Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 15:49, реферат
Тіл білімінің диалектілерінен говорларды зеттейтін саласы – диалектология («диалектос» – сөйлеу, «логос» - ілім деген грек сөзінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден, өзгеше еркшеліктерді қамтиды.
Қазақ тіліндегі кейбір лексикалық диалектизмдердің шығу негізі
Тіл білімінің диалектілерінен говорларды зеттейтін саласы – диалектология («диалектос» – сөйлеу, «логос» - ілім деген грек сөзінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық, я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден, өзгеше еркшеліктерді қамтиды.
Тіл жағынан алғанда казақ жеріндегі тайпалардың негізі бір еді, бәрі де түркі негіздес диалектілерде сөйлеген. Онымен бірге бұл кез тайпалық одақтар тілінің қалыптасып, көне түркі тілінен бөлінуге бет алған кезі болды. Жетінші ғасырдан бастап ірі тайпалық одақтардың құрылуына байланысты олардың құрамына енген ру мен тайпа тілдері жаңа сапаға ие бола бастаған. Осыдан былай бұрынғы ру-тайпалық ғана сипаты бар диалектілердің орнына енді әрі тайпалык, әрі жергілікті сипаты бар диалектілер қалыптасады. Осылайша халық тілінің негізгі құрамды бөліктері болып табылатын жергілікті диалектілердің негізі салынды. Қазіргі қазақ тіліндегі көптеген диалектілік ерекшеліктердің ерте замандардан қалған ескерткіштерде кездесуі кездейсоқ құбылыс емес. Мұның өзі онда ерекшеліктердің пайда болу сыры, 15 ғасырдан әрі жатқанын байқатады.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктер тарихы, шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді:
1. қазақ тілі мен оның говорларына тән өзіндік тума элементтер. Бұл топтың ішінде ескі көне тайпа тілдерінің қалдығы да, кейінірек, әсіресе ұлы төңкерістен кейін пайда болған диалектілік ерекшеліктер де бар. Мысалы, пал-бал сөздеріндегі п/б алмасуы. барғын, келгін (бар, кел), барғым-бар ( барғым келеді), барғым жоқ (барғым келмейді) сияқты грамматикалық ерекшеліктер көне заманнан келе жатқан байырғы құбылыстар қатарына жатса, күйенте — әпкіш; кемпірауыз — атауыз сияқты сөздер берірек дәуірде пайда болған.
2. қазақ говорларына басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер. Бұл топқа араб, иран, орыс және көрші түркі тілдерінен енген сөздер мен тұлғалар кіреді. Мысалы, мұштау (жұдырықтау), мыштар (бәкі), жүдә (өте) сияқты сөздер өзбек тілінен, скірт (скирда), пірнә-бес (принавес), бодан болу (подданный.) сияқты сөздер орыс тілінен енген т. б. Кейде сөз тіркестерінің бір сыңары қазақтың тума, төл сөзі, екінші сыңары кірме сөз болып келуі мүмкін. Мысалы: жар газеті — қабырға газеті (жар — төл сөз, газет — кірме сөз), бодан болу — бағыну, қол астында болу (бодан — кірме сөз, болу — қазақтың төл сөзі).
Қазақ тіліндегі лексикалык диалектизмдердің шығу негізінің мәнісін мысал арқылы қарастыратын болсақ, АШУ (карны ашты, арып ашты) I Көкпекті, Үлгілімалшы, Биғаш/ дегендердегі ашу етістігі қазіргі казақ тіліндегі ашығу сөзінің мағынасын береді. Көне түркі тілдерінде «ашығу» ұғымын аш - тұлғасы білдірген. Орта ғасырлардағы түркі жазба үлгілерінде қазіргі ашығу (ашық) етістігі -ач- түрінде келген (Наджип, 123). Аш пен ашық сөздерінің түбірі бір: аш. Бұл тұлға қазақ тілінде жоғарыда көрсетілген тіркестер кұрамында ғана сақталған. О бастағы түбір тұлғаға қазақ тіліне келгенде белгілі бір жұрнақтар жалғанып, колданылуы аз кездеспейді. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде аяңдау (айаңда) етістігінің түбірі ай, бұл түбір «адымдау» мағынасын білдірген. Оған косылған -а қимылдың күшеюін немесе бәсеңдеуін білдіретін жұрнақ болса, мұның үстіне -ң жұрнағы жалғанып, қимыл есімін жасаған, ал қазақ тілінде етістік түбірлі есімнен қайтадан етістік пайда болған (айаң+да). Мұндай мысалдар көптеп кездеседі.
Осының бәрі ұлттық тілдің өзінен бұрынғы халық тіліне қарағанда сапалық айырмашылықтары бар екенін көсетеді. Олардын ең бастылары мынандай: біріншіден, ұлт тілінің сөздік құрамы жан-жақты дамып, грамматикалық құрылысы әлдеқайда жетілді: екіншіден халық тіліне қарағанда ұлт тілінің бірлігі біртұтастығы артты, мұның өзі тілдегі жергілікті ерекшеліктердің азаю сипатына байланысты; үшіншіден ұлттық тілмен бірге белгілі нормаға түскен, стиль жағынан сараланған бүкілхалықтық сипаты бар әдеби тіл қалыптасты.
Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиет үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде С.Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келді. Олар мыналар:
а) оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдыкорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарында қамтиды;
ә) батыс диалектісі - Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды;
б) Солтүстік-шығыс диалектісі - Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау,Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.
С.Аманжолов қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісіне бұрыңғы керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. Бұл тайпалар ерте замандардан бастап-ақ Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай өзендері бойын; Алтай, Тарбағатай, Арқа жерін мекен еткен. Олар оңтүстігінде – Ұлы жүз тайпаларымен, Батысында – Кіші жүз тайпаларымен және татар, башқұрттармен, солтүстігінде –Алтайлықтармен және Барабин, Тобол татарларымен, Шығысында – моңғол, қытай, ұйғырлармен шектескен.
С.Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісін қазақтың әдеби тілінің негізіне жатқан диалект деп есептейді. Қазақ тілінің диалектілер мен қазіргі әдеби тілін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жағынан жан-жақты салыстыра келіп, басқа диалектілерге қарағанда, солтүстік-шығыс диалектісінің қазіргі әдеби тілде әлдеқайда жақын екендігін көрсетеді. Әдеби тілдің негізіне жатқанына қарамастан, солтүстік-шығыс диалектісінде қазір де сақталып қалған, әдеби тілге енбейтін жергілікті тілдік ерекшеліктер кездесетінін де ескереді.
Бірақ, өзінің еңбектерінде оларға кең тоқтап, талдау жасамаған. Оның себебі, біріншіден, автордың солтүстік-шығыс диалект ұлттық әдеби тілдің негізіне жатты деген көзқараста болуында, екіншіден, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарындағы халық тілінің басқа жерге қарағанда нашар зерттелуіне байланысты. Шынында, бұл аймақ соңғы кездерде ғана зерттеліп келеді. Кейінгі кезде жиналған аудандарда да жергілікті ерекшеліктердің белгілі мөлшерде сипаты әр түрлі болғандықтан, өз ішінен шағын говорларға бөлінетіндігін көрсетеді.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы мен Семей аймағының оңтүстік-шығыс аудандарында мына сияқты тіл ерекшеліктері кездеседі.
Л мен Д алмасуы: бірілі-жарым - бірді-жарым; зорлық - зордық; ұрлық - ұрдық.
А мен Ә алмасуы: мазмұн – мәзмұн; қаперімде – кәперімде; ғана – гәна.
Е мен Ә алмасуы: себеп – сәбәп; лезде -ләзде; кесе – кәсе.
Д мен Т алмасуы: әдейі - әтейі; дұрыс - тұрыс т.б.
Сөз басындағы ж қатаң айтылуы (ол шартты түрде дж- мен беріліп отыр): джоқ, джігіт, джойбар.
Сөз басында н дыбысының түсіп қалуы: немесе - емесе; некен-саяқ - екен-саяқ.
-кей, -гей жұрнақтары арқылы жасалған сөздер жиі кездесуі: көбінекей, сөдегей, жөнекей, нәзекей т.б.
Лексикалық ерекшеліктер: айылдап келу - ауылшылап (қыдырып) келу, ақмұрт - етіктің ішкі ұлтаны, әскере - өте, аса, борми - бұршақ, жүгері, жамбыл - үлкен корған, жарандық - саты, қалқан, жоян - зор, күләпәрә - әсем бөрік, кілет - қойма, құлдау - өзен, сай бойымен төмен жүру, поштабай тары — тарының түрі, пыстан - торпа айыл, текемән тары - тарының түрі, тонаулы – дәулетті, ауқатты, тон-тонау - ат-тон, сыйлық, ұртты адам – қатал, бетті адам, үскі біз - жуан біз, чербек - үлкен ара, чүй - ағаш қада, шикі көже - бидай , шықар - сырт, тыс т.б.
Шығыс аймақтарына тән сан алуан лексикалық ерекшеліктер бар. Бұларға төмендегі сөздерді жатқызуға болады: жейде-ерлер көйлегі, кепеш-тақия, жерарба-қалқандары зор, өзі аласа арба, жояң-зор, сым-матадан жасалған шалбар, шылауыш-кимешек және оның сыртынан орайтын орамал, күләпара-жауында не ыстық күндерде киетін бас киім, шыт-орамал, тошала-қарақат тәрізді жеміс ағашы, жаныстыру-шағыстыру, қарату-табыс табу, мантырау-шатасу, алжу, мұқым-бүкіл, тартпа-қолшалғы сияқты сөздер осы говорлар тобына тән құбылыстар. Тіпті кейбір жейде, сым тәрізді сөздердің таралу шегі оңтүстік аймақпен де ұштасып жатады.
Контексте: Көше – дәліз
Сілтеме: Көше парсы тіліндегі 1.(Қаланың шаһардың) көшесі, орамы. 2. «Жол» мағынасындағы сөз.
Көше тұлғасы көшелі сөз тіркес деген құрамында да бар, бірақ бұл көше - алдыңғы көшеден басқа мәндегі сөз. Бұл жердегі көше де парсы сөзі, ол мұнда «астарлы сөз» деген ауыспалы мағынаны білдіреді. Оны -лі жұрнағын жалғап, сын есім етіп және сөз деген сөзді тіркестіріп, мазмұнын сәл өзгертіп («байсалды, мәнді, ақылды сөз») қолданатынын байқалады. Тіпті бара-бара бұл ауыспалы мағына адамның өзіне қатысты да айтылатын болған: көшелі адам, көшелі жігіт. //1.101 б.б.//
Тағы бір мысал, Ұстаз көшеде бір оқушымен сөйлесіп тұр. Біздіңше, бұл мысалда ол көшеде емес белгілі бір ғимараттың кіре берісіндегі бөлмеде тұрғанын баяндап тұр. Бұл жергілікті тілдік ерекшеліктің бір көрінісінің айғағы болып табылмақ.
Түбірі бұл күндегі қазақтар үшін мағынасы ұмыт болған көне сөдердің қатарына тостақ, «орау, үйіру» мағынасындағы толғау, «аспан» ұғымы бар қалықпан (құс), қалықтау, «сөз» дегеннің көне тұлғасынан туындаған сауын айту, сөз саптау, жаушы, «жүру, адымдау» мағынасы бар маң-түбірінен жасалған маңғыстау, жыланның уытын оқып шығару дегендегі оку, шыр біту дегендегі шыр, «біреудің әйелі, жұбайы» мағынасын білдірген кіші сөзінен жасалған кішілік сөздерін қосуға болады. Бұлардың көпшілігі тұрақты тіркес құрамында емес, жеке де колданылатын сөздер. Бірақ бұлардың көне мағыналары ұмыт болған.
Сөздік қорымыздағы жергілікті тілдік ерекшеліктердін тамырын анықтау әр кезеңде тілшілердің өзекті мәселелерінің бірі больш кала бермек.
Арасан//Шығыс Қазақстан – жылы су
Чыжым// Шығыс Қазақстан – сым темір
Дойман// Шығыс Қазақстан – үлкен ірі
Сүрдек// Шығыс Қазақстан – малдың түнеген орны
Шояң, нояң (Жетісуда), жаяң (Шығыс Қазақстан) – үлкен зор
Ірәбасқа//Орал – жақсы
Шаңдоз//Петропавл – жақсы
Үржаңа//Батыс Қазақстан – сужаңа
Шыңжау//Маңғыстау – жіңішке, нәзік
Сабу-саябыр//Маңғыстау – баяу
Темік//Моңғол қазақтар - әумесер, есерсоқ
Мияз//Орал – паң,кербез
Даңғайыр//Маңғыстау – бұзық
Тақыл// Маңғыстау – тәуір, жақсы
Қайымдасу//Көкшетау – айтысу, дауласу
Дәліз//Абай,Орал – көше
Ақман//Павлодар, шәугім//Алматы – шайнек
Тақ//Павлодар – орындық
Жаңбыр жапқалы тұр//Зайсан ауданы – жаңбыр жауғалы тұр
Шыңжан,Шәуешек:
Сым – шалбар
Шақай (шәркей көркем әдебиет тілде) – аяқ киім
Ара – пышқы
Башпай – бақай
Алтай қазақтары:
Күрти – кофта
Картопия – картошка
Ожау – қасық
Шөміш – ожау
Табақ – тарелка
Байпақ – шұлық
Етек көйлек – юбка
Кеуде көйлек – көйлек
Мойын салы – шарф
Байлауыш, салы – шаль
Шолпы – сүзгі
Шатқа – малақай
Жейде – көйлек (рубашка)
Сүрткіш – салфетка
Тұяқ – тырнақ
Башпай – бақай
Ұйық – шұлық
Шапан – күрткі
Күршім ауданы:
Әмбе – және
Таза ауа сору – таза ауамен тыныс алу
ОҚО Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданы
Тауыса алмай жүрмін – бітіре алмай жүрмін
Қортық – тәштек
Азанда – таңертең
Анаяқта – ана жақта
Жаурап кеттім – тоңдым
Мынаяқта – мына жақта
Бере тұрсай – бере тұршы
Дамбал, сым – шалбар
Ала тұрсай – ала тұрайын
Дорба – сумка
Дарбұз – арбуз
Әңгелек – дыня
Бәдірен – огурцы
Нәк – алмұрт
Там – бөлме
Мақұл – йә,жарайды
Әпше – апай
Шапан – курткі
Мұздатқыш – холодильник (орыс тілінен енген кірме сөз)
Мүбада – бәлкім
Арса – еттік
Баз – погреб (орыс тілінен енген сөз)
Әмсе – ұдайы
Шу ауданы:
Бадыран – огурцы (орыс тілінен енген сөз)
Айыр – аша
Информация о работе Қазақ тіліндегі кейбір лексикалық диалектизмдердің шығу негізі