Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 19:33, курсовая работа

Описание работы

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым - қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі - маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды

Содержание

КІРІСПЕ
1. АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары

2. АУДАРМАНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ САЛЫСТЫРМАЛЫҒЫ
2.1 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2.2 Аударманың өркениет және мәдениет арасындағы сыбайластығы мен қарым-қатынасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.docx

— 82.86 Кб (Скачать)

Аударма – құндылықты қайта  таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың фрагментінің индивид  санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура өзінің емес, оның Басқаның санасымен сарапталған  көрінісі болады, өйткені біз фактінің  бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз. Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты қажет, аудармашылық « адалдықтың » шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз.

Аударманың анықтамаларынан  аудармашы тұлғасын  да жалпы  түрде бейнелеу мүмкіндігін табамыз. Аудармашы – ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған, екіжақты Янус секілді, екі (әлде одан да көп) тілді тұлға. Аудармашылық қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірбиені иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді.

Осы ізденіс жұмысында  аударманы мәдениеттанулық мәселе етіп жаңа бір қырынан қарастыруды  көздеп отырғанымыз белгілі. Бірақ  сол ізденіс барысында аударманы  арнайы зерттеу пәні қылатын аударматанудан біржола қара үзіп кетуге де болмайды, өйткені ол ғылым саласының аудармаға  енді ғана пәнаралық аймақ ретінде « ауыз сала бастаған» мәдениеттанудан гөрі жинақтаған мағлұматтары да, әдіс-тәсілдемелері де жетерлік. Жалпы, аударманы, оны арнайы зерттейтін ғылыми пәндерге қатысты жазған авторлардың анықтамаларын тұжырымдай келе, аударманың мәдениеттанулық мәселе екендігін мойындауға, сөйтіп, аудармаға жаңа бір мәдениеттанулық анықтама беруге әбден болатын сияқты.

 

 

1.2 Аударма туралы теоретик-ғалым жазушылардың ой-пікірлері, түсінік хаттамалары

 

Аударма теориясы аударма  тәжірибесі, практикасымен тығыз  байланыста дамыған дүние. Тағы бір  ескеретін нәрсе – аударма теориясында аударуға даярланған түпнұсқа мәтін тілін – түпнұсқа тілі (ТТ) дейді, ал аударма жасалып отырған тілді – аударма тілі (АТ) дейді. Осындай керекті деп табылған мағлұматтардан соң енді тікелей аударма теориясының бастамасын сол кәрі тарих қойнауынан мәтін қазбалай отырып табуға болады екен. Аударма тарихы сонау көнегөз қария Цицероннан бастап осы замандағы аударма теоретиктеріне дейін ешкімді ұмыт қалдырған жоқ. Бірақ біз монография көлемін ескере отырып, ең маңызды-маңызды деген тұлғаларға, олардың аударма туралы айтқан, жазған пікірлеріне тоқталамыз.

Римнің ұлы шешен ділмары  – Марк Тулий Цицерон (б.д.ғ.106-43) Эсхил мен Демосфен сөздерінің аудармасына берген алғысөзінде өзін ұлы шешен-жазушының қарапайым аудармашысына теңейді. Бұл салыстыруымен ол Рим қоғамының аудармашы мамандығына қалай қарайтындығын танытты. Өйткені біз Цицерон трактаттарынан аударма, аудармашы, аудармашылық қызмет туралы кейбір теориялық ой түйіндерді кездестіреміз. Сондай-ақ, Цицерон еңбектерінен біз ең алғаш рет аударма теориясы категориясының оппозициясын, ал нақтырақ айтсақ, еркін аударманың сөзбе-сөз аудармаға қарама-қарсы қойылғанын анықтаймыз.

Әулие Иероним деген атпен аударма тарихында Көне Өсиет мәтінін латын тіліне аударып, « Вульгатаны » даярлауымен өзіндік орын алған ғұламаның әдеби мұрасының ішіндегі бізге жеткені – « Паммахиге хат » деп аталады әрі ол Иеронимнің аудармашылық кредосын анықтайтын құжат болып табылады. « Аударудың ең жақсы тәсілі туралы Паммахиге хат » [11] мәтініне көңіл аударсақ, оны біз риторика және аударма теориясы туралы арнайы трактат дей алмаспыз, бірақ ол аудармаға қатысты кейбір қағидаларды тұжырымдауымен, антикалық авторлардың беделін және өзінің жеке аудармашылық тәжірибесін арқау ете отырып, аударманың кейбір заңдылықтарын анықтауға күш салғандығымен қызықты. Сол себепті бұл құжат аудармашылық ой тарихындағы күрделі еңбек деп танылған.

Бұл сәлемдемені жазуға не себеп болды десек, кезінде Иеронимге  аударма жасау барысында түпнұсқа мазмұнын өзгерттің деген айып тағылса  керек. Хатында Иероним өзінің әдейілеп ештемені бұрмаламағандығын айтады әрі аударманың негізгі принципі сөзбе-сөздіктен аулақ болып, жеке дара сөздердің мағынасын беру емес, ойды жеткізу екендігін түсіндіреді. Ол аударма жасауда кейбір нәрселерді түгел жеткізу мүмкін еместігін  түсінді және бұл түпнұсқа формасына  келетін зиян болғанмен, мазмұнға зиян келтірмейтіндігін білді. Сонымен  бірге, аударылатын мәтін бастапқы тілдің нормасына емес, аударылатын  тілдің  нормаларына сәйкес келуі қажет деп білді Иероним ақсақал.

Француз Қайта Өрлеуінің  өкілі, жазушы, аудармашы, типограф Этьен Доле (1509-1546) есімі елге танымал. Оның атын атамай өткен бір де бір аударма туралы ғылыми жұмысты таппайсың. « Француздың ұлы аудармашылары » деген мақаласында Е. Эткинд: « Франциядағы аударма тарихы трагедиядан басталады », – дейді [12, 467 б.]. Мұнда ол Этьен Доленің инквизиция қолынан қаза тапқандығын меңзеп тұр. Доле 1546 жылы Парижде 37 жасында отқа өртеліп өлтірілді. Инквизицияның мұндай шешім шығаруына Платонның диалогтарын аудару барысында (« Антиохты ») Доленің бір ғана « rien du tout », яғни « тіпті », « мүлде » деген сөзді қосып жіберуі себеп болды.

Э. Доленің « Бір тілден екіншісіне жақсы аудару тәсілі туралы » деген трактаты 1540 жылы жарияланған еді [13]. Ол трактат Еуропадағы толығымен аударма мәселесіне арналған назариялық шығарманың алғашқысы болып табылады. Оны кейде мамандар « аудармашылардың тұңғыш хартиясы » деп те атайды. Доле француз тіліне « traducteur » (тәржімашы) және « traductіоn » (аударма) деген сөздерді енгізген адам болып есептеледі. Оның алдында француз тілінде аударма түсінігін латын тілінен еніп, сәл-пәл түрін өзгерткен « translater », аса нақтылық танытпайтын « tourner », « mettre » (« бетін аудару », « қайтара айту ») деген ұғымдар арқылы білдіріп жүрген болатын.

Аудармашылық қызметтің  аударатын тілге әсер ету сипаты жазулы тарихтағы екі мың жыл  ішінде бірнеше  мәрте талқыланды. Осы төңіректегі қызу дау-дамайлар, әсіресе, қандай да бір тілдің « сын сәтте » қалған кезінде, яғни қайсыбір қоғам өз тілінің көркемдік мүмкіндіктерін мойындату қажеттігін сезінген кезінде орын алып отыратын. Мысалы, бәрімізге белгілі, Ресейде Петр патша жүргізген реформалармен қатар тілдік кірме сөздер – неологизмдер қаптап кетті. Дәп сол кезде орыс тілін өзге бөтен формалардан тазарту әрекеттерімен М.В. Ломоносов, В.К. Тредяковский, А.П. Сумароков және т.б. белсенді түрде айналыса бастайды. Ресейлік ғылымдағы « шишковистер » мен « карамзинистер » арасындағы қызу пікірталастардан тілдің болашағына, оның көркемдік әлеуетіне және тілді жетілдіру жолдарына көзқарастың әр түрлі болғандығын көруге болады.

Ондай процестер қай тілде  болсын кезігіп отырады. Мысалы түрік  тілін тазарту жайлы айтқан Зия  Көкалып болсын [14], қазақ тілінің  мұң-мұқтажын жоқтаған  М. Дулатов [15], А. Байтұрсынов [16] және т.б. ана тілдерінің ақпараттық-экономикалық басымдылық танытқан мәдениеттің шылауында кетпеуін көздеп, тілдегі кірме сөздермен шұбарлану сынды үрдістерге тойтарыс боларлық механизмдер іздегенін жақсы білеміз.

Осы мағыналас көзқарастарды  тағы да мысалдап келтірер болсақ, онда Франциядағы « Плеяда » (1556) атты әдеби мектеп төңірегінде бас біріктірген жас ақындар аударма ісі француз әдебиетінің дамуын тежеді деген қағиданы ұстанғандығын айта аламыз. Ал 1549 жылы « Плеяданың » ақын-теоретигі Жоашен Дю Белленің (1522-1560) « Француз тілін қорғау және даңқын шығару » деген трактаты жарық көрді [17]. Аударма теориясы мен тарихы үшін Дю Белленің трактаты үлкен қызығушылық туғызды. Онда автордың XVI ғасырда бірқатар француз гуманистерінің аудармашылық  қызметке деген қарым -  қатынасын тереңірек түсінуге және аударманың шынайы өмірде аударатын тілдің дамуын тежейтіндігі немесе оны дамытуға дем беретіндігі туралы айтқан ойларын білуге болады.

Аударма тарихында Дю Белленің есімі « аудармашылық скептицизм », яғни аударма мүмкіндіктеріне күмән келтіретіндігімен белгілі болған. Осыған орай А.В. Феодоров былай дейді: « Егер орта ғасырларда аудармашылар өз қызметінің нәтижелілігіне еш күмән келтірмесе, Қайта Өрлеу дәуірінен бастап, ондай күмәндану пайда бола бастайды. Рас, басында ол тек поэзияға қатысты  туындаған болатын » [8, 26 б.].

Дю Белленің трактаты бүгінгі  таңда, Ж. Мунэннің айтуы бойынша, аудармаға  қарсы  барлық аргументтердің антологиясы болып табылады. Трактаттың авторы аударма проблемасын оған дейін сараптаған ежелгі заман әдебиетшілерінің еңбектерімен жақсы таныстығын білдіреді. Дю Белленің « аудармашылық скептицизмінің » уәж-аргументациялары неде екендігін анықтап көрейік. Біріншіден, Дю Белленің  кез-келген аудармаға қарсы еместігін атап өту қажет. Ол да, Данте сияқты, поэтикалық шығармаларды толық аударып жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Бірақ оның трактатының пафосы ұлттық тілді дамыту жолындағы аудармаға берілетін рөлге байланысты. Дю  Белле трактатының ең басты мақсаты – француз тілін қорғау мен  оның даңқын аспандату. Сондықтан, аударма мәселесі де француз тілінің даму проблемасы тұрғысынан қарастырылады.

Дю Белленің пікірін саралай  отырып, біз мына бір тарихи оқиғаны  ескеруіміз қажет: Францияда XVI ғасырдың  І -жартысында  классикалық тілдерді білмейтін, бірақ классикалық әдебиет шедеврларымен танысқысы келетін оқырман қауымы қалыптасты. Нәтижесінде аударма әдебиетке деген сұраныс артты. Сол мезетті пайдаланып білімі таяз әрі қай кезде болмасын өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарай бермейтін аудармашылар пайда болды. Мұндай құбылыстың мәдениет тарихында кездесуі бір бұл емес. Бұған дәлел ретінде кеңес одағында « темір тор » құлағаннан кейін қаптап кеткен аударма әдебиеттің қандай сапада болғандығын ескерсек те жеткілікті, тіпті, шындығына келсек, қазіргі өзіміздің жасап жүрген аудармалар арасында да кемшіліктер аз деп айта алмаспыз.

Дю Белленің пікірінше, аудармашы  қызметінің ең маңызды сипаты –  адалдық, яғни түпнұсқа мәтіні мен авторға  деген адалдық. Дю Белле аудармашылық еңбектің пайдасы туралы айтқанда мынандай тіркестерді көп қолданады: « адал аудармашы », « дәл аудармашылар шеберлігі » және т.б. [17, 242-249 бб.]. Ал сәтсіз аударма жасаған тәржімашыларды Дю Белле опасыздар дейді, өйткені олар аударатын шығарманың да, аударылған автордың да даңқын аяқ асты етіп, байыбына бара қоймаған оқырмандарға ақтың орнына қараны ұсынып, алдайды деп түсінеді. Дю Белле оларға қатысты итальян тілінен алынған белгілі – « traduttore – traditore »  (« аудармашы – сатқын ») деген өткір тіркесті пайдаланады. XVI ғасырдағы француз тілінде   « traditeure » сөзі опасыз деген  мағынада қолданылған.

Шындығында, түпнұсқаға адалдық  – аударманың басты қасиеті. Аудармада  дәлдікті талап ету заңды құбылыс. Мәселе Дю Белленің дәлдік деп нені түсінгендігінде болып тұр. Оның аударма дәлдігі дегенінің не екендігін түсіну үшін француз аудармашысының нені мүлдем аударылмайтын нәрсе  деп түсінгендігін де білуіміз керек.

Дю Белле үшін сөз таңдау – ең ауыр да жауапты іс. Соған  байланысты Дю Белле аудармашыға  қойылатын алғашқы талап –  оның жалпы қолданыста орныққан қарапайым  да кең тараған сөздерді пайдалануы керек деп біледі. Бұл позицияда  Дю Белле неміс аудармашы - реформаторы Мартин Лютерге жақын тұр. Сонымен, сөз таңдаудағы бірінші талап өз тіліңдегі жалпы қолданыстағы лексиканы пайдалануға талпынуды аңғартады. Екінші талап көркемдік тәсілдер, метафора, аллегория, теңеу, салыстыруларға қатысты. Олар жалпы лексикадан гөрі нақты бір халықтың мәдениеті, тарихымен тікелей байланысты. Көбінде, олар аударма арқылы басқа мәдениетке тап болғанда өз көркемдігін жоғалтып алады немесе мүлдем түсініксіз болып қала береді.

Дю Белле үшін тілдік шығарма  формасын сол қалпында аудармада  беру қиын, өйткені   ол әрбір тілдің тек өзіне ғана тән қасиеттерінің болуына байланысты. Тілдің өзіне тән ерекшелігі аудармаға қойылатын басты талапқа – автор қойған шектен шықпауға – қарама - қарсы. Дәл осы шешілуі қиын қарама - қайшылық Дю Белленің аудармаға деген скептицизміне негіз болды. Ал мағынаға қатысты онда ешқандай күмән тумаса керек. Цицерон мен Иероним еңбектерінен бастау алатын аудармадағы  мағынаны мағынамен беру дәстүрін Дю Белле адал аудармашыларға  міндетті нәрсе ретінде қабылдаған.

XII ғасырдағы жас ақынның  мұндай пікірлері көкейкестілігімен  таң қалдырады. Шындығында, семиологтар  мен әдебиетшілердің және өзге  де  теоретиктердің көзқарасы бойынша, мәтін дегеніміз ашық жүйе, ол оқырмандардың қолына тиген сәтте автормен байланысын толық үзетін көрінеді. Оқырман автор көрген нәрсені емес, тек өзіне керек жерін ғана көре біледі. Аудармашы да, қарапайым оқырман да өзінің когнитивті тәжірибесіне, өзінің тезаурусына сүйене отырып, түпнұсқа мәтінін ұғынуы мүмкін.

Аудармашы өз қызметі барысында  түпнұсқа мәтінінен алған әсерін ғана басшылыққа алумен шектелмеуі тиіс. Оның мәтінді қарастыруы терең эстетикалық, философиялық, лингвистикалық, мәдениеттанымдық, тарихи сындарлылықты талап етеді. Түпнұсқаны аудармашының оқуы – шынайы герменевтикалық іс-әрекет. Мәтіннен « шынайы рахатты » [18]  аудармашы сол мәтінді  толығымен өзі үшін шешкенде, онда жатқан терең ойларды түсінгенде немесе соған жақындағанын сезінгенде ғана алса керек. Осыдан кейін аудармашылық еңбектің екінші кезеңі – мәтінді аударма тілінде қайта сөйлету кезеңі келеді.

Информация о работе Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудуру мәселелері