2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 02:41, курсовая работа

Описание работы

Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз.

Содержание

І. 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
5-9
1.1. «Сөйлеу» сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде 5
1.2. 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері 5-6
1.3. 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру
6-7
1.4. Сөйлеудің монологтық және диалогтық түрлері 7-9

II. Үйрету кезеңдері
10-12
2.1. Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы 10
2.2. Лексикалық дағдылардың қалыптасуы 10-11
2.3. Грамматикалық дағдылардың қалыптасуы 11-12
ІІІ. Практикалық бөлім

13-15
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа.docx

— 53.80 Кб (Скачать)

2-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін  дамыту

Орындалу  амалы: Үлкен сөмкеде қарапайым  заттар жатады. Оқушылар бір затты  алып шығып, онымен не істеуге болатынын  көрсетеді. Ал қалған оқушылар оның істегенін  үш әрекеттің көмегі арқылы табу керек. Мұғалім заттарды көрсететін оқушылардың, сол заттардың ағылшын тіліндегі  баламасын білуін тексереді.

Мүмкін  болатын заттар тізбегі: 1) a long scarf; 2) an empty jar; 3) a small box; 4) a flower; 5) an apple; 6) a key; 7) a ball; 8) scissors; 10) a book.

     Жауап үлгісі: You have a long scarf. You are putting it on. 

3-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін  дамыту

Орындалу  амалы: Оқушылар көздерін жұмып, дөңгеленіп тұрады. Өздері естіп тұрған заттарды қолдарында бар деп елестетіп, оларды сиппаттап беру қажет.

     Ойдағы  заттар тізбегі: 1) snow; 2) a baby bird; 3) an apple; 4) sand; 5) a puppy; 6) a glass of hot tea; 7) a basketball; 8) a tennis ball; 9) a little snake; 10) a big stone.

Жауап үлгісі: It is cold and wet. It is melting.

 

4-жаттығу

Мақсаты: Монологтық сөйлеудің ептілігін  дамыту

Орындалу  амалы: Оқушылар көздерін жұмып, мұғалімнің бастауымен сиқырлы саяхатқа аттанады.Оқушылар мұғалім айтқан орындардан не көретіндерін, еститіндерін, не сезінетіндерін айту қажет.

Орындар атауы:

     1. You are in a cafe.

     2. You are at the beach.

     3. You are in a supermarket.

     4. You are in a forest.

     5. You are in the rain.

     6. You are in the snow.

     7. You are at the children's playground.

     8. You are in the cinema.

     9. You are in a hospital.

     Жауап үлгісі: І'м in a cafe. I see many people and much food. I hear the people talking. I smell coffee and sweet cookies. 

5-жаттығу

Мақсаты: Диалогтық  сөйлеудің ептілігін  дамыту

Орындалу  амалы: Тақтада оқушыларға белгілі  бір жағдайларды  баяндайтын сөйлемдер  ұсынылады. Оқушылар сөйлемдердің ішінен біреуін таңдап, дайындалып,  сыныпқа  айтады.Ал қалған оқушылар осы жағдайды тауып,тақтада тұрған оқушыға тиісті кеңестерін береді.

Жағдайлар атаулары:

     1. Where is my key?

     2. I'm hungry! When shall we eat?

     3. Help! I can't carry this big box alone.

     4. Do you want to dance?

     5. I am freezing!

     6. I am too hot!

     7. Where is my pen?

     8. Where is my bag?

     9. I have a terrible headache!

     10. It is too dark!

     Жауап үлгісі: — Are you looking for anything?— Yes. My key. — Look! Your key is on the table. 

6-жаттығу

Мақсаты: оқу және монологтық сөйлеудің ептілігін  дамыту

Орындалу  амалы: әр оқушы анықталған бір сиппаттама алады. Кішкене дайындықтан кейін  оқушы оның орындалуын сыныпқа хабарлайды. Басқа оқушылар не болып жатқанын тауып, өз түсініктерін ағылшын тілінде  беру қажет.

Мүмкін  болатын жағдайлар:

     1. Wash your hands with a very small piece of soap. The water is very cold.

     2. Open a packet of milk. Pour the milk into a glass and drink it.

     3. Cut a piece of cake. Then eat it without a fork.

     4. Give a bath to a very big dog. It doesn't want to take a bath.

     5. Break three eggs into a plate. Beat the eggs with a fork.

     6. Open a book. Read two pages. Shut the book. Put it into your bag.

     7. Brush your teeth and wash your face.

     8. Try several times to make a phone call. The line is busy.

     9. Take flowers and put them into a vase. Don't forget to pour water into the vase.

     10. Blow up a balloon. Throw the balloon up in the air.

     Жауап үлгісі: You are washing your hands with soup. The piece is very small. The water is very cold . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

      Осы курстық жұмыста 2-3 сыныптық кезеңдердегі ағылшын тіліне үйретудің аспектілерін баяндауға тырыстық. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретудегі маңызды фактор ойын екенін ұмытпау керек. «Баланың көңілі далада » дегендей, оларды қарапайым программамен оқыту шаршатып, оқытылып жатқан тілге деген қызығушылықтарын жояды. Оқу процесін оқушылардың психологиялық және физикалық тұрғыдан алғандағы ерекшеліктеріне сай сауатты жоспарлау өте маңызды. Тек ойынмен ғана шектеліп қалуға болмайды, мәдениет шектерін кеңейту, әлемді тануға деген талпыныс бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін оқудағы практикалық мәнділігін қамтамасыз етеді. Көптеген балалар ағылшын тілін ең бірінші оқып бастағанда аудармашы болғысы келіп, әртүрлі елдерге саяхат жасағысы келіп, көп ақша тапқысы келеді; ал мектеп бітірерде тілді терең түсіну мақсатында филолог болуды қалайды. Балалар ағылшын тілін ұғынып оқи бастағанда , еліктеудің рөлі төмендейді. Тілді үйрену барысында оқушылардың Англияның мәдениетіне,ағылшындардың тұрмыс-тіршілігіне қызығушылықтары ояна бастайды. Сондықтан оқу процесінде Англияның мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен қолданылған оқу құралдарын қолданған жөн. Сонымен сөйлеу үйрету амалы, сөйлеу, лексикалық және грамматикалық дағдылардың қалыптасуы ретінде қаралды.  Біз тіл аспектілерімен жұмыс толық құрылымдар мен сөйлеу үлгілерінде жүргізілу керектігін көрсеттік. Оқушылар ұсынылған бірліктермен жұмыс істейді, ал мұғалімдер олардың көңілін сөйлеу, грамматикалық, лексикалық  бірліктерге шоғырландырады. Сөйлеуді айтудың әр түрлі жақтарын қалыптастыруда ұтымды қолдану балаларға сөйлеуді коммуникативті әрекет ретінде үйретуге мүмкіндік береді. Сонымен  2-3 сынып оқушылары

  • серіктесімен қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында байланыс жасай алу;
  • заттардың немесе жануарлардың атын,  олардың әрекетін, олардың  қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында сапалық және уақытша сиппаттамаларын бере алу;
  • қабылданған ақпаратқа деген эмоционалдық бағасын (сезім, қалау, қаламау) бере білу;
  • қарым-қатынастың оқу, ойын және нақты  ситуацияларында қарапайым нұсқауларын бере білу қажет.

Сөйлеуге  үйретудің басты көрсеткіші диалог жүргізе алу қабілеті екенін білдік:

  • диалогты бастай білу;
  • қыстырма сөздерге әсер ете білу;
  • әңгімені қолдай білу;
  • әңгімелесушіні ынталандыра білу;
  • керек кезінде диалогты үзіп, сөздікке жүгіне білу.

Бастауыш  кезеңде көбіне мұғалімнің бастауымен ауызша, шартты-коммуникативті жаттығулар хор түріндегі жұмыстың, лексикалық ойындар мен көрнекіліктердің қолданылуы арқылы өткізіледі.

Курстық жұмыста диалогтық және монологтық сөйлеудің, сөйлеу, лексикалық, грамматикалық  дағдылардың қалыптасу ерекшеліктері  қаралды. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешені зерттелді. Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру  үшін оқушылардың психологиялық  және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Тек осы жастағылардың психологиялық  және сөйлеуге үйретуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін есепке алғаннан бастап, оқу процесі  тиімді әрі нәтижелі болмақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Царковь В.Б. Тілдік жаттығулар ағылшын тілінен. М.: Просвешение, 1980.
  2. Садықова А.К., Алденгожаева Э.С. Шетел тілінде тілдік тіректер негізінде монолог түрінде сөйлеуге үйрету// Мектептегі шет тілі. 2007.
  3. Мектептегі шет тілі - Иностранный язык в школе №3 , 2004
  4. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №1, 2008
  5. Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №5, 2009
  6. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №6, 2006
  7. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №1,2007
  8. Шет тілдерін оқыту әдістемесі №5, 2009
  9. Шубин У.П. Языковая коммуникация и обучение иностранным языкам. М.,     1972.
  10. Зимняя И. А. Психология обучения иностранным языкам в школе. М., 1991.
  11. Ляховицкий М.В. Методика преподавания иностранных языков М., 1981.
  12. 1. Занков Л.В. Методика обучения иностранным языкам. – М.: Просвещение, 1982.
  13. 2. Выготский Л.С. Коммуникативно-игровая методика раннего обучения иностранным языкам.//Иностр. Языки в школе.- 1981.
  14. 3. Рогова Г.В., Верещагина И.Н. Обучение английскому языку на начальном этапе. - М.: Просвещение, 1988.
  15. Жуковский Р.И. Возрастная психология. – М.: Просвещение, 1991.
  16. 9. Рогова Г.В., Сахарова В.С. Методика иностранного языка в средней школе. – М.: Просвещение, 1991.
  17. Пассов Е.И. Урок иностранного языка в средней школе. – М.: Просвещение, 1988г.
  18. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М.: ИНТОР, 1996.
  19. Проблемы начального обучения английского языка в школе. – Владимир.: Просвещение, 1985.
  20. Никонова С.М. Английский язык в начальных классах. – М.: Просвещение, 1964.
  21. Паршикова Е.А. Особенности обучения говорению. //Иностр. языки в школе.-1992.
  22. Никитенко З.Н.Материалы курса «Специфика обучения английскому языку в начальной школе» : лекции 5–8. – М. : Педагогический университет «Первое сентября», 2009. – 72 с.Учебно-методическое пособие
  23. www.goo.kz
  24. www.ustaz.kz
  25. www.allbest.ru

     
     
     

    Қосымша

     

    Видеолар:

    1. Phonics song
    2. The big numbers
    3. If you are happy
    4. The reading machine

Информация о работе 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету