртектес тiлдердiң мақал-
Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын және қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды тек ағылшын және қазақ халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.
Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған. Мысалы: «Келген дәулет – кеткен бейнет», «Ер тынысы –еңбек, ез тынысы –ермек» сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар – еңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы.
Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық – тарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар – жалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні. Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарда көрінеді. Өйткені белгілі бір мақалға арқау болатын өмір шындығы типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана қолданылады.
Мақалдардың негізгі
ерекшеліктерінің бірі сол,
Бұл жағдайда көптеген мақалдар өздерінің тура мағынасынан алшақтап, тек ауыспалы мағыналарда ғана қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен, қазақтардың қалмақтармен жауапкершілігі кезінде туған «Жыға жығылмай ту жығылмас» мақалын алайық. Ол тура мағынасында бізге тек тарихи құжат қана болып табылады. «Жыға» деп соғыс кезінде қолбасылар киетін сәнді, дәрежелі бас киімді айтқан. Қай соғыста болмасын жауды жеңу үшін қолбасын жығу керек, сонда ту да жығылады, яғни жау жеңіледі. Сөйтіп, мақал өзінің алғашқы туу кезінде жауды жеңу үшін әуелі оның қолбасын жығу керек деген жаугершілік практикасынан қорытылған әскер бастығының өсиеті сияқты мағынада қолданылған.
Ал қазіргі көне көз қариялардың сөз сараптау практикасында бұл мақал белгілі бір әрекетте негізгі, басты қиыншылықты жеңсең ғана табысқа жетесің деген ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, бұдан мақалдың тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынасының жалпылауыштық қасиетінің күшті екенін көреміз. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалар мен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан мығым жасалған кейбір мақалдар тек өзінің тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты тура мағынасын ғана жоғалтып, алдыңғы ұрпақтардың дүниетанымына сай, алуан түрлі ауыспалы мағыналарға ие болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады. Мұндай мазмұндас мақалдарға дүниетанымдық тұрғыдан ғылыми талдау жасағанда мүмкіндігінше барлық қырынан тексеріп, барынша байыпты қараған жөн.
Өмір құбылыстарын жалпылай қорытатын мақалдардың жалпылауыш және типтік қасиеттері ауыспалы мағынасында арта түседі дегенде мақал жанрының тура мағынасының маңызы жоқ деген ұғым тумайды. Қайта оның ауыспалы мағыналарында қолдану аясының кеңдігі оның тура мағынасымен тығыз байланысты. Олай болса, мақал жанрындағы тура және ауыспалы мағыналар өзара диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу – осы байланысты көрсетуде.
«Сөздің көркі
– мақал» дегендей мақалдың
көмегімен айтайын деген
ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге
болады. Сондықтан да мақал-
2.3 Адамдық, махаббат және достық мәселесіне байланысты қазақ және ағылшын мақал-мәтелдері
Мақалдар тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды. Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі. Ешкім де «көрінбейді» дей алмас. Өйткені мақал –тұрмыс айнасы. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше мыңға кетер. Бірақ ол мақалдар бұл күнге шейін жиналып, басылып шыққан жоқ. Әркімнің өзінде, әр кітапта бытырап жүр. Біздің алға қойған мақсатымыз, осындай түрлі тақырыптағы қазақша, ағылшынша мақал-мәтелдерді жүйелеп, үндестігі, ұқсастығы мен айырмашылығына сай белгілі бір топтарға топтап, реттеп алу.
Қазақ мақал-мәтелдері мен ағылшын мақал-мәтелдерін салыстырғанда жасалу тәсілдері бір-бірімен ұқсамаса да, мазмұндарында жақындық жақтары күшті сезіледі. Олардың көпшілігі: адамдық, адалдық, батырлық, білім, ақыл-ой, парасат сияқты жағымды, оң қасиеттерге жетелеу.
Аққа-құдай жақ. Honest as the day.
Алдымен ойла, соңынан сөйле. First think then speak.
Ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің құрамын зерттегенде семантика-грамматикалық құрылымы, жасалу тәсілдеріне өзгешеліктен гөрі жалпылықтарының көп екендігі байқалады.
Мәселен, ағылшын тіліне байланысты А.В.Куниннің фразеологизмдердің негізгі белгілері деп көрсеткен төрт белгісі кез келген тілге тура келеді:
Жалпы, А.В. Куниннің фразеологизмдер жөніндегі еңбектерін басынан аяғына дейін зерттегенде аңғарылатын негізгі мәселе-фразеологизмдердің негізгі белгісі тұрақтылық белгісін ту етіп ұстайды:
Бұл жерде айтпақшы болған ойымыз - мақал-мәтелдердің лингвистикалық теориялық негіздерінің жақындығы.
Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Адам және оның қасиеттеріне байланысты қазақ және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер өте көп. Мысалы,
A bargain is a bargain.
Информация о работе Табиғат құбылстарына байланысты ағылшын қазақ мақал мәтелдері