Эквивалентсіз аудару ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:51, реферат

Описание работы

Өзінің ерте кездегі дамуынан бастап аударма адамзат үшін ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарды, әр түрлі тілдік топтарға жататын адамдардың қарым-қатынасы үшін көмектесті. Жазу пайда болғаннан кейін аударма адамдарға өзге мәдениет жетістіктеріне жол ашты. Әдебиет пен мәдениеттердің қарым-қатынасы тек қана аударманың көмегі арқылы шындыққа айналды.

Работа содержит 1 файл

эквивалентсіз лексика курсовой.docx

— 69.00 Кб (Скачать)

  «Кейін «Ридинг – фестиваль» келіп, Хиптар онда бағдарламаны басқарып, «Innocent Victom» альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге «Free Me» - коммерциялық рок үлгілі шығарма синглын танытты». 

Осы кішкене  үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі  бір халықаралық рок музыка әлемінің реалийлерін білдіреді. Олардың  толық аудармасыз шетелдік түрінде  не аударма транскрипциясы не аралас аударма түрінде берілгені кездейсоқ  емес.

Өнертану  мәтіндерін аударудың да өзіндік  ерекшеліктері бар. Олардың ішінде ұлттық өнер үлгілері атауларын, мешіт, шіркеу атауларын,т.б. аударуда қиындықтар туындайды. Бұл мәселелерді шешу жолы – транскрипция, семантикалық аударма не аралас аударма.     

Тағы  бір транскрипция тәсілі арқылы аударылатын  мәдени-реалийлер түрі – фольклорлық  және әдеби шығармаларда кездесетін фантастикалық тіршілік иелері атаулары мен есімдері.

       Алдар Көсе – Aldar Kose  

       Hobbit – Хоббит 

       Goblin – гоблин және т.б. 

Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі бір  шынайы қасиетін білдіретін мағыналық  құрамдары барлары аралас аударма  не калькалау арқылы аударылады.

Соңғы транскрипция тәсілі арқылы аударылатын тілдік бірліктерге  терминдер жатады. Мұнда транскрипцияға негізгі термин қандай негізде екендігіне сай анықталатын грек, латын немесе ағылшын бірліктері алынады: cable –  кабель, restitution – реституция, reconstruction – реконструкция, т.б.

Аударма тілінде сәйкес үйлесімділігі болмайтын  тілдік бірліктерді аудару үшін қажет  транслитерация тәсілімен бірге  калькалау тәсілі де қолданылады. Калькалау  дегеніміз – сөздің құрам бөліктері (морфемалар) немесе фразалар (лексемалар) аударма тілінің элементтеріне  сәйкес аударылатын біріккен сөз  құрамы немесе сөз тіркестерінің  айтылуы.  Калькалау аударма тәсілі ретінде транслитерация белгілі  бір себептермен эстетикалық, мағыналық  не басқа да ұстанымдарға байланысты қолданылмаған кезде мәдениетаралық коммуникация жағдайында үлкен көлемдегі  әртүрлі кірме сөздердің енуіне негіз болды.

Тілдердің даму тарихы көбіне функционалдық белгідегі  тіларалық өзара байланыстың  көптеген үлгілерін көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінің –шы, -ші,   -кер, -гер,  т.б. жұрнақтары ағылшын тілінің  –er, - or, - ist жұрнақтарымен өзара байланысты; -сіз, -сыз жұрнақтары ағылшынның un-, in/im-, non- түбір алды жұрнақтарына сәйкес. Үдемелі тіларалық өзара әрекеттестік әсерінен көптеген тілдерге жалпы тізімдік морфемалар енді: -ист, -изм, -ор, дис-, -ион, т.б.  Көптеген түбір морфемалардың  қазақ және ағылшын тілдерінде тура сәйкестіктері де бар:

Money – ақша,                     window – терезе,                                                  

Old – кәрі,                            table – үстел, 

Go – жүру,                          war – соғыс және т.б. 

Саяси, ғылыми және мәдени салалардағы сөз тіркестерінің  көпшілігі калкалаудан тұрады:

Үкімет  басшысы – head of the government

Жоғары  Сот – Supreme Court

Аралас  заңдар – mixed laws

Сайлау  шешіміне сенімсіздік – non-confidence vote, т.б.

Транскрипциядан калькалаудың ерекшелігі – оның негізгі  түрді аударма тіліне механикалық  түрде жәй аудара салу әрекеті  еместігі және көбіне кейбір өзгертулерге жүгіну керектігін білдіреді. Ең алдымен  бұл септік түрлерінің, сөз тіркесіндегі сөздер санының, аффикстер, сөздердің  орын тәртібінің, сөздің морфологиялық  және синтаксистік атқаратын қызметтерінің  өзгерістерін қамтиды. Мәселен, ағылшынның skinheads не skinheaded сөздері skin сөзінің семантикалық мағынасынан ауытқып, калькалау арқылы жасалып, тықырбастылар не бәкібастылар деп жалпы өзгереді. Ағылшын сөз тіркесі two-thirds majority   морфологиялық та, синтаксистік те өзгеріске ұшырап үштен екі бөлігінің көпшілігі (дауыстың) болып калькалау арқылы жасалынады. Ағылшын тіліндегі кейбір аффикстер қазақ тілінде сын есім белгілерін білдіретін өзіндік белгілерге сәйкес келіп, калькалау үрдісіне қажетті өзгерістерді ендіреді:

  Misdistribution of costs

  шығынды бұрыс тарату

maltreatment

  сапасыз  ем

Non-taxable income

  салық салуға жарамсыз кіріс.

Калькалау арқылы әдетте терминдер, кең қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері аударылады:

тарих пен  мәдениет ескерткіштерінің атаулары

Қысқы Сарай – Winter Palace

White House – Ақ Үй,

 көркем  шығармалар атаулары

  «Ақ Гвардия» - «The White Guard»

«Соғыс  пен бейбітшілік» - «The War and the Peace»

“The Painted Veil” – «Боялған перде»,

саяси партиялар  мен қозғалыс атаулары

The Democratic Party – Демократиялық партия

«Ақ жол» партиясы –  «The Bright Way» Party,

тарихи оқиғалар

Бату  ханның шабуылы – The invasion of Batu Khan

сөз  тіркестері

ағарту  жемістері – the Fruits of the Enlightenment және т.б.

Кейбір  жағдайларда, әсіресе тарихи оқиғалар мен мәдени объектілерді аударуда екі  тәсіл қатар қолданылады: екі  түрлі калькалау немесе калькалау  мен транскрипция:

қобалжу кезеңі – the period of unrest  немесе The Time of Trouble

монғол - татар шапқыншылығы – the Mongol invasion немесе The Tartar conquest, т.б.

Жағрапиялық тау, теңіз, өзен және т.б. атауларының  құрамдарына аудармаға жататын  сөздер енсе, олар калькалау арқылы аударылады:

  The Rocky Mountains – Құзды таулар

  The Salt Lake – Тұзды көл

  Қара теңіз – the Black Sea

The Indian Ocean – Үнді мұхиты

Егерде  атауға мағынасы ұмытылған не белгілі  бір себептермен аударуға келмейтін  сөздер енсе, онда аралас аударма қолданылады, яғни атаудың бір бөлшегі транскрипция арқылы берілгенмен, түгелдей калькалау  ұстанымдары сақталады:

Арал  теңізі   –  Aral Sea

River Dart   –   Дарт өзені.

Калькалау тәсілі сонымен бірге терминдерді аударуда қолданылады. Мұнда не сөз құрылымы аударылады, не сөз тіркесі  қайта  құрылады:

Income tax – кіріс салығы

Decision making – шешім қабылдау

Database development – мәліметтер жинағының  көбеюі.

Калькалау, транслитерация немесе аралас аударманы  таңдау сөздіктің көмегімен шешілгенмен, тарихи – мәдени атаулар, сирек жағрапиялық  атаулар, жаңа терминдер аудармашының өзіндік шешім қабылдауын талап етеді. Аудармашыға төмендегі ескертпелердің көмегі тиюі мүмкін:

- біріншіден, тура аударма жасаудың кемшілігі  болуы мүмкін, өйткені тура аудармада  тілдік бірлікті дыбыстауда ыңғайсыздық  тууы ықтимал;

- екіншіден,  транскрипцияны қолданудан гөрі  калькалау тәсілі қолайлы болатын  кездер болады, өйткені транскрипция  арқылы жеткізілген сөздер, әсіресе  лақап аттар мағынасыз – мәнсіз  болып шығады.

Бұл тәсілді  қолданудағы ерекше қиындық негізгі  құрылымды кеңейту мен тарылтуға  байланысты, яғни оған қосымша элементтерді қосу немесе түпкі элементтерді қысқарту. Мысалы, мылжың сөзі аралас құрылымы кеңейген калька арқылы have a long tongue деп аударылса, монғол-татар шапқыншылығы қысқарған калька арқылы the Tartar Conquest немесе the Mongol Onslaught деп беріледі.

                   Лексико – семантикалық модификация             (түр өзгерісі)

Жоғарыда  айтылған сөздер мен сөз тіркестерін  аударуға арналған екі тәсіл басым  түрде контекстке немесе тілге тәуелсіз бастапқы және аударма тілдерінде бір  түр мен мазмұнға ие тұрақты және әмбебап мағыналы тілдік бірліктерді  аудару үшін қолданылады. Контексттердің  аударылуында кейбір келіспеушіліктер әдетте еленбей қалады. Дегенмен, олар сөз формасы немесе мағына мен  форма байланысы негізгі мағынаға ие болатын көркем шығарма контексттерінде  маңызды орын алады. Транскрипция мен  калькалау арқылы жеткізілген хабардың аз түрде мағыналық кемістігі бар болса да, аударма мәтініне ерекше «шетелдік кейіп» береді. 

Бастапқы  мағынаны тарылту не нақтылау негізгі  бірліктің ақпараттық реттелу мөлшері  аударма тілінде мағынасы жағынан  сәйкес болатын бірліктің  реттелуінен  төмен болған жағдайда қолданылады.  Мәселен, қазақ тілінің зерттеу ұғымы әртүрлі жағдаяттық жағдайларда қолданылады және көп жағдайда контекстке сай реттеледі; ал ағылшын тілінде оған контекстке байланысты әртүрлі тар мағыналы бірліктер сәйкес келеді:

to explore ( ортаны зерттеу – to explore the environment )

to investigate (нарықты зерттеу – to investigate the market)

to research into (классикалық әдебиет құбылысын зерттеу – tо research into the classical literature).

Ағылшын тілінің man сөзінің мағынасы кең және қазақ тілінің сөздің нақты мағынасын талап ететін контексттерінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы:

     He is a man of taste

    Ол жоғары талғамды адам

    All the king’s men

   патшаның барлық әскерлері 

  Then you will be a man, my son

  міне, сонда ғана сен ержігіт боласың, ұлым    және т.б.

Бастапқы  мағынаны кеңейту не жалпылау негізгі  бірліктің ақпараттық реттелу мөлшері  аударма тілінде мағынасы жағынан  сәйкес келетін бірліктің реттелуінен  жоғары болған жағдайда қолданылады. Мәселен, қазақ тілінің ем сөзі ағылшын тілінің  мағынасы кең және ем сөзіне қатысты контекстпен үйлеспейтін, ақпараттық реттелуі үшін арнайы контекстті талап ететін  treatment сөзімен сәйкес келеді:

     Ем сәтті болды және ол толықтай жазылды

    The treatment turned to be successful and she recovered completely

    Олардың жаңдайды түсінуі

    Their treatment of the situation

   Ол ата-анасына аса құрметпен қарады

   His treatment of his parents was very deferential.    Сөздердің басқа жақтан үйлесімділігін тауып, бірақ мәнерлілік мүмкіншілігі жағынан сәйкеспеушілігі туындаған сәтінде аудармада қиындық туындайды.  Мысалы,  a cow-eyed girl контекстке сай әртүрлі баламаларды талап етуі мүмкін: сиыр көзді қыз немесе бота көзді сұлу.   

Біріншісі теріс мәнерлілікті тудырса, екіншісі оң мәнерлі. Эмфазаны күшейту тәсілі аудармада аса тиімді болуы мүмкін, бірақ ол қарым-қатынас мазмұнына  зор ықпал ететіндіктен, оны қолдануда  абай болып, кейбір даулы жағдайларда  бұл тәсілге қарама-қарсы мағынаның  эмционалды-бағалау құрамды бөлігін  нейтралдау (бейтараптау)  тәсілін  пайдалануға болады.  Мысалы,  егерде контексттен a cow-eyed girl сөз тіркесінің мәні түсініксіз болса, оны үлкен көзді қыз деп бейтарап нұсқамен беруге болады.

           Латын және грек тілінен шыққан  түбірі бір ағылшын және қазақ  тілінде әртүрлі эмоционалды-бағалау  бояуына ие болған және жалпы  мағынасын сақтаған сөздер тізбегі  бар. 

    Pompous – мерекелік және үлпілдек

   Ambitious – атақ құмар және ғаламат

  Politician – саясаткер және  ұстанымы  жоқ саясаткер, қуақы іспен  айналысушы адам.

Оларды  толықтай «аудармашының жалған достарының»  қатарына жатқызуға болмайды, өйткені  олар жалпы мағынасын сақтаған. Десек  те эмфазаның болу не болмауымен байланысты сәйкестікті таңдау мәселесі контексттің  реттеушілік әсерімен айқындалады.

 Аударма  үрдісінде лексико – семантикалық  мәселелерді шешу үшін қолданылатын  тәсілдердің күрделісі – функционалдық  ауыстыру болып табылады. Бұл  тәсілді қолдану қажеттілігі  бастапқы контекстке сөздікте  берілген баламалардың бірі де  үйлеспеген жағдайда туады. Мәселен,  ағылшынның the relaxation of the well-earned rest сөйлемінің аударма баламасын табу қиындық тудырады, өйткені ешбір ағылшын – орыс, ағылшын – қазақ сөздіктерінде белгіленген сөздердің мағыналары бұл контекстке үйлеспейді: relaxation - әлсіреу, босаңсу, тыныс алу, аяңдау. Олардың орнына аудармашы қазақ тілінің функционалдық баламасын алуына болады:  еңбек сіңген демалыспен рахаттану.

Функционалдық баламаны іздеу баламасыз лексикамен, яғни қостілді сөздіктерге белгісіз бір себептермен енгізілмеген сөздермен  кезіккенде шынайы маңызға ие болады. Көбінесе бұл категорияға аударма  тілінің мәдениетіне белгісіз заттар мен құбылыстарды білдіретін қайта  құрылған және әлі де болса сөздікке енбеген сөздер немесе тілдік бірліктер  жатады.            

Фразеологиялық  бірліктердің зор мүмкіндіктері  мен оларды аударудағы қиындықтың куәсі  көптеген жазушылар, журналисттер және де басқа да тілдің шығармашыл тұлғалары  тұрақты сөз тіркестерін қолданып қана қоймай, оларды шығармашылықпен  қайта құрып, өзгертуінде. Мәселен: Soames doggedly let the spring come – no easy task for one conscious that time was flying, his birds in the bush no nearer the hand, no issue from the web anywhere visible мысалында автор ағылшынның “a bird in the hand is worth two in the bush” мақалын өзгерген күйде қолданып, кейіпкердің бейнесіне қосымша адамгершілік қасиеттерін сомдап, түсінігі мол, табысы аз, ойға сыймайтындай ешбір ұпай бермейтін істерге бейім етіп, сол арқылы оқырманның аяушылығын туғызып, күнәсіз іскер адамның барлық адам секілді екендігін сезіндіреді. Бұл фразаны сөзбе сөз аудару мүмкін емес, өйткені «бұтадағы құстар қолға түспейді»  деген сөйлем «қолдағы бір құс бұтадағы екеуінен артық» сөйлемі секілді оның қазақ тіліндегі мағыналық бірлігі бола алмайды. Осыған сәйкес, аудармашы тек қазақ тіліндегі ұқсас мазмұнды немесе жақын, бірақ бірдей бейнелік сипатта бола алмайтын мақалды қолдана алады: «қолдағы шымшық аспандағы тырнадан артық».

Информация о работе Эквивалентсіз аудару ерекшеліктері