Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым - қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі - маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды

Содержание

КІРІСПЕ
1. АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары

2. АУДАРМАНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫҒЫ
2.1 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2.2 Аударманың өркениет және мәдениет арасындағы сыбайластығы мен қарым-қатынасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.docx

— 82.86 Кб (Скачать)

Ертеде, аудармашы кәсібі құрметті де сыйлы болған кезде, түрлі  тілдерде сөйлейтін алуан елдің  өкілдері тұратын ежелгі Карфагенде « кәсіби аудармашылардың » ерекше бір кастасы (жабық қауымы) болған. Карфагеннің аудармашылары сол кезде айырықша құқықтық мәртебеге ие болған көрінеді. Олар аудармашылық қызметтен басқа барлық міндеттерден түгелдей босатылса керек. Кейбір аударма тарихын зерттеумен арнайы айналысатындардың дәлелдеуі бойынша, аудармашылар кастасының мүшелері сыртқы түр кейіптерімен де қалған адамдардан ерекшеленетін: олардың барлықтарының шаштары тақырланып алынған және денесінде татуировка (теріге бояу жағылған инемен пістелене салынатын сурет) болған көрінеді. Олар татуировканы қазіргідей тек сән үшін емес, өзінің кәсіби деңгейінен ақпарат беретін рәміз ретінде қолданған. Бірнеше тілдерден аудара алатындардың денесінде қанатын жайған тотықұс бейнеленген, ал тек бір тілмен жұмыс істейтін аудармашылардың денесінде қанатын жаймаған тотықұстың суреті салынатын болған. Бір қызығы, көне Карфагендегі аудармашылық геральдикадан мүлдем хабары жоқ адамдар көп жағдайда бүгінгі күннің өзінде аудармашыны тотықұспен теңдестіріп жатады.

Кейбір зерттеушілердің  айтуынша, Ежелгі Римде  interpres (аудармашы) сөзі біршама кемсітушілік сипатта болыпты; interpres деп мәселенің байыбына бара қоймайтын, сөзбе - сөз аударуға дағдыланған, қабілетсіз аудармашыны атаған. Ежелгі Русьте оларды толмачтар дейтін болған. Сірә, ол атау біздің түркі тіліндегі « тілмәш » сөзінен шыққан болар. Сол көне замандардың өзінде-ақ аудармашылар дипломатиялық келіссөздерге қатысып, әскерлермен шетелге сапарларға бірге шығып отыратын болған. Соған қарамастан, аудармашыларға қолбала ретінде жоғарыдан төмен қарау қай мәдениетте болсын кездесіп тұратын жағдай.

Аудармашы тек тілмәш, көшірмеші, қарапайым билингв, түпнұсқаның  мәтінінен ауытқымайтын кірпияз  ділмар, сөздің құлы ма әлде оның ұстасы ма? Түпнұсқаның мәтінін өзгертіп жіберетін сатқын ба әлде жан-жақты  білімді интеллектуал, лингвист және этнограф, философ және психолог, тарихшы, жазушы және тіл тапқыры ма? Ол, кез  келген оқырман секілді, түпнұсқа мәтінін « өзіндік жолмен » оқудан бас тартпайтын  еркін суреткер ме әлде зейінді әрі сезімтал басқатілді екінші автор ма? Аудармашы түпнұсқаны өз заманының адамдары мен өзінің жеке бас мәнеріне қарай қайта жасаушы, « өзгертуші - түзетуші », сөйтіп, « керемет қателіктердің » негізін салушы ма әлде алдына басқа тілдік мәдениет адамдарын түпнұсқаның мазмұнына толығымен қанық етуді мақсат етіп қоятын төзімді еңбеккер ме? Қойылған сұрақтардың қай - қайсысы болсын біржақты жауабын ала қоймаған ашық сұрақтар.

Ұлы грек өркениеті өз қоғамының  аудармашыларға деген қатынасын  білдіретін маңызды деректер қалдырмады. Гректерді аудармашылық қызмет қаншалықты қызықтырғанын көрсететін ешбір  жазбалар, тіпті айтылған  ұлағатты  сөздер бізге дейін жете қойған жоқ. Ежелгі гректердің тілі, тілдік мәдениеті мен әдебиетінің кемелдігін ескерсек, алғашқыда бұл жағдай түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, тарихшылардың тұжырымдары бойынша, нақ сол себептен де, яғни тілі мен әдебиетінің жоғары дәрежеде дамуы себебінен де гректер аудармалардан бас тартқан көрінеді. Оны ұлттық тәккәпарлық пен гректердің өзгелерден тыс жаратылысына деген сенім туғызған көрінеді. Басқа тілдерді олар варварлық тіл деп есептеді.  Barbarosварварлық деген грек сөзінің этимологиялық негізінде, гректердің айтуынша, басқа елдердің тұрпайы, анық та әуезді емес, бырылдақ тілдерін дәл келтіретін ономатопея (бр, бр) жатыр.

Аударма тарихына қатысты  қолда бар (кітапханаларда деп түсініңіз) әдебиеттердің ұсынар мүмкіншілігіне сай, ежелгі өркениеттердің кейбіреулеріне ғана тоқталып отырмыз. Мүмкін, конфуцийлік - даостық, үнді - буддалық ареалдағы өркениеттер туралы көп айтуға болар еді. Бірақ оған тіл білмеуіміз де, біз білген тілде әлгілердің тәжірибесінің қарастырылмай тыс қалып қойғандығы да кедергі болып тұр. Жоғарыда аталған өркениеттердің аударма тарихындағы орнын бағалауға мүмкіндік беретін аудармаға қатысты кең танымал әдебиеттерде мағлұматтардың болмауы біздің ғылым -білімнің, жалпы алғанда, негізінен еуроорталықтық сарында екендігін тағы бір көрсетіп бергендей.

 

 

    1.  Аударманың өркениет және мәдениет арасындағы сыбайластығы мен қарым-қатынасы

 

Ендігі жерде аударманың ел мен елді байланыстырушы сұхбаттылық  пәрменіне тоқталатын болсақ, онда мәдениетаралық коммуникация, мәдениеттер  сұхбаттастығы терминдері өзара  ажыратуды, арақатынастарды саралауды  қажет ететіндігін айтуымыз керек. Коммуникация термині бізге орыс тіліндегі әдебиеттерден келгенмен, әуел баста латын тілінен шыққаны белгілі. Қазақ тіліне бұл термин « қатынас » деп аударылады әрі дәл аударылады деп ойлаймын. Қатынастың да түр - түрі болады. Солардың барлығын екі негізгі топқа бөліп қарау мүмкін. Олар: тікелей қатынас, жанама қатынас. Тікелей қатынасты біз « араласу » деген ұғым арқылы да жеткізе аламыз. Ол адамдардың өзара, бөгде біреулерсіз, тікелей, бетпе - бет қатынасқа түсуін білдіреді. Қазақи тілдік санада « аралас - қораласымыз бір », « араласып жүрген жандар » деген сияқты тұрақты сөз тіркестері содан хабар береді.

Ал қатынастың жанама түрі орталық қосымша буын болуын қажетсінеді, яғни ол ауыз екі тілден өзге қатынас  құралдарының қолданылатындығынан  хабар жеткізеді. Мысалы, телефон, телеграф, хат - хабар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. Осы орайда бой көтеріп отырған тағы бір мәселе – ақпарат құралдарына сай ақпараттың өзінің де, жеткізілуінің де түбегейлі өзгерістерге ұшырайтындығы. Ол туралы Маршалл Маклюэн өте көп айтып кеткен еді әрі біз сол туралы осы монографияның келесі тарауларында кеңінен тоқталатын боламыз.

Айтып өткеніміздей,  « қарым - қатынас » және « коммуникация » ұғымдарын біз синонимдер ретінде қолданып келеміз. Дегенмен, талай зерттеушілер олардың өзіндік ерекшелігін, тепе - тең еместігін айтатындығын бүгіп қалудың да керегі шамалы. Олардың айтуынша, өзара тығыз байланыстылығына қарамастан,  « қарым - қатынас » ұғымының « коммуникация » ұғымынан  басты ерекшелігі мынадай екен: « қарым-қатынас материалдық,  практикалық, рухани, ақпараттық сипаттама болатын болса, коммуникация таза ақпараттық процесті – белгілі бір мағлұмат алмасу процессін білдіреді » [31, 20 б.]. Егер коммуникацияда біз ақпарат алу процесінің бір бағытты жолдануына кез болсақ, қарым - қатынас екі бағытқа да бірдей тиесілі екендігін байқаймыз. Коммуникацияда ақпаратты жіберуші және ақпаратты қабылдаушы бар, ал қарым-қатынаста жіберуші, қабылдаушы, белсенді немесе белсенді емес қатынасушы деген түсінік жоқ. Қарым-қатынас ортақ істің бірлескен тепе - тең мүшелерінен тұрады. Сонымен, олардың түсінуінше, қарым - қатынас ұғымы мағыналық жағынан коммуникация ұғымынан неғұрлым кең көрінеді. Меніңше, осындай көзқарастардың барлығын ескере отырып әрі келесі қарастырар              « диалог » ұғымының жоғарыдағыдай түсініктегі « қарым – қатынаспен » астасып жатқандығына иек артып, ұғымдарды тізбектей бергеннен гөрі, тақырыпта берілген екі ұғыммен шектелген жөн сияқты. Оның үстіне, қазіргі таңда мәдениетаралық коммуникация термин ретінде ғана емес, арнайы ғылыми пән ретінде қалыптасып үлгергендіктен де біздің ұстанымымыз дұрыс деп білемін.

« Диалог » сөзінің шыққан тегі көне грек тілі. Осында бірден сұхбат, диалог сөздері ұғымдық мазмұны бір терминдер ретінде бірін-бірі алмастыра алатындығын ескерте кеткен жөн шығар. Оның үстіне, кейбір тұстарда сұхбат сөзінің орнына диалог сөзін қоюдың өзіндік контекстілік қисындылығы бар екендігі де белгілі. Өзінің алғашқы мағынасында « диалог » – екі адамның сұхбаты деген мазмұнға ие болған. Сәл кейінірек диалог – кейіпкерлердің пікір алмасуынан тұратын әдеби шығарманың түрі ретінде түсіндірілетін болды. Осы орайда көне грек философы Сократтың өзін қоршаған дос - жарандары, шәкірттері, тіпті, дұшпандарымен пікірталас ретінде өткізетін әңгімелерін еске алайық. Адамдар қарым - қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін аңғарған тұңғыш философ Сократ болды. Адамдардың бірге отырып ізденуінің, сұхбаттаса отырып сұрау салысуының барысында ғана ақиқатқа, шындыққа жетуге болады. Осыны анық ұққан Сократ өз әңгімелесуін шынайы қарым - қатынасқа, сұхбатқа айналдырды.

Сұхбаттың болмыс бастауын адам баласының табиғатынан іздестіру  керек. Адам санасы оның әлеуметтік болмысының жемісі ретінде  адамның бір - бірімен қарым - қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым - қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Адам миының жемісі болып табылатын сана – мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек.

Енді коммуникация және диалог арақатынасына тоқтала кетeйік. Диалог пен коммуникацияны тепе - тең деп қарастырмайтын көзқарастар көптеп кездеседі. Диалогты тым тұлғалық, жеке бастың құбылысы ретінде алып, ал коммуникацияны – адам жанының тереңіне тиіспейтін үстірт қарым-қатынас деп, әсіресе, ақпарат алмасумен тәмәмдалу деп қарау да бар.

Диалог коммуникациядан:

1) тепе-теңдік жағдайдағы  тұлғалар қарым - қатынасымен;

2) ол екеуінің де адресант  әрі адресат бола алатындығымен  (сұрақ -жауап жағдайы диалогқа имплицитті тиесілі шарт екендігін ескерсек);

3) қарым - қатынас жасау еріктілігімен айырықшаланады.

Жоғарыдағы талаптарға сай  келетін диалогқа жету оңай тірлік емес. Жалпы, шынайы диалог адамдар, мәдениеттер  арасындағы күнделікті коммуникативті практикада сирек кездесетін құбылыс. Диалогта оған қатысушы адамдар, тұлғалар маңызды болса, коммуникацияда –  алынатын ақпарат маңызды. Диалогта алынған хабарды адамның түсінуі, санасынан, жан дүниесінен өткізуі  бар болса, коммуникацияда ол – міндетті шарт емес. Сондықтан диалог пен  түсіну, диалог пен мағына мәселесі бір қатарда орналасқан деуге  толық мүмкіндік бар.

ХХІ ғ. мәдениетін қазіргі  қалыптасқан дискурсивтілік пен  метамәтінділік туралы көзқарастар  тұрғысынан қарау жемісті болмақ. ХХІ ғасырдың  мәдениетінің дискурсивті өрісінің ерекшелігін « диалог », « сұхбат » ұғымы арқылы түсіндіруге болады. Осы бір парадигмалық сипатқа ие болған идеяның  философияда, соның ішінде, ХХ ғасырдағы Ресей философиясында толысып жетілгендігін айта кеткен абзал.

Диалог философиясын ресейлік, петерборлық философия мeктебінің өкілі М. Бахтиннің көзқарастарымен  сабақтас қарастыра аламыз. М. Бахтиннің  философиядағы жаңашылдығы оның диалогизм принципін әкелгендігінде емес еді. Бахтиннен бұрын да талай  ойшылдар (К. Ясперс, М. Бубер…) философиядағы  диалог мәселесін  сөз еткен болатын. М. Бахтиннің жаңашылдығы диалогты адам болмысының негізгі қасиеті ретінде қарастыруымен қатар, оны адам белсенділігінің жемісі – мәдениеттің болмыстық принципі деп есептеуінде әрі сол принципті жарыққа шығаруыда диалог философиясының дәлдігі болып қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Информация о работе Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері