Мақал мәтел аудармасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:38, курсовая работа

Описание работы

Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесіне ықпал етіп, өзіндік із қалдырып отырғаны сөзсіз, алайда ММ тұлғалық және мағыналық біртұтастығын сақтап қалған бірден-бір тілдік бірліктер ретінде белгілі.

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 288.00 Кб (Скачать)

Қос тілдегі бейэквивалентті ММ-дің этнолингвистикалық уәжі. Зерттеу барысында қазақ және ағылшын тілдерінің өздеріне ғана тән, өзге тілде баламасы жоқ түрлері де кездесті. Аталмыш тұрақты тіркестердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда, сандық көрсеткішінің, кездесу жиілігінің төмендігі байқалды. Мысалы: Жеті атасын білмеген, жетімдіктің салдары. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу – әрбір қазақ азаматының дәстүрлі борышы, мұны таныта білу – ата-ана тәрбиесінің әліппесі. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана кей жағдайларда мұндай білімнен мақұрым болатын. Жеті атаның тізімі – әке – бала – немере – шөбере – шөшпек – немене – туажат. Сегізінші – жүрежат, тоғызыншы – жекжат, оныншы – ата-жұрт болып өрбиді. Қазақ жеті атасын білмегенді жетесіз деп, ол адамға үлкен мін таққан. Жеті атаға дейін қыз алып, қыз беріспейді. Мұндай шартты бұзған кісі әдепсіз деп танылса, ертеректе қатаң жаза қоданылған. People who live in glass houses shouldn’t throw stones (с.с.а.: Әйнектен жасалған үйде тұратын адамдар тас лақтырмауы тиіс). Бұл мақалдың шығу төркіні тарихи деректерге сүйенер болсақ, XVIII ғасырмен тұтас келеді. Әйнек XVIII ғасырда Англияда үй, шіркеу және басқа да ғимараттар салу жұмыстарында кеңінен қолданылған құрылыс материалдарының бірі болатын. Ағылшын халқының тұрмыс-тіршілігінде орын алған осы бір әлеуметтік жағдай да тілде өзіндік із қалдырған тәрізді. Қазіргі таңда бұл мақал «өзің сол дәрежеде тұрып, басқаға сын айтпа» деген ұғымды білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ.

 

2.1 Мақал мен мәтелдің өзара ортақ және айырым белгілері, семантикасы мен құрылымы. Мақалдар белгілі бір тұжырымды ойды көбіне тікелей (кейде астарлы түрде) білдіреді. Олар жай сөйлем түрінде де, құрмалас сөйлем түрінде де келе беруі мүмкін. Мысалы,

Нар жолында жүк қалмас [7;156];

Таулы жер бұлақсыз болмас,сулы жер құрақсыз болмас [7;259].

Мақалдар негізінен  екі бөлімнен тұрады. 1-ші бөлімде  іс-әрекеттің шарты, жағдайы айтылады. 2-ші бөлімінде ой-пікір түйінделіп қорытындыланады. Мысалы,

Кісі  елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол [7;117];

Сұлу  – сұлу емес, сүйген – сұлу [7; 238].

Я болмаса екі  нәрсені бір-біріне қарсы қойып  салыстырады. Мысалы, Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа [7,75];

Суық  ширатады, жылы жасытады [7,227].

Мақалдар – аз сөзбен көп мағына берудің, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Осы орайда «мақал – сөздің мәйегі» деген дәл тауып айтылған. Ендеше мақал дегеніміз – қысқа, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөз.

Мәтелдер де мақалдар сияқты негізінен белгілі  бір ойды білдіреді. Бірақ мақалдар тәрізді екі бөлімнен тұратын құрылыммен емес, жай сөйлемдермен ғана беріледі. Онда да ойды төтесінен, тура айтпай, жанамалап, тұспалдап, меңзеп жеткізеді. Мысалы,

Палуанға  оң, терісі бірдей Кісідегінің кілті аспанда; Жығылсаң нардан жығыл [7,165];

Келтірілген мысалдардан  байқағанымыздай-ақ, мақалдарға қарағанда  мәтелдер құрылымы жағынан шектеулі болады. Шектеулілігінің дәлелі сол –бірқатар мәтелдердің құрылымы жай сөйлемдердің деңгейіне де жетпей жатады. Мысалы,

Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен;

Сұлуынан  жылуы;

Ұзын  арқан, кең тұсау.

Қазақ ғалымы Б. Қалиұлы айтқандай, бұл тәріздес мәтелдер фразеологизмдерге бір  табан жақын тұрады да, сөйлемнің  бір мүшесі ретінде қызмет атқарады [8,132-133]. ММ-ге мұндай анықтаманы Б. Қалиұлы береді.

М. Балақаев бастаған бір топ авторлар «Қазақ тілінің  стилистикасы»  оқулығында ММ-ге «сөзді жандандырып, тілімізге өткір сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні айырықша құрал», «астарлап, кестелеп айтатын ойдың бейнелі көрінісі»  деп бағалап, мынадай жекелеген анықтама береді: «Мақал  көбінесе тиянақталған қорытынды ой ретінде сөйлем түрінде келеді. Мәтел  формасы жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі сияқты. Онда ой аяқталмаған келте қайырылады» [9,123].

И. В. Арнольдтің де ММ туралы пікірі қазақ ғалымдарының пайымдауларына сайып келеді.

Оның айтуынша, «мақалдар халықтың терең даналығының  қысқа образды көрінісі болып табылады. Мақалдың әрдайым тиянақты түрде аяқталған ойды білдіретін сөйлем түріндегі формасы болады. Біртұтас мақалды бір сөзбен алмастыру мүмкін емес. Ал, мәтелдер, мақалдарға қарағанда, аяқталмаған ойды білдіреді және олардың дидактикалық бағыттылығы болмайды», – дейді И. В. Арнольд [10,205-206].

Жекелеген авторлардың  ойымен танысқанымыздан кейін, бірнеше  ағылшын және қазақ тілдеріндегі түсіндірме сөздіктерге жүгінейік.

Қазақ тілінің  түсіндірме сөздігі: «Мақал деп қысқа  образды ұйқасты тұжырымды нақыл  сөздердің тізбегін айтамыз. Үлгі-өнеге  ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз» [11,102]; «Мәтел – бейнелі өткір нақыл сөздер тіркесі, тізбегі» [11,122].

Лингвистикалық түсіндірме сөздік: «Мақал – ауызекі тілдегі қысқа және тұрақты ритмикалық құрылысы бар, халықтың ғасырлық тәжірибесі сақталған нақылды сөйлем» [12,141]; «Мәтел – тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз» [12;168].

Longman dictionary: «Proverb – a short well-known statement that gives advice or expresses something that is generally true» [13;1319]; «Saying – a well-known short   statement that expresses an idea most people believe is true and wise» [13;1461].

Macmillan dictionary: «Proverb – a short well-known statement that gives practical advice about life» [14;1135]; «Saying – a well-known statement about what often happens in life» [14;1262].

Dictionary of the English Language: «Proverb – a pity saying, especially one condensing the wisdom of experience» [15;1015]; «Saying – a brief statement of a practical principle or proposition» [15;1121].

Хорнби сөздігі: «Proverb – popular short saying, with words of advice or warning» [16;168]; «Saying – well-known phrase, proverb, etc» [16;252].

Хорнби, Гатенби, Уикфилд сөздігі: «Proverb – a short saying, usually well-known and handed down from ancient times, containing words of advice, warning or wisdom» [16;496]; «Saying – a well-known phrase or proverb» [16;117].

Қазақша және ағылшынша сөздіктердегі түсіндірмелерді салыстырсақ, алғашқыларында мақал мен мәтелдің ара-жігі анық ажыратылған. Ал, ағылшын тіліндегі сөздіктерден байқайтынымыз, мақалға (proverb) да, мәтелге (saying) де бірдей ұқсас түсіндірме жасалынады. Шын мәнісінде, ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдердің ара-жігі ажыратылмағандығы, біртұтас, тұрақты тұлғалар ретінде қарастырылатындығы, көпшілікке беймәлім болуы мүмкін. Мұның анық айғағы деп А. В. Кунин тұжырымын сөзбе-сөз келтіргіміз келеді: «В английской и американской лингвистической литературе так же не проводится четкого разгранечения между пословицами и поговорками, этим объясняется, почему английские словари пословиц включают обороты явно не пословичного характера. При современном развитии теории фразеологии пользоваться понятием «поговорка» в том его широком понимании, как это принято в фольклористике, нецелесообразно. Поскольку различные структурно-семантические типы фразеологических единиц уже имеют названия, поговорка может быть использована лишь для одного из них, еще не имеющего названия, а именно коммуникативных фразеологических единиц не пословичного характера, независимо от того, связаны они с пословицами или нет. К поговоркам относится тот тип устойчивых образований, который принято считать поговорками еще со времен В. И. Даля, т. е. втечении свыше ста лет. Расширение же толкования этого термина в языкознании малоэффективно» [17;251].

Десе де, ағылшын тіліндегі ММ-ге берілген анықтамалар қазақ ғалымдарының пікір-пайымдауларымен төркіндес. ММ-ге деген қазақша және ағылшынша көзқарастар мүлдем екі басқа деген қате түсінік қалыптаспасын. Біздің айтқымыз келгені – екі тілде де қорытылған ой мынадай:

ММ дегеніміз  – халықтың белгілі бір өмір тәжрибесінен шыққан айқын ойды үлгі-насихат, өнеге-өсиет ретінде көркем бейнелеп жеткізетін халықтың нақыл сөзі. ММ өзінің тақарыбы, мазмұны, мағынасы жағынан өмір құбылыстарын жан-жақты қамтып, қоғамдағы әртүрлі қарым-қатынасты нақыштап жеткізеді.

ММ-ді бір-бірінен айқындап ажырату еңбектері орыс ғалымдары мен даналық сөздерді жинақтаушылардың арасында ХІХ ғасырдан басталған екен. Ең алғашқы боп, И. М. Снегиреев, В. И. Даль, Е. А. Ляцкий, А. А. Потебня, т. б. зерттеушілер өз еңбектерінде мақал мен мәтелдің айырмашылығы туралы пікірлерін білдірген. Дегенмен, жүйелі зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бері жүре бастаған. О. Широкова, М. А. Рыбникова, С. А. Гаврин, А. Н. Кожин, т. б. ғалымдар мақал мен мәтелді айыру мәселесіне зерттеу жұмыстарын, ғылыми мақалаларын арнаған [7;159].

Ал, қазақ ғалымдарының ішінде Р. Сәрсенбаев, Ө. Айтбаев, С. К. Сатенова, Ғ. Турабаев, т. б. қазақ мақалы мен мәтелінің өзара айырмасын ғылыми жұмыстарына арқау етеді. М. А. Рыбников, А. А. Морозов, А. Нұрмаханов сынды зерттеушілердің бір тобы мақал мен мәтелдің айырмашылығын олардың құрылым-құрылысымен байланыстыра қарайды, яғни мақал аяқталған толық сөйлем ретінде, ал мәтел сөз тіркесі түрінде келеді деп пікір білдіреді [7; 159-160].

Бірақ бұл ғалымдар мәтел тек сөз тіркесі ретінде ғана емес, сөйлем түрінде де келетінін ескермеген. Оған мынадай мысалдар келтіруге болады:

Аз асқа бақауыл болма, аз елге жақауыл болма;

Қызым, саған айтам, келінім, сен  тыңда. Бұл мәтелдер қос тармақты күйде, құрмалас сөйлем күйінде жасалған.

Осы ретте С. Г. Гавриннің: «Барлық мәтелдер сөйлем түрінде және сөз тіркесі түрінде келген мәтелдер болып бөлінеді» – деген орынды пікірін еске түсіреміз [18].

Мұндай пікірді ММ-дің табиғатын терең зерттеген Г. М. Пермяков та мақұлдаған: «Мәтелді синтаксистік құрылысына қарап екі түрге бөлу керек: сөз тіркесіне балама мәтелдер және сөйлемге балама мәтелдер» [19 ]

Жалпы алғанда, мақал – халықтың өмірден  алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытындысы, айқын ойды үлгі-өнеге ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың нақыл сөзі. Мақал аяқталған сөйлем ретінде ауыспалы мағынада келеді. Мәтел, мақалға қарағанда, аяқталмай, топшалама, болжам ретінде беріліп, сөйлем немесе сөз тіркесі түрінде келеді. Мақал – толық сөйлем түрінде келетін, аяқталған тиянақты ойды білдіретін нақыл сөз. Мақал әрдайым өмір құбылысы мен тәжірибесін қатар жинақтап айтады. Мақал халықтың тікелей әлеуметтік-тарихи тәжірибесінен шығады, яғни, өмірде кездесетін істің дәлелі айтылса, соңынан оған қортынды тұжырым жасалады. Мысалы:

Қар жауды деп қуанба аязы бар, Қожа келді деп қуанба ниязы бар;

Арық малды асырасаң аузы-басың май болар, арық адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар; т. б.

Мақал өлшемі жағынан ықшам болғанымен, мағына жағынан терең, күрделі болып келеді. Ритмикалық құрылыс, ерекше дыбыстық ұқсастық және композициялық-синтаксистік құрылыстар мақалға тән. Сонымен қатар көлемі қысқа, артық сөзі жок, нақты мағынаны көздейтін сипат ауыз әдебиетінде тек мақалға тән.

Мақалдың құрамында  негізгі тұрлаулы сөйлем мүшелері жиі  кездеседі де, тұрлаусыз мүшелері аз кездеседі. Құрамында барлық сөйлем мүшелері болуы шарт. Айтылатын ойды тиянақты етіп, толық, айқын түсіндіруде баяндауыштың, әсіресе, етістік тұлғалы сөздердің болуы мақалға тән. Өйткені мақал толық сөйлемнің көмегімен жеткізіледі. Олай болса, айтылатын ойды толық сөйлем арқылы білдіруде баяндауыштың қызметі айырықша болады. Сондықтан да, мақалдың сөйлем құрамында тұрлаулы мүшелердің болуы, әсіресе, баяндауыштың болуы шарт. Мақалдың мәтелден ең басты айырмашылығы да, өзіндік ерекшелігі де осы сипатында.

Мәтел, көбінесе, жай сөйлем түрінде, оның ішінде толымсыз жай сөйлем

түрінде кездеседі. Мәтел әрқашан оқиғаны, өмір құбылысын толық сөйлем күйінде  білдірмей, ойды тиянақсыз жеткізеді.

Мәтел – өмір құбылысын дәл анықтайтын, халыққа кең тараған нақышты  сөздер. Бұл мақалға қарағанда, көлемі қысқа, ойды толық жеткізбей, топшылама, болжам ретінде ғана айтады. Мысалы:

«Ат жалында, атан қомында», «Көз қорқақ, қол батыр», «Бір басқа – бір  көз».

Бұл мәтелдердің мақалдардан басты  айырмашылығы ойды толық аяқтамай, тек ишарат қана білдіріп қоюында. Жоғарыдағы мәтелдердің бірде-бірі тиянақты ойға ие болып, ақыл-кеңес беретін дәлелді тұжырым жасап тұрған жоқ. Бұлар өмір құбылыстары мен заттарды образды түрде бейнелеу, салыстыру арқылы ишаратпен жеткізеді. Мақалға қарағанда, мәтелде ұлттық-мәдени нақыштар жиірек кездеседі. Мәтел жеке фактілердің негізінде жасалып, ауыспалы мағынада келеді.

К. Аханов мақал мен мәтелдің айырмашылығына тоқтала келе, мәтелге орынды анықтама береді: «Мәтелдерде ой-пікір, топшылау мақалдардағыдай тікелей кесіп  айтылмайды да, образды түрде жанамалай айтылған ишарат болады [20].

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы туралы бұрыннан айтылып келе жатқан пікірлердің  бірінде В. Даль былай көрсетеді: «Поговорка только заменяет прямую речь, не договаривает, а иногда и не называет вещи, но условно, весьма ясно намекает» [17].

Лингвистикалық  тұрғыдан Р. Сәрсенбаев мақал мен  мәтелді 3 ерекшелігі бойынша ажыратуды  ұсынады:

  1. Мақал мен мәтелдің бір-бірінен айырмасы, ең алдымен, мағыналық мазмұнына байланысты. Мақал белгілі тиянақты ойды астарлы, ауыспалы мағынамен образды түрде жеткізеді. Мұнда себеп-салдар мен дәлел қатар беріледі. Мақалға қарағанда, мәтел өмір құбылысын болжам, ишаратпен бейнелейді де, ойды толық аяқтамайды.
  2. Мақал мен мәтел өзара синтаксистік құрылысы жағынан да өзгеше болады. Мәтелге қарағанда, мақал құрмалас сөйлем күйінде жиі ұшырасады. Өйткені мақал өмір тәжірибесінде кездесетін оқиға, жағдай, іс-әрекеттерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы немесе салыстыру арқылы баяндап отырады. Мақал мен мәтелдің синтаксистік құрылысындағы ерекшеліктер етістікті баяндауыштың түсіп қалу заңдылығына байланысты. Мәтелдің құрамында етістіктен болған баяндауыш сөз, көбіне айтылмай түсіп қалады. Бұл жағдай мәтелдің оқиғаны ишаратпен ғана жеткізуі үшін қолданылады. Өйткені күрделі ойды толық білдіретін сөйлем баяндауышсыз жасалмайды. Бірақ баяндауыш түсіп қалған сөйлемнің бәрін бірдей мәтел деуге болмайды. Мақал халық арасында мәтел сияқты көп айтылып, танымал болып кеткендіктен, кейде қысқарып та айтылады.
  3. Мақал мен мәтелдің айырмасы олардың құрамындағы компоненттер санына да байланысты. Мәтелге қарағанда, мақал көлемі жағынан үлкен, құрамындағы сөздердің саны артығырақ келеді. Мәтел өзінің құрамындағы компонент саны жағынан идиомаға жақынырақ келеді. Идиоманың құрамындағы сөздер үшеу-төртеуден аспайтын болса, мәтелдің компоненттері де осымен шамалас. Сондықтан да мақал басқа тұрақты сөз тіркестерінен, сонымен қатар мәтелден өзінің компонент саны жағынан да ерекшеленеді [21].

Информация о работе Мақал мәтел аудармасы