Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:51, реферат
Өзінің ерте кездегі дамуынан бастап аударма адамзат үшін ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарды, әр түрлі тілдік топтарға жататын адамдардың қарым-қатынасы үшін көмектесті. Жазу пайда болғаннан кейін аударма адамдарға өзге мәдениет жетістіктеріне жол ашты. Әдебиет пен мәдениеттердің қарым-қатынасы тек қана аударманың көмегі арқылы шындыққа айналды.
Век живи-век учись
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
Бірақ бәрі бірде бұл жерде бірақ ой айтылған. Яғни ол өмірде оқусыз күнің жоқ, оқы, оқы және оқы деп айтқандай. Түпкі мағына бір деп айта аламын. Кейбір кездерде қазақша және ағылшынша мақал-мәтел бір-біріне көбірек ұқсас, бір-бірінің тура аудармасы.
Мысалы:
Better late than never
All is not gold that glitters.
Лучше поздно, чем никогда
Не все то золото, что блестит
Ештен кеш артық,
Жылтырағанның бәрі алтын емес
Яғни бұл жерде мақалдар тура аудармасы бойынша әрі ұқсастық, әрі үндестіг көрсетеді. 3 тілдегі мақал-мәтелдердің құрылысы, мағынасы жағынан үндестігі мен айырмашылығын көрсететін мысалдарды көптеп келтірсекте болады. Еңбек тақырыбына
No pains, no gains . Без труда нет плода. Еңбексіз өнбек жоқ.
Little strokes fell great darks. Терпение труд все перетерпут. Еңбек етсең
емерсің.
A tree is known by its fruit. Дерево познается по плоду.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Білімге байланысты
Two heads are better then one.
Ум хорошо, а два лучше.
Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
A word to the wise. Умному – палик. Ақылдыға- ишарат.
(Мудрому одно слово). Глупому- толчок. Ақымаққа- тоқпақ.
Батырлық, ерлік туралы:
Forture favous the brave
Слипость сдвигает горы с места
Тәуекел тау жығады.
Туған жер, Отан туралы:
East or West home is best.
Нет земли лучше Родины, нет людей лучше чем на Родине.
Туган жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Thereis no place like home
Все земли- хороши.
А своя- всех лучше.
Ел- елдің бәрі жақсы
Өз елің бәрінен де жақсы
Тағы
бір үлкен үндестігі ол- лексикалық
құрылымы, грамматикалық құрлысы, мағынасы
жағынан ағылшынша, орысша, қазақша
мақал-мәтелдердің синонимдері болады.
Мысалы құрлысы жағынан үндесетін синонимдер:
Honesty is the best policy. Четность- лучшая политика.
Син. Cheats never prosper. Арыңды жасыңнан сақта.
Сәйкес Нечестно живешь - себя подведешь.
Strike while the in is not. Make hay while sun shines.
За двумя зайцами погонишься . Двум господам не служит.
Ни одного не поймаешь.
Пәлен жерде пайда бар, Пәлен жерде бақыр бар,
өз жеріңдей қайда бар. Іздеп барсаң мыс та жоқ
Pride goes before
a fall- гордыня предшествует падению.
Өйткені берілген мақалдың ағылшынша
аудармасы жоқ, синонимін алдым. Сондықтан
егер мен осы тілдің біреуінде мақал -
мәтел оқысам, мен оны түсіне де алам, қазақша
және орысша айта алам. Өйткені тіл өзгерсе
де, сөз өзгерсе де мақал-мәтелдің өзінің
бастапқы, негігі мағынасы өзгермейді.
Сондықтан біз қай ұлтты адам болсақ та,
қай тілде сөйлемесекте ата-бабамыздың
келер ұрпаққа, яғни бізге деп қалдырып,
кеткен алтыннан да қымбат, асыл қазынамыз
мақал-мәтелдерді біліп, жадымызда сақтауымыз
керек.
A friend in need is friend in deed, Друзья познаются в беде
A tree is known by its fruit fruit. Дерево познается по плоду
Old friends and old wine are best. Старый друг лучше новых двух
A friends eye is a good mirror. Глаза друга- это лучшее зеркало
A friends frown is better than a foe’s smile Лучше горькая правда
друга,чем месть друга.
A friend to all is friend
to none Кто друг всем,тот никому не друг
2.2
Эквивалентсіз лексиканың
Аудармадағы транскрипция дегеніміз – бастапқы лексикалық бірліктердің аударма тіліндегі фонемалар арқылы фонемалық ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің фонетикалық имитациясы. Аударманың келесі тәсілі транслитерация – бастапқы лексикалық бірліктерді аударма тілінің әліпбиі арқылы әріптік ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің әріптік имитациясы. Бұл жерде бастапқы сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына сай түрде беріледі. Мәселен, Shakespeare – Шекспир есімінің қазақ тіліне аударылуы ағылшын тілі дыбыстарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәйкестенсе, қазақ тілінде фонетикалық сәйкессіздік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне түрлендіріледі. Мұндай транскрипция амалы ағылшын есімдерін қазақ тіліне аударуда қолданылады.
Біршама
қиындық қазақ есімдерін
Аударма тәжірибесінде жалқы есімдердің аудармасы үшін қолданылатын транскрипция және транслитерация тәсілдері жеткіліксіз болып келеді. Егерде жалқы есімдер негізіне символдық қызметтер жатса, яғни ерекше объект есімі болса немесе есім орнына емес, қосымша есім орнына қолданылса, онда олар жалпы есімге айналады. Өйткені, есім тұлғаның тұлғалық қасиеттерін және белгілерін білдіреді. Мұндай жағдайларда транскрипциядан басқа немесе оның орнына калькалаумен бірге семантикалық аударма үйлесімділігі қолданылады. Мысалы, ағылшын мәтіндерінде кездесетін Chief White Halfoat есімін қазақ тіліне әртүрлі тәсілдер арқылы жеткізуге болады: Чиф Уайт Хафоут (транскрипция), Қолбасшы Ақ Сұлы (семантикалық аударма), Қолбасшы Уайт Хафоут (аралас аударма: семантикалық аударма мен транскрипция үйлесімділігі). Джозеф Хеллердің Catch – 22 романында бұл есім аралас мағынада қолданылған: мұнда Chief кейіпкердің үндіс екендігін білдіретін қосымша есіммен бірге, тарихи қалыптасқан, ағылшын тіліне аударылмайтын ресми негізгі үндістердің жанұялық атауы болған White Halfoat тегі үйлескен. Осы жерде қолдануға қажетті тәсіл – аралас аударма болғанымен, «метис» мағынасын білдіретін half-bread, half-blood сияқты әдіспен жасалып Хеллердің сатиралық «атына заты сай» Halfoat есімі өз мағынасын жоғалтады және есім мен кейіпкерді суреттейтін контексттік тәуелділікті ұстанады:
Chief White Halfoat was a handsome, swarthy Indian from Oklahoma with a heavy, hard-boned face and tousled black hair, a half-blooded Creek from Enid…
Аударма транскрипциясы арқылы аударылатын жалқы есімдерден басқа бірліктер тобына мамандардың көпшілігі халықтар мен тайпалар атауын, жағрапиялық атауларды, іскерлік мекемелер, компаниялар, фирмалар, мерзімді басылымдар атауын, хоккей және басқа спорттық команда атауларын, рок – музыканттардың тұрақты топтары мен мәдени объектілер атауларын және т.б. жатқызады. Салыстырмалы түрде, мұндай атаулардың көпшілігі транскрипция және транслитерация тәсілдері арқылы оңай аударылады:
Bank of London - Бэнк оф Лондон
Minnesota - Миннесота
Wall Street Journal – Уолл Стрит Джорнал
Detroit Red Wings – Детройт Ред Уингз
Beatles – Битлз
The Capitol – Капитолий
Metropolitan – Метрополитен, және т.б.
Шындығында транслитерация тәсілін қолдану салыстырмалы түрде аз кездеседі және ескірген атау түрлерімен байланысты болып келеді:
Illinois – Иллинойс (Илиной емес)
Michigan – Мичиган (Мишиган емес)
Объектілердің біршама тізіміне байланысты аударманың дәстүрлі түрлері қалыптасты. Олардың бірі негізгі атаумен ішінара сәйкес болса,
Мәскеу – Moscow
The Hague – Гаага
Санкт-Петербург – St. Petersburg,
бірі негізгі тілдегі атауымен мүлде сәйкес келмеуі мүмкін:
England – Англия
The English Channel – Ла-Манш және т.б.
Жағрапиялық
атауларды транскрипциялау
Florida (екпін бірінші буында)
Флорида (екпін екінші буында)
Washington
(екпін бірінші буында)
Вашингтон (екпін соңғы буында).
Егер атаудың құрамына мағыналы сөз енсе, онда аралас аударма, яғни транскрипция және семантикалық аударманың үйлесімділігі қолданылады деген ереже бар:
Gulf of Mexico - Мексика шығанағы
River Thames - Темза өзені
The Pacific Ocean - Тынық мұхит
Hilton hotel - Хилтон қонақ үйі
Mayflower Restaurant - Мейфлауэр рестораны.
Дегенмен, осындай шарттардың өзінде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, Бостон қаласындағы No Name Restaurant атауын қалай аударуға болады? Ноу Нейм рестораны ма, әлде «Есімсіз» ресторан ба? Ымыраға келуге болады: No Name рестораны.
Транскрипция фирма, компания, баспа, автомобиль маркалары, мерзімді басылымдар атауларын аударуда қолданылады:
Subaru – Субару
Ford Mustang – Форд Мустанг
Facts Оn File – Фэктс Он Файл
Жас Алаш – Zhas Alash
«Атамұра» - Atamura.
Бірақ, оқу орындарының атаулары ішінара немесе толық семантикалық аударма арқылы аударылады:
Western Michigan University
Батыс Мичиган Университеті
Cherry Hill High School
Черри Хилл орта мектебі
Ақтөбе Мемлекеттік Университеті
Aktobe State University.
Әртүрлі елдердегі түрлі білім беру дәстүрлеріне сәйкес оқу орындарының атауларын аудару біршама қиындық тудырады. Мәселен, американдық білім беру жүйесінде school сөзі деңгейі және түрі жағынан әртүрлі оқу орындарының бірқатарын атауда қолданылады: high school шындығында «орта мектеп» дегенді білдіреді, school of law – «құқық институты», graduate school – «аспирантура» не «магистратура». Осыны есепке ала отырып Princeton School of Law – Пристон Университеті жанындағы Құқық институты деп аудару, Пристон құқық мектебі дегеннен гөрі үйлесімді болады. Мұндай атауларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару – күрделі мәселе. Мысалы, «институт» сөзі Қазақстан, Ресейде жоғары оқу орнының, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-басқару мекемелерінің атауы болса, ағылшын тілді елдерде institute сөзі екінші мағынаны білдіре отырып, әдетте негізгі мағынаны тарылтады. Мұндай жағдайларда аудармашы әдетте жағдаятқа сай шешім шығарады. Әзірге оқу орындарының түрлерін атау халықаралық деңгейде мемлекетаралық келісімге келіп, жүйеленген жоқ. Сондықтан семантикалық аударма тәсілін қолдану орынды болады. Дегенмен, транскрипция арқылы аударма жүргізу де қолайлы. Мәселен, қолданысқа тез арада енген gymnasia сөзі гимназия атауын білдіруде қолданылады. Әртүрлі халықаралық үлгідегі анкеталарды толтыруда оқу орнының атауын екі нұсқада толтыру ұсынылады. Мысалы:
Қазақ Педагогикалық Институты
Kazakh Teachers’ Training College
және
Kazakh Pedagogical Institute.
Аударма транскрипциясын аударманың дәстүрлі аясында қолданудағы кездесетін қиындықтың бірі – саны аз халықтар атауларын немесе өзге ұлттық-мәдени феномендерді аудару. Мәселен, Американың негізгі халқының атауын аударуда әртүрлі көзқарастар мен нұсқаулар бар: Cheyenne – чейендер, шейендер, шайендер, шейенн, чейенн деп жағдайға сай аударылса, Cherokee – черок, чероктар, черокездер деп аударылады. Атаулардың қазіргі таңға сай аудармалары – шайендер және чероктар болады, өйткені осы атаулар ғана ағылшын тіліндегі дыбысталуына ұқсас. Дегенмен, ағылшын тіліндегі атаулардың өздері бастапқы үндіс сөздерінің транскрипциясы болып табылады. «Черокездер» нұсқасы, шындығында екі Cherokee және Iroquois сөздерінен жасалынған және тек халық атауын ғана емес, сонымен бірге черокез тілінің жанұясына тілдік туыстығын білдіреді. Әртүрлі етіп оқу мынадай тайпа атауларын аударуда, яғни семантикалық және транскрипция әдістерінің үйлесімділігінде қолданылады: Flathead – флетхедтер не тегіс бастылар, (тықырбастылар) Blackfoot – блэкфуттар не қара аяқтылар(жалаңаяқтар).
Жалқы есімдерді
аударудағы транскрипция мәдениетаралық
үйлесімділіктер аясымен
Аудармашы
қиын мәселелердің бірі деп басты
назар аударатын нәрсе –
Әдетте мұндай реалийлер, яғни бастапқы тілдің басты тілдік бірлігі аударма мәтінінде өзінің толықтай шет тіліндегі түрінде болады, максималды «шетелдіктен» бастап бірнеше сатылы жолдан өтеді. Мәселен, бастапқы балама транскрипциядан толық ассимиляцияға дейінгі бірліктер тілдің сөздік қорына енеді. Аудармашылардың үлкен тобы мен түпнұсқа авторлары аударманың екі түріне жүгінеді: шетелдік бірлікті семантикалық аудармамен бірге не түсіндірмемен сақтау немесе транскрипцияны түсіндірмемен бірге қолдану. Әсіресе, осындай реалийлер туралы түсінік түрлері қазіргі таңдағы рок музыка туралы мәтіндерге сай келеді: